Облыстық дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру негізінде «YERKIN» Өнер академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы насихат, дерадикаландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қалыптастыру бойынша өңір имамдары үшін оқыту курсын ұйымдастыру және өткізу» жобасын жүзеге асырды.
Жобаның мақсаты – діни саладағы өзекті мәселелерді талқылау, аталған бағытта ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен түрлі шаралар ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» мен «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүй- есін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау бойынша және өңірдегі діни мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, жамағатқа жете түсіндіруде имамдардың үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Курста «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, РАТТ мүшесі, теология ғылымдарының PHD докторы Тимур Нүсіпханұлы «Ислам тарихы» тақырыбында және ЖУ профессоры, философия ғылымдарының PHD докторы Бибігүл Альмухамбетова «Дін психологиясы», ЖУ аға оқытушысы, социология ғылымдарының магистрі Венера Енсеева «Дін социологиясы», ЖУ аға оқытушысы, заң ғылымдарының докторы Динара Ашимова «Құқықтану» Діни рәсімдерді орындаудағы заңдылық мәселесі, НМУ профессоры, PHD докторы Алау Әділбаев «Ақида және фиқһ ілімдері», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, магистр, РФ МосГУ аспиранты Мәрия Майлықұтова «АТЖ жүргізудің жаңа тәсілдері», әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D докторы Темур Оралбайұлы «Кибер қауіпсіздік және ДДА-ға қарсы насихат» тақырыбында дәріс оқыды.
Жазира МАРАТҚЫЗЫ,
«YERKIN» Өнер
академиясы» жастар
қоғамдық бірлестігінің
төрағасы





