Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ БАЙМОЛДА МҰСА ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

18.09.2020
ЖАНСАРАЙ
ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЙРАТКЕРІ БАЙМОЛДА МҰСА ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Өмір – өзен, көш керуен». Бұл тіркестің мағынасы терең әрі мына беймаза тіршілік пен тірліктің бағыт-бағдары іспетті. Сондықтан да болар, Бүбина жеңгем өмірлік серігі Баймолда ағаның соңына қалдырған шығармаларын жинақтап, кітап шығаруға бекінгенде көкейіме бірден осы бір сөз тіркесі келген еді. Кітаптың атауы ретінде осыған тоқталдық та ағаның жас кезіндегі, кейінгі жылдарда  жазған-сызғандарын елеп-екшедік. Ол кітап жоғарыдағы тақырыппен оқырман қолына тиген құнды рухани дүние болды.

Адам өмірі үшін бәрінің өз орны, шегі болатынын сол кезде тағы бір ұққандай болдым. Көз алдыма аялы жанарымен жұмсақ жымиып, сосын сынай қарайтын жүзі келе қалғаны… Көзқарасынан бір жағынан именсең, екінші жағынан ар алдында адаспай жүр деген ағалық пейіл-ниетті аңғаратын едік.
Қалай десек те анадан адам болып туу бір басқа, өмір-өзенде адам болып қалыптасу, өз орныңды адаспай табу бір басқа. Өйткені, дүние жалғанда мәңгілік ештеңе жоқ. Дінге бір табан жақын азаматтар жақсы мен жаман жамырай жарысқан, бірегейлікпен қоштасқан бақилық өмір ғана мәңгілік деп жатады ғой. Негізі сол дұрыс-ау. 
Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкенде кімнің кім екеніне жүрген ортаң, айналаң өз бағасын береді. Таразы басы сол кезде қай жағына салмақ салатынын біле бермеуің әбден мүмкін. Баймолда Мұса аға жайлы көптің пікірі әлі де өте әділ айтылады. Қарапайым, сабырлы, кішіпейіл. Әңгіме қозғала қалса құрдастары мен ағамызды білетіндер осылай шешіле  сыр ақтарады. Өйткені ол адам деген ардақты атты жоғары ұстады. Өн бойынан имандылық пен жан тазалығының лебі есуші еді. Ар, ұят, адалдық, әділдік, адамгершілік қасиеттерін айтсаңыз іркілмейсіз. Бұл – өмірден өткен азаматтың соңында қалған жақсы істері мен өнеге боларлық игілікті шаруаларының жиынтығы.
«Өлген қазақтың жаманы жоқ, тірі қазақтың өсектен аманы жоқ» деген данышпан Абай айтқан тәмсілден алшақ аға болмысы осысымен ерекшеленеді. Бұл ардақты азаматтың өмір сынынан, талқысынан мүдірмегені, ата қанымен, ана сүтімен дарыған қабілет-қарымын шыңдай білгені дер едік. Айналасындағы жандармен араласа жүріп, олардың бойындағы жақсы қасиеттерін алса, жаманынан жирене де біліпті. Мұны ғанибет деуге болатынын мақтана айтып, қабылдайды екенсің.
Баймолда Садыханұлы 1936 жылғы 29 қыркүйекте Қаскелең қаласында өмірге келген. Ұзынағаш ауылындағы Н. Крупская атындағы орта мектепті күміс медальмен бітірген соң 1955 жылы С.М. Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби) Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түсіп, 1960 жылы тамамдайды. 
Мұның алдында жеңгеміз Бүбинамен шаңырақ көтереді. Сәбилі болып, өмірге тұңғыштары Бөкенбай келеді. Жастықтың жалыны болар, ойланбастан жолдамамен Жамбыл облысының Меркі ауданына жол тартады. «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» демекші, аудандық газетте жас айтыскер ақын Шекербек Садыхановпен танысып, достықтары жарасымды жалғасады. 
Шекербек пен Баймолда ағалардың әкелерінің есімдері – Садыхан. Журналист қауымы қашаннан әзілқой ғой. Шекең ағайын-туыс, жора-жолдастарына құжатын алға тарта отырып «Бауырымды таптым. Нанбасаңдар, міне, екеуіміздің әкеміз бір» дейтін көрінеді.  Сол сыйластықтарының ұзағынан сүйіндіргені болар, тіршілікте екі отбасындағы береке-бірлікке сызат түсіп көрмепті.
