Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ЕҢ АЛДЫМЕН ӘЛ-ФАРАБИЛЕРДІ ТІРІЛТКЕН БІРТУАР ҒАЛЫМ ЕДІ

16.07.2021
ЖАНСАРАЙ
ӘБСАТТАР ҚАЖЫ ЕҢ АЛДЫМЕН ӘЛ-ФАРАБИЛЕРДІ ТІРІЛТКЕН БІРТУАР ҒАЛЫМ ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі ғалым-ұстаз, көрнекті дін қайраткері Әбсаттар қажы Дербісәлі ағамыздың дүниеден озғаны қабырғамызды қайыстырды.

Хазіретіміздің ғылым саласындағы қажырлы еңбегі мен он үш жыл ҚМДБ-ның және Орта Азия елдері мүфтилер кеңесінің төрағасы, Қазақ елінің Бас мүфтиі ретінде атқарған қайраткерлік еңбегі ерекше еді. Шығыстанушы ғалым ретінде қазақ ғылымына бұрын-соңды ат-атақтары қалың елге онша таныс емес, тіпті, беймәлім болып келген қаншама жаңа есімдердің атын жаңғыртты. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жатқан жерін тауып, оның даналығы мен даралығын дәріптеп, жазба мұраларын ғылыми айналымға салып, әл-Фараби бабамыздан кейін осы көне Фараб қаласынан шыққан он сегіз әл-Фарабидің есімімен қалың көпшілікті қайта қауыштырған еңбегінің өзі неге тұрады?

Өте алғыр, кішіпейіл, ұлтжанды да елгезек, еске сақтау қабілеті де ерекше еңбекқор жан еді. Шәкірттеріне деген шынайы сүйіспеншілігі мен қошемет- құрметі де бөлек еді. Ерінбей,талмай ізденгіштік қабілетінің арқасында ұлттық ғылымымыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ғалымдығы мен шәкірт тәрбиелеп оқытудағы ұстаздық қабілеті де қайталанбайтын тұлға еді. Жоғары дәрежедегі ұйымдастырушылық қабілеті мен елімізде ғана емес жарты әлемге есімі мәшһүр болған мемлекет және қоғам қайраткері болатын.

Жоғарғы лауазымы үшін жыртыла айырылып, билік пен биік мансаптың құлына айналған кейбір «қайраткерлер» сияқты өзеуреген өлермендікпен мансап тағынан өлгенше айырылғысы келмейтін кейбір шенеуніктерден қашанда көш ілгері тұрғандығының біз куәміз. Елшілікте жүрген жерінен бас мүфтилік қызметке шақырған Елбасының ұсынысына қандай сабырлылық танытып салқын қандылықпен қараса, осы жоғары лауазымды бар қажыр-қайратымен қажымай-талмай табаны күректей он үш жыл атқарғаннан кейін де: «Мен өз еркімен жастарға орын беремін, ғалым адам ретінде енді бірыңғай ғылыммен айналысамын», — деп өзінің жоғары лауазымды орынтағын өз еркімен тапсырып, ғылымға кетуінің өзі екінің бірінің ақылына келмеген, ақылына келсе де, қызметті қолдан бермеген көп шенеуніктерге ой түйіп, сабақ аларлықтай-ақ қадам емес пе?

Ал Әбекеңнің дәл осындай шешімге келуінің өзі оның ғылымға деген адалдығы әрі үлкен ерлігі деп білеміз. Қызмет — қолдың кірі. Жоғары лауазым дегеніміз уақытша ғана дүние. Өтеді де кетеді. Ал ғылым мәңгілік. Оның шапағаты мен жақсылығы ұрпағыңнан-ұрпағыңа жетеді. Ғылымда кең даңғыл жол жоқ. Оның тұманды жақтары қаншалықты көп болса, күдік пен күмәнді жақтары да соншалықты көп. Тасты да тассыз соқпақтарымен қажымай талмай жүріп, жолсыз жерден жол салып, айсыз қараңғы түнде адаспай жол тауып жүрумен бірдей емес пе? Сондықтан да, оның таңданатын ғажабы да, ғажабынан асып түсетін азабы да ең ауыр шаруа ғой. Сонысына қарамай, сол ауырлық пен жауапкершілікті өзі еркіменен таңдап алып астындағы тағын тапсырып беру Әбекең секілді жалған атақ пен абыройдың емес, тек АЛЛА разылығы үшін деп ұлты мен жұртының қамын ойлайтын ойлы тұлғалардың ғана қолынан келетін ерлік еді.

Міне, ұстазы жақсының ұстамы жақсы деп біздің осындай ұстазымыз болғанына және де Әбекеңдей біртуар ғалымның шәкірті болғанымызға ерекше мақтанамыз. Әрі өзімізді бақытты санаймыз. АЛЛА алдыңыздан жарылқап, жаннаттың бір бақшасынан жай бұйыртсын деп тілейміз! Бақұл бол, аяулы аға, ақылшы ұстаз!

1986 жылғы бір топ шәкірттеріңіздің атынан — Камнұр ТӘЛІМҰЛЫ

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.