Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН

23.02.2022
ЖАНСАРАЙ
ЕҢБЕГІМЕН ЕЛЕНГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Елінің ертеңін ойлаған әр адам ұл-қызын: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», – деп тәрбиелейді. Талбесіктен алған өнеге келешегін нұрландырып, артылған үмітті ақтауға сеп болады. Халқының қамын ойлап, жоғын түгендеп, барын бүтіндеген еңселі ер ел абыройына бөленеді. Сондай жандардың бірі әрі бірегейі Нұрлан Ердәулетұлы бар ғұмырын ел игілігіне арнап келеді. Оның атқарған қыруар жұмысы әлі күнге дейін мақтанышпен айтылып жүр.

1952 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы Баян ауылында өмірге келген Нұрланның әкесі Ердәулет Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, анасы Асылтас үй шаруасында болған. Ата-анасынан қайсарлық, қарапайымдылық, адалдық, еңбекқорлық секілді қасиеттерді бойына сіңіріп өскен Нұрлан Ердәулетұлы 1969 жылы Приишим орта мектебін тамамдайды. 19 түлектің 18-і оқуға түскенде Нұрлан кеңшарда  жұмысшы болып еңбек етеді. Кейіннен ауылдың комсомол ұйымына жетекші, ауылдық кеңес депутаты болып сайланады. Комммунистік партия қатарына өтіп, Лениннің 100 жылдығына орай мерейтойлық медальмен марапатталады. 
Кеңшарда ұзақ жыл еңбек еткен  механизаторға береміз деп шешкен жаңа тракторды кеңшар партия ұйымы хатшысы жас маманды қолдау мақсатында Нұрланға бергенде анасы Асылтас: «Ана кісінің 5 баласы бар.  Балам,  сен кімді асырай алмай жатырсың?  Қатарыңның бәрі оқуға түсті. Ертең оқуға сен де кетесің. Өз қолыңмен апарып беріп, үлкен кісінің батасын ал», – деген соң, су жаңа тракторды апарып береді. Тракторшы  қуанғанынан көзіне жас алып, алғысын жаудырады. Мінекей, біз сөз етіп отырған Нұрланның еңбек жолы осындай ойлы оқиғаларға толы.  
1967 жылы Одақ көлемінде «Маяк» радиосы әр сағат сайын  әнші Бибігүл Төлегенованың СССР  халық әртісі атағын алғаны туралы хабарлап, «Гауһартас» әнін таратады.  №8 мектеп-интернатта 8-сыныпта мемлекеттік емтихан тапсырып жүрген Нұрлан бұл жаңалықты сыныптасы Вера Макарова екеуі жазып алады. Байкал көлі жағасындағы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне Бибігүл Ахметқызының әнін бірнеше рет магнитофон жазбасынан тыңдатып, Қазақстан туралы баяндама жасағанын 1992 жылы Қаражота ауылында концерт аяқталып, Алматыға жүруді жоспарлаған Бибігүл Ахметқызына Нұрлан Ердәулетұлы айтып бергенде, ол қатты риза болып,  3 сағат әңгімелескен екен.
Нұрлан Ердәулетұлы Қаражота ауылдық кеңесінің төрағасы  қызметін атқарғанда 6 рет Алматы облыстық атқару комитетінің облыстық басқармалары: статистика, салық инспекциясы, әскери комиссариат, аудандық атқару комитет хатшылары, жалпы бөлім қызметкерлерімен  Қаражота ауылдық кеңесінде семинар-курстар  өткізген. Ал 1992 жылы  Алматы  облысының  басшысы, басқарма басшылары, аудан басшыларының қатысуымен Қаражота ауылында облыстық семинар кеңес ұйымдастырды. Нұрлан  Ердәулетұлы ленинградтық скульптор В. Андрющенконы ауылға шақырып, 1941-1945  жылдары соғысқа қатысқан ардагерлер есімдерін мәңгі сақтау мақсатында Қаражота ауылында жергілікті тұрғындардың қолдауымен ауыл орталығына «Қайғылы ана» монументін тұрғызуды ұйымдастырған.
