Талдықорған: +3°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕСІМДЕР

17.04.2020
ЖАНСАРАЙ
ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕСІМДЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Ойға қонымды оңтайлы дүние қызығушылық туғызары анық. Бір мұқабада – қос кітап. Иә, екі бірдей шығармашылық еңбек. Қолыңа алып қарасаң бір қапталында «Биікке бастаған жол» атты эсселер, сапарнамалар мен портреттер. Кері төңкеріп көз салсаң, өлең өрнектері орналасқан «Күншуақ» жинағы. «Тоғанай Т» баспасының 2019 жылғы өнімі. 

Құрылымы қызық кітаптың алға тартар сыбағасы мол-ақ. Автор сексеннің сеңгіріне қасқайып шығып алып, өмір өткелдеріне үңіліп, атажұртының тарихын таразылайды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арқа сүйей отырып, ел мен жер тағдырына тікелей қатысты тұғырлы тұлғалардың өмір-ғұмырына көз жүгіртіп, толғақты сыр сабақтайды. Жер жаннаты Жетісудың түкпір-түкпіріне жолы түскен кәнігі журналистің көрген-білгені, көкейге түйгені көл-көсір екені хақ…
Сексенге де таядым,
Ауыр тартты аяғым.
Отырсам ойға  шомылып,
Есіме түсер баяғым, – 
деп қойып, оттай ыстық жүрекпен қаламын жорғалата жүйткігенде екпінін тоқтата алмайды. Тіпті, басқасын айтпағанда, тек «Жетісудың» шаңырағында жарты ғасырдай қызмет істеу ғажап қой. Тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары болу бақыты пешенесіне жазылған екен-ау. Жарты ғасырдай ғұмырын «Жетісудың» отымен кіріп, күлімен шығып жүріп өткізіп, қаламын әбден ұштады емес пе?! Қаншама бас редактордың (Әбдуәли Қарағұлов, Пернебек Бейсенов, Мамадияр Жақыпов, Баймолда Мұса, Жақыпжан Нұрғожаев) көзін көрді, иықтас болды, қосылып ұжым басқарды, газеттің жетістігіне қуанды, «әттеген-айларын» бөлісті. Қаламымен қоғам өміріне етене араласқан небір арыстан жүрек арыстармен аралас-құраласта болды. Олардың қайсыбірін айтарсың, беу, дүние-ай десеңші! Бәрі де еске алып, естелікке сұранып тұрғандай-ау. Бір ғасырға жуық ғұмыр кешіп, қолынан қаламы түспеген Үсенбай Бақтиярұлы Тастанбековтың жады мықты еді. Еңбекшіқазақ, Қаскелең, Жамбыл аудандарындағы редакторлық қызметтері, шәкірттер баулуы бөлекшетұғын. Қазақстанның маңдайалды маңғаз ақыны Тұманбай да өзіне ұстаз тұтқан Үсенбай ақсақал жас талап Жұмашқа да шарапатын тигізген, жан шуағын төккен. «Ғасыр жасында да қаламын тастамаған» деп шәкірті қалай сүйсінбесін?!
Журналистік соқпақта қатар шапқан шабытты шақтар қалай ұмытылсын! Тұяқ дүбірі жер тесердей Мұғалімбай Жылқайдаров, бір ауыз артық сөзі жоқ ерен жүйрік Баймолда Мұса, бүкіл аймақтың ит-құсына дейін жатқа білетін Ханымбүбі Ақжолова (жасы жүзге таяп қалды), Күрті, Іле, Ұзынағаш сілемдерінде ізі сайрап жатқан Сәдуақас Бигелдиевтер салған сара жол Жұмаш қаламына дем беріп, сағынышты сырға айналды. Бір өзі бір министрліктің жұмысын дөңгелететіндей деңгейдегі Мұғалімбай Жылқайдаров феномені аңызға айналған-ды. Оның қалам қарымына қанық әріптесі жұмыс істеу дағдысына терең бойлап, кейбір қылықтарын да көлденең тартып, жазбаларының маңызын қоюлата түседі. «Ақиқаттың ақтаңгері» атап, есте қаларлық детальдерді де алға тартады. Мәселен, «Мұқаң жазып отырып шаршап, ұйқысы келсе, үстелді жұдырығымен бір қойып қалады екен де ары қарай жаза береді екен жалғастырып» деген сияқты қаламдастары арасындағы өзара әңгімені ұтымды қолданады. Өз ісіне құлай берілген қасиеті қанына сіңіп кеткен Мұғалімбайдың еңбекқорлығы кейінгі ұрпаққа жұғысты болғай дегің-ақ келеді.
