Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЕРТЕГІ — ӘЛЕМ ЕЛШІСІ

10.12.2024
ЖАНСАРАЙ
ЕРТЕГІ - ӘЛЕМ ЕЛШІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Таңғажайып әлемді тамылжытып баяндар ата-әжелер қатары азайып бара жатқан бүгінгі күні бөбегіне бесік жырын, балауса өскініне ертегісін айтар жанды сирек ұшыратамыз. Қазақ құндылығын кеудесіне жиған жандарды жолықтырса қазына тапқандай қуанатын Бейсен Құранбектің шақыртуымен «Жетісу» телеарнасына жұмысқа тұрып, көгілдір экран арқылы көрерменге, әсіресе жас ұрпаққа ертегі оқыған Жұмабала Балақаранова есімі көпшілікке таныс. Бүгінде 75 жасқа толған ертегіші әжейдің әлемі де әдемі.


Сол әдемі әлемнің шұғыласына бөленіп, шарапатты сөзін естудің өзі қандай ғанибет десеңізші?! Аңыз бен әпсанадан тарам-тарам тамыр тартқан қазақ ертегілерін қалыбын бұзбай баяндағанда, құдды Керқұла атты Кендебайдың дәуіріне барғандай, Ерназардың сегіз ұлынан айырықша жаратылған Ер Төстік ерлігіне тілекші болғандай күй кешесің. Тебіренесің, бала кейіпке енесің.

Иә, күні кеше С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ертегіші әжейдің 75 жылдық мерейтойы өтті. Рухани шара барысында алғашқы болып сөз алған кеш кейіпкері өмір жолын, шығармашылығын әңгімеге арқау етті. Ертегі әлемінің елшісіндей көрінген ғазиз жанның қоғамдағы орны  мен руханияттағы ісі жөнінде сыр шертер «Өмірім-өнерім» бейнеролик көрсетілді.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, Көксу ауданының құрметті азаматы, балалар жазушысы Жұмабала Балақаранова жайлы жетісулық зиялы қауым өкілдері де сөз алып, ақжарма тілектерін арнады. 

«Ертегі әлем елшісі» атты кездесу кешінде белгілі ақын, жазушылар Әли Ысқабай, Әміре Әрін, Жұмабала Балақаранованың жас күнінен қатар келе жатқан қаламдас құрбысы Нұрилә Бектемірова бастаған қаламгерлер сөз алып, ертегіші әжейдің қазақ руханияты үшін азды-көпті жасаған ісін, шығармалары мен кітабының мәні мен мазмұнын айшықтап, еңбегінің салмағын саралап берді.

Өнермен өмірін көркем еткен кеш кейіпкері жайлы жылы лебіз, ыстық ықылас өз кезегінде жарасымды жалғасын тауып жатса, Талдықорған қаласындағы Б. Сырттанов атындағы №25 орта мектеп оқушылары Ж. Балақаранова құрастырған кітаптан қойылым ұсынды. 

«Ертегі өлкесінде өзіндік ойын қалдырып жүрген, өзі ұстаз болып, сан шәкіртке білім беріп, қасиетті қаламды жанына серік еткен Жұмабала Балақаранованың шығармашылығы өмірге деген сүйіспеншілік беріп тұрады. Жұмабала апа халық ертегілері арқылы балаларға жақсылық, мейірімділік, білімге ұмтылу және еңбексүйгіштік секілді құндылықтарды дәріптейді. Оның «Жұмабала апаның ертегілері» атты жинағы 260 ертегіні қамтиды», – деп алаштанушы Ерден Нұрахмет атап өткендей, Жұмабала Балақаранованың аты аталса, көптің есіне ең алымен ертегі түсетіні анық.

Әсем ән шырқалған кеш барысында ертегі мен ертегіші әжей туралы толғамдар, ыстық ықыластар айтылып, мерейтой иесіне тарту-таралғылар ұсынылды. Иығына камзол мен орамал жабылды.  

АРДА БИ
 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.