Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ғибратты ғұмыр иесі

24.04.2025
ЖАНСАРАЙ
Ғибратты ғұмыр иесі
WhatsAppTelegramFacebook

Жарық дүниенің жамалында бір басына бірнеше өнердің киесін қондырған жандардың барын қазақ әдебиетінен шөл қандырған, кітап деген ұлы құндылықпен сырлас болған адам жақсы біледі. Кешегі ғасырдың өтінде ел үшін өмір кешкен, ерлікке пара-пар іс тындырған Алаш арыстары өнердің сан арнасында шабытын толқындатты. Журналист болып мақала, ұстаз болып ағарту ісінде еңбек сіңірген олар бірде роман, повесть, поэзия жанрында өлең, дастан, поэма жазды. Тіпті, ағартушылық бағытта еңбектер құрастырып, фельетон өрнектеді. Жанының жайлауын манатқа малындыра отырып бүгінгі 85 жасына дейінгі ғұмыр сүрлеуінде өзі педагог, өзі этнограф, өзі ақын-жазушы әрі сазгер бола білген жазиралы  Жаркент топырағының текті азаматы Әдепхан Төреханұлы да бір басына бірнеше өнер дарыта алған жан.

Қарапайым халқының ортасында тірлік желісін Жаркентінен үзбей берекелі ғұмыр кешіп келе жатқан Әдепхан аға кеудесіне тарихтың тұмасын тұндырған, қазақтың арғы-бергідегі салт-санасына жетік, жырларын туған елі мен жеріне деген махаббатпен ұштастыра білген ақын адам. Әр сөзінде айғақ болар ақиқаты басым шығып, әсерлі әңгімесімен талай мәрте сусынымызды қандырған, аға-інілі сырлас күн кешкен абзал жан. Ол кісінің жүзінен мейірім шуағы төгіліп, ізеттілік пен ізгіліктің айнасындай адамдығы айшықталып тұратынын үнемі көріп жүрміз.

Рас, ұзақ уақыт педагогика саласында жемісті еңбек етіп, сол жолдан бақ пен береке, ырыс пен несібе тапқан Әдепхан Жақыбаевтың есімі елге таныс. Жерұйық Жетісу жерінің ақыл сұрар ардақты ақсақалы, көреген көшбасшысы. Ауыл елдің құрметіне бөленіп, ел алқауымен ғұмыр кешіп келе жатқан өңірімізде бірқатар абыз ақсақалдар болса, соның бірегейі де осы Әдепхан ағамыз. Бұл орайда ақын ағамыз туралы Қазақстанның халық жазушысы, жерлесіміз Бексұлтан Нұржекеұлы: «…Сексенге аттап басқан замандас адам. Ақын! Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Біздің ауданда отыз жеті ауыл болса, сол ауылдың бәрі оны біледі, Қорғастан Алтынемелге дейінгілер оны мақтан тұтады. Неге?

Оның ең басты қасиеті – туған жерін туған әке-шешесіндей жақсы көруі. Ол үшін әуелі перзенттік сезім керек, сонан соң ақ пен қараны ажырататын ақыл керек, қала бере туған жердің арғы-бергі тарихынан бірдеме білуің керек. Осының бәрі Әдепханда бар. Адамдар барға қарайды, жоққа қарамайды. Тіпті айтатыны, еске салатыны болған соң ғана ел Әдепханның аузына қарайды. Оның сындарлы сыры сонда», – деп осыдан бірнеше жыл бұрын толғанғаны есімізге түсіп отыр.

Жеті өзені мен жеті арасаны бар, Баркөрнеуі көз алдында көлбеп жатқан, жасыл шұға, көк мәуітпен көмкерілген желекті Белжайлауы тағы бар, жазиралы мекен саналған Жаркенттің Қорғастан басталып Алтынемелге ұласар алқабындағы ауыл елдің ықыласына кенелген ардақты жан туралы өз уақытында сан мәрте толғанған едік. Десе де жыл сайын жақсы адам туралы айтылар пікір мен қозғалар әңгіме табылады. 
«Өртеңсайда бабамның 
даналығы қалған жер,
Қозы баққан әкемнің 
балалығы қалған жер. 
Тұңғыш сүйіп марқайып, 
кенже сүйіп қартайып, 
Жүзге келген әжемнің 
аналығы қалған жер»
, – деп екі жыр жазса соның бірін туған жерін ту етуден танбаған Әдепхан ағамыздың азаматтығы бөлек. Заманның қиын кезеңін бастан өткере жүріп өмір кешкен, руханиятқа барынша үлес қосқан ол туған жерінің түп жусанын, жер атауларын, оның шығу тарихын, түпкі қазығын да зерттеп, еңбегімен ұштастырып келеді. Бүгінге дейін том-том толымды кітаптардың авторы атанған Әдепхан ағамыз қай қырынан алсақ та өмірін өнегелі еткен арда азамат.

Ардагер ұстаз, «Өсектің ар жағында бір топ ақын, бер жағында жалғыз ақын», – деп өзі айтқандай, арыны бөлек ақын ағамыздың жастық шағы, жігіттік кезеңі, бүгінге дейінгі аралықтағы сүрлеу-сүрдегі оңай болған жоқ. Үркіншіліктің қиындығын жастайынан басынан өткерді. Ел азып-тозған, еңбекпен маңдай терін шүмектеткен шұғыласы кемшін кезеңді де көзімен көрді. Сонда да саф болмысынан адамгершілік асыл қасиеттерін ажыратпай бүгінге ақдидар қалпымен жетті.