Алдыңғы толқын ағалардың ақадал атқарған жұмыстарын көкейге тоқып, кейінгілерге үлгі-өнеге ретінде өрнектей білген журналист Жұмаштың қаламдастарына, замандастарына деген көңіл-күйі алабөтен екені әр шығармасынан да аңғарылады. Сол көңіл түкпіріндегі аңсау сезімі Баймолда Мұса жайлы жазылған «Қаламы қуатты, жаны шуақты» эссе-естелікте де самалдай лекіп, жан дүниені баурап алады. «Мен Баймолда ағамызбен бір шаңырақ астында – Алматы облыстық «Жетісу» газетінің редакциясында ширек ғасырдан аса табан аудармай бірге қызмет істеппін, – дейді автор. – Бір қызығы, өсу баспалдақтарын бірге басып, ілесіп отырған сияқтымын». Әлбетте, мұндай жағдайда еске алар, толғанар тұстар жетіп-артылатыны ақиқат нәрсе. 
Жұмаштың журналистерге деген жүрек дүрсілі ерекше. Су төгілмес жорғадай кең көсіліп жүре береді. Газет қияметінен кейін де арнайы шақырумен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық журналистика факультетіне дәріс оқыды. Мамандығының іргетасын теориялық жағынан мығымдай түсті. Қазақстан Журналистика академиясының толық-мүшесі академигі қаншама шәкірттердің талабына қанат бітірді. Өзі мойындайтын майталман журналистердің еңбектерін екшеп-екшеп, студенттеріне дипломдық тақырып етіп бекіттіріп беріп, қорғатты. Баспасөздің көрнекті тұлғаларымен кездесулер өткізіп, шәкірттер қиялын самғатып, білім-таным көкжиектерін кеңейтуге күш салды.
Өмір-ғұмырында кімдермен тіршілік кешпеді дейсің. Енді, міне, солардың әмбесі қалам ұшына ілініп, көз алдыда көлбеңдейді. Ақ қағазға сұлбалары сұранып тұр. Қайсысы да қадірлі, құрметті. Тағдыр тоқайластырған Үмбетәлі Кәрібаев, Әлімқұл Жамбылов, Қилан Сәрсенбиев, Жолдасхан Құрамысов, Әсет Бейсеуов.
Әсіресе, Әсет десе бүкіл бозбала шағы есіне сарт ете қалады. Онымен баяғыда Алматыдағы №12 мектеп-интернатында бірге оқыды. Ол кезде Әсеттің ныспысы Көпбаев екен. Кейіннен Бейсеуов болыпты. Және мұнда Сейіт Қасқабасов, Серік Әбденәлиев, Мұқатай Жылқайдаров, Торғын Тасыбекова сияқты кейін жұртқа танымал болған талантты топ тоғысқан…
«Оның алғашқы бозбала кездегі әні менің көз алдымда, – деп еске алады Жұмаш. – Бір мектепте, бір сыныпта бірге оқыған уақытта дүниеге келген еді. Сол алғашқы әннен басталған сазгерлік сапары оны аңсаған арманына жеткізді, абырой асқарына шығарып, халқының құрметіне бөледі емес пе!» 
