Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БІЗДІҢ НӘУКЕН

05.02.2021
ЖАНСАРАЙ
БІЗДІҢ НӘУКЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Әкім болып, халқына жақын жүрген жанның бірі әрі бірегейі, облыстағы Андреев, Ақсу, Көксу аудандарын басқарған Наурыз Қылышбаевтың есімін зор мақтанышпен айтуға болады. Біздің Нәукен ел-жұртының, ағайын-туысының арасында қашанда жақсы азамат ретінде  танылды. Оны үлкен-кіші бірдей сыйлады, құрмет тұтты. Себебі, ол  сый-құрметке лайықты азамат болды. Кейінгі ұрпақ осындай арлы, еңбекқор, адал азаматтардан үлгі алса деймін. 
Ол елім деп елжіреп, жерім деп кірпік қақпай адал еңбек еткен саусақпен санарлық азаматтардың бірі. Қандай да бір іс бастаса соңына дейін апарып, жақсы нәтиже көрсете білген Наурызға көпшіліктің алғыс айтып жүргеніне талай мәрте куә болғанбыз. Күрмеуі қиын қандай шаруа болса да тез арада шешімін тауып, айналасындағыларды ортақ мүддеге, яғни, елдің ертеңі, халықтың қамы жолында еңбек етуге жұмылдыратын. Сөзі өтімді, білімділігі мен біліктілігін, адамгершілік абыройын талайға мойындатқан азамат жер жаннаты Жетісу жұртшылығы үшін қыруар еңбек етті.  Өз басым Нәукеннің азаматтығын, ұйымдастырушылық қабілетін өте жоғары бағалаймын. Ол қызғаныш, іштарлық дегендей жаман әдеттерден іргесін аулақ салып жүретін. Сөзі мен ісі үнемі бір жерден шығатын азаматты замандастары, достары, ағайын-туысы, тіпті, әріптестері де үлгі тұтты. 
Төле би бабамыз: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – өмір сүру, соның ішіндегі ең тәттісі – сыйластық»  деген өсиет қалдырып еді. Үнемі бабалар салған сара жолмен түзу жүруді мақсат тұтқан Нәукеннің тектілерден алған тәрбиесі  алқалы топта абыройын асырды. Зердесінің кеңдігі, рухының мықтылығы, жүрегінің ақтығы, ниетінің тазалығы өзгелерден даралап тұратын. 
Ол өзіне жүктелген міндетті асқан абыроймен, жауапкершілікпен атқара білді. Үлкен ауданның жүгін арқалап жүрген кезінде тек елдің алғысын ғана алуы осынау тектілігінің арқасы деп білемін. Атпал азамат жұрттың бәрін өзіндей көріп, әңгімесін ашық айтып, ақыл-кеңесін аямайтын. Дәл қазір де сол қалыптан еш айныған емес. Кісінің көңіліне кірбің түсірмей, даладай дарқан көңілімен қашанда ашық-жарқын жүретін Нәукен бойына біткен асыл қасиеттерімен, ақжарқын мінезімен, бауырмалдығымен Жетісу жұртшылығының құрметіне бөленіп келеді. Кісілігі мол, қанша биікке шықса да адамгершіліктің асқар шыңын ешқашанда аласартып көрмеген, кішілігі өзіне ғана тән қасиетін сақтап келеді. Ол осы асыл қасиеттерден аттамай, өз биігінде қалып, елдің сыйлы азаматына, ақыл айтып, тентегін түзу жолға салатын қасиетті қартына айналды. Ел ішінде Наурыздай азаматтардың табан тоздырмай қызмет етіп, елге пайда  келтіріп жүргеніне қуанамын. 
Сананы аздырмай, ұрпақты тоздырмай еліміздің ертеңін ойлап жүрген асыл азаматтың кейінгі ұрпаққа ата-баба мұрасын насихаттау жолында үлкен еңбек етіп жүргенін ерекше атап өтпеске болмас. Өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілтіп, ата-баба мұрасымен жас ұрпақты сусындатып жүруінің өзі азаматтықтың белгісі. 
