Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Еңбегімен еліне сыйлы болды

09.10.2025
ЖАНСАРАЙ
Еңбегімен  еліне сыйлы болды
WhatsAppTelegramFacebook

Елден жырақ жүргесін түрлі ой мазалайтыны белгілі. Әсіресе ел жаңалығына құлақ түріп, жағымды дүниені құлағың шалып қалса жан дүниең бусанып сала береді. Сол секілді мен де мұхиттың арғы бетінде Англияда жүріп, елімдегі саяси жаңалықтарды қалт жібермей, үнемі елеңдеп отырамын. Әсіресе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «еңбек адамы» жайлы сөзі жаныма жылу ұялатты. Туған топырақта қажырлы еңбегімен, маңдай терін шелектеп төккен қанша еңбек адамы бар десеңізші?! Солардың барлығы да құрметке лайық. Расын айту керек, сондай бел жазбай жұмыс істеп, ұлтын тәрбиелеген адамдардың арқасында ұрпағының бақытқа қол жеткізетіні анық. Мен де сондай үлгі тұтар азаматтың арқасында осындай дәрежеге жеттім. Сондықтан да еріксіз қолға қалам алып, біз үлгі тұтқан адам жайлы жазуды жөн санадым. Ол – менің атам Әбілсейіт Жағыпарұлы Ниязбеков.

Мен атамның баласымын. Ол кісі біз үшін тау тұлға, барлығымыз да сол тұлғалы азаматтың арқасында ержетіп, өмірдің ұлы көшіне ілестік. Әйтсе де, атамның қажырлы еңбегін әкемнен естідім. Бүгінгі мақаламда сол әкемнен естіген естелігімді баяндап көрейін. Бар ғұмырын жастайынан қаржы саласына арнаған Әбілсейіт Жағыпарұлы Жетісудағы қасиетті мекеннің бірі – Бөрілітөбе ауданында 1935 жылы 3 қыркүй- екте дүниеге келді. Әкесі Жағыпар мен анасы Бағиланың тұңғышы. Соғыстан кейін тұралап қалған елдің жағдайын қайта қалпына келтіруде бел жазбай жұмыс істеп, ел қатарлы балаларының болашағы үшін бар күш-жігерін арнаған. Тумысынан тектіліктің ізі қалған Жағыпар ата ұрпағы да білімге ден қояды. Сұңғыла әкесі «адамның болашағы мен бақыты – білімде» деп үнемі балаларының санасына сіңіртіп, баласы Әбілсейітті біліммен баулиды. Осыны жадына мықтап бекіткен Әбілсейіт атамыз жастайынан оқу-білімге құштар болып, зерек болып өседі. Жағыпар ақсақал да қан майданнан жарақатымен оралып, ақыры сол жарақаты алып тынды. Әкесі кеткесін бар ауыртпалық Бағила ананың мойнына артылды.

Ер мен әйелдің қызметін қатар алып жүрген Бағила ана Әбілсейіт баласының болашағынан көп үміт күтті. Әбілсейіт те үйдің үлкені болғасын соңынан ерген бар бауырлары мен қарындасына Қамет, Күлғайша, Макетке қамқор болып, әкенің қамқорлығын төкті. Әбілсейіт атамыз 8 сыныпты бітірген соң Алматы қаласына қаржы мамандығы бойынша есептік-несие техникумына оқуға тапсырады. Жастайынан зерек өскен Әбілсейіт Жағыпарұлы оқуын үздікке бітіріп, туған жері стансы Лепсіге келді. Жалындаған жас маман бірден аудандық қаржы бөліміне жұмысқа орналасып, іске кіріседі. Басшылық жаңа келген маманның аяқ алысы мен істеген ісін бағалап қарапайым, жауапты жұмыстарды сеніп тапсырады. Өз ісіне тыңғылықты, тапсырылған міндетті қалтқысыз орындаған Әбілсейіт бірден көзге түсіп, басшылардың сенімін ақтайды. Әкесінен кейін үйдегі анасы мен бауырларына тіреу болған Әбілсейіт ата қызметте жүріп, отбасын да құрады. 1957 жылы Жәмиға атты арумен танысып, сөздері жарасқан жастар отау құрды. Жәмиға Манақбайқызы да осал жерден шықпаған адам. Әкесі Манақбай бір ауылдың басшысы болып, анасы Қайынжамал да елге сыйлы, ерін сыйлаған ақ жаулықты отанасы болды. Осындай текті жерден шыққан Жәмиға апамыз да түскен жеріне құтты келін болып, бақыт әкелді.

