Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕКІ МАЙДАННЫҢ ЖАУЫНГЕРІ

28.02.2020
ЖАНСАРАЙ
ЕКІ МАЙДАННЫҢ ЖАУЫНГЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Атамыз қазақта «Мәңгі өмір жоқ, мәнді өмір бар» деген қанатты қағида күні бүгінге дейін ұмытылмай келеді. Адам баласы мәнді де сәнді өмірге құштар. Осы құштарлықтың өзі әркімнің өзіндік болмысынан екен. Мен оны сүйікті ағам, қамқоршым, ақылшым Нұрсерік Сағындықовтың өмірбаянынан танып, көкейге түйгенмін. Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында майдангер аға туралы әңгіме сабақтауды парызым деп есептеймін. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» емес пе?!

Ақсу ауданы Арасан ауылының түлегі Нұрсерік (жұртқа танымал есімі – Серік) 1924 жылы өмірге келген. 1941 жылы 17 жастағы азамат Отан қорғауға,  майданға сұранады. Сөйтіп, комсомол мүшесі Нұрсерік Сағындықовтың өтініші 1942 жылы, яғни ол 18 жасқа толғанда мақұлданып, Ақсу аудандық әскери комиссариаты арқылы бір топ замандас қатарында майдан даласына бет алады.    Қан майданда қас дұшпанмен шайқасқан Нұрсерік Сағындықов 1947 жылы туған жерге ауыр жарақатымен оралады. Мен сол кезде жеті жастағы жеткіншек едім. Әскери киімінің омырауында бірнеше наградалар тізіліп тұратын. Сырқаты жанына батқан, әбден қажыған, небәрі 23 жастағы ағам үйден аулаға, одан көше бойына шығып, күншуақта отырушы еді. Дегенмен, туған жердің таза ауасы, көркем табиғаты, ел-жұрттың  құрмет-қошеметі жанына жаққан ағам тез сауығып, еңсесін тіктеп,  еңбекке білек сыбана кірісіп кетті.
Сонау 1947 жылдан еңбекке араласқан ағам 1991 жылы өмірден өтсе, осы екі ортадағы 44 жылда ешқандай шаршап-шалдыққанын көрсетпей, елінің игілігі жолында табандылық танытты. Осы кісінің қызметке адалдығы, жауапкершілік сезімі, замандастарымен сыйласымды қарым-қатынасы мен үшін өмір мектебі сияқты болды. Соңғы жылдары Нұрағам демалыс орындарында тынығып, замандас-сырластарының қатарын арттыра түсті. Айтар әңгімесі адамгершілік, ағайын-туыс, құда-жегжаттардың береке-бірлігі мен тату-тірлігіне бағытталды. Соғыс өртін тұтатқан, адамзаттың өмірін жайпаған сұмпайы саясаткерлерге лағынет айтатын. Бейбітшілік сақталуын тілейтін. 
Ұлтымыздың мақтанышы, қаһарман қазақ Бауыржан Момышұлының: «Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет етуден аянба» дегенін бойтұмардай қастерлеген Нұрсерік ағам ұрыс даласындағы жанқиярлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екінші және үшінші дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Праганы азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдерімен марапатталды. Мұның сыртында, соғыстан соңғы бейбіт заманда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс салтанатын паш етуге байланысты мерекелік ескерткіш медальдерін 7 мәрте кеудесіне тақты. Ал бейбіт еңбекте, әрбір бесжылдықтар қорытындысы бойынша сый-құрмет тіпті де аз емес-ті. Ол  екі майданның ері атағына лайықты болды. Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысты. 
Осынау ержүрек жауынгердің інісі ретінде мақтанышпен айтарым: ол соғысқа аттанарда өз өтініші бойынша комсомол мүшелігіне қабылданса, комсомолдық қызыл билетпен жауға қарсы соғысса, өмір мен өлім беттескен сын сәттерде, майдан шебінде «жаным пида болса да армансызбын» деп тайсалмай, өзін партия мүшелігіне қабылдауды өтініп, дегеніне жетіп, Ақсу жеріне қайтқан еді. 
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда Сарқан ауданында мемлекеттік дайындау мекемесінде инспектор қызметін атқара жүріп, Сақыпжамал атты бойжеткенмен табысып, екеуі бір шаңырақ астында ұзақ уақыт жарасып, сыйласып  өтті. Менің Сақыпжамал жеңгем отағасын қадірлеп, көпке сыйлы болды. Ол мені қазақы ғұрыппен «Тетелес» деп атаған еді. Бұл күндері Нұрсерік аға мен Сақыпжамал жеңгем Ақсу ауылында бір төбенің төскейіндегі зираттан орын тапқан жайы бар. 
Өткен XX ғасырдың 50-ші жылдары қызмет бабымен Ақсу ауданына қайта оралып, Көктөбе-Қарасу, Қарашілік, Қызылқайың ауылдарында сүт қабылдау орындарында жетекші, сатушы, Ақсу май зауытында бас технолог, бас инженер, т. б. жауапты қызметтерді абыройлы  жалғастырды. Осы саланың бірқатар жас мамандарына тәлімгер-ұстаз болып, өз тәжірибесін жастарға үйретуге, білікті маман етіп шығаруға мән берді. 
Нұрағаның асыл қасиеттерін толықтыратын және бір әңгіме – Сақыпжамал жеңгемнің әкесі Ұлы Отан соғысынан қайтпаған екен. Бойжеткен өзінен кішілеу екі інісімен тағдыр жүгін көтеруге мәжбүр болған. Аға көп ойланбастан оның інілерін де Ақсуға тартып, қанатының астына алып, мейлінше жақсылық жасаған. Олардың оқып білім алуына, үйленіп жеке шығуына демеуші болғаны да көпшілікке белгілі. Осынау екі майдан куәгері  Нұрсерік Сағындықовты қадірлеген ақсулықтардың осы кісінің үйі тұрған көшеге Нұрсерік Сағындықов есімін бергені өзінше бір мәртебе болса керек. 
Бүгінгі ұрпақ аға буын өкілдерінің еңбегін, қайсарлығы, адалдығы мен отансүйгіштігін үлгі-өнеге ретінде жалғастырса, тәуелсіз еліміздің тұғыры мызғымас берік болары ақиқат. Бұл бізге аса қажет!

Сайлау БӘБИБАЕВ,
еңбек ардагері
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.