Ұлы Абайдың «Адамның адамшылдығы істі қалай бастағанынан белгілі болады. Қалай аяқтағанынан емес…» деген даналық сөзі бар. Наурыз Қылышбаев қандай дәрежедегі қызметте болсын, кез келген ауқымды істі  жақсы бастап, жүйелі жалғастырып, тамаша нәтижелермен аяқтап жүрді. Мұндай жұмысқа ынталы, бар күш-жігерін халықтың қамы үшін сарп еткен азаматтарды елінің алақанына салып аялайтыны анық. Осынау сый-құрметке, елдің ыстық ықыласына, алғысына бөленіп отырған Наурыз Қылышбаевқа жанашыр замандас-әпкесі ретінде көрер қызығы көп болсын деп тілеймін. 

«Аруақты жерден ат үркеді» дейді данышпан халқымыз. Осынау қасиетті өңірдің шоқтықты Жаңаталап ауылында ата-баба ізін жалғастырушы, халқының жанашыры, ұлтжанды, комсомол, партия мектебінде шыңдалып, ауыл, аудан, облыс деңгейінде лауазымды жоғары қызметтер атқарып, асқан ұйымдастырушылығымен, адалдығымен ел алғысына бөленген, еліміздің бүгінгі абыз ақсақалдарының бірегейі – Наурыз Қылышбайұлы ағамыз 1941 жылғы 10 ақпанда дүниеге келіпті.
Сонау 1992 жылы Жетісу өлкесінде аты шыққан, алты Алашқа танымал, ел-жұрты пір тұтар әулие ата-бабаларға арнап Талдықорған қаласында ғылыми конференция өткізіліп, Қаратал өзенінің бойында  кесене тұрғызылды. Ат шаптырып, ас берген ұлы той-жиынға Алматы облысынан келген,  облыс әкімдігінің алғашқы негізін қалаушы ұстазымыз, облыс әкімі Ахметжан Смағұлұлы Есімов бастаған облыс делегациясының құрамында Балқаш ауданы азаматтарының жетекшісі болып барған күннен бастап Наурыз ағамен жете танысып, сыйластығымыз жарасты. Сол уақыттан бері көзді ашып-жұмғанша отыз жылдың ар жақ-бер жағында уақыт өтті. Осы кезеңде қаншама қызмет ауыстырдық, әр жерде Президентіміздің сарбазы бола білдік.
Соңғы жылдары облыс орталығында елге сыйлы, ұлтжанды, әр нәрсенің жолын-жөнін білетін облыс басшысы Серік Әбікенұлы Үмбетовтің қарамағында қызметте болған кезімде Наурыз ағамен үнемі хабарласып, ағалық ақылын тыңдап, кем кетігімді толықтырдым, рухани қолдау тауып, ағалық-інілік қарым қатынасты үзген жоқпын. Өмір жолында қалдырған ізін, қызметтес болған үлкен-кіші еңбек адамдарының атқарған еңбегін, қоғам дамуын зерттеп, жазған шығармашылық туындыларынан терең ғибрат алып,  тәнті болған кездерім аз емес. 
1950 жылы Қылышбай атамыз дүниеден озғаннан кейін Нұрила апамыз: «Қайтсем балаларымды аш-жалаңаш қалдырмай, қатарының алды етіп өсіремін» деп барын аузына тосып, тапқанын балаларының үстіне жапсырып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, Наурыз аға мен інісі Жеңістің тәрбиелі үлкен азамат болып өсуіне, өмірден өз орындарын тауып, ақылды, сабырлы, кішпейіл, қарапайым, алғыр, намысты, әділетті болып ержетіп, өмірдің кез келген сынына қарсы тұра алатын, қайсар азаматтар болуына бар күш-жігерін жұмсапты.
«Ана сүті бойды өсіреді, ана  тілі  ойды  өсіреді»,  «Баланы – жастан,  келінді – бастан» демекші, өзінің бойындағы тамаша адами қасиеттерін, ұлтжандылықты, халқымыздың салт-дәстүрі мен өнерін, мәдениетін, үлкенді сыйлау, кішіні тыңдау, әдептілік пен әділеттілік сынды ұлттық құндылықтарымызды жас кезінен балаларының бойына дарытып, әкеден қалған қара шаңырақты шайқалтпай, түтінін тік шығара білді. Қазақ халқын тарих сахнасында ұлт ретінде жойылып кетуден аман алып қалған осындай қазақ әйелдерінің еңбегі мен қайталанбас тұлғасы: рухының мықтылығы, ақыл-парасат, еңбекқорлығы, қиыншылыққа мойымауы, сыны мен сынағы мол кедергілерді абыроймен жеңе білуі. 