Меркіден дос, бауыр тапқан аға кәсіби біліктілігін арттырып, 1961 жылы республикалық «Лениншіл жас» газетіне ауысады. Мұнда да бірге оқыған Тұтқабай Иманбеков, Мақсұт Әубәкіров, Сәңгерей Тәжіғұлов, Жүсіп Қадыров пен Сабырхан Асанов тәрізді қаламгерлердің ортасына түседі.
Жастар газетінің дүркіреп тұрған кезі бұл. Жас журналистің шығармашылығы осы кезде жаңа бір қырынан танылады. Әріптестерімен жарыса, шабыттана қалам қарымын көрсетеді. Оны ағаның ұқыптылықпен сақтаған сарғайған газет тігінділерінен көруге болады. Іссапарлардан шұғыл жазылған очерк, әңгіме, репортаждары соның нақты дәлелі. 
Журналистің әр қадамы, шығармашылығы оқырман қауымының күнделікті көз алдында. Тіпті, түстеп танымайтын оқырмандардың өзі жазғанына қарап, көңілінен шығып жатса жылы пікірде болатыны бар. Осылай сырттай құрметтеп жік-жапар болады. 
«Лениншіл жастың» тапсырмасымен кең-байтақ Қазақстанның батысы мен шығысына, оңтүстік пен солтүстігіне сапар шегеді. Дамыл таппайды. Биіктерге құлаш ұрады. Кен қазған шахтер мен дала төсін дүбірге бөлеген диқан, бағалы бастама көтерген жастар бригадасы, бәрі-бәрі журналистің ұшқыр қаламынан тыс қалмапты.
Белгілі қаламгер 1969 жылы облыстық «Жетісу» газетіне қызметке ауысады. Газет макетінің көзтартарлықтай болуы, мақалалардың орналасуы, тақырыптың қайталанбауы, тағы басқа тынымсыз тірліктер көбіне жауапты хатшыға, оның қабілетіне байланысты екенін журналист қауымы жақсы біледі. Баймолда ағаның бұл жағынан аса талғампаз әрі ұқыпты екенін әріптестері осы күнге дейін айтып отырады. 
«Жетісу» газетінің сол кездегі қызметкерлері шетінен бесаспап. Оны жақсы білетінім – осы мамандыққа қалауым түскендіктен жас та болсам газетті үзбей оқитын едім. Бүгінде қалам ұстаған кейінгі толқынға ұстаз болған ардагер аға Сарбас Ақтаев, марқұмдар Бекболат Әдетов, Жолдасхан Бозымбеков, Жәнәбіл Темірбеков, Марат Тұрапов, Тәуірбек Сұртаев, Мұғалімбай Жылқайдаров, тағы басқа журналистермен қоян-қолтық бірге жүріп, жанам деген талай жастың жүрегіне от берді. Ағалық қамқор көңілдерін аямады.
Баймолда аға ұжымда аса беделді болатын. Дәрежесі өсіп, редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарды. Жұмыс істей жүріп, 1982 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді.
Қаламгерлердің осы күнге дейін мақтанышпен айтатын «Біз Шерағаңның шекпенінен шықтық» дейтін әзіл-шыны аралас әдемі сөзі бар. Сол айтқандай «Жетісудың» кең құшағында жүріп, жоғарыдағы ағаларынан жазу-сызу жөнінде «дәріс» алған, кейін сол соқпағын теп-тегіс таспа жолға айналдырған қоғам қайраткері, жазушы-ғалым Уәлихан Қалижан, Мейрамбек Төлепберген, Марат Тоқашбаев, Болат Абаған, Нүсіпбай Әбдірахым, тағы басқа азаматтар да күні бүгінге дейін ұстаз-ағаларын ерекше атап, ұмытпай мақтан етіп отырады. 
Жалпы кез келген жанды адамдық қасиеттің шыңына шығаратын мінезі десек, қателеспейміз. Әрине, кәсіби біліктілігі де аса маңызды. Осы екі талаптың тізгінін тең ұстаған аға өркөкіректікке, тәкаппарлыққа жоқ-тын. Ұстамдылығымен, ешқашан көлгірсімейтіндігімен дараланатын. Қаламдас іні-қарындастарынан қамқорлығын аяған емес. 