Әсетті әспеттеп, әндерін құрметтеу қақындағы тебіреністер – өнер атаулыны ардақтаудың нышаны. Бала көңілімен көркем Алматының гүл-бақшасының көркі көз қуантады, жан сергітеді. Бала Жұмаштың өңкей өнерпаз ортаға топ ете түскені әдемілікке құмарлығын арттырып, әдебиет әлеміне қол арттырады, көкірегіне көркемсөз ұялатады. Әсеттей әріптесінің ақжарқын жүзіне, ақкөңіл мінезіне тәнті болып, оңашада өлең өрнегін құрып қойып, қағаз бетін шимайлайтын оқушы кезін елестетеді, қиял құсын ұшырады. «Бірде сырқаттанып, ауруханаға түстім. Сөйтсем, осында Әсет те емделіп жатыр екен. «Не болдыны?» сұрассақ, Әсет әдетінше әзілге бұрып: «Менің ішімде бес ит бар екен. Солар мазалап…» деп күлгені бар. «Ит дегенің не пәле?» десем, «Ой, әлгі гастрит, бронхит, простатит, гепатит…» деп шұбырта жөнелгені. Еріксіз күлдік. Әні мен әзілі таусылмайтын Әсет-ай!».
Иә, сыныптасы алғаш естіп куә болған «Алмалы Алматым» әнінен кейін де Әсет шығарған «Айнашым», «Алтыным», «Армандастар», «Маралдым», «Сырласу вальсі», «Шақырады көктем», «Өмірдің көбі кетіп, азы қалды» деген сияқты небір сылқым-сері әндер халықтың сүйіп шырқайтын жансерігіне айналды. Парталастың ұмытпай ел есіне салып жүргені қандай ғанибет. Шіркін, қалам құдіреті ғажап-ақ қой. Ел есінен шығып бара жатқан ерекше жандардың өмірдастанын қайта жаңғыртып, жалпақ жұртқа жар салады. 
Жұмаш жазбаларындағы өнер өрендерінің бірі – Қилан Сәрсенбиев те аяулы азаматтұғын. Еліміздің батыс өңірінен өнер құйыны тік көтеріп, Жетісу жеріне жерсіндірген, Құрманғазы мен Дина апамыздың ұраншысы бесаспап Қилан Сәрсенбиев құлаштап сырнай созған, күмбірлетіп күй төккен, оркестрге дирижерлік еткен, тұла бойы тұнған өнер құймасы.  Жұмаштың өлеңдеріне әуен қосып, Алтын Әліпбаева сияқты күміскөмейлі әншілерге айтқызып, өзі баянмен баптап сүйемелдейтін композитор замандастың сұлу да сұңғыла мүсінін сомдауда кітап жазушы барын салған. Өйткені ол да Мәдениет сарайында Қиланға ілесіп, көркемөнерпаздар ұжымына кіріккен кездерін есінен шығарған емес.
Жұмаштың: 
Жайнаған сұлу қыр гүлін,
Өзіңе таңдап жинадым.
Елітіп мені сырлы үнің,
Шынарым, сені қимадым,–
деп басталатын «Шынарым» деген лирикалық өлеңіне «құда түсіп», оны әнге айналдырды. Сосын туған мекен жайлы мәтінге тапсырыс беріп, шығармашылық байланысты үзбеуге тырысты. Бұл ықылас авторды да өзін-өзі қамшылауға септесті. «Ауылым естен кетер ме?» деген өлең осылай сұраныспен өмірге келді. 
Жастары қанша әйгілі,
Еңбекпен өскен етене.
Думанмен өткен ай-күні,
Ауылым естен кете ме?–
деген қайырмасын ерекше көтеріп әуелететін есіл Қилан Сәрсенбиевтің бұлардан өзге де әндері мен күйлері нотасымен жеке жинақ ретінде  көпшілікке кең тараған…
Журналистер мен өнер адамдарына ықыласы бөлек туындыгердің Жолдасхан Құрамысов туралы толғанысына шым-шым батқандай сезімге бөленерің айдай шындық. Өйткені, екеуі де қырғыз бен қазақ елін қақ бөліп тұрған сұлу да сұсты Суықтөбенің түлектері. Жүректері бірге дүрсілдеп «Суықтөбе сазы» мен «Сарыжазық саясын», «Ұлар үні» мен «Өмір-айды» шырқағанды жан дүниелері қалайды. 
Кербезім жадырай бер күндегіңдей,
Тұрсың ғой күндіз-түні бір көз ілмей. 
Сұлу да сұсты менің Суықтөбем,
Аумаған Алатаудың  күмбезіндей,–