Сонымен бір жылдан кейін көпшіліктің назарына іліккен Әбілсейіт Жағыпарұлын Алакөл аудандық қаржы бөліміне аға инспектор етіп ауыстырады. Аз да болса қаржы саласында жұмыс істеп, ысылып қалған білікті маман барған жерінде де қызметке белсене кіріседі. Көптен бері тұралап тұрған бірқатар қаржылық мәселелер орнына келтіріп, жұмыстың кедергісіз жүруіне мүмкіндік туғызады. Осындай іскерлігін көрген аудан басшылары жас маманды сатылап өсіруге жағдай жасайды. Ол үшін де жоғары оқу орнын бітірді деген дипломның керектігі анық. Алдына мақсат қойған Әбілсейіт Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің экономика факультетіне сырттай оқуға түсіп, жоғары білімді маман болып шығады. Қызметтес әріптестерімен қоян-қолтық жұмыс істеп, ауызбірлікте болады. Осы аралықта атамыздың отбасыда үлкейіп, балалары дүниеге келген болатын. Жоғары білімі бар, іскерлігі мен талапшылдығы басым Әбілсейіт Жағыпарұлын 1963 жылы Ақсу аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі етіп ауыстырады. Үлкен мектептен өткен білікті маман Ақсу ауданында да кәсібилік біліктілігін салып жұмысты одан ары ширата түседі. Ел, аудан, облыс экономикасына сүбелі үлес қосатын күрделі саланың жұмысын жетілдіре түскен Әбілсейіт Жағыпарұлын Ақсу ауданында да көп отырғызбады. Тыңға салған соқаның жүзіндей қайралып түсетін білікті маманға деген сұраныс күн, жыл өткен сайын арта түседі.

Осындай кәсіби біліктілігін түсінген басшылық Әбілсейіт Жағыпарұлын сол кездегі Талдықорған облысы Андреев ауданына қаржы бөлімінің меңгерушісі етіп жібереді. Өз ісінің маманы бұл жерде де әріптестерімен тізе қосып жұмыс істеп, ұжым арасында беделге ие болады. Қаржы саласының жілігін шағып, майын ішетін нағыз маман атанған Әбілсейіт ата Андреев ауданында 2 жыл қызмет істейді. Жұмысы шатқаяқтап тұрған аудандық қаржы бөліміне Әбілсейіт Жағыпарұлын жіберсе болғаны, шимақталған түйіні ширатылып шыға келетін жағдайға келді. Осыны аңғарған жоғары басшылық нағыз маманды өзінің жас маман болып барған жері Алакөл ауданына басшы етіп тағайындайды. Бұл жер басқа аудандарға қарағанда ауқымы да, көлемі де үлкен, күрделі жер. Міне, осы бір үлкен салаға Әбілсейіттің тәжірибесін әбден толыстырып, Алакөл аудандық қаржы бөлімін басқаруды сеніп тапсырады. Ия, бұрынғы өзінің қолтаңбасы қалған Алакөл ауданының қаржы бөлімі жаңа басшыны жатсынбады. Келген күннен бастап, байырғы ұжымдастарымен бірге ауызбірлікте қызмет істейді. Осы аудандық қаржы бөлімінде ұзақ уақыт қызмет істеді. Әр ісіне тыңғылықты, мінез білімділігінің арқасында жоғары марапаттарға да ие болады.