1993 жылы ауыл тұрғындарының күшімен салынған, кейіннен ауылдық кеңес кеңсесі қызметіне пайдаланылып отырған  ғимаратты, коммунистік идея қылышын сүйретіп тұрған кезде, қудалаулардан сескенбей, ғимаратты күрделі жөндеуден өткіздіріп, Шелек ауданында бірінші болып  мешіт ашып берген.  Нұрлан Шелек ауылы зиратының 252 метр қабырғасын сплитер кірпішпен қоршатуға бүкіл Шелек азаматтарын көтеріп және Шелек ауылы ішіндегі орыс зиратын қоршатуда да ұйымдастырушылық   қабілетін көрсетті. Қаражотаға қарасты 3 елді мекендегі көше аттарын тұрғындар қатысуымен жиналыс өткізіп ауыстырған еді. Қаражота ауылындағы         Г. Дмитров  атындағы орта мектепті Бауыржан Момышұлына, Куликовка селосындағы Краснопартизан орта мектебін Сарыбұлақ орта мектебі, Милянфан ауылындағы Куликовка орта мектебін Ақтоған орта мектебіне Алматы облыстық атқару комитеті  келісімімен ауыстырған. 
Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырып,  Куликовка атауын Сарыбұлақ,  Милянфан атауын  Ақтоған ауылы деп ауыстыруға 9 ай Алматыға барып жүріп,  республикалық ономастика комиссиясының 17 мүшесіне жолығып қолдарын қойдырып, 21 министрлік пен республикалық ведомство басшыларының қабылдауында болып, мөрлерін бастырып барып ҚазССР Министрлер кеңесінің шешімдеріне қол жеткізген. Сонымен қатар Петропавл, Павлодар, Орал, Өскемен қалаларының, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының орталығы Преснов селосы (19 ғасырда орыс жазалаушы отрядының командирі капитан Пресновский) атауын өзгерту мәселелерін республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет көтерді.
Еңбегі еленген Нұрлан Ердәулетұлы Шелек аудандық кеңесіне  4 рет  депутат ретінде сайланып, бюджет, жоспарлау, экономиканы дамыту тұрақты комиссиясына жетекші болған. Аудан көлемінде 21 жыл қызмет жасаған,  «педагог»  және  «Экономист» мамандықтарының иесі,  42 жастағы  Нұрлан  1994 жылы Бұғыты сайлау округінен ҚазССР Жоғарғы кеңесі депутаттығына кандидат болып сайлауға қатысқан. Оның көлемді, тарихи, аналитикалық талдау арқылы танымдық, тәрбиелік мақсатта жазған еңбектері республикалық «Егемен Қазақстан», «Президент және халық»,  «Қазақстан заман», «Қазақ әдебиеті», «Айқын»,  «Дат», «Ислам және өркениет» газеттерінде, Алматы облыстық  «Жетісу», Ақмола облыстық «Арқа ажары»,  «Солтүстік Қазақстан»  газеттері беттерінде, «Алатау», «Қызылжар нұры» басылымдарында жарияланып отырған. 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ата аманатындай туған өңірдің тарихындағы қатпарлы құпияның бетін ашып,  жабулы жұмбағын шешу, заманның ағымымен шыңырау түбінде қалған шындықты шығару, танытуға күш салды. ХVIII ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күреске қатысқан Шағаман батыр жайлы «Егемен Қазақстан» газетінде мақаласы  шықты. Теріскейде жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарда қалмақтың атақты батырларымен жекпе-жекке шығып, талай ерлік көрсеткен,  орталық Қазақстанда Баян батырмен серіктес болып, қалмақтармен болған соғыста 28 жаста қаза болған  Мықтыбай Бекайдарұлының 300 жылдығына арнап ғылыми-практикалық конференция өтуіне мұрындық болды.  