Наурыз ағамыз «Ойнама, балам, ойланғын» атты екі томдық кітабында ананың балаға, баланың анаға деген махаббатын, ананың орны толмас мейірімі мен ыстық алақанын тебірене еске алады. «Иә, әркімнің шешесі өзіне қымбат. Ана біткеннің бәрі ақ сүтімен, бесік жырымен балаларына өскен ортаны сыйлауды, оны қастерлеуді үйретеді. Өмірден өз орныңды табуға баулиды. «Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай» өсірудің де үлгісін көрсететін – тек қана Ана.
Адам болуымыз – өз намысын жоғары ұстап, тағдырдың тәлкегін жеңе білген шешем Нұрила мен өскен ортамның арқасы. Қазіргі жастарға жетпей жатқаны: намыс, сана, ар-ождан. «Қошқар болар қозының маңдай тұсы дөң келеді, бай болар баланың етек-жеңі кең келеді», – деп ойын түйіндейді.
«Әкең өлсе де әкеңнің көзін көрген өлмесін» демекші, Қылышбай атамыздың  еңбектегі үзеңгілес жанашыр таныстары, көмектесер нағашы, ағайын-туыстары бар, алайда шаңырағы бөлек болған соң ақылды ананың алғыр балалары ерте есейді. «Үй шаруасы, малды бағу, қора, үй ауласын тазалау, мал азығын дайындау, қыстық отын-сумен үйді қамтамасыз етуге анамыздың тапқан табысы аздық еткеннен кейін қосымша табыс табу, киім-кешек, «Қылышбайдың шаңырағынан дәм татамыз» деп келетін келімді-кетімді жандар мен үйден үзілмейтін ағайын-туысқа дастарқан жайып, шай беру, оның ас мәзірі, басқа да тұрмыстық  қажеттілікті қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында анамыздың бір жағына шығып, тұрмыстың тауқыметін бөлісу үшін еңбекке ерте араластық», – дейді ағамыз. 
Адамды еңбек ерте есейтеді, ағамыз колхоздың сан салалы өндірісінде еңбек етіп шыңдалып өсті. «Үй шаруасымен қатар мал бағу, ауыл электр стансысының моторисі, токарь, ағаш шебері, аға шопан көмекшісі, жылқышы, шаруашылықтың мал азығын дайындау науқанында прицепщик болып жұмыс істеп жүргенде әкемнің достары Батырбай, Юн, ағайынды Тамоғлы Шәріп, Тұрсын, інілері Адамбек, Уақбай, Нұрахандар еңбектің қыры мен сырын білуге ықпал етті», – деп қызығы мен қиыншылығы қатар балалық шағын еске алады. Адам баласы дүниеге шаранаға оранып келсе, оның алғыр азамат болып қалыптасуы, берген тәрбие, өскен орта, жан-жағын қоршаған адамдарға байланысты. Осындай ортада өсіп, үлкен аталарының батасын алып, мектепте оқығанда қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, мектепті бітірген соң 1958 жылы комсомол жиналысында комсомол ұйымының хатшысы болып сайланады. Неше түрлі мәдени шараларды ұйымдастырып, қаражат жетпеген кездерінде викторина ойындарын  өткізіп, түскен қаражатты пайдаланып, мәселені шешіп отырған. Сол кезден-ақ кіндік қаны тамған Қаратал ауданының қара шаңырағы Жаңаталап ауылының мәдениеті дамып, көшелері көріктеніп, гүлденген ауыл атануына атсалысқанын, екі жыл көлемінде комсомол хатшысы болып істеген кезінде ауыл жастарының таланттарын ашуға септігін тигізгенін көреміз. «Ауылына қарап азаматын таны» дегеніміз осы шығар?! Мектепті үздік бітіріп, туған жерге тер төге еңбек ете жүріп, түпкі мақсаты – жоғары білім алу, мамандық таңдау жолында асқақ арманы болған Алматы қаласына жол тартты.
