Талдықорған: -1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БИІКТЕН ТҮСПЕГЕН БИАПА

25.03.2023
ЖАНСАРАЙ
БИІКТЕН ТҮСПЕГЕН БИАПА
WhatsAppTelegramFacebook

Өмірін театрға арнаған ҚР халық әртісі Бикен Римованың туғанына 100 жыл толып отыр. Өнер саңлағы 1923 жылы Қаратал ауданы, қазіргі Қанабек ауылында дүниеге келген. Жастайынан өмірдің барлық қасіретін көзімен көріп, жан сақтау мақсатында қырғыз топырағын да басқан тұғырлы тұлғаның нағыз балғын балалық шағы ауыр дертпен басталған. Анасы Ығыш 22 жасында жесір қалғаннан соң әмеңгерлікпен інісі Ырымға қосылып, Алашқа  Бикендей асыл перзент сыйлаған. 

Бикен Римова мектеп табалдырығын 1930 жылы Балқашта аттаған. Алайда, қызмет істеп, бала-шағасын асырап, оқытпақ болған арманына жеткізбей, асыра сілтеушіліктің салдарынан әкесі Ырым қамауға алынады. Осыдан кейін анасымен Бөрлітөбедегі нағашы жұртына жол тартады. Елді дүрліктірген кәмпескенің салдарынан тергеуге кеткен әкесі мен ағасының соңында отбасы аңырап қалды. Ағасы Сұлтанды 5 жылға соттап, Қоңыратқа жіберсе, әкесі Ырым түрмеден қайтып келгеннен кейін бар-жоғы 16 күн жатып бақиға аттанады. Бұл елге «Римова» тегімен белгілі болған театр өнерінің қарлығашы Бикеннің Ырым әкесінің өмірден өтуі мен өнер майталманының бүлдіршін шағындағы жүрекке жүк салған ғұмырнамалық хамсасының әлқиссасы болатын. «Балалық шағым жеңіл өткен емес», – деп естелік қалдырған Бикен Римованың «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітабын оқыған зерделі қауым бұл сөздің ақиқат екенін біледі. Өйткені, бүлдіршін Бикеннің ел анасына айналған шағына дейінгі өмір жолы күрестен тұрған. 

Иә, осылайша Бикен Римова қос анасының, бір әпкесінің қамқорлығымен бой түзейді. 1936 жылы сол бір естен кетпес кезбелікпен, өксікпен өткізген балғын балалық шағынан соң қайғының қара бұлты серпілгендей, кең өмірдің есігі ашылғандай болады. Ол үкімет пен партияның: «Әкесі үшін баласы күймейді» деген әділ, алтын заңының Бикен Ырымқызының отбасына әкелген үлкен бақыты еді. 
Бикен Ырымқызын ата-анасы сәби күнінен өнерге баулып, тәрбиелей алмаса да тума талант иесі болып жаралғаны бүгінгі жеткен жетістіктерінен-ақ байқалады.

Жастайынан көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, аудан олимпиадаларынан жүлделі орындарға ие болған. 1938 жылдары Алматыда өткен республикалық олимпиадада ән шырқап көзге түседі. Оның ана тіліне, әдебиетке деген құштарлығының арқасында жазушы Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалауын» мектеп кезде оқып шығысымен үйірмеге арнап, пьеса жазсам деп армандап өз алдына мақсат қойған. Міне, сол бір балалық шақтағы кішкентай армандары жетелеп, үлкен өнерге әкелсе керек. 

Бикен Римова 1939 жылы он алты жасында Бөрлітөбедегі аудандық орта мектептің жеті класын тамамдап, Алматыдағы есеп-кредит техникумының экономика факультетіне оқуға түседі. Алайда  «Жатсам-тұрсам ойлайтыным театр» деген Бикен Римова мамандықты дұрыс таңдамағанын түсініп, жарты жылдан кейін Театр көркемсурет училищесіне ауысады. Сонымен не керек, тағатсыздана күткен арманы театр оқуын оқу жылының екінші жартысынан бастайды. Оған осы оқу орнының жатақханасынан арнайы орын беріліп, әртіс Шолпан Жандарбековамен сахналық достығы осы сәттен басталған болатын.