Батырға монумент орнатқызып,  ас  ұйымдастырып, «Тағзым» (2013 жыл Алматы) және «Мықтыбай батыр»  (2022 жыл  ҚазҰУ  баспасы)   кітаптарын шығарған. Қызылжар өңірінен Абылай ханның тірегі болған  Жәпек батыр,  Құлсары,  Құлеке,  Баян,  Жәнібек, Тұрсынбай, Ағынтай  сынды  қазақтың 28  батыры жайлы академик  Әлкей Марғұлан  және басқа ғалымдардың еңбектері мен баспасөз бетінде 20 жылда жарық көрген мақалаларды топтап  «Ұлы Даланың ұлы есімдері» атты жинақ  даярлаған. Сондай-ақ, Жетісу өңірінің саңлақтары  Есімбек,  Сәмен батыр туралы,  Қарқаралы округінде  Кенесары бастаған ұлт-азаттық күресте Ағыбай батыр серігі  Көкбөрі  Керней батыры Елеген жайлы, Көкшетау өңірінде елге танымал Жазы би туралы еңбектері газет беттерінде жария етілген. Албан руының  Қызылбөрік бұтағы Ер Қонақбай туралы, шежіре, ұрпақтары жайлы кітап шығарып, бабаға ескерткіш орнатуға үлкен күш салды. 
Қазақ халқының тарихын  жоққа шығарғысы келген орыс шовинистері Солженицин, Дугин,  Жириновский, Е. Просвирин,  Лимонов, В. Штыгашев,  О. Степченко мәлімдемелеріне қарсы,  Ресей Дума депутаттары Федоров пен Никоновқа жауап ретінде  «Дат» газетінде  (2014 ж.) «Казах-стан – государство унитарное», «Ислам және өркениет», «Алатау»  газеттерінде  «Қазақ жеріне көз алартушылық тыйылмай тұр», «Сила в единстве» атты мақалалар  жариялаған. «Ставить в стойло»,  «Кредо жизни»,   «Жить по совести», «Богатство духа, дух богатства», «Взоры к истокам» атты еңбектері адамгершілікке, имандылыққа, ізгілік істерге, тектілікке  шақырады. 
Нұрлан Ердәулетұлының республикалық, облыстық газеттерге шыққан мақалаларының жинағы «Баян түлектерімен аян» деген атпен 2015 жылы Алматы қаласында  «Айтұмар»  баспасынан жарыққа шықты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Ердәулетұлы бірнеше кітаптың авторы.  Бүгінде 70 жасты алқымдап отырған  автордың бірнеше өлкетану жұмыстарының қорытындысы іспеттес еңбектің нәтижесі – Солтүстік  Қазақстан облысы  «Жамбыл ауданы  энциклопедиясы»,  Алматы облысы  «Шелек өңірінің энциклопедиясы», «Ауылым аты – Баян»  атты кітаптар  баспаға ұсынуға даяр. 
Өмірлік  жары  Гүлдәрия Бұтабайқызы екеуі ұл-қыз  тәрбиелеп өсірген. Ертерек өмірден озған Гүлдәрия көп жылдар Шелек аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, білім ордасының басшысы қызметтерін атқарған аяулы жан еді.
Нұрлан Ердәулетұлы қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан, ел ішінде абыройлы азамат. 1993-1994 жылдары Қазақстан халық бірлігі партиясының Шелек аудандық жетекшісі болды. Бастауыш партия ұйымына 16 жыл жетекшілік жасаған. Бүгін зейнеттегі Нұрлан  Ердәулетұлы  Шелек ауылдық округінің  өзін-өзі басқару қауымдастығында  жас мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беріп, көмектесуде. Жетпістің желкенін керіп, әлі де болса халқына абыройлы қызмет етіп жүрген Нұрлан Ердәулетұлының деніне саулық, шығармашылығына шабыт тілеймін.

Оразбай Бекенов, зейнеткер, 
Еңбекшіқазақ ауданының
Құрметті азаматы

 

Қатысты жаңалықтар

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

07.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.