Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«БӘЙТЕРЕККЕ ҰҚСАЙДЫ»: ӘПКЕМІЗГЕ МӘҢГІ ҚАРЫЗДАРМЫЗ

04.01.2020
ЖАНСАРАЙ
"БӘЙТЕРЕККЕ ҰҚСАЙДЫ": ӘПКЕМІЗГЕ МӘҢГІ ҚАРЫЗДАРМЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақтан небір қайсар қыздар шыққаны тарихтан мәлім. Өмірдің ауыртпалығына көне жүріп, ердің жүгін арқалаған қазақ қызының бойындағы намысшылдық, өрлік, бауырмалдық – үлгі тұтар асыл қасиет. Міне, осы қазақ қызының бойында болар барлық асыл қасиетті бір басына тоғыстырған, менің өмірімдегі асыл жан, әпкем Рая НАУРЫЗБАЙҚЫЗЫ туралы сыр шертпекпін.

Ата-анадан ерте айырылып, жәудіреп қалған біздерді өз мойнына артылған жүктей жетектеп жүріп жеткізген үлкеніміз Рая әпкемнің сол кездегі көрген қиыншылығын еске алсам, тамағыма ыстық жас құйылғандай болады. Әрқайсымызға көңіл бөліп, оқытып, адам болып кеткенімізше қамқорлығына алған еді. Ол өзінің мейірімділігімен жан-жағына нұр сыйлай білді. Біздің жылы шаңырағымыздың отын өшірмей, бауырларымызды жеткізіп, әке-шешеміздің орнына отырғызып кеткенше тыным таппады.

Мен әпкеме деген ықылас-ниетімді газет бетінде жариялауды көптен армандап жүр едім. Себебі, Рая әпкеміз ел-жұртқа үлгі-өнеге ретінде көрсетуге тұрарлық асыл жан. Ақыл-парасатымен дараланған әпкеміз туған-туыстарға, құда-жекжатқа сыйлы, жұбайына адал жар, балаларына қадірлі ана, немерелеріне жақсы апа.

Біз Алакөл (бұрынғы Үйгентас) ауданы, Майлышат деген кішкентай бір ауылда дүниеге келдік. Әпкелерім – Рая, Майра, ағам – Сайын (марқұм), сіңлілерім – Назипа, Күлзипа, Айгүл, інілерім – Серік, Арыстан бір отбасында өсіп-өндік. Ата-анамыз дүниеден ерте кетіп, әпкеміз Рая мен әкеміздей қамқор болған жездеміз – Мұхаметкерім ағаның тәрбиесінде болдық. Бізді өсірді, бақты, оқытты, тұрмысқа берді. Бүгінде алдымыз 70-тен, артымыз 50-ден асып, бала-шағалы, немерелі-шөберелі болып, ел қатарлы жүріп жатқан жайымыз бар. Өмірдің ащысын да, тұщысын да көрсетпей, бізді осындай дәрежеге жеткізген әпкем Раяның еңбегі зор. Жездеміз Мұхаметкерім екеуі бізді адал болуға, ешкімнің ала жібін аттамауға баулып, түзу жол көрсетіп, қиын-қыстау кезімізде бауырына басып, маңдайымыздан иіскеп, әрқашан ақ батасын беріп отыратын.

Мұхаметкерім аға Үкімет басында қоғам қайраткері Д.Қонаевпен қызмет істеген, сот прокуроры болған кісі. Бүгінде отставкадағы генерал, зейнеткер, ардагер ата. Әпкеміздің даналығы, ақылгөйлігі сол, ҚазМУ-дың химия факультетін бітіріп, жоғары маман иесі бола тұра, істеп жүрген жұмысын тастап, отбасы мен бала тәрбиесін бірінші орынға қойды. Ағамыздың қас-қабағына қарап, ол кісіні жұмысқа шығарып салып, қарсы алып, алаңсыз қызмет істеуіне жайлы жағдай жасады. Өздерінің бес қызына қоса бізді, сегізімізді тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай тәрбиелеп өсіріп, оқытып бағу әпкемізге оңай болған жоқ. Бірақ ол шыдап бақты.

Бүгінде бәріміздің қызығымызды көріп, қуанышымызға ортақ аяулы ана болып отыр. Мұхаметкерім аға мен Рая әпкеміз жапырағын кеңінен жайған алып бәйтерекке ұқсайды. Үлкен қызы Данагүл Алматы қаласының салалық кәсіподағының төрайымы, Жанна Атырауда үлкен фирмада қызметкер, Әлия Германияда, Салтанат телеарнада, Роза қалалық сотта қызмет атқарып, еліне елеулі еңбек етуде. Немерелері Нұрхан, Айя, Саида бір-бір маман иесі болса, Тоғжан, Нұрай, Бастиан, Дәурен ата-апасының көз қуанышы.

Бізге мейірімін төге жүріп, күтіп-баптап өсірген әпкемізге бүгінде мың алғыс айтамыз. Балалары, сіңлі-бауырлары өркен жайып, бір-бір шаңырақ иесі атандық. Сол үшін әпкемізге мәңгі қарыздармыз.

Көңілі кең жайлаудай, жүрегі мейірімге толы, кеудесі алтын қазына, сөзі қасиетті әпкеміз бүгінде 75 жастың белесіне қадам аттап отыр. Келген жасы құтты болып, әлі де ұзақ жасай беруге Алла Тағала нәсіп етсін дейміз. Әпкеміздің нұрлы жүзіне жарасқан ақ жаулығындай әрдайым жолы ақ болсын! Біздің әрқайсымызды жақсы көретін ықыласына сай зор құрметке бөлене берсін. Өнегесі мен ықыласы – бізден тараған ұрпаққа үлкен ғибрат, тәрбие. Әпкемізге өмірдегі бар жақсылықты тілейміз.

Қарлығаш ШПЕКБАЕВА,

зейнеткер, ҚР мәдениет қайраткері

Ұзынағаш ауылы,

Жамбыл ауданы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.