Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ДАЛАДАЙ ДАРХАН АҒАМ ЕДІ»: ӨТЕПБЕРГЕН АҚЫПБЕК ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР

07.11.2020
ЖАНСАРАЙ
"ДАЛАДАЙ ДАРХАН АҒАМ ЕДІ": ӨТЕПБЕРГЕН АҚЫПБЕК ЖАЙЛЫ БІР ҮЗІК СЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Ол кісінің дүниеден озғанына бірнеше жыл өтсе де аты аталған сайын палуан тұлғасымен, адами қалпымен көз алдыма келіп тұра қалады. Мінезі жайлы, кісіге жұғымды, сабырлы, салмақты, ақындығы да, азаматтығы да кімнен болсын биік тұратын арда ағаларымыздың бірі әрі бірегейі еді. Көре қалсаңыз, жарқылдай амандасып, кең құшағын айқара ашып, бар ықыласымен, бауырмалдық пейілімен көңіліңді бірден баурап алатын. Өз басым ағамыздың кісіні жатырқаған немесе сырттатқан кезін көрген емеспін.

Сөзімен де  нақты, өміршең ісімен де жас қаламгерлерге жанашыр әрі қамқор еді, соның ішінде өзіме қол  ұшын бергенін қалай ұмытармын?! Кейде газет-журнал беттерінде немесе ақын-жазушылармен әңгіме-дүкен кезінде болсын  ағаны аса бір ризашылықпен, үлкен құрметпен атап өтуге барымды саламын.

Бәлкім, біздің жан дүниеміздегі рухани жақындығымыз ғана емес, түр-кейпіміздің де ұқсастығы бір-бірімізге іштей де, сырттай да бауыр басып, шын ниеттес, тілеулес-тілектеске айналуымызға себеп болған шығар. Мұндайда атам қазақ «Көңіл көңілден су ішеді» деген ғой. Көңіл түкпірінде Өтепберген ағама деген сағыныштың алаулап тұратыны содан болар деп білемін.

Ақын Өтепберген Ақыпбектің шығармашылығы, балалар әдебиетіне сіңірген еңбегі өлшеусіз. Әсіресе, балғындарға арналған, балабақша, мектеп алды топтарға, бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған шығармалары арнайы зерттеуді қажет етеді. Ақын балаларға қызықты, әсерлі, түсінікті, тез жатталып қалатын өлеңдерді, баллада, поэмаларды жазып қалдырды. Ол үнемі ізденісте, үнемі толғаныста, әрдайым ширығу, шыңдалу деңгейінде жүріп, жанр, түр, ұйқас, образ, тағы басқа да көптеген тың жаңашылдыққа барды.

Атап айтқанда, Өтепберген Ақыпбекұлының «Жылдың төрт мезгілі», «Экологиялық әліппе», «Қызық әліппе», «Айдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық» атты кітаптарының жас ұрпаққа берер тәлімі зор, тағылымы мол.

Ақынның балаларға арналған басқа да кітаптарын оқып, баспасөз бетінен өлеңдерін көрген сайын ізденімпаздығына, жаңашылдығына, ең бастысы, әдебиетке деген құштарлығы мен шын берілген қадір-қасиетіне тәнті болатын едім. Сол ерекшеліктерінен тәлім алып, мен де іштей шыңдалатынмын. Мысалы, мына бір ғана «Біз қанша адамбыз?» атты өлеңін алып қаралықшы:

Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Алдымда:
Атам, әжем бар,
Алдымда:
Әкем, анам бар.
Білмесеңдер, біліңдер,
Тағы саусақ бүгіңдер.
Алдымда:
Әпкем, көкем бар,
«Аман жүрсін інім», – дер.
Өзім бармын,
Інім бар,
Кіп-кішкентай күнім бар.
Қанша болдық бәріміз,
Қанша болдық?..
Біліп ал!»
(«Жыл он екі ай» журналынан, № 1, 2005 жыл).