1960-1965 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқыған кезінде де қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 1-4-курс аралығында курстың комсомол комитетінің хатшысы, факультет активінің ұйытқысы бола жүріп институтты бітірді. Қайнаған қызығы мол студенттік ортада жолыққан өмірлік жары – Арқаның аруы Күләш жеңгемізбен отбасын құрып, туған ел, өскен өлкеге жоғары білімді маман болып қайта оралды. Мамандығы бойынша аға зоотехник лауазымымен шаруашылықта екі жыл жұмыс істегеннен кейін аудандық ауылшаруашылығы бастығының орынбасары болуға ұсыныс та түскен көрінеді. Алайда әр адамның бойында өзінің мамандығына деген қызығушылығы, сол мамандығы бойынша еткен еңбегінен нәтиже шығарсам, алған білімімді сол саланың дамуына сарп етіп, іске асырсам деген профессиялық патриотизм болуы – заңды құбылыс, сол себепті  өз бағытымен еңбегін жалғастыра берді. Алайда еңбек жолы идеологиялық салаға ауысқанда Қаратал аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына Пак Николай Александровичтің, Талдықорған облыстық комсомол комитетінің хатшылығына Сиязбек Өнербекұлы Мұқашевтің табанды шақыруымен келген көрінеді. Алғашқы кезде «мамандығым зоотехник, жастар арасындағы идеологиялық жұмысты алып жүре алам ба, қалай болар екен?» деген сұрақтың мазалағанын да жасырмайды. 
Комсомол хатшысының басты міндеті – жалындаған жастармен жұмыс жасау, коммунистік партияның идеясын насихаттау, оның іске асуына атсалысу, жастарды коммунистік, патриоттық рухта тәрбиелеу, жастардың бойына коммунистік мораль сіңіру, қоғамда қолға алынған жаңа бастамалардың жаршысы болып, соның іс жүзіне асуына белсене араласу, басқа да үкіметтің қаулы-қарарларын жастар арасында уағыздау, оларды әділеттілікке, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу екендігі белгілі. Өзіне тиісті қызметін атқара жүріп, үлкен ағаларының ақылын тыңдап, өнегесін үйреніп,  өмір жолында үлгі тұтқан ұстаздары Сиязбек Өнербекұлы Мұқашевті, Шаймұхан Сәпи- ұлы Сапиевтерді тебірене еске алып отырады. Ағамыз комсомол қазанында қайнап, үлкен саяси тәжірибе жинақтап, қай салаға қызметке ауыстырса да ысылған, үлкен сынақтан өткен партия сарбазына айналды. Көптеген тамаша адамдармен қызметтес болып, бұл жерде де беделді, іскер азамат ретінде танылды, абыройсыз болған жоқ, жаңа дос, жаңа ниеттестерді тапты, өмірдің тағы бір институтын бітіріп, үлкен мектебінен сүрінбей өтті.
1975 жылғы наурыз айының екінші жұлдызында Қаратал аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. «Таныс аймақ, таныс маң» демекші, туған ауданы үшін өмірде жинақтаған тәжірибесін, бойдағы білімін іске асыру, іскерлік пен ұйымдастыру шеберлігін аудан экономикасын жақсартуға, халықтың әл-ауқатын, мәдениетін көтеру үшін жұмсау мақсатында жатпай-тұрмай күндіз-түні жұмыс істеуге тура келді. Еншісіне ауданның құрылыс саласын басқару тиді. Әрине, мамандығы зоотехник, бұған дейінгі атқарған жұмысы шаруашылықтың аға зоотехнигі, аудан, облыс комсомол комитеттерінің хатшысы, идеологиялық қызмет болса да «құрылыстың да қыр сырын түсінгеннен кейін білекті сыбанып кірісуге тура келді», – дейді. 
«Кез келген шаруаны ақылдасып шешсең артық емес, кеңесіп шешсең кемшін емес» дегендей, қандай қызметке ауысса да, ең бірінші, қызметтің ауқымы, оның ерекшелігі, басты мақсаты не екенін анықтап алу, бәрін мен білемнен гөрі сол саланың мамандары, мекеме басшылары, тәжірибелі азаматтармен сұхбаттасып, жан-жақты бағдарлап алып барып жұмысқа кірісуді дағдыға айналдырды. 
