Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕЛДІҢ ЖОҒЫН ТҮГЕНДЕГЕН

26.06.2020
ЖАНСАРАЙ
ЕЛДІҢ ЖОҒЫН ТҮГЕНДЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Көрікті Көлсайы, қастерлі Қарқарасы, ән мен жырға арқау Үш Меркісімен ерекшеленетін Кеген ауданында Келеке Құсайыновтай ардагер журналист, сөз зергері тұрады. Жұмыс бабымен Кегенге ауысқалы танысқан бір жақсы ағам. Сондайлық қарапайым. Күзге қарай жетпістің үшеуіне келетін жүрегі кең, жаны жайсаң ағамыз көп сөйлей бермейді. Өзін оқшаулап көрсетуден де аулақ. Үлкен атасы халық жауы деп қуғындалып кеткен. Жүрегін патриоттық сезім, жанын намыс буған әкесі Шорабай небәрі 16 жасында майданға сұранып, от пен оқты көріп, Жеңісті қарсы алып, 1946 жылы ІІ топтағы мүгедек болып елге оралған. Әкесі мен анасы Балатай Жалаулы өңіріндегі шаруашылықта жылқышы болып қарапайым еңбек етті.

«Халық жауының» немересі, майдангердің ұлы Келеке ағамыз кішкентай кезінен үлкендердің тәрбиесінде болыпты.  Жеңістен кейінгі жылдары қырықтың ішіндегі Зылихадай алтын әжесінің Келекедей немересі үшін төсі де иіген көрінеді. Біздің кейіпкеріміз Зылиха әжесінің қолында батырлар жырын жаттап өсті. Әжесі «Қырық қыз» деп аталатын қалың кітапты оқытатын. Білімге ынтық, айтқаныңды қағып алатын елгезек, ұғымтал балаға әжесі әйтеуір ойдан-қырдан әдеби кітаптар тауып әкеліп беріп тұрды. Батырлар жырымен сусындап өскен ауылдың шап-шағын бойлы, талдырмаш қара домалақ баласы жаман болған жоқ. Мектепті жақсы оқыды. Кеген ауылындағы қазіргі Ө. Жаңабаев атындағы орта мектептің айтулы түлектерінің бірі болды. Кітаппен сусындай өскен ұлдың көкейінде журналист болсам, сол кездегі С. Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқысам деген ізгі армандары бой көтеріп жатты. Алғаш  қазақтың жоғары оқу орындарының маңдайалды қара шаңырағынан білім алу бақыты маңдайға бұйыра ма, жоқ па деген күдікті ойдың құшағында болғаны да жасырын емес. Әскер қатарында жүрген кезінде бір күні қолына сол кездегі республикалық «Лениншіл жас» газетінің бір нөмірі түскен. Ішіндегі бір мақалада аталған университеттегі журналистика факультетінде қолынан онша жазу келмейтін, мерзімді басылымдарға түрлі жанрда мақалалар жазып тұруға ықыластары да жоқ жандардың ұшырасатыныны сөз болыпты. Міне, осыдан кейін-ақ Келеке ағаның кеудесіне үміт сәулесі ұялады. Азаматтық борышын өтеп келген ол 1969 жылы бірден журналистика факультетіне тиісті құжаттарын тапсырды. Мектеп қабырғасында жүрген кезінде аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген жазбаларын жинастырып, сары майдай сақтап жүрген дүниелерін қоса ұсынды. Сөйтіп, сол жылы бір қауым құрбы-құрдастарымен бірге атақты оқу орнының студенті атанды.
Біздің кейіпкеріміз қазақ журналистикасында соны соқпақтары бар Жанболат Аупбаев, Тұрсын Жұртбаев, Жүрсін Ерманов, Несіпбек Айтов, Асқар Егеубаев, Ержұман Смайыл  секілді белгілі ақын-жазушылармен бірге дәріс алды. Намазалы Омашевтай бір курстасы журналистика факультетінің оқытушысы, кейін деканы болды. Қазір филология ғылымының докторы. 
Мына бір жайт ойынан кеткен емес. Сол кезде Қазақстан сырттан комбайншы шақырмаймыз деп жоғары оқу орындарының студенттеріне қосымша комбайншы мамандығын оқытыпты. Арасында Келеке бар, студенттер 1970 жылы Целиноград, Торғай облысындағы алтын орақ науқанына қатысты. Сол бір қызыққа, ерекше әсерге толы шақта өз алдына комбайн жүргізгілері келмеген Жанболат пен Ержұман Келекедей курстастарының көмекшісі болып еңбек етіпті. Бұл да қарт журналистің жадында қалып қалған жайттар. Келеке ағамыз журналистика факультетінде оқып жүрген кезінде кеуделеріне толы білім, ортаймас ілім ұялатып, тас түйін дайындықтағы жауынгерлерін үлкен өмір майданына аттандырғандай атақты Тауман Амандосов, Темірбек Қожакеев, Әбілфайыз Ыдырысов, әдебиет жағынан Рымғали Нұрғалиев, Бейсенбай Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Белгібай Шалабаев секілді мүйізі қарағайдай профессор,  академиктердің қолынан білім алды. Жоғары оқу орнын бітірмей жатып Қазақ радиосының «Шалқар» редакциясына редактор болып еңбекке араласып кеткен ағамыз қалада алаңсыз жұмыс жасай берсе, бәлкім өмірі өзгеше өрнектелер ме еді?  Ауылдағы ІІ топтағы майдангер әкесіне көмектесіп, бір жағына шығысуды ойлаған ол еліне оралды. Дипломдық жұмысын өте жақсы қорғап шыққанын да ұмытқан емес. Қарт журналист, қарымды қаламгер, сырлы суреткер Келеке Құсайынов 1977 жылдан бастап Кеген аудандық «Коммунизм нұры», одан кейінгі «Қарқара» газеттерінде алғаш тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, Райымбек аудандық «Хантәңірі» газетінде бас редактордың орынбасары болып жемісті жұмыс істеді. Келекедей мол білімді, кең тынысты, қаламы қуатты да жүрдек журналистің қаламынан ел мен жер, еңбек адамдары туралы сырлы суреттемелер, әдемі очерктер, жанды репортаждар, ойлы да нәрлі мақалалар, түйінді мәселелерді көтерген дүниелер бірінен кейін бірі жарық көріп, оқырманына жол тартып жататын.