Сондай ағалық қамқорлығына мен де бөлендім. Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде редактордың орынбасары қызметінде жүргенде аға газетте қалам тербеп, жаңа құрылған өңірдің ауылшаруашылығы, мәдени өміріне байланысты жазылған дүниелерім үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атандым. Сөйтіп, аз-кем мәртебем өсіп, таныла бастаған шағым. Осы кезде Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» газеті редакторының орны босай қалсын. Ол кезде газет редакторлары облыстық партия комитетінің бюросында бекітілетін. Әдеттегідей газеттің қарбалас жұмысымен жүргенде аудандық партия комитетінен «Ертең обкомға үгіт-насихат бөлімінің бастығы С.М. Долгиревтің қабылдауына барасың. Кешікпе» деген тапсырма алдым. «Неге?» деген сұрағыма «Бара көресің» деді хатшы әңгімені созбай. 
Айтқан уақытында көпқабатты әйнекті ғимараттың табалдырығын аттадым. Үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Семен Михайлович Долгирев кең иықты, қапсағай денелі, мінезі ашық жан екен. Мән-жайды түсіндірді. 
Жұбайым екеуміз Ақшиде үй салып, тұрмыстық жағдайды енді-енді түзеген бетіміз. Балалар жас. Саламат аудандағы МАИ-дың бастығы. Сол жағын түсіндіріп, ақылдасайын дедім.
– Балаларың алма ағашының қалай гүлдейтінін көреді. Жұбайыңа да жұмыс болады, әрі өзің туып-өскен жер, – деп телефон арқылы ол мәселе жайлы да сөйлесті.
– Баймолда Садыхановичке бар, қалған шаруаны, құжаттарыңды реттестіреді, – деп әңгімеге нүкте қойды. Менің кандидатурамды ұсынған аға екенін бірден сездім, болмаса олар мені білмейді ғой…
Ағаны  жақсы танитынмын. Кабинетке келгенде қарбалас жұмыстың үстінен түстім. Аға алдындағы орыс тіліндегі баяндаманы диктовкамен қолма-қол аударып, машинистка келіншек айтқандарын басып үлгере алмай жатыр екен. Біраз тосуыма тура келді. Біраздан кейін алдындағы қағаздан көңілін аударып, маған қарады. Менің пікірімді сабырмен тыңдады. Үміткерлердің көптігін, әңгімелесуден өткеннен кейін ғана таңдау жасалатынын ескертті. 
Ол кезде партия съездері мен пленумдары материалдарынан саяси сауаттылығыңа байланысты сұрақтар қойылатын. Құжаттарды реттеу қажеттігін тапсырды. Әңгіме қысқа болды. Жауапты қызметкерге тән талапшылдығы ерекше байқалды. Ағалық пейілінің өзі маған қатаң талап секілді сезілді. Енді ойласам қатайсын, үйренсін деген екен-ау.
Жоғарыда аталған талаптардан мүдірмей өттім. Осылай дәм бұйырып, Жамбыл аудандық газетіне редактор болып тағайындалдым. 
Ол кезде баспасөзге қойылатын талап жоғары әрі қатаң. Аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде газет жұмысы жиі қаралады. Сондай кезде ағаға хабарласамын. Ақылын тыңдаймын.
– Өткенде ғана арнайы комиссияда, пленумда газет жұмысы қаралған болатын. Міне, тағы да бюрода есеп беруім керек, – деймін ғой қайта-қайта мазалағандарына ренжіп. Және есеп тек орыс тілінде болады. Бұл да едәуір қиындық тудырады. 
– Жұмыс болған соң сын айтылады. Оны басшылыққа алғаның жөн. Ұжымның шығармашылық қабілетін аша білу – басшыға сын. Бұдан зиян көрмейсің, ысыласың. Дайындал, – дейтін салмақты өзіме салып. Аға мен қарындас арасындағы сыйластық осылай басталған-ды. 
«Бір күнгі жолдасқа қырық күн сәлем» деген бар ғой. Аға өмірден өтсе де жеңгеміз Бүбина күні бүгінге дейін хабарласып, кейбір жайлармен ақылдасатыны бар. 
– Жақсы кісі көрінер жыл құсындай, 
Жаман адам балтаның ұңғысындай.
«Олақтан салақ жаман» деген мақал,
Жамандар түзей алмас тұрмысын-ай.
Жақсы адам алысын да жақын етер,
Беттескен екі таудың тұрғысындай, – деп ақиық ақын Сүйінбай бабам жырлағандай, марқұм аға кімді болса да жатырқамайтын. Осы күнге дейін туыстай жақын болып кеткен қарым-қатынасты асыл ағаның аруағы алдындағы борышымдай сезінемін.