«Ойнама, балам, ойланғын» кітабынан үзінді келтірейік: «Сұхбаттаса келе Алексей Степанович Гребенщиков саяси жетекшілік пен құрылысты басқарудың ерекшеліктерін түсіндірсе, тәжірибелі құрылыс маманы Макиевский еңбегі адал, тұзы сор құрылысшыларға қамқоршы болуды үйретіп, көпірлер мен жол салу басқармасының бастығы Геннадий Золотарев жас мамандарды тәрбиелеудің әртүрлі қыр-сырларымен бөлісті. Айтылған сөз, берілген уәдені дер кезінде орындауды Анатолий Николаевич Заборющийдің іс-тәсілінен үйрендім. Генподрядчик пен ондаған субподрядчиктер тіл табыспай, бірінің аяғын бірі шалып, үлкен істің берекесін кетіретін алуан түрлі қулықтардың алдын алу жолдарын Хен Михаил Генович пен Берхмиллер айтып отырды. Бітпеген істі бітіреміз деген уәде беруден аулақ жүруімді, орындалмаған шаруаны орындалды дегеннен қорқу керек екенін әрі қорыққанға қос көрінетінінің де  пайдасы бар екенін аудандық статбөлімінің бастығы Кирьянов Василий Сергеевич, аудандық жер бөлімінің бастығы Жук Николай Иванович сияқты көргендері көп, тоқығандары мол адамдар жанашыр бауырмалдықпен көрсете білді.  Міне, осындай ұлты бөлек болса да ниеті адал, түрі бөлек болса да жүзі жылы, адамгершілігі мен жауапкершілігі жоғары азаматтардың қолпаштауымен «Аға прораб» атанғаныма осы күнге дейін ризамын»  деп ағамыз ағынан жарылады. 
Міне, осындай күрмеуі мен кілтипаны көп шаруашылықтың түйінін шешіп, кілтипанын табам деп жүргенде зымырап сегіз жыл уақыт та өте шықты. Осы тұста аудан экономикасы өсіп, шаруашылығы дамып, аудан орталығы мен ауылдарда да неше түрлі ғимараттар салынып, гүлдене түсті. 
Кемеліне келіп, әріптестері арасында беделі артқанына көзі жеткен облыс басшылары 1983 жылы  «жері байдың – елі бай» деген сөздің сынын толтыратын алдыңғы қатардағы Андреев ауданына ауаткомның төрағасы лауазымына тағайындады. Саяси  жұмыстар, кадр тәрбиесі, кадрларды сұрыптап, жаңа қызметтерге тағайындау, кадрлар жұмысына баға беру аудандық партия комитетінің құзырында болса, ауданның шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру, экономикалық көрсеткішіне, шаруашылықтар өндірісіне, өндіріске қатысты құрылымдар жұмысына ауатком басшылық жасап, партия алдында есеп береді. Бұл ауданда да абыройсыз болған жоқ, аудан көлемінде көптеген жаңа бастамалар қолға алынып,  өз нәтижесін берді. Аудан көрсеткіші жылдан- жылға жақсара түсті, көптеген білікті азаматтармен бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеді. Іс тәжірибе қоржыны толығып, жаңа тілектес, сапарлас достар саны көбейе түсті. 