Бірде Әбілсейіт Жағыпарұлына аудандық атқару комитетінің орынбасары қызметіне ұсыныс түседі. Сол кездегі Талдықорған облысы қаржы бөлімінің меңгерушісі Алексей Николаевич Цхай жақсы басшыдан айырылғысы келмей облыста қызмет атқаруды ұсынады. Оның үстіне екеуі бірге оқыған, сол студенттік шақтан Әбілсейіт Жағыпарұлының бар қарым-қабілетін жақсы біледі. Өзге жерге де қимастығы тағы бар. Екі жерден түскен ұсынысты да Әбілсейіт Жағыпарұлы қабыл алмай, оның үстіне бұрыннан сыйлас, сырлас болып қалған басшылардың арасына сызат түспесін деген ниетпен сол өзінің аудандық қаржы бөлімінде қалуды қалайды. Кейін аудандық қаржы бөлімінен ауысып, май зауытының директоры қызметіне ауысады. Үлкен кәсіпорынның жұмысы да Әбілсейітті жатсынбады. Жоспарды артығымен орындап, кәсіпорынның жұмысын ширата түсті. Әрине, бұл уақытта Әбілсейіт Жағыпарұлы осы жұмыстан зейнетке шықсам деп армандайды. Бірақ жастайынан қызметке араласып, жарау аттай додаға түсіп қалған Әбілсейіт Жағыпарұлы май зауытынан кейін аудандық ПМК- ға қызметке ауысты. Міне, осы салада біраз жыл еңбек етеді.

Бойындағы күш-қуаты мен білім тәжірибесін, ақыл-кеңесі мен біліктілігін балаларына арнады. Зайыбы Жәмиға екеуі Клара, Рахат, Жайсаң, Өмірзақ атты екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, олардың барлығына жоғары білім әперді. Бүгінде балаларының барлығы жоғары қызметтерді атқарып жүр. Тұңғышы Клара Әбілсейітқызы медицина саласының маманы. Жолдасы Ахмет Киреев те жоғары білімді, қолданбалы математика факультетін бітіріп, мамандығы бойынша қызмет атқарды. Олардың егіз қыздары бар, Әсел мен Анель. Екеуі де ғылым саласында, қаржы бағыты бойынша экономика ғылымдарының кандидаты.

Рахаты энергетика саласының маманы, Талдықорған энергия тарату мекемесін басқарып, зейнеткерлікке шықты. Зайыбы Жанна екеуі Айдана, Жамила, Сұлтан есімді балалар өсіріп отыр.

Жайсаң Алматы қаласындағы С. Асфендияров атындағы медициналық институттың проректоры қызметін атқарды, профессор атағы бар. Жолдасы Бектас екеуі Зарина, Алтынай, Меруерт атты үш қыз өсіріп отыр. Зарина Англияда, Алтынай Канадада, Меруерт Австрияда қызмет атқаруда. Өмірзақ та денсаулық саласын таңдаған білікті дәрігер, бүгінде Жетісу облыстық жұқпалы аурулар диспансерінің бас дәрігері. Зайыбы Мәншүк екеуі Әмір, Жансейіт есімді ұлдар өсіріп отыр. Атаның бойындағы асыл қасиет шығар, ұрпақтарының барлығы қызмет саласы мен ғылымға ден қойған. Жансейіт те АҚШ-та қызмет атқарады. Әбілсейіт атамыздың бауырлары мен қарындасы да абыройлы қызмет атқаруда. Күлғайша жолдасы Байтұрсын екеуі Әбілсейіт ағамыздың жолын қуып, қаржы саласы бойынша есепші мамандығын таңдады. Камет ағамыз дәрігерлікті таңдаса, әкем Макет ағасы секілді қаржы саласында еңбек етуде.

Міне, бар ғұмырын қаржы саласына арнаған Әбілсейіт Жағыпарұлының жүріп өткен ғұмыр жолы осындай. Біраз адамға жай ғана қызметтік сатымен өрлеу болар, түсінген адамға біліктілік пен өз саласына деген шынайы берілгендіктің белгісі. Әбілсейіт Жағыпарұлы егер тірі болғанда бүгінде тоқсан жасқа келер еді. Амал қанша, небары 46 жасында дүниеден озған Әбілсейіт Ниязбеков жарты ғасырға таяу ғұмырында келелі істерді атқарып, елінің жүрегінде жақсы істерімен қалды.

Нұрсейіт Ниязбеков,
саяси ғылымдарының докторы, профессор

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.