Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ІЗБАСАРЫ ӘБІЛСЕЙІТ АЙҚАНОВҚА МЕКТЕП АТЫН СҰРАЙМЫЗ

28.07.2022
ЖАНСАРАЙ
ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ІЗБАСАРЫ ӘБІЛСЕЙІТ АЙҚАНОВҚА МЕКТЕП АТЫН СҰРАЙМЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Әбілсейіт Айқановты білмейтін қазақ жоқ шығар. Оның қазақ спортында алар орны ерекше. Аңыз адамға халық «Қажымұқанның ізбасары» деп ат қойған. Аға бәрінен де сол сөзге қатты қуанып: «Мені ел «Қажұмақанның ізбасары»  дегеннен кейін  өзімді бұрынғыдан да  көп баптайтын болдым. Сондықтан жүріс-тұрысымды да түзеп, осы атқа лайық болуға тырысамын», — дейтін.

Қапалда өткен спорттық жарыстан кейін Әбілсейіт ағамен дастарқандас болу бақыты бұйырды. Алдына келген қойдың басының құлағын кесіп маған ұсынып: «Елдің құлағы бол», – деді. Содан кейін жүрегінде із қалдырған бір әңгімені айтты.

«Күресу үшін шетелге бардым. Барлығы қарсыласымның жанкүйерлері. Мен жалғызбын. «Күш атасын танымас» деген. Бір уақытта балуанды алып ұрып, жауырынын жерге тигіздім. Стадион құлаққа ұрған танадай тып-тыныш болып қалды. Бәрінің салы суға кетті. Балуанды ел-жұртының алдында құлатпауым керек еді. Бір елдің сағын сындырып кеткеніме қатты өкіндім. Көпке дейін қарсыластарымды жеңуге жүрексініп жүрдім. Сол оқиға жүрегімді сыздатады», – деді өзін мазалап жүрген ойымен бөлісіп.

Жас едім, ештеңе дей алмадым. Бірақ алып ағаның жүрегінің жұмсақтығына тәнті болдым. Осындай қара күш иесі де баладай нәзік болады екен-ау деп ойладым. Сол бір әңгіме ғана  ағаның атақ-абыройға малданбайтынын, бәрінен адамдықты жоғару қоятынын байқатты. Бүгінде Ақсу ауданының орталығы Жансүгір кентінде жасөспірімдерге арналған спорт мектебі салынып, ауылдың үлкендері сол шаңыраққа Әбілсейіт Айқановтың есімін берсек деген бастама көтеріпті. Осыған байланысты газетімізге бірнеше адамнан пікір білдірген хат келді. Жайлаубай Тұрсынұлы Әбілсейіт аға 73 жасында «Лондон Олимпиадасына барамын. Неге қазақтар байрақты жарысқа қатыспауы керек?! Келімсектерді әулиесітпеңдерші», – деп күйінгенін айтып, намысқойлығы мен адамдық қасиеті жайлы ой қозғапты. Сандыбай Мылтықбаев деген оқырманымыз: «Ақсу ауданы Жансүгіров кентіндегі спорттық-сауықтыру кешеніне атақты балуан Әбілсейіт Айхановтың есімін беруді әр қазақ қолдайды деп ойлаймын. Қажымұқаннан кейін аты дүркіреп шыққан қазақ Ә.Айқанов болатын. Одақ кезінде бәрін жеңіп тұрса да оны халықаралық жарыстарға жібермей, жолын кесті. Сонда да  оның аты одақта  танымал еді. Біздің елде ол кісінің мықтылығын жыр қылып айтады. Балуандар сол кезде де, қазір де қарсыласына аяғын ұстатпауға тырысады. Ал Әбілсейіт ағамыз аяғын тықпайтын. Айқанов – одақта алғаш атой салып кейінгі ұрпаққа жол ашқан қазақтың біртуар перзенті. Спорттық мекемеге  Айқанов ағаның атын беру дұрыс шешім», – дейді.

Ел аңыз қылып айтып жүрген оң аяқ жайлы әңгіме былай. Бірде Әбілсейіт аға үш дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін әлем чемпионы Медведьпен күреседі. Сол кезде әлем чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы Иваницкий кілем шетінде айқайлап: «Саша, аяғын ұстама, аяғына жолама», – деп айқайлайды. Өйткені өзі Айқановтың аяғынан ұстаймын деп опық жеген екен. Сонда Медведь: «Аяғынан ұстамағанда қай жерінен ұстайын?» деп ызаға булығыпты.

Әбілсейіт аға күрес кезінде аяғын алға созып, тұрып алады екен. Қарсыласы жақын келу үшін алға созылып тұрған аяққа тіреледі. Одан өту үшін сирақты ұстау керек. Бұл жөнінде Әбілсейіт аға: «Менің оң аяғым – қарсыласыма құрған қақпаным. Ал, аяқты ұстамай өтіп көр деп созып тұрып аламын. Балуандар амалсыз аяғымды ұстайды. Сол кезде үстінен жаншып тастаймын», – деп ақтарылған.

Иваницкийдің «Шестое чувство» деген кітабы бар. Сонда ол Айқановты қазақтың кең даласында өсіп тұрған сексеуілге теңейді. «Басында сындырып алмайын деп ойладым. Сөйтсем, сахарада өскен сексеуілім июге де, сындыруға да келмеді», – деп естелік жазады.

Әбілсейіт Айқановтың құрметіне әлемнің 50-ден астам елінде Кеңес одағының Гимні шырқалған.

Аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне балуан ағаның атын беру – лайықты құрмет. Спорт мектебінің оқушыларын рухы қолдап, елден әлі талай ізбасарлар шығары сөзсіз.

Гүлжан ТҰРСЫН

Ақсу ауданы,

Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.