Аға журналист мамандығын таңдауының өзіндік себебі бар екенін айтушы еді. «Жақындарым мен ағайын-туыс менің мал маманы болғанымды қалады. Қысы-жазы шопандардың жыртық үйінде бала-шағамен аралас көк түтін жұтып, қона жататын зоотехниктерді көз алдыма елестетсем, бірден бас тартатынмын. Ес білгелі малмен аралас өскендіктен бе, әлде қабырғамыз қатпай жатып мал бағудың, көші-қонның қиындығын көргендіктен бе, әйтеуір қой көрсем қаша жөнелгім келіп тұратын. Сондықтан мал маманы болудың жолын іштей кесіп тастағанмын. «Ет жейсің, директор боласың» деген сөздер де еліктіре алмады. Әдебиеттен сабақ беретін ұстазым Әбсәмет Мұсаевпен ішкі ойымның қайда ауып тұрғанын айтып ақылдастым. Ол кісі «Өз таңдауың – жөн таңдау, тартынба!», – деп батасын берді», – деген еді ағам. Ойлап тұрсам, ұстазы сол кездің өзінде-ақ шәкіртінің қабілетін дөп басқан екен-ау. 
Қарымды қаламгер қазақ журналистикасына жаңа леп әкелген Әбдісаттар Бөлдекбаев, Шерхан Мұртаза, Тельман Жанұзақов, Сейдахмет Бердіқұлов, тағы басқалармен редакция мен баспаханада өткізген жылдарын ерекше құрметтейтін. Өйткені жарық дүниеде тіршілік кешкен әр пенде не тындырдым, қайсысының халыққа пайдасы тиді деп ой түйгені мақұл болар. Осы даналыққа жүгініп «Кеше, бүгін не бітірдім?» деген сауалға жауап іздесе қане. 
Аяулы аға осы сұраққа жауап тапқандай күнделік жазады екен. Ақтарсаң әр парағы сырға толы, өткен күндерден белгі береді. Ұқыпты, тайға таңба басқандай. Кеше ғана жазу үстелінен тұрғандай… 
Тоқсан жастан асып барып өмірден өткен қарт журналист, Алматы облысының Құрметті азаматы Үсенбай Тастанбеков Баймолда ағаны былайша еске алған-ды: «Мен Бәкеңді сексенінші жылдардың аяқ кезінен білемін. Көргенім – оның тек майталман журналистігі ғана емес, іскер басшылығы, әріптестерін іске жұмылдырудағы ұтымды ұйымдастырушылығы болатын. Облыстық «Жетісу» газетіндегі әріптестеріне деген ыстық ықылас, ізгі ниетімен ерекшеленді. Нағыз азамат, іскер басшы, үлкенге іні, кішіге қамқор аға болғанын көрдік те көңілге түйдік. Қалай айтсақ та, мақтасақ та марапатқа тұрарлық азамат».
– Асылы Баймолда ақырын жүріп, анық басатын, аз сөйлеп, көп іс тындыратын ұстамды азамат еді. Қаламгер ретінде ұдайы оқып, үнемі ізденіп, өмірмен өрелес отыратын іскер ұйымдастырушы болатын. Оның сол іскерлігі мен жаңашылдығының ізі кейін өзі он жылдай үзбей басқарған «Жетісу» газетінің беттерінде сайрап жатыр. Әрине, журналист біткеннің бәріне хикаят түзіп, роман жазып, жазушы болу парыз емес. Бірақ, байырғы журналист, қарымды қаламгер Баймолда Мұсаның қазақ баспасөзіне сіңірген еңбегінің өз алдына бір төбе екенін ұмытуға болмайды, – дейді ұзақ жыл қызметтес болып, бірге қалам тербеген жазушы әріптесі Сарбас Ақтаев ағамыз.
Қазақ баспасөзінің бетіне өз есімін айшықтап жазған абзал жанның төккен тері мен қаламының өтеуіндей еңбегі лайықты бағаланыпты. Баймолда аға «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын алып, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасын иеленген. 
Марқұм ағаның 1998 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмірінің отыз жылын «Жетісуға» арнағанын да бейнеттің зейнеті деуге болады. Қазақстан Журналистер одағы облыстық бөлімшесінің төрағалығын да абыроймен атқарды. 
Бөлімше отырыстары әр аудан, қалаларда өтетін. Журналистер еңбегі ортаға салынатын. Міне, осы еңбектері орынды бағаланып, қаламгер Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы атанды. 
Баймолда Садыханұлының алпыс, жетпіс жылдығы әріптестері мен туған-туыстарының арасында дүркіреп өтті. Ал, жетпіс бес жылдығын Жамбыл ауданы басшылығының аға өмірден өткеннен кейін рухани жағынан мазмұнды, кейінгі ұрпаққа тағылым боларлық тұрғыда атап өткенін айтқан ләзім.
