Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Бізді Қыз Жібек пен Төлеген дейтін…

Жақсының жары болу – көзге көрінбейтін, бірақ көңілге ұялаған үлкен жауапкершілік. Бұл – даңққа ортақтасу емес, парызды үнсіз бөлісу. Жазушы Жанат Ахмадидің жан жары Роза ОРАЗАЛИНОВА – дәл осындай тағдыр иесі. Сырт көзге өмірі қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда жүрек көзімен қарасаңыз, бұл – сабыр мен сүйіспеншілікке, үнсіз ерлік пен жан байлығына толы ғұмыр.

09.08.2025
ЖАНСАРАЙ
Бізді Қыз Жібек пен Төлеген дейтін…
WhatsAppTelegramFacebook

Роза Жапарқызы – сөз зергерінің серігі ғана емес, оның жан әлемінің ең жақын куәгері. Ол ерінің жан дүниесін сөзсіз ұғынып, тынысын тарылтпай, шабытын шектемей, өз өмірін соның үнімен үндестіре білген жар. Мұндай әйелдер – шырақты желден қорғаштап, жарығын сыртқа шашуға мүмкіндік беретін, иесі беймәлім, бірақ ең қажет жандар. Жақсының жарымен тілдескен сәт адалдықтың, үнсіз ерліктің, әйел болмысының шынайы бейнесін көргендей әсер қалдырады. Өйткені жақсы ердің артында қашанда сабырлы, дана, мейірімді жар тұратыны өмір ақиқаты.

– ЖЕТІСУ өңірінің қызымын. Ескелді ауданына қарасты Жалғызағаш деген ауылда өмірге келгеніммен өскен жерім – қазіргі Нұрмолда Алдабергенов, бұрынғы Шұбар ауылы, – деп бастады сөзін кейіпкеріміз.

Оның айтуынша, ата-анасы 1961 жылы осы ауылға қоныс аударып, балалық шағы сол жерде өткен. М. Байысов атындағы орта мектепті аяқтаған соң сол кездегі көптеген жастың арманы болған Алматыға жол тартады. Мақсаты – Шет тілдер педагогикалық институтында білім алу. Жолы болып, неміс және ағылшын тілі факультетіне оқуға түседі. 1981 жылы аталмыш оқу орнын қызыл дипломмен тамамдап, жолдамамен жоғары оқу орнына оқытушы болып қабылданады. Сол уақыттан бастап қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде неміс тілі пәнінен 36 жылдан астам уақыт табысты еңбек етеді.

– Әкем Жапар Оразалыұлы – Ұлы Отан соғысының ардагері. Отбасындағы алты баланың бірі. 18 жасында майданға аттанып, Польша мен Украина жерлерін азат етуге қатысқан. Генерал Ватутин дивизиясының құрамында жеті адамнан тұратын танк экипажының командирі болған. Шабуыл кезінде қатты жараланып, бір жыл госпитальде емделіпті. Кейін соғысуға жарамай 1944 жылы еліне оралып, еңбекке араласқан. Жеті жылдық білімімен ауылдық кеңесте ұзақ жыл қызмет еткен, – дейді Роза Жапарқызы.

1945 жылы Жапар Оразалыұлы Күлжахан Сақмолдақызымен отау құрып, сегіз бала тәрбиелеген. Ерлі-зайыптылар жетпіс жыл бойы тату-тәтті ғұмыр кешіп, немере-шөбере-шөпшек сүйген. Осындай өнегелі ата-ананың ұрпағы екенін Роза апай ерекше мақтанышпен айтты.

– Отбасында қыздың кенжесі болсам да еңбекке ерте араластым. Анамыз ауылдағы қант қызылшасы алқабында еңбек ететін, жазғы демалыста біз де қолғабыс көрсететінбіз. Мектепте озат оқушы болдым. Келер жылы мектеп бітіргенімізге 50 жыл толады. Сыныбымыздағы 25 оқушының басым бөлігі жоғары білім алды. Бұл – ұстаздарымыздың еңбегі. 