Өмірден өз үлестері мен өз орындарын таппақ болған қос құрбының албырт көңілдері тағат таппай өнерге, білімге талпына бастайды. Алайда, енді талпынып, қанат қағар шақтарында бейбіт елдің тыныштығын неміс басқыншыларының шабуылы бұзады. Осы кезде өзімен бірге оқыған жолдастарының көбі суыққа тоңып, жоқтыққа көніп, аға-әкелерінен айырылып жетім қалып, оқуларын тастап жатқан шақта, ана байғұс қайтсін, қызы Бикенге амандық тілеп, «Маған қарайлама, қолымнан келгенше қаражатыңды жеткізіп тұрамын, оқуыңды тастамай оқы», – деген ыстық ықыласына бөлеп, баласына демеу болған екен.   
Бірақ, тұрмыстары күннен-күнге қиындай түскен қос құрбы «Оқу мен тәжірибені» қатар алып жүрмек болып театрға келеді де бірден көпшілік сахна әртістері қатарына қабылданады. Бұл – Бикен Римованың өнер жолындағы алғашқы ерлігі десек те болады. 

Оқу мен кәсіби білімін жетілдіріп жүрген шақта өнерге аса қажетті деген талай қасиеттің бойынан табылуына үздіксіз тер төкті. Тынбай еңбектеніп, сахнада көрген әртүрлі образды өзінше қайталап, актрисалық қабілетінің ашылуына баса мән береді. Соның нәтижесінде, 1943 жылы 3-курс оқып жүрген шағында актер шеберлігінен сабақ беретін Асқар Тоқпанов «Еңлік-Кебек» пьесасындағы Еңлік рөлін ұсынады. Өзінің тума талантының арқасында өнер майталмандарының сенімін ақтап, болашаққа бағдар беріп тұрған рөлді өте сәтті сомдап шығады. Бұл, әрине, жас студент үшін өте абыройлы міндет еді және мұндай сенімге жүздің бірі ғана ие болатындығы да ақиқат. Міне, осы жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді. Алғашында ұстаздары мен сақа буынның оң көзқарасына іліккеннен кейін, ол үлкен-кішілі 20-ға жуық бірқатар қойылымда негізгі рөлдерді сомдау бақытына ие болады. 

Ұлы Отан соғысының ауыр кезеңінде сахна қарлығашы бола білген Бикен Римова өмірлік серігі Шахмет Құсайыновпен алғашқы ойнаған «Еңлік» рөлі тұсында тағдыр қосады. Өнер мен өмір жолындағы сан жүктен шаршап, панасыз жүрген шағында «Бикенжан» деп қос шынарынан кейін ешкім айтпаған жылы сөзді айтып, жүрегін жылытқан Шахмет Құсайыновпен отау құрып, ұлағатты ұрпақ өрбітеді. Айнымас дос, адал жар, қалтқысыз қамқоры әрі ұстазы бола білген Шахмет Құсайынов қазақ халқының жазушы-драматургы ретінде танылады. Саналы ғұмырында сахна саңлағы Құсайыновтар шаңырағына 2 ұл, 1 қызды дүниеге әкеледі. 

Өмірінің 60 жылын театр өнеріне арнаған Бикен Римова Әуезов атындағы драма театрда қазақ және шетел жазушылары шығармаларының 80-ге жуық әр алуан ана рөлдерін сомдайды. 

Бикен Римова кино мен дубляж саласында да көрнекті рөл атқарып, өлшеусіз үлес қосқан. Халық бейнесінде айшықталған «Тақиялы періште», «Шабандоз қыз», «Қозы көрпеш – Баян сұлу», «Құланның ажалы», «Гауһар тас», «Аруна», «Абай» сияқты бірқатар фильмдерде әрқилы есте қаларлық драма, комедия сынды рөлдерде ойнаған. Классикаға айналған, қазақ киносындағы бірегей туынды «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы Милаттың бейнесі қазақ көрерменіне жақсы таныс. 

Бикен Римова «Абай-Әйгерімнен» бастап өмірінің соңына дейін талай пьеса жазған драматург ретінде де танылады. Оның «Қорғансыз жандар», «Қос мұңлық» туындылары бүгінгі күнге дейін театр сахнасынан түспей келе жатқаны анық. 
Есімін ел есінде мәңгі сақтауда Қазақстандағы жалғыз әйел есімі берілген театр Жетісуда екенін айтқым келеді. Талдықорған драма театрының Бикен Римова атымен аталуының өзі ел анасының халық алдында қаншалықты қадірге ие екендігін аңғартады. Бұл да ардақтысын алқалай білген жомарт жұрттың өнерге деген құрметінен.  

Жазира ТАУЕТОВА, 
М. Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі

Қатысты жаңалықтар

Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026
«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Конституцияны жүйелі жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

06.02.2026
Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

Көксу аудандық орталық ауруханасында «клиникалық фармация» бөлімі ашылды

06.02.2026
Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын талқылады

06.02.2026
Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты «тоқал» мәселесіне қатысты пікір білдірді

06.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.