Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ДИРЕКТОРЛЫҚҚА ДЕЙІН КӨТЕРІЛДІ: БАРЛЫҒЫ ҮЛГІ ТҰТАДЫ

30.07.2020
ЖАНСАРАЙ
ДИРЕКТОРЛЫҚҚА ДЕЙІН КӨТЕРІЛДІ: БАРЛЫҒЫ ҮЛГІ ТҰТАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Үлкенге аға, кішіге пана, отбасына алтын діңгек, ортасына сыйлы азамат, ауыл жанашыры Әуесбай Тәжібаевтың саналы ғұмырының ізгілік пен қамқорлыққа толы екенінен аудан тұрғындары жақсы хабардар. 

Әуесбай Тәжібаев 1950 жылы  Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. Отбасылық жағдайға байланысты 10 жасында Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылына қоныс аударады. Орта мектепті бітірген соң Қордайдағы  ауылшаруашылығы  техникумының механиктер даярлайтын факультетіне оқуға түседі. Дипломын алған соң еңбек жолын «Прогрес» кеңшарында қарапайым жұмысшы болып бастайды. 
Қаршадайынан қағылез, еңбекқор ол қажымай-талмай еңбек ете жүріп, біршама жетістіктерге жетеді. Қарапайым бригадирліктен шаруашылықтың бас нинженері, «Үмбетәлі» шаруашылығының директорлығына дейін көтеріледі. Бір ұжымда үзбей жұмыс атқара жүріп ауылдың, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысады. 
Зейнет жасындағы ел ағасы әлі күнге дейін ауылдағы қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр. Үмбетәлі атындағы орта мектеппен тығыз байланыс орнатып, үнемі көмек қолын созып, демеушілік танытады. Мәселен, мектептің домбыра үйірмесіне өз қаражатына оннан астам домбыра жасатса, оқушыларға ұлттық нақыштағы киім тіктірді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына ақшалай, заттай көмек көрсетуді де мерейлі міндет санайды. 
Әуесбай Тәжібаевтың атасы – Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың аруағы алдындағы перзенттік парызын өтегенін де айтқан жөн. Өз қаражатына Үмбетәлі кесенесін жасатса, музейде өткізіліп тұратын іс-шараларға үнемі белсене қатысып, көмек беріп тұрады.  
Ауылдың атпал азаматының Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ауылдағы соғыс ардагерлерінің тозығы жеткен ескерткішін мәрмәр  тастан қайта жасатқанын атап айт- пай болмайды. Еңбектегі және қоғамдық өмірдегі осындай игілікті істері орынды бағаланып, Елбасының Алғыс хатымен, жастарға патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін «Батыр шапағаты» медалімен марапатталып, ауданның Құрметті азаматы атанды. «Жүйрікте де жүйрік бар, қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бар, азаматы бір бөлек», – деген сөздер осы Әуесбай Байжамбылұлына арналған сияқты. 
Әрине, жетпістің биігіне көтеріліп отырған Әуесбайдай ел ағасының осы дәрежеге бірден жете қоймағаны анық. Ағамыздың  өмірдерегіне  көз сала отырып, ол кісінің талай қиындықтардан өтіп, шыңдалып,  өңір  ауылшаруашылығының дамуына ерекше үлес қосқанын байқаймыз. Қаршадайынан қиындық көріп, әкесіз өсті. Оның өзіндік биіктерге жетуіне кезінде ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері болған аяулы анасы, облыс бойынша қазақ қыздарының ішінен шыққан алғашқы шофер әйел Асылжан Тәжібаеваның тәрбиесінің әсері мол болғандығын көреміз. 
Ағаның осындай дәрежеге жетуіне өзінің де еңбекқорлығы мен адалдығы, темірдей тәртіпке бағынғандығы себеп болған шығар деп ойлаймыз. Әуесбай Байжамбылұлы, жоғарыда айтып өткеніміздей, өзінің негізгі жұмысымен қоса ауылдың, ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. Отбасы болып жағдайы төмен тұрғындарға көмек қолын созса, ауылдағы мәдени ошақтарға, мектепке, оның ішінде, өз атасы Үмбетәлі Кәрібаев музейіне де жиі көмек беріп тұрады. Бір ғана мысал келтіре кететін болсақ, Үмбетәлі ақынның кесенесін өз жеке қаражатына жөндетіп, қамқорлығына алғанын бөліп айтуға болады. Ақынның әр жылдарда өткізіліп тұратын мерейтойларына арналған мәдени шараларға қаржылай көмек беруді де әдетіне айналдырған. Мұндайда қасында жұмысының ілгері басуына ниеттес болып асыл жары, ұлағатты ұстаз Үмбетәліқызы Әлияның жүретінін көпшілік біледі. Былтыр  Үмбетәлінің 130 жылдығына орай Жамбыл ауданында өткізілген республикалық ақындар айтысына  Әуесбай мен Әлия  өз отбасыларының атынан қомақты қаржы  қосты. Сол сияқты биыл аталып өткен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына  орай ауылдағы Ардагерлер ескерткішін қайта жөндеуден өткізіп, абаттандыруға  мұрындық болған да осы кісілер.
Әуесбай аға менің әкем соғыс ардагері емес, сонда да ерлікке тағзым етемін деп жүретін. Бір қызығы, Әуесбай аға Ресейдің  архивтеріне хат жаза жүріп өзінің әкесі Тәжібаев Байжамбыл атаның Ұлы Отан соғысының және Жапон соғысының ардагері екендігін дәлелдеп шықты. Әкесінің соғыс кезінде бірнеше медальмен марапатталғандығын да анықтады. Мұны да ұрпақтың әке ерлігіне деген құрметі, өнегелі ісі деуге болады.
Әуесбай Байжамбылұлы зайыбы Әлия Үмбеталина екеуі ұлдарын ұяға қондырды. Бүгінде үш ұлдан тараған немерелердің бал қылығына бөленіп отырған бақытты жандар. 
Әлия апай мектепте ұзақ жылдар бойы математикадан сабақ берсе, қазір зейнетінің жемісін көріп отыр. Ізгілікке толы ғұмыр кешкен асыл жандарды Үмбетәлі ауылының тұрғындары үлгі-өнеге тұтады.

Гүлнар Әжібекова
 Жамбыл ауданы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.