Мен өмірге келгенде жыламай туыппын. Анамның айтуынша, ішегіне оралып қалыппын. Босандырып алған акушер келіншек дереу мені суық суға салып, көтенімнен соққылап, бір сәтте шыр етіп жылаппын. Сол сәт анам акушерге «Атын өзің қой» депті. Сөйтіп сол кісі мені «Роза» деп атаған екен. Әйтпесе үйдегі қыздардың есімі – Гүлбағира, Зағира, Бағила ғой, – деп еске алады кейіпкеріміз.

Ол мектепте баскетбол үйірмесіне қатысқан, жоғары оқу орнында да түрлі жарыстарға белсене араласқан. 36 жыл бойы неміс тілінен дәріс берген Роза Жапарқызынан бұл тілді не себепті таңдағанын сұрадық.

– БІЗГЕ Сағымбала есімді апай, өте білімді ұстаз, сабақ берді. Оның оқыту әдістемесі ерекше болатын. Үздік оқушыларды мұғалім ретінде сабақ өткізуге тартып, ынталандырып отыратын. Мен бастауышта оқып жүргенде әпкемнің неміс тілі кітабына қатты қызықтым. Бесінші сыныпқа бармай жатып алфавит жаттап, сөз оқуға машықтандым. Неміс тіліне деген қызығушылығым солай ерте оянды. 5-сыныпқа дайын күйде барып, сабақ сұралса, тақылдап бәрін айтып беретінмін. Мұғалімнің «Жарайсың» деген мақтауы мені шабыттандыра түсті. Кейін осы пәнді үздік оқып бітіріп, жоғары оқу орнына еш қиындықсыз қабылдандым.

Неміс тілін үйрену арқылы оның халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне бойлай түстім. Университетте кафедра меңгерушісі болған Несібелі Жұмабекқызы студенттерге үлкен қамқорлық танытты. Германияның бірнеше жоғары оқу орнымен келісімшартқа отырып, студенттердің білім алуына, оқытушылардың тәжірибе алмасуына жол ашты. Солардың бірі ретінде мен де екі рет Германияда бол- дым, – дейді Роза Оразалинова мамандығын дұрыс таңдағанына ризашылығын білдіріп.

Өмір жолының тағы бір маңызды тарауын, Жанат Ахмади ағамызбен таныстығын тебірене әңгімеледі.

– Бізді 1987 жылы ортақ танысымыз Алтай есімді азамат таныстырды. Ол үнемі: «Жанат деген жазушы досым бар. Жасыңнан сәл үлкенірек демесең, жақсы жігіт. Екеуіңе сөз байластырайын» деп жүретін. Шынымды айт- сам, менің де жасым отызға таяп қалған кез. Ата-анамыздың «оқы, білім ал, өз орныңды тап» деген тәрбиесімен өскен соң, жүрек мәселесінде де асығыстық танытпадым. Ал Жанат болса, қырықтың үстіндегі азамат екен.

Бірде Алтай екеуміз алғашқы кездесуге келісіп, Алматыдағы Панфилов паркінде жолығатын болдық. Алайда Жанат өзі келмей қалды. Алтайдың «Біраз тосайық» деген сөзіне иланып, күттік. Бірақ кешіккеніне ренжіп, мен орнымнан тұрып кетіп қалдым.

Ертесі күні Алтай келіп Жанаттың Жазушылар одағындағы жұмыстармен бөгеліп қалғанын айтты. «Бүгін міндетті түрде келеді» деп тағы кездесу ұйымдастырды. Сол күні кешкісін паркке барғанымызда Жанат алдын ала белгіленген орындықта күтіп отыр екен. Алғаш көргенде маған тым үлкен көрінді. Бірақ әңгімелесе келе оның байсалды мінезі, ішкі мәдениеті мен білімділігі бірден байқалды.

