Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бір шаңырақта үш белес

11.01.2026
ЖАНСАРАЙ
Бір шаңырақта үш белес
WhatsAppTelegramFacebook

Бір әулеттің ғана емес, тұтас бір дәуірдің куәсі болған Қалиша Қоңырқұлжанова ғасыр жасын туған-туысы, бала-шағасы, немере-шөбересі мен құда-жекжатының ортасында қарсы алды. Талдықорған қаласында тұратын абыз ана жүз жасқа келсе де, еңсесін тік ұстап, байыппен сөз саптап, ақ батасын арнаудан жаңылған емес. Оның әрбір сөзі – көргені көп ғұмырдың, сабыр мен төзімге суарылған өмір жолының айғағы.

Қалиша әженің жүзжылдық ғұмыры – бір әулеттің ғана емес, бірнеше буынның тағдырын тоғыстырған үлкен өмір мектебі. Осы мерейлі белеспен қатар, бұл шаңырақта тағы бірнеше тағылымды дата тұспа-тұс келіп отыр. Абыз ананың ұлы Қабен Нүкенов сексен жасқа толса, келіні Айтжамал Ерқожанова жетпіс беске келді. Ал ерлі-зайыптылардың бір шаңырақ астында тату ғұмыр кешіп келе жатқанына елу бес жыл толды.

Қалиша әженің балалық және жастық шағы ел басына қара бұлт үйірілген отызыншы жылдармен тұспа-тұс келді. Аштық жайлаған сол кезеңде жұрт бір үзім нанды бөлісіп жеп, аман қалудың жолын іздеді. Кейін соғыс басталып, ер-азаматтар майданға аттанды. Елде қалған әйелдер мен балалардың иығына ауыр жүк артады. Жеңіс келгенімен, соғыстан кейінгі жылдар да жұртқа жеңіл соққан жоқ. Көп отбасы жақынынан айырылып, ел ұзақ уақыт бойы ес жия алмады. Осындай зобалаң жылдарда Қалиша әжей өмірден мойымады. Үнсіз еңбек етті, шаңырағын сақтады, ұрпағын өсірді. Сабыр мен төзім оның өмірлік серігіне айналды.

1946 жыл кейуананың өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі ретінде есте қалды. Сол жылы жалған жала жабылып, жұбайы Нүкен Қоңырқұлжанов тұтқындалды. Ол заманда адам тағдыры бір жапырақ арызбен шешілетін. Шындықты тыңдайтын да, әділдікке араша болатын да ешкім болмады.

Нүкен Қоңырқұлжанов ауыл ішінде абыройлы, елге сыйлы жан болды. Обуховка ауылындағы «Қызыл Жұлдыз» ұжымшарында інісімен бірге қой бақты. Қолы ашық, жүрегі кең, жетім-жесірге көмектесуді азаматтық парыз санаған. Ауыл адамдары оны ақыл сұрайтын, сөзін тыңдайтын жан ретінде білетін. Алайда сол кездегі қасаң саясатта дәл осындай бедел мен белсенділік күдікке ілініп, айыптауға себеп болды. Осы оқиғадан кейін Қалиша әжей бес бірдей баламен – Қабен, Батимахан, Әлимахан, Төлеухан, Айгүлмен жалғыз қалды. Жастығына қарамай, бар ауыртпалықты мойнына алды. Көз жасына ерік беруге уақыт болмады. Балаларды асырау, аман сақтау қажет еді.

Ұжымшардың қара жұмысынан қол үзген жоқ. Ол жылдары егін техникамен емес, қолмен жиналатын. Әйелдер таң атпай егістікке шығып, қара кешке дейін еңбек етті. Кейде бес шақырым жердегі фермаға барып, сиыр сауып, қайтадан дала жұмысына кірісетін. Аштықтың азабын тартқан күндер де аз болмады. Кейде бір уыс бидайды жасырып әкеліп, сол дәннен бірнеше күнге жететін ас әзірлейтін.

– Нан табу арманға айналған қиын тіршілік 1957 жылдарға дейін созылды, – деп еске алады әжей.

Ол балаларына әрі ана, әрі әке, әрі тірек бола білді. Арада он бес жыл өткенде Нүкен Қоңырқұлжанов елге оралды. Алайда бұл қуаныш ешқандай дабырасыз өтті. Көрмеген қасірет, тартпаған мехнат жоқ еді. Отбасы қайта қауышты, бірақ бастан өткерген ауыр күндер жүректе мәңгі сақталды. Бұл – бір әулеттің ғана емес, тұтас бір дәуірдің шындығын айқындайтын тағдыр болатын.

1971 жылы Нүкен Қоңырқұлжанов өмірден өтті. Өкінішке қарай, ол өзіне тағылған жаланың бір күні ақталатынын көре алмады. Оның жазықсыз екені ресми түрде тек 1989 жылы ғана белгілі болды. Бұл хабар отбасына күтпеген жерден, ешқандай түсініктемесіз жеткен. Бүгінде балалары мен немере-шөберелері архивтерден дерек іздеп, әке мен атаның адал есімін сақтау жолында еңбек етіп жүр.

Қандай қиындық болса да, бұл әулет тағдыр сынын абыроймен еңсерді. Балалар өсіп, білім алып, елге сыйлы азамат болып қалыптасты. Бүгінде Қалиша әжей балаларының, немерелері мен шөберелерінің ортасында, үлкен құрметке бөленіп отыр. Олар үшін ол – жай ғана әже емес, әулеттің рухани тірегі, мейірім мен жылылықтың бастауы.