Ағамыздың іскерлігі мен жұмыстағы қабілетін зерттеп, зерделеп отырған облыс басшылығы 1985 жылы Ақын Сара, Ілияс Жансүгіровтердің кіндік қаны тамған Ақсу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне сайлады. Егер де бұған дейінгі атқарған қызметтерінде ауданның бірінші басшысы қақпалап отыратын болса, енді ауданның тізгіні толық қолыңда, өмірдегі бар жиған-тергеніңді, іс тәжірибеңді толық пайдаланып, іскерлігіңді, ел басқарудағы қабілетіңді көрсететін шақ туды. Ауданның өзіне тән ерекшелігі де жоқ емес: оңтүстік шығысы Жетісу тауларының сілемдерінен бастау алса, солтүстік батысына Ақсу өзені нәр береді. Балығы шоршыған, шалқар көлдер, бұйрат-бұйрат құмдар, жиде, тал, тораңғысы жарыса өскен, көк майса табиғи шабындықтары бар, аң-құсы жыртылып айырылатын, жер көлемі жағынан облыстағы ең үлкен аудан. Аудан орталығы Жансүгіровтегі қант зауыты жылына 350 мың тонна қант қызылшасын өңдеп, 35-40 мың тонна аралығында қант өндіреді. Қант зауыты аудан өндірісінің драйвері болып саналады. Өткен күндерге үңіліп қарайтын болсақ, осы жылдары ауданда қаншама игі бастамалар көтеріліп, көптеген өзгерістердің бел алғанына көз жеткіземіз.
Осы атқарылған еңбектің, төккен тердің қайтарымы іспетті мына бір ыстық лебізге ден қоялық: «Қара қылды қақ жарар ерекше мінезі бар, әмсе әділдік пен шындықты жақтайтын, адал еңбегімен марқайып, көркейіп, ел құрметіне  бөленіп келе жатқан, өзіміз қадір, құрмет тұтатын аяулы ініміз Наурыз Қылышбайұлы!
Сіз бұдан бес жыл бұрын Ақсудың еңбектеген сәби, еңкейген кәрісі бар қырық мыңға жуық халқымен бір кемеге мініп, тағдыр қосып, басқару тұтқасын өз қолыңызға алдыңыз. Олардың жақсылығына сүйініп, жамандығына күйініп, түн ұйқыңызды төрт бөліп, бір тілекте, бір ниетте тыным таппай, алған бағытыңыздан қайтпай келесіз. Осы мезгілдің ішінде халықтың нағыз сеніміне ие болдыңыз. Біз оған қуанамыз, ойлаған ойыңыздың, армандаған арманыңыздың жүзеге асып, нысанаңызға дәл мезгілінде жетуіңізге тілек білдіреміз. Сіз көш бастаған бес жыл ішінде ауданда жазықсыз зардап шеккендердің кездеспеуі, кадр тұрақтылығы, басшы орындарға басқа жақтан ешкімнің келтірілмеуі Сізге деген аудан жұртшылығының сүйіспеншілігін, сенімін арттырды, сый-құрметіне бөледі. Бұдан былай да халықтың тарыққанда табатын, қысылғанда баратын нағыз перзенті болыңыз!  Атақты Сараны, поэзия құлагері Ілиясты, қобызшы Молықбайды, халық ақыны Қуатты дүниеге әкелген Ақсудың киелі де қасиетті жерінің даңқын арттырып, халқының ар-намысын қорғауда, елдің еңсесін көтеруде аз тер төккен жоқсыз. Бұдан былай да өзіңізді сол ата-бабаларымыздың аруағы қолдап, жар болсын! 
Наурыз Қылышбайұлы! Өмірдің азды-көпті дәмін татып, жақсы-жаманын бастан кешіріп келе жатқан біз сияқты аға ұрпақ өкілдерінің Сіздің елу жылдығыңызға арнаған жылы лебіздері қойылған көпшік емес, жүрек жарып шыққан Сізге деген ыстық ықылас, адал ниеттен шыққан ақ бата деп түсініңіз!. Ізгі  ниетпен: соғыс және еңбек ардагерлері: Ақыш Сабырбаев, Бейсебек Қорғанбаев,1991 жыл, ақпан айының 2 жұлдызы». 
1989 жылдан бастап қайта құру процесі қарқын ала бастады. Бір сөзбен айтқанда, қайта құру дегеніміз – мемлекеттік меншікті жекеменшікке әркімнің үлесіне қарай жекешелендіру. Сөйтіп социалистік қоғамнан капиталистік қоғамның алғашқы сатысы – нарықтық қатынасқа өту, ол үшін ең бірінші сан жылдар қалыптасып қалған  «партия асырайды, өкімет өлтірмейдіні» қойып, «ортақ өгізден оңаша бұзау артық» деген қағидаға бейімделу. Ендігі алда тұрған мақсат – шаруашылықтарды бұрынғыдай жоспарлы жұмыстан босатып, мемлекеттік сұранысқа бағыттап жұмыс жасау, нарықтық экономиканың талабына шаруашылықтарды икемдеу. 