КЕЙІН жұмыс телефоныма жиі хабарласып, кешкісін үйге шығарып салып жүрді. Бір күні кешқұрым пәтерінің алдына дейін әкеліп, қолыма бір хат ұстатты: «Қазір ашпаңыз. Үйге барған соң асықпай оқыңыз. Жауабын ертең айтар- сыз», – деді.

Хатта: «Біраз нәрсені көрген, көңіл сүзген, адам таныған жастамыз. Сіз маған қатты ұнап қалдыңыз. Қарсы болмасаңыз, отау құрайық. Артық сөзге бармай, тек «иә» не «жоқ» деп жауап беріңіз», – деп жазыпты.

Ертесі кездескенде ұсынысты тым асығыс көргенімді айтып, реніш білдірдім. Сол сәтте Жанат қолыма бір бума қағаз ұстатты. Бұл – Қабдеш Жұмаділовтің оның шығармасына жазған рецензиясы екен. Сірә, «Мені танып-біле түссін» деген оймен берген болса керек.

Үйге келген соң құрбыларыммен ақылдас- тым. Соның бірі – Әбіш Кекілбаевтың нағашы жұртынан тарайтын, әдебиетке жақын Ілгек Жаңбырбайқызы еді. Ол рецензияны оқып болған соң: «Жақсы жазушы екені көрініп тұр. Ертең атақты адамның жары болғанда, бізді менсінбей кетіп жүрме», – деп әзілдеді.

Бір аптадан кейін ауылға барып, ата- анаммен ақылдастым. Олар бұл жаңалықты жылы қабылдап, ақ баталарын берді.

Алматыға оралған соң Жанатпен жолығып, келісетінімді айттым. Арада көп уақыт өтпей, ол 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында үйленейік деген ұсыныс айтты. Осылайша, 1987 жылдың наурыз айында отау құрдық. Ағайын-туыс, дос-жаран бас қосқан жылы шырайлы тойымыз өтті. Сол жылдың желтоқсанында тұңғышымыз – Дінасыл дүниеге келді. Ал 1990 жылы ұлымыз Дінислам өмір есігін ашты.

Бір апта ішінде басталған таныстық, бір хатпен бастау алған сезім – тағдырдың үлкен жүгін бірге арқалауға ұласқан еді, – деп өткен күндерді сағынышпен еске алған Роза апайдың жанары жасқа толып, арада үнсіздік орнады…

– Жанат сегіз қырлы, бір сырлы еді. Жазушылығынан бөлек сурет салуға шебер болатын. Домбыра пианино, гармон секілді аспаптарды еркін меңгерген. Үйғыр, татар, қырғыз, өзбек тілдерін де бір кісідей білді. Әсіресе, татар әндеріне ерекше ықыласпен қарайтын. Жазудан шаршағанда, не сағынышы басқанда, көңіл-күйі көтеріңкі кезде гармонын қолына алып сағаттап жыр айтатын, – деп жалғады сөзін Роза апай.

ОЛ сұлулықты сүйетін. Киім киісінде де өзіндік талғамы болатын. Арнайы тігіншіге тапсырыс беріп, қазақы ою-өрнекпен киім тіктіретін. Ұстаған заттарына дейін түрлі бағалы тастармен сәндеп, өз қолымен жасайтын. Шағатай тілін, төте жазуды меңгергені де көпшілікке беймәлім. Бұл қабілеттері Мемлекеттік архивте жұмыс істеп жүргенде талай көне құжаттың көзін ашуға сеп болды.

Артындағы ұрпағына, болашақ жастарға құнды дүниелер – кітаптарын, шешендік сөз саптауын, этнографиялық ой-толғауларын, айтыс, би-шешендердің сөздерін жанғыртқан, көшпенді қазақ елінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін сипаттайтын құнды жазбаларын қалдырды. Ал жазушы қауым оған осы ғасырдың «Майқы биі» деген атағын да берді.