* * *
Анасының ғасырлық тойымен қатар келген бұл мерейлі сәтте Қабен Нүкенов те 80 жасқа толды. Ол – ұзақ жыл мемлекеттік қызметте еңбек етіп, халыққа қызмет етуді өмірінің басты мәніне айналдырған азамат.

Қабен Нүкенов 1946 жылы Алакөл ауданына қарасты Обуховка ауылында дүниеге келді. Мектеп жылдары тың игеру науқанымен тұспа-тұс келіп, жасөспірім шағынан ауыл еңбегіне араласты. Егістік, ферма, шаруашылықтағы түрлі жұмыс оның мінезін шыңдады. Еңбекпен өткен балалық пен жастық шақ болашақ өмір жолына берік негіз қалады.

1963 жылы мектепті бітіріп, 1965-1968 жылдары Белоруссияда Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Әскер оның өмірінде тәртіп пен жауапкершілікке баулыған үлкен мектеп болды. Кейін Талдықорған ветеринариялық техникумын, Алматы зооветеринариялық институтын тамамдады.

Еңбек жолында сөзі мен ісі бір жерден шығатын, талапшыл әрі іскер маман ретінде танылды. 1989 жылы ауылдық партия комитетінің хатшысы, ауылдық кеңестің төрағасы болса, 1993 жылдан бастап Жайпақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Бұл жылдар тоқсаныншы жылдардың ауыр кезеңімен тұспа-тұс келді. Қаржы да, техника да жоқ шақта ауылдың бар тіршілігі әкімнің мойнында болды. Сол жылдары өз диірменін іске қосып, кеңшар тарағаннан кейін де мехток пен токарь цехын сақтап қалды. Қоғамдық қор құрылып, ауылдың экономикалық негізі сақталды.

Ауыл әкімі бір мезетте агроном да, су маманы да, есепші де болды. Мектеп пешпен жылытылды, көмір мен жарық жетіспеді. Көмірді қантқа айырбастауға тура келді. Әр үймен жеке сөйлесіп, «Бұл – өз балаларың оқып жүрген мектеп» деп түсіндірді. Осылайша мектеп қыстан аман шықты.

Сол кезеңдерді мектеп директоры Бақтай Стамбеков әлі күнге дейін еске алады. Аудан әкімінің жиынында қантты көмірге айырбастау мәселесі көтерілгенде, Қабен Нүкеновтың беделіне сүйеніп, аяғының жарақатына қарамастан жиынға келуін өтінген. Сол кезде біреудің: «Мына батырға қант беріңдер», – деген сөзі сол дәуірдің шындығын аңғартты да…

Бүгінде Жайпақ ауылы жаңарып, жанданған. Мектеп жөнделді, жолдар салынды, әлеуметтік нысандар бой көтерді. Қабен ағаның айтуынша, мұның бәрі халықтың туған жерін тастамай, ауылды сақтап қалғанының нәтижесі.

Өмір жолында аға буынның тәлімі ерекше рөл атқарды. Ерғали Жадраев, Нұрғали Мекебаев, Қиықбай Ниязов сынды ақсақалдардың сабыры мен адамдығы оған өмір бойы үлгі болды. Ал достыққа адалдық – оның болмысының тағы бір қыры. Жарылқасын Аханов, Қуаныш Иманқұлов, Келіс Бутунчиновпен арадағы сыйластық жылдармен сыналды.

1970 жылы Қабен Нүкенов Айтжамал Ерқожановаға үйленіп, шаңырақ құрды. Ғалым, Ербол, Раушан, Нұрбол, Риза, Рысты атты ұл-қыздарының барлығы жоғары білім алып, өмірден өз жолын тапты. Бүгінде немерелері ержетіп, шөберелері өсіп келеді. Айтжамал апай – нағыз қазақ келінінің, ибалы ананың үлгісі. Отбасының берекесін бәрінен биік қойып, үнсіз еңбегімен шаңырақтың тұтастығын сақтап келеді.

Қабен Нүкеновтың өміріндегі ең қастерлі марапат «Алакөл ауданының Құрметті азаматы» атағы. Бұл – ол үшін жай ғана марапат емес, қиын жылдары ел сенімін ақтаған еңбегіне берілген баға.

Ол – жан-жақты, ізденістен жалықпайтын адам. Қызметі қаншалықты тығыз болса да кітапты серік етті. Жастық шағында мектеп пен аудан кітапханаларындағы әдебиеттің басым бөлігін оқып шыққан. Жеке кітапханасында тарихи құндылығы бар еңбектер мол. Тарихқа деген осы қызығушылық оны жерлесі, ақын Арап Әмірұлының мұрасын зерттеуге жетеледі.

Кейіпкерімізден өміріндегі ең қымбат дүние не деп сұрағанда, ол: – Адамдармен жұмыс істеу, елге қызмет ету, – деп жауап берді.

Қалай десек те Қалиша Қоңырқұлжанова әженің ғұмыры, Қабен Нүкеновтың еңбек жолы, Айтжамал Ерқожанованың отбасындағы орны – сабыр, еңбек және адамдық құндылықтардың тұтас көрінісі. Бұл әулеттің өмір жолы – ұрпаққа аманат, елге өнеге.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.