деген дауыстары  қосарланып шығатындай. Тонның ішкі бауындай аралас-құраластық мөлдіретіп қалам сілтеуге де мәйек болған. Жолдасханның «Майтөбе» әні Астанадағы «Конгресс-холлда» да шырқалғанын бүкіл баспасөз жария еткен. «Әлемге аты жайылған, аққуды әнмен қайырған. Жебеп жүрген киесі, ақпа жырдың иесі, Сүйінбай, Жамбыл жері осы» деп ұлар құстай үнін созған жетісулық жезтаңдай әнші Ұлжан Айнақұловаға астаналықтар құлшына қол соққан. Әне, бұл да болса композитор Жолдасхан Құрамысовтың таудай талантының жемісі…
Айтпақшы, мұқабадағы қос кітаптың біреуінде ел ардақтысына айналған аймаңдай азаматтар «менмұндалап» тұр. Жүсіпәлі Нүкетаев, Тыныбек Оңалбаев, Марат Нұриев, Серік Байбатыров, Арықбай Ағыбаев, Тоқтасын Мендебаев, тағы сол сияқты елге ұйытқы, жанашыр қайраткерлер бейнелері көзге ыстық, көңілге жұбаныш, бәрі де рухани жаңғыру үрдісіне үн қатқандар, Тәуелсіздіктің туын тіктескендер.
Иә, мұқабада қойындасқан қос кітап. Бұл жаңа үрдіс, тың форматтағы екі аталым. Яғни, «Биікке бастаған жол» мен «Күншуақ» жинақтары бір ортақ мұқабамен қапталған. Бір бетінде «Биікке бастаған жол» көркемсөз жинағы, келесі жағын аударып қарасаң – «Күншуақ» өлеңдер жинағы. Шынында, жақсы ойластырып, қос кітапты бір мұқабаға сыйғызған. Қарасөз бен қараөлеңнің ақ отауы дерсің… Оқыңыз, қызық құрастырылған тосын кітап – Қос кітап…
Мұқабаны төңкеріп қарағанда «Күншуақ» атты өлеңдер жинағы жанарыңды жаулайды. Ондағы: 
Табиғаттың тұнығы,
Сылдыр қаққан бұлағым.
Қызықтырған қылығы –
Сыбдыр қаққан құрағым, –
деген сияқты сырлы шумақтар шоғыры журналистің жыр әлеміне де қолын созып, бағын сынау сәттеріне үңілтеді. Өйткені ол құнарлы жерден нәр алып, өлең-жырға құлағын тігіп өскен көкейлі ұрпақтың бір өкілі. Әкесі аңшылықпен қатар жыр айтып, дастандар шығарған, домбыра ұстаған ұсынықты адам болған, шежіре шерткен шешендіктен де кенде қалмаған. Сондықтан шығар, ақын әкені ақын баласы былай еске алады:
Аңшы әкем ақын еді жоталы,
Қарт Жамбылдан алған     екен батаны.
Бөркі де ұқсас,домбырасы,  сақалы,
Содан әкем «кіші Жамбыл» атанды.
Мінеки, сөз құдіреті қайдан бастау алған деген сауалға жауап та осы емес пе?! Атаның күшімен, ананың сүтімен қуаттанып, өмір өріне қилы жолдармен өрмелеген Жұмаш Арғымбайұлы бұрын да публицистикалық пафосқа толы «Терең тамырлар», өмір жолдарын өрнектеген «Сағыныш жылдарға саяхат» кітаптарын көпшілік оқырманға ұсынған-ды. Енді: 
Мен Суықтөбе ұлымын,
Қырандар қонған басына.
Түбінде өскем шыңының, 
Сурет те салғам тасына, –
деп өзі айтқандай, сексеннің биігіне шығып, асыл сөздерін тасқа жазып, «Биікке бастаған жол» және «Күншуақ» кітаптарын бір мұқабамен қаусарып, алтынмен аптап, күміспен күптеп, халыққа сыйлап отыр. Журналистика академигінің сексен жылдық мерейжасына сергек жеткендігінің куәсі болған бұл қос кітап – замандастары  мен әріптестерінің, туған жері мен ел-жұртының тасқа басылған тарихы. Бұдан асқан байлық болмас сірә де!

Орысбай ӘБДІЛДАҰЛЫ,
«Құрмет» орденінің иегері, 
«Жетісу» газетінің ардагер журналисі

 

Қатысты жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

11.02.2026
Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

11.02.2026
Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.