Тағдыр жолы мені Жанат секілді тамаша адаммен жолықтырып, табыстырғанына шүкір деймін. Ол тек жақсы жар ғана емес, балаларына қамқор әке болды. Үнемі: «Баланың бетін қақпай өсіру керек» деп отыратын. Ұлы Дінисламға көп уақытын бөлді. Ауырып қалса емханаға өзі апарып, сабағын қадағалап, не сұраса соны сатып әперіп, еркелетті, – деген кейіпкеріміз Жанат ағамен бірге жұптары жазылмаған сәттері мен шығармашылығы туралы да естелікпен бөлісті.

– Зейнет демалысына шыққаннан кейін ағаңнын жанында бірге жүрдім. Бір жағынан, Жанаттың жамбасына ота жасап, жүріп-тұруы қиындағаны себеп болса, екіншіден, қолымыз бос болғаны мүмкіндік беретін. Барған жерлеріне кітаптарын апарып, базарлық таратқанды ұнататын. Соған жәрдемдесемін. Оның үстіне, ұмытшақтық деген пайда болды. «Жұлдыз» журналындағы Жұмабай Құлиев інім бізді көрсе: «О, Қыз Жібек пен Төлеген келе жатыр!» – деп әзілдейтін-ді.

Оның жазған дүниелерін компьютерге толықтай өзім басып беріп жүрдім. Зейнетке шыққан соң хатшысы болдым ғой. Соңғы кітаптарын толықтай өзім теріп шықтым. Ол кітаптарын тез жазатын. Қолға алған шығармасын аяқтамайынша ойын бөлмей, өзге шаруаға араласпай отыратын қасиеті де бар болатын.

ОТБАСЫ болғаннан кейін ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды ғой. Әлбетте, тіршілік барысында ренжіскен тұстарымыз болды. Дегенмен, біз бақытты, мағыналы ғұмыр кештік деп ойлаймын. Ұрпақ өсірдік, қыз ұзатып, келін түсірдік, немере сүйдік. Жанат өзінің өмірлік арманы болған шығармашылықта біраз биікті бағындырды. Осы үшін де мен өз тағдырыма ризамын, – дейді жақсының жары.

Айтуынша, өздері 30 жыл тұрған Тұрғыт Өзал көшесіндегі 24-ші үйдің жақбетіне Жанат Ахмадиге арналған ескерткіш тақта орнатқызыпты. Бұл шаруаның атқарылуына Жазушылар одағы көмек көрсеткен.

– Ол жаны қиналып, төсек тартып жатқан жоқ. Бұған пандемияның да қатысы жоқ. Аяқ- астынан дәрігерге көрінемін деп ауруханаға барды да бас-аяғы екі күннің ішінде аттанып кете барды. Бәріміз аңырап қалдық… Биыл өмірден өткеніне бес жыл болды. Жанат қайтқаннан кейін көңілім құлазып, жалғызсырадым. Бірде жазушы Жанар Әбдішова хабарласып: «Роза тәте, сіз Жанат аға туралы естіген-білгеніңізді, ойыңызды, айта алмаған сырыңызды, сағынышыңызды жаза беріңіз» деді. Міне, содан бастап естелік күнделігімді жаза бастадым. Мұның ерекшелігі – адам өз ойын, іштегі сырын ашық, еркін айтып, жазуға мүмкіндік береді екен. Осылай Жанатқа қатысты барлық жағдайды қағаз бетіне түсіріп отырдым және ары қарай да жалғастыра бермекпін. Бүгінгі күні ене мен келін туралы, қыздар тәрбиесі, ажырасып жатқан жастарға қатысты, отбасындағы ата-ананың рөлі жайлы түрлі толғамдарды ақ қағаз бетіне түсіріп, жазып жүрмін. Жазып қана қоймай, оның шешілу жолына да көңіл бөлемін.

ЖАНАТ артында қалған ұрпағымен бақытты. Немерелері Ася, Тамерлан, Айым, Айзере, Ляйсан, Хиуаз аталарын үлгі-өнеге тұтып, мақтанышпен айтып, жүрек түкпірінде мәңгі сақтайтыны сөзсіз, – деп түйді сөзін Роза Жапарқызы.

Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.