1991 жылдың аяғында коммунистік партия өз өкілеттілігін тоқтатты, Аудандық партия комитеттері, ауаткомдар тарады, орнына облыстық, аудандық халық депутаттары кеңесі уақытша басқаруды қолға алды, өліара кезең пайда болды. Наурыз аға Ақсу ауданының соңғы бірінші хатшысы болып, абыроймен партиялық қызметін аяқтап, жаңа құрылым бағытына бет бұрды.
1992 жылы Наурыз аға Көксу ауданына әкім болып тағайындалды, Көксу ауданы облыс орталығына шегаралас, 16 шақырым жерде орналасқан, табиғаты керемет көк майса, ауызбірлігі, ынтымағы жарасқан, еңбекқор 41 мың халқы бар. Көксу – Мұқаншы, Быжы өзендерінің арасында орналасқан, жерінің түгін тартсаң майы шығатын, шаруашылығы мен экономикасы дамыған, тоғыз жол торабындағы шоқтығы биік үлкен аудан. Егіншілік технологиясы жақсы дамыған, суы мол, бір жылда Көксу қант зауытына 240 мың тонна қант қызылшасын тапсырады. Дарабоз ананың жолын жалғастырушы сіңлілерінің бірі – Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаева басқарған шаруашылықтың бір өзі жетпіс жеті мың тонна қант  қызылшасын мемлекетке тапсырып, басшысының Еңбек Ері атанғанына бәріміз куәгерміз. Бұрыннан ауданның тыныс-тіршілігі, халқы таныс, әлеуметтік, географиялық жағдайын жақсы біледі, ел басқарудағы тәжірибе, өмірден алған сабақ жеткілікті, нағыз кемеліне келген шақта жұмыс істеу бұйырыпты.  Көреген басшының бұл ауданда да қаншама қиындықтарды бастан кешіріп: «Қайтсем ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын төмендетіп алмаймын, мынау өтпелі кезеңде елді тығырықтан аман-есен алып шығамын» деп күндіз-түні ұйқы көрмей жұмыс істеуіне тура келді. 
Аудан тізгіні тигеннен бастап барлық жағдайды анықтап, шаруашылық, аудан мекемелерінің ерекшеліктерін зерттеп, көнекөз қариялар мен мекеме, шаруашылық басшылары: «Еңбекші» шаруа қожалығының басшысы З. Ж. Тамшыбаева, Еңбекшіқазақ, «Қабылиса жырау» шаруашылықтарын басқарған К. Халелов, «Балпық би» мен басқадай шаруашылық басшылары Шәкар, Әбдрахманов Таңатар, Айтқали, Күрішбай, Кенетай, Әшімхандармен ақылдасып, туындаған мәселелерді әкімшілік алқасында талқылап шешіп отыру әдетке айналды, мұндай ұйғарымдар нәтиже бермей қойған жоқ.  Кейбір басшылар сияқты «мен, мен, мен», «маған, маған, маған», «менікі, менікі, менікі» деген пендешіліктен аулақ болды. Әркімнің өз үлесі өзіне тиюін қадағалап отырды. «Бармақ басты, көз қысты» жасап, жіліктің майлы басын туыстарына алып берген жоқ, небір пендешілікке барған азаматтар болса, тез арада орнына қойып, елдің алғысына бөленді. Әділеттілік бар жерде арыз аз, аудан халқы қиыншылықты артқа тастап, тазалықтың, әділдіктің, іскерлік пен ұйымшылдықтың, ауызбірлік пен ел ынтымағының  арқасында көп үйлердің түтіні тік шыға бастады, аудан басшылығындағы алты жыл да зымырап өте шықты, абырой арта түсті.
Наурыз аға жан-жақты, өте елгезек адам. Мемлекеттік қызметтерді атқара жүріп, қоғам-дық жұмыстарға да белсене араласты, ел ішіндегі игі істерге ағалық ақыл, тиісті кеңес айтты немесе соның іс жүзіне асуына, тікелей өзі басшылық жасады. 
Ағамыз адасқанға ақылшы, жабырқағанға жұбатушы, сүрінгенге сүйеніш, жүрегі сезімтал, әділетті,  қарамағындағыларға талапшыл, үлкенге ілтипатты, кішіге ізетті ұстаз, тағылымды тәлімгер. Ағаның шекпенінен шыққан шәкірттері көптеп саналады, қазіргі кезде кең-байтақ еліміздің әр саласында лауазымды қызметтер атқарып, тәуелсіз Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Зейнеткерлікке шығып, қолы босағанда немере, шөбере тәрбиесіне ден қойып, шежіремен сырласудан жалығар емес. 
«Ойнама, балам, ойланғын» деген кітабындағы немересі Қуанышпен екі ортадағы диалогті оқысаңыз тәнті боласыз. Онда Қуанышқа жеті атасының шежіресін жақсы білуді, тегінің қайдан шыққанын айтып,  текті, жеті атаны жатқа білуді дәріптейді. Жақын ағайын ұрпақтары бір-біріне үйленіп, ағаттық жіберіп алмауды меңзейді. Сондықтан да данышпан халқымыз: «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады», «Құда болғанша тегін сұрас, құда болған соң құл да болса сыйлас»,  «Тегін білмеген ұлыдан, тегін білген құл артық» деп бекер айтпаған. Ата-бабаларымыз тегін сақтау арқылы ұрпағының ақылды, парасатты, шешен, батыр болып өсетінін білген. Соның арқасында түбі түркі – Қазақ халқының өкілдері көптеген елдерде  патша, сұлтан, бас қолбасшы, ғұлама ғалым, ақын болып, сол елдердің басқару құрылымдарына, мәдениетіне, әдебиетінің өркендеп дамуына үлес қосқанын тарихтан жақсы білеміз. 
Наурыз аға сексеннің сеңгіріне үлкен абыроймен, халқының құрметіне бөлене жетіп отыр. «Қилы-қилы заман болады, қарағай басын шортан шалады» демекші, өмірдің ауыртпалығы мен жақсылығын да, қызығы мен қиыншылығын да бастан өткізіп жеңе білді, жоққа жасыған жоқ, барға тасыған жоқ. Қоғамның ала жібін аттаған жоқ, қара басының қамын ойлап пендешілікке барған жоқ. Жаны таза, ары таза, қара  қылды қақ жарар әділеттілігімен халықтың жүрегінен орын тапқан адам. Күләш жеңгеміз де текті жердің түлегі. Ағамыз үлкен лауазымды қызметте жүргенде: «маған ананы әпер, мынаны әпер» деп аспаған, келеңсіз қылыққа бой алдырмаған ғажайып жан. Ағамыздың алаңсыз қызмет етіп, абыройлы болуына жағдай жасады, ағамыз қуанса бірге қуанды, ренішті жағдайлар болса бірге бөлісті, сүйеніш, тіреу бола білді, қол ұстасып ұлықты ұл, тәрбиелі қыз өсірді. 
Қылышбаевтар отбасының мәуелі бәйтерекке айналып, үлгілі жанұя, жақсы адамдармен құдандалы болуында жеңгеміздің орны ерекше. Асылы, «Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» деген мақал осы Күләш жеңгеміздей жаны жайсаң, адал жар, аяулы аналарға арналса керек.
Құрметті Наурыз аға! 80 жасқа толған қуанышты күніңіз құтты болсын! Сіздің еліңізге сіңірер қызметіңіз әлі алда деп ойлаймын. Бір серпіліп тастап, ұрпаққа ұлағат болар тәрбиелік әдеби-публицистикалық туындылар жазатындығыңызға бек сенеміз! Ел үшін, біз сияқты шәкірттеріңіз үшін, ұрпақ үшін ең керекті рухты жансыз. Мезгілсіз қартаймаңыз, ауырмаңыз, Күләш жеңгемізбен қол ұстасып, еліңіздің алғысына бөлене шөпшек жетектей ұзақ ғұмыр кешіңіз!

Күләш ТҮМЕНБАЕВА,
Алматы облысының  Құрметті азаматы, еңбек ардагері 
Алматы қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.