– Бірде жұмыс бабындағы сапарыммен Қарқара ауылында болдым. Ондағы үлкен жиынға қатыстым. Сол кезде бір өнерпаз сахна төрінен композитор Алтынбек Қоразбаевтың әйгілі «Қара кемпір» әнін нақышына келтіре орындады. Ту сыртымда бір кейуананың жиі күрсініп, көзіне жас алып отырғанын байқадым. Әлгі анамызға бір емес, бірнеше рет еріксіз назарым ауып кетті. Содан кейін біртүрлі күйде болдым. Біздің ортамызда да «Қара кемпір» әніне жүк боларлық жандар аз болған жоқ. Соның кебін кигендер қаншама деп үлкен ойға қалдым. Сөйтіп, «Қара жол және қара кемпірлер» атты кең көлемді очерк-элегия дүниеге келді, – дейді Келеке аға өткен күндеріне көз жүгірте.
Ағамыз журналистік қырағы көзімен, сезімтал жүрегімен үлкен ойлы дүниесін жазып, Кеген ауылына Алматы қаласы жағынан келетін күре жолдың бойына майданға кеткен ұлының жолына қарап тұрған, үмітін үзбей қара жолға көзін салған ананың ескерткішін тұрғызу жөнінде орынды ұсынысын жасады, мәселе көтерді. Бұл мақала аудандық партия комитетінің бюро мәжілісінде қаралды. Ана ескерткішін тұрғызу үшін арнайы қор құрылды. Ескерткіш үшін конкурс ұйымдастырылды. Архитектор     М. Батановтың туындысы үздік танылып, 1985 жылы Жеңістің 40 жылдығында Ана ескерткіші бой көтерді. Қаламы жүрдек журналист бір ғана Кеген ауылындағы көшелерді көріктендіру, оған заманға лайық ат беру туралы «Ауыл өмірі: күнгей және көлеңке» атты проблемалық мақаласын жазды. Ауылдағы «Аэродромная», «Лесная», «1 линия», «2 линия» деп аталатын көптеген сүреңсіз көшелерге Еңбек Ерлерінің, әйгілі ғалымдардың есімдерін беруді ұсынды. Ел көңілін, жұрт жүрегін күпті етіп жүрген бұл мәселе де лайықты шешімін тапты. Көшелер М. Мүсірәлиев,    Б. Жақсылықұлы, С. Қорғасбайұлы М. Жарқынбасов секілді Еңбек Ерлерінің, ауданнан шыққан тұңғыш ғылым докторы М. Лебаев секілді дара тұлғалардың аттарымен аталды. Келеке аға қазір Еңбек Ері С. Қорғасбайұлы атындағы көшеде тұрып жатыр. Бұл жағдай ағаның көңілін нұрландыра түседі. Алайда, дәл қазіргі уақытта көше аттарын айшықты етуге Келекедей журналистің негіз қалағанын бірі білсе, бірі білмейді. Журналистің ел мен жерге тигізген мұндай шапағаты көп. Өз тұсында орнымен, дер мезгілінде жазған «Жер аттарын жетімсіретпейік?!» атты мақаласы арқылы Кеген өңіріндегі Кеңестік саясаттың ықпалымен өзгеріске түскен, Октябрь деген атқа ие болған Түменбай, Қолтықбастау атаулары қайта қалпына келтірілді.  Сөйтіп, жұрт көңілі орнына түсті. 
Келеке Құсайынов зейнет демалысына шығатын шағының алдында да ел мен жер үшін игілікті істерге араласты. Райымбек, Кеген аудандарының 70, 80 жылдығына арналған «Хантәңірі етегі – Райымбек баба мекені» атты кітаптың құрастырушыларының бірі болды. «Жылдар жылнамасы» атты тарихи-танымдық кітапты құрастырып шықты. Қарымды журналистің 1983 жылы республикалық «Жалын» журналының жабық бәйгесінде «Шабуылшы» атты повесі жүлделі болып, өз алдына кітап болып жарық көрді. Журналистік ерен еңбегі үшін 1986 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды. Қазақтың баспасөз саласына, өмір сүрген ортасына, әсіресе, өзі туып-өскен Кеген өңіріне үлкен еңбегін сіңірген журналистің еңбегі ақталды ма екен?! Бұл сұрақ бізді де ойландырған. Сұрау салып көрдік. Келеке ағаға ауданның Құрметті азаматы деген төсбелгі де бұйырмапты. Бұған қалай налымайсың? Кеген ауданының әкімі Талғат Ескендірұлы бастаған аудандық әкімдік, Нұрбай Советов бастаған аудандық мәслихат бұл мәселені орнымен шешеді деген үміттеміз.
Келеке Құсайынов зайыбы, зейнеткер  ұстаз Әділ Бірімбердиевамен ұл-қыздарын өсіріп, қанаттандырған, немерелерін сүйіп отырған бақытты әке, мейірімді ата. 

Қанат БІРЖАНСАЛ
Кеген ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.