Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БІЛІМ ТАРЛАНЫ

08.04.2022
ЖАНСАРАЙ
БІЛІМ ТАРЛАНЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұстаз. Осы бір ұлық есім қаншама айтылып, жазылып жатса да оған деген жүрек түкпірінде  бір ілтипат сезімнің сақталып тұратыны рас. Жан сарайы әдемі құндылықтардың інжу-маржанына толы асыл жандар ойына оралғанда Алланың адамзатқа жіберген періштесіндей көрінетіні де бар. Олардың қоғамдағы жауапкершілігімен қатар ұрпақ алдындағы парызын парықтағанда ұстаз алдындағы шәкірттей баскиіміңді алып тағзым етуден басқа шараң болмайды. 

Таушелек – Саты жері, ұлылар тағзым еткен киелі, қасиетті өлке. Қыр баласы Шәміл де табанымен туған жер топырағын басып, тау самалымен көкірегін кере тыныстап, бұлағынан сіміре жұтып, ата-ананың мейірім шуағына бөленіп, осы өңірде өсіп ержетті. Оқуға деген зейіні ерте ашылды. Ойы ұшқыр, зерек баланың, әсіресе, математика пәніне деген ықыласы ерекше-тұғын. Бір сиқыр арбап, өзінің қиял әлемінде шарықтатып, алысқа жетелейтін. Оның қыры мен сырына терең үңілген сайын, тағы да беріле түссем деген ынтызар көңілі тыным таппайтын. Кейіннен жүрек тулатқан сиқыр сезім бала Шәмілдің ұлы арманына айналып еді. Ару Алматысы құшақ жая қарсы алғанымен, арғымақ арман жалынан ұстатпады. 
Ізденімпаз, талапты, жігер-қайраты тасыған жас бұған ешбір мойыған жоқ. Пәндік сала бойынша Қазақтың Абай атындағы педагогикалық университетіне дайындық курсына түсті. Өмір баспалдақтары өзіндік өрнегімен өріле берді. Университет қабырғасында бес жыл білім нәрімен сусындады. Білім даралығы мен алғырлығының арқасында топтың алды болып, оқытушыларын да елең еткізді. 1985 жылы «ұстаз» деген үлкен ұлағатты арқалап ауылға оралды. Сол уақыттан бері облыс көлеміндегі әріптестері «Таушелектің білімпаз тарланы» деп мақтан етіп келеді. Айтжан Түркебаев атындағы мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі, жоғары санаттағы маман – Шәміл Сағындықов табандатқан отыз жеті жыл бойына өзі тәлім алған білім ұясында абыройлы еңбек етіп келеді. Болашақ мамандығыңды жүрек қалауымен таңдасаң арман сені алдамайды. Шәкең осы жолдағы адам. Оның бүгінге беделі биік, абыройы асқақ.
Жаңалыққа жаны құштар жан ең алғашқы еңбек қадамында-ақ білім ошақтарына енген компьютермен жұмыс істеу саласын қолға алып, авторлық бағдарламамен оқыту әдістемесін мектеп өміріне енгізді. Алғашқы «Корнет», «Искра-1031» компьютерлерін оқушыларға үйретумен қатар, іс-қағаздарын, бухгалтерлік жұмыстарды білімдарлықпен өзі атқарып тастайтын. Бүгіндері заманауи техникалардың әр пән кабинеттерінде жұмыс істеп тұруының өзін уақыт үрдісіне сай ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған, технология сырын терең меңгерген жандардың айтулы бір еңбегі деп бағалаған орынды. Сабақты жаңаша ұйымдастырып, тың ізденісте жүретін Шәмілдің аудан көлемінде де атқарған еңбегі зор. Ол аудандық «Дарын» орталығымен, «КҒА» тарапынан бірлесіп ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық конференциялардың, информатика пәні бойынша аудандық әділқазылар алқасымен қоса аттестациялау комиссиясының тұрақты мүшесі болды. «Үздік» аттестат пен «Алтын белгіге» бітіруші мектеп оқушыларының математика пәні бойынша жазған жұмыстарын тексеруші аудандық комиссиясының кұрамында әділқазылық етті.
Ұлағатты ұстаздың 2001 жылы жаңашыл мұғалімдердің бірінші  форумында «Жаңа ақпараттық технологияларды мектепке енгізуге көзқарас» атты бағдарламасы көпшіліктің  назарын өзіне  аударды. Сол жылы тағы да «Жаңа типті компьютермен жұмыс жасаудағы іс-тәжірибем» деген жұмыс әдісі «үздік» деп танылып, мамандар кәсібін дамыту институты арқылы облыс мектептеріне таратылды. Сонымен бірге «Жыл информатигі» байқауының eкi жыл қатарынан бас жүлдесін иемденген білім тарланының 10-11-сыныптарға арналған авторлық тест жұмысы да бар. Қазір аудандағы жастардың информатика пәні бойынша  алған білімдері осы тест негізінде тексеріліп отырады.