Әдепхан ағаның әлемі

Әдепхан Төреханұлын Алашқа алдымен танытқан – сыршыл ақындығы. Көңілін көктем етер қай тақырыпты жырламасын таудың мөлдір бұлағындай ақ сезім, шынайы пейілімен құйылып түседі, келісті кестелейді. Әсіресе, туған өлке, өскен жер тақырыптарын арқау еткенде айналасын енді ғана бажайлап, сүйсініп отырғандай құлай жырлайды, қуана жеткізеді ішкі жан тебіренісін. 

Оқырманын да ойға батыра, ауылының ақ таңын айрықша атыра, ынтықтыра түседі. Ал енді Белжайлау, Баркөрнеу, Орбұлақ қатпарларына ойысқанда айтар ойы қырды желдеп, тауды белдеп, айдын көлбеп, Айды тербеп, Күнді кернеп кете барады. Дегеніне көнесіз, жүрек лебіне бөленесіз! 
«Тауды аңсаймын торықсам көкке қарап,
Өрмелеген қарағай текпе балақ.
Шыңдар шымыр етпейді асқақтықтан, 
Тау найзасы секілді қойған қадап.

Таулардың біреуі – асқақ, біреуі – пәс, 
Төбенің біреуі – егде, біреуі – жас, 
Төсеніп ғасырларды міз бақпайды, 
Себебі – қозғалмайтын тіреуі тас
», – деп тебіренеді лирик ақын.

 Сан мәрте сапарлап жүріп, сол көк тербеген тағдырлы атажұрт тауларының бал бұлақтарынан қанып ішіп, Тәңірлік тылсымына өзіміз де таңдана қаныққанбыз.  Енді бір мезет Әдекеңнің: 
«Сен қалайсың? Менің қазір қызу денем,
Өрілмеген үміттер үзілмеген. 
Мен келемін толғанып өлеңменен, 
Орбұлақтың картасын сызуменен»
, – деген жыр жолдарына елтіп, тарих қойнауына одан бетер бойлап кетеміз. Қазақ халқының басындағы ең бір кесапатты кезең, Ұлы Отан соғысына айналған Орбұлақ шайқасының картасын мың-сан шәкірттері мен оқырмандарының санасына құйып, етене егіп жүрген ақзер ақынмен бірге анау жылы Жаркент өңірінің Белжайлау алабында 360 жылдығы толыққанды аталып өткен Орбұлақ шайқасына қайталай оралып, абыз Әбіш Кекілбаевтың баянды баяндамасын ұйып тыңдап отырғандай, Еңсегей бойлы Ер Есімнің Салқам Жәңгірдей саңлақ перзенті шеріктерінің ортасында хас дұшпанға кектене бір найза түйреп жатқандай күй кешеміз. Сөйтеміз де осынау өшпес Орбұлақ шайқасын билік басындағыларға табандылықпен таныта, иландыра жүріп, отандық тарихи айналымға қостырған жазиралы Жаркенттің және бір айтулы мұзбалағы, Мемлекеттік сыйлығымыздың иегері, классик жазушымыз Бексұлтан Нұржеке-ұлына алғысымызды ақ жарыла ақтарамыз.

Жақсы адамнан ғана жақсы қаламгер шығатыны бесенеден белгілі. Әдепхан ағамыздың жақсы болмасқа жөні де жоқ еді. Жеті атасынан бермен жалғасқан тектілігі бойына құйма құйыла салған. Зәуде бір тілдесе қалғанның өзінде әуезді әңгіме, терең толғанысынан да, өмірдің құбылмалы табиғатына сәулелі көзқарасы, тәлімді пәлсапалық пайым-тұжырымынан да жаныңыз жай табады, алыстағы бір кеңқолтық аралда беймарал тыныстап отырғандай сезінесіз өзіңізді. Мұны жан байлығы, рух биіктігі дейді әдетте халқымыз. 

Бойындағы Тәңір дарытқан өнерін санамалап берсеңіз – жуық маңда тізгін тартпасыңызға біз кепіл. Ұлағатты педагог, анау-мынау емес, физика-математика пәнінің мұғалімі. Сөйте тұра тарихыңызды да, филологияңызды да қайсыбір мамандарыңыздан асыра толғайды, тебіндете тербейді. Сазгерлігі мен өзіндік майда қоңыр табиғи дауысымен әуелете ән шырқар сәттерін термелесем, біраз әңгіменің төркінін түгендеп қайтарым хақ. Этнографиялық таным-түйсігі мен бұл орайдағы сүбелі еңбектерінен нағыз елжандылық пен мемлекетшілдіктің лебі есіп тұрады қашанда. Бұған енді сөз ұстаған шешендігі, көпті бастар көсемдігі мен абыздық ардақ бейне, қазыналы қалпын, адами болмыс-бітім, әдеп әлемін қоссаңыз тағы біраз кеңістікті шарлап кетесіз! Ойнаған екенсіз – Алматы облысының Құрметті азаматы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, он баланың әкесімен!

Он баланың әкесі демекші, Әдекеңнің шаңырағында қонақтап, асыл жеңгеміздің қолынан дәм де татқанбыз кезінде. Сонда аңғарғаным – сүттей ұйыған саялы отбасы. Ата-ананың қабағын баққан ұл мен қыз. Кім бала өсірмей жатыр дейсіз, мәселе олардың саналы да зерделі болып өсуінде ғой. Алып бәйтерек іспетті ағамыздың тамырлы тәрбиесімен қанаттанған балалары бүгінде Астанадан бастап