Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕ СЫЙЫ

24.11.2024
ЖАНСАРАЙ
ЕРІКТІЛЕРДІҢ ЕРЕКШЕ СЫЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісулықтар үшін қант қызылшасы таусылмайтын әңгіме. Биыл да Талдықорған – Алматы автожолының бойында қызылшаны толтыра тиеп алып  кезек күткен көліктер легі пайда болғанына айдан асып барады. Басы Көксу қант зауытының қызылша қабылдайтын таразысының алдынан, соңы Бақтыбай ауылына дейінгі жолдың екі жағы иін тірескен көлік. Балпық би ауылының ішкі көшелеріне де қатар-қатар тізілген жүк көліктері толып қалған. Бұл көлік қатынасына, жүргіншілердің ары-бері өтуіне, тұрғын үй иелерінің қалыпты тіршілігіне кедергі келтіруде. Бірнеше күн кезекте тұрып жүйкесі сыр берген қызылша тасушылардың да өкпе-назы шаш етектен. 


 Осы жағдайды білу үшін «Көксу қант» зауытына бас сұқтық. Жауапты мамандар өздерінің күні-түні бір тынбай қант қызылшасын қабылдап жатқанын алға тартып, шарасыздығын білдірді. Олардың айтуынша, «Көксу қант» зауыты 15 қыркүйектен бастап қант қызылшасын қабылдауды бастапты. Бүгінде 5 (БУМ) машинасы, 3 таразы жұмыс істеп тұр. Қызылшаны қабылдау, өңдеу, тағы да басқа науқандық жұмысқа 470 адам тартылған. Өкінішке қарай,  қант қызылшасын қабылдау алаңының (кагат) толып кетуіне байланысты күніне 80-100 жүк көлігін ғана қабылдау мүмкін болып тұр. Соның өзінде 2000 тоннадан аса қант қызылшасы зауытқа кіргізіліп жатыр.

Расында, зауыт алаңында үйілген қызылша сіресіп тұр. Оны өңдеу жұмысы да тынымсыз жүргізіліп жатқанын көрдік. Ал жол бойында жүздеген  көлік кезек күтіп тұр. Оның арасында бұл жағдайға төзімділік танытқандары да, өкпе-реніші ішіне сыймай жүргендері де кездесті. Оның үстіне орайын тапса көліктің жанармайын құйып алып, қосымша бөлшектерін шешіп алып кетуді ойластыратын сұқ көз де жоқ дей алмаймыз. Жүргізушілер арасында кезекке таласып қалатын жағдай да болып тұрады. Сондықтан Көксу аудандық әкімдігі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында зауыт аумағына полиция департаментімен бірлесіп тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырыпты. 

Тазалықты сақтау мақсатында әр жерге қоқыс жәшіктерін қойып, жуынып-шайынатын, басқа да қажеттілігін өтейтін уақытша құрылғылар орнатыпты. Бұл жағынан шағымданған адамды кездестірмедік. Тек жүргізушілер арасында ұзын сонар кезекке наразылар кездесті.

– Қаратал ауданының Кәлпе ауылынан келдім. Кезек күтіп тұрғанымызға 5 күн болды. Бұл жағдай көлігі өзінен, өз қызылшасын тасып жүргендерге аса сезіле қоймаған шығар. Біз сияқты біреудің көлігін жүргізіп, екіншісімен қызылша тасып жүргендерге ауыр тиіп тұр. Бір рет келіп қайтқанымызға 25 мың теңге төленеді. Міне, әкелген қызылшаны өткізе алмай кезекте тұрғанымызға 5 тәулік болды. Күніне 60-70 көлік қабылдайды. Алдымда әлі 100-ге жуық көлік тұр. Демек әлі бір-екі күн күтуім керек. Сарылып күн батырып, ұйқысыз таң атырғанымызды айтпағанның өзінде күнделікті шығынның өзі де қалтамызға жеңіл тиіп тұрған жоқ, – деп мұң шақты Қаратал ауданының тұрғыны Қанафия Қали.

Кезекте тұрған жүргізушілердің әрбірінің мұңы осы. Арасында қуаттылығы жоғары қант зауытын салудың қажеттілігін, болмаса «Көксу қант» зауытының қабылдау мүмкіндігін ұлғайту керектігін ұсыныс ретінде айта баруды тапсырғандары да болды.

Кезекте тұрғандардың жағдайынан хабардар Көксу ауданының еріктілері күнде түскі уақытта жүргізушілерге ыстық шай мен жаңа піскен бауырсақ таратуды қолға алыпты.

– Көксу ауданындағы 10 ауылдық округтің жастары күн сайын екі ауылдан кезектесіп, түскі ас уақытында жүргізушілерге ыстық шай, тәтті бауырсақ таратуға келіскенбіз. Бүгін Балпық би және Мұқыры ауылдық округінің жастарына кезек келді. Жастардың осындай ісін қуана қабылдағандар көп. Алғысын айтып, батасын беріп жатады, – дейді Балпық би ауылдық округі жастар ісінің басқарушысы Зуляль Мадатова.  

Ұзын сонар кезекте тұрған әр көліктің есігін қағып, ыстық шайын ибамен құйып, бауырсағын қуана ұсынып жүрген Хәкім Берікбол, Таңнұр Капура есімді жас еріктілерді кездестіріп, біз де алғыс айттық.

Көксу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі күнде 209000 тонна қант қызылшасы  «Көксу қант» зауытына өткізілген. Әлі де қызылшасы қазылып жатқан, қазуды күтіп отырған шаруа қожалықтары бар. Сондықтан биылғы мол өнімді ысырапсыз жинап алсақ деген қызылшашылардың да уайымы басым. 

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.