Білім мен біліктілігі қатар ұшталған әдіскер мұғалім бұл күндері республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік журналдарының тұрақты авторы. Ғылыми баспаларда жарияланған «Логикалық элементтердің құрылу негіздері», «Логикалык есептер», «Туындыға берілген есептер», «Олимпиада есептері, «ҰБТ есептерін шешудің тиімді әдістері, информатика тақырыбында: «Ішкі программаларды және косымша функцияларды пайдалану», «Компьютерді  пайдаланушыларға пайдалы кеңестер» тағы да көптеген, ғылыми-әдістемелік еңбектері мектепаралық оқу бағдарламаларына eнгізілген.
Облыстық кадрлар біліктілігін жетілдіру институтының жанынан ұйымдастырылған «Алтын диск» байқауының 3-орын иегері, математик Шәміл Сағындықовтан мынаны сұраған едім:
– Шәке, кезінде ciз «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» атағына ұсынылған екенсіз. Алайда бұл мәртебеден бас тартып, өміріңіздің жарқын бip бетін өз қолыңызбен сызып тастауға тура келіпті. Неге бұлай болды? 
– Әрине, бұл iciмді тектілік тұрғысынан бағалаған орынды шығар. Қоғамда адами тұлға ретінде қалыптасуыма, арман арнасына түсуіме, еңбектің шыңырауынан шыңына дейінгі жолда көп тер төккен ұстаз ағайларым мен апайларым болды. Жолымды соларға бердім. Meнің бұл  мерейім сол жандардың ақталған үміттері. Еңбектерінің жеңісі мен жемісі.
Мұғалім ағайдың бұл парасаттылығына қалай риза болмассыз?!
«Tәлімі  мықты болса, ұстаздан шәкірт озар» демекші, аудандық «Зерде» зерттеушілік  жоба жарысының  математика секциясында шығармашылық  ізденісін  ғылыми тұрғыда көрсеткені үшін 1-орын иемденген Диас  Құралбаев , облыстық ғылыми жобалар конкурсында 2-орынға көтерілген Іңкәрбек  Жексенбіұлын , жаратылыстану-математика циклі бойынша әл-Фараби атындағы халықаралық олимпиадада  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған Қанат  Нұрданбековты  мақтанышпен айтқанда ұстаздың мейірленіп, кеудесін мақтаныш ceзімі кернеп қалатыны бар.
Тегінде ой-армандарыңды жүзеге асырып, өмірге өнеге ететін  ұлы еңбек. Қар астынан күн нұрына талпынған бәйшешектей, нұрлы болашағына шәкіртін жетелеген ұстаз мұратының  табандылығы-ай, шіркін! Аяулы жандар жайлы осындай ой түйгенде, өз биігіндегі Шәміл eciміне мақтау да, мақтан да лайық. Қоғамның тілегі де, тipeyi де осы жандар екені де еш шүбәсіз.
Қашанда ізгілік пен ізеттен танбаған, парасат-пайымы мол, асыл мұратынан айнымаған білікті тұлға – Шәміл Сағындықов бүгінде алпыс жасқа толуда. Мектептің ақылшы ағасына айналған ұстаз сан жылғы өмір тәжірибесінде артындағы әріптес іні-қарындастарынан айтар ақылын, көрсетер көмегін аяған емес. Университет аудиториясында қатар отырып, қатар білім алған зайыбы Дина Оспанқызы екеуі өмірде де, еңбекте де жұптары жазылмай қатар келе жатыр. Олар бірлесіп қаймықпай қарсы тұрған қиындықтар қаншама десеңізші?! Жас ұрпақ болашағы үшін санасын сілкілеген сан ойларға жауап таппай қалған, ұйқысыз түндер мен мазасыз күндер білім майталмандарын құрыш етіп құйып қойғандай. 
Математиктер отбасынан өрбіген үш перзент те жоғары білімді жандар. Бүгінде ата-аналарына немере сүйгізіп, жолдарын жалғауда.  
Тағы бір айта кетерлік жайт, облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі тарапынан Шәміл Сағындықов мектеп басшылығына талай рет ұсынылған. Әйтсе де қарапайымдылығынан танбаған ой еңбегінің қара нары өзінің азаматтық дара жолымен келе жатыр. Маңдай терін шүмектей төгіле еңбек етсең, атақ-абырой өзі іздеп табатыны рас-ау. Оған Шәміл ұстаздың жолы айқын дәлел. 

Еркін БАРАҚОВ
Саты ауылы,
Кеген ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.