Қаламгер құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін де жұмыстан қол үзбеді. Жас ұрпақ тәрбиесіне араласып, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде ғалымдармен бірге өмірімізге лайықты өрендер тәрбиелеуге күш салды. Өмірден түйгені мен көргені, бай тәжірибесімен бөлісіп, ұжымның қадірменді қариялары қатарынан орын алды.
Кім де болса Баймолда Садыханұлының даладай пейілі мен баладай ақкөңіл мінезін, өмірдегі жақсылығы мен жайсаңдығын ризашылықпен еске алады. Мұның өзі адамгершілік деген асқақ ұғымның дәлелі, екі арадағы алтын арқаудың үзілмегенінің нәтижесі десем артық болмас. 
«Жетісу» газеті талай-талай тарландардың шын мәніндегі тәрбие мектебі болды. Сол тарландардың орнын бүгінде шәкірттері басып, ұлтымыздың келешегі – тіліміздің мерейін асқақтатып, ағалар салған сара жолды жалғастырып келеді. Осы басылымда еңбек еткен, бүгінде құрметті еңбек демалысындағы Шекербек Садыхановтың «Абыройлы Жетісу» деген жырында:
…Білем, кімдер сенде қызмет істеді,
Асқан шебер, азулы еді тістері…
Дарабоздар қаймағы еді халқының,
Қара көже болса-дағы ішкені.
Мақтан бұған, «Жетісу!».

Ақылгөйсіп,
Сөйлей берген болмас құр,
Өзгерместей орын алды  сол дәстүр. 
Енді сенен сұранарым, «Жетісу!»,
Сол дәстүрді келешекке жалғастыр,
Ескер мұны, «Жетісу!» – деп тебіренеді. 
Расы да сол. Жер жаннаты Жетісудың бүгінгі Тәуелсіздік тұсында жасарып, жайнағанын, дәулетінің тасығанын оқырманына тамылжыта жеткізіп, қоғамдық пікірдің берік қалыптасуына үлес қосып, тарихқа алтын әріптермен жазған сегіз қырлы, бір сырлы Әміре Әрін бастаған қаламы ұшқыр әріптестерім аға ұрпақтың ісіне адал екендіктерін танытып келеді. Жетісудың әр санын оқырман асыға күтеді. Өйткені ол шын мәніндегі рухани қазына. 
Бір ғасырдан астам тарихы бар газеттің жыл басындағы таралымы отыз мыңға жуықтады. Бұл әрбір үшінші отбасы газет оқиды деген сөз. Ал, журналистер өз кәсібінің нағыз майталмандары екенін әр санында дәлелдеуде. 
Айта берсе, бір қауым қаламгерлерге ұстаз, аға, бауыр бола білген Баймолда аға жайлы айтылар сөз таусыла қоймайды. Еңбекте ғана емес, отбасының да ақылшысы болған ол ұл-қыздары Салтанат, Баубек, Марал мен немере, шөберелеріне адамгершіліктің «әліппесін» үйретіп, соңына ұлағатты ұрпақ қалдырды. 
Асыл жары Бүбина жеңгеміз де әдемі қартайып,  қара шаңырақтағы бірлік пен ынтымақтың тізгінін нық ұстап, немере шөберелерінің қызығына бөленген. Әлі де дамыл таппайды. Іздене жүріп, ағаның жазған, сызғандарын жинақтап, кітап шығарды. Сыйлас достарымен, курстастарымен қарым-қатынасын үзбей әлі күнге дейін шапқылап жүргені. 
Ағаның мына өмірдегі игілікті істері көңілдерде әлі сайрап жатыр… Демек, аға ұрпақ тартқан алтын арқаудың «Жетісудың» беттерінде жалғасын табатынына күмән жоқ. 

P.S. Қазақ баспасөзінің тарихында есімі қалған Баймолда Мұсаны әріптестері мен шәкірттері, қалың оқырманы ешқашан ұмытпайды. Соған орай өзі туып-өскен Жамбыл, Ұзынағаш ауылындағы бір көшені журналистиканың белгілі майталманының есімімен атаса тіптен орынды болар еді-ау деген ойға кетесің. Бұл өтінішті ел тізгінін ұстаған білікті азаматтардың назарына салғанның да артықшылығы жоқ.

Күмісжан Байжан, 
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері,
Алматы облысының Құрметті азаматы    

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.