Шеберлік деп осыны айтыңыз! Образ, ой, көркемдік, мазмұндық, тілдік, мағыналық, тәлім-тәрбиелік, тағы басқа ақын шеберлігі көзге бірден ұрады! Баланың зердесіне тез жатталып қалады, сонымен қатар, дәстүрімізге сай бауырмалдыққа, отбасылық бірлікке үндейді. Ақын бар ойын, авторлық мақсат-мүддесін кішкентай оқырмандарына санамақ түрінде әсерлі етіп жетізе білген. Байқап қарсаңыз, оңай оқылады. Бірақ мұндай төрт аяғын тең басқан өлеңді жазу қиынның қиыны.

Ақынның тағы бір ерекшелігі, жас қаламгерлердің өлеңдерінен жылт еткен бір жақсы шумақтарды, образды, ой-толғамды көрсе, балаша қуанып, өзіңе телефон шалып, жетістігіңді айға балағанда, биікке апарып тастайтын  күш-жігер беретін. Сондай бақыт менің де басыма қонды.

2005 жылы балаларға арналған өлеңдерімді топтастырып, «Әйбат бала» атты жаңа кітабымды әзірлей бастадым. Енді баспаға ұсыну үшін белгілі ақындардан пікір алу қажеттігі туындады. Көп ойланып-толғанып барып, Алматыдағы балалар ақыны Бейсебай Кірісбаев ағаға телефон шалып, бірауыз өтінішімді айттым. Ол бірден «Нұрлан інім, саған пікір жазбағанда, кімге жазамын?! Салып жібер қолжазбаңды», – деп алаң болып тұрған көңілімді көтеріп тастады. Тағы бір ақынның пікірі керек. Астанада мінез-құлқы жағынан өзіме жақындау, басылымдарға шығып жүрген балаларға арналған өлеңдеріме көзқарасы түзу ағам Өтепберген Ақыпбектің есімі ойыма сап ете түсті. Ағаның жұмысына телефон шалып, жүрегім лүпіл қағып, өтінішімді жеткіздім.

Өтепберген аға салған жерден амандығымды біліп, сәлемімді жақсы алып, жарқылдай сөйлесіп кетті. Жатырқаған да, жатсынған да жоқ. Паңданған да, жалған мақтанға барған да жоқ. Қарапайым ғана ағалық кеңпейіл, ақжейде көңіл! Кәдімгідей күнде көріп жүрген інісіндей жылы қабылдады. Мәртебем өсіп, көңілім көтеріліп қалды.

– Нұрлан, өлеңдеріңді оқып жүрмін ғой. Басын құрап, кітап қылып шығармақ болған ниетің жақсы. Қолжазбаңды жеткізіп бергін, пікір жазып берейін, – деп келісімін берді.

Ағамызбен келісілген уақытта хабарластым. Өтепберген аға:

– Нұрлан, қолжазбаңды қарап шықтым. Жақсы. Мысал өлеңдерің жақсы екен. Соны көберік жаз. Кейінгі кезде өлеңнің бұл түрі жоғалып, ұмытылып бара жатыр еді, – деді. 

Алатаудай ақын ағамнан жылы сөз, жағымды пікір естіп, төбем көкке бір елі жетпей қалғандай болды. Әрине, іштей ғой. Ағаға рахметімді айттым. Ақынның пікірі менің жаңа кітабыма берген ақ батасы болды. Ол жинағым 2005 жылы «Балалар әдебиеті» баспасынан «Жыл – он екі ай» деген атпен жарық көрді.

Өтепберген Ақыпбек ағаның менің қолжазбама білдірген жылы пікірін, ақыл-кеңесін қуана қабылдадым. Арада қаншама жыл өтсе де, жеке архивімде сақтап келемін. Енді оны жеке бас пайдама жаратқаннан гөрі арда азаматтан, арқалы ақыннан қалған асыл мұра ретінде қалың оқырманның назарына ұсынғанды жөн көрдім:

«ӘЙБАТ БАЛА» ӘЙБАТ КІТАПҚА АЙНАЛҒАЛЫ ТҰР

Ақын Нұрлан Қалқаның есімі жұртшылыққа балалар басылымы арқылы бұрыннан да таныс. Жекелеген өлеңдері оқулықтар мен әдістемелік жинақтарға да енгізілген. Ол келешегінен үміт күттіретін ізденімпаз қаламгерлеріміздің бірі.

«Әйбат бала» қолжазбасымен мұқият танысып шықтым. Өлеңді қысқа да жып-жинақты жазуға тырысатындығы қуантады. Алайда қысқа өлеңдерінің бәрі бірдей нұсқа боларлықтай көркем де келісті емес. Кейде балалардың қылығын қызықтаудан («Әйбат пойыз», 9-бет) аса алмай қалады немесе ақыл айтушылық, құрғақ баяндау («Кімнің қызы?», 11-бет») жол алып кетеді. Ондай тұстарды қолжазбада қарындашпен көрсетіп, өзіміздің нақты ұсыныс, пікірімізді білдіріп отырдық. Баспамен, редактормен жұмыс барысында түзетілуге тиісті осындай кемшіліктеріне қарамастан, жалпы алғанда, қолжазба мазмұндық та, әдеби-көркемдік те деңгейден көріне білген көңіл толарлық туынды. Басын ашып айтарымыз, «Әйбат бала» – әйбат кітапқа айналғалы тұрған туынды.

Мезі болған мәселенің бірі – мемлекеттік мәртебесі бар қазақ тілінің тағдыры екендігі жасырын емес. Талай айтылған, талай жазылған. Нұрлан осы мезі болған мәселеге шағын қолжазбасының өзінде бірде өлең, бірде санамақ, бірде мысал жанры арқылы бірнеше рет оралыпты. Бала ғана емес, үлкендердің арасында да қазақ тіліне шорқақ адамдар аз емес қой. Бала оны қайдан білсін, сондықтан да ол:

…Түсінбей тұр атасын:
Неге тілі шала деп? («Қазақпыз ғой, ата!», 14-бет).

Бұл сияқты тапқыр ойлар, келісті жолдар қолжазбада баршылық. Әкесіне «көзің неге кішкентай?» деп сұрақ қойған бала  әкесінің «Күндіз-түні оқумен, Кішірейткем көзімді» дегеніне сенеді, әрине. Жақсы іске сендіре білу, сол арқылы оны баланың бойына орнықтыру үлкен де абыройлы қасиет. Балалар қаламгерлері бір жағы тәрбиеші болуы да керек деген талап осындайдан айтылса керек.

Қолжазбадағы «Туған жер – тұғырың, «Әріптер әлемі» сияқты әліпбилік топтама өлеңдері, жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары айтары бар, зор ізденістің жемісі. «Байқап тұрсаң «Бұрғансай», Жол нұсқаушы тәрізді» (26-бет), «Талдар сусап қалғанда, Жетеді бұлт жөңкіліп» (27-бет) сияқты жұтынған жолдар Нұрланның алымының да, шалымының да кең екендігін көрсетеді.

Өтепберген АҚЫПБЕКҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, балалар ақыны. 17.01.2005 жыл.

Міне, ақынның жүрекжарды сөзі, ақжарма пікірі! 

Иә, уақыт деген – көк дөнен! Шапқылайды да, зырлайды да, ештеңеге, ешкімге қарамастан заулайды-ай келіп! 

Өтепберген ағамыздың жер-бесікте мызғып жатқанына біраз жыл өтіпті. Аман жүрсе, биыл жетпістің төріне көтеріліп, ақ жарқын қалпымен арамызда әнін шырқап, өлеңін оқып отырар еді-ау!

Ағаның артында ақындық ізі, азаматтық ісі, өшпес мұрасы, шаңырағын шаттыққа толтырып отырған анамыз бен өскелең ұрпақтары бар! Шүкір дейміз! Өтепберген аға бізбен, халқымызбен, оқырмандарымен бірге! Ардақты ағаның есімі жадымыздан ешқашан өшпек емес.

Нұрлан ҚАЛҚА,

балалар ақыны, Райымбек ауданының Құрметті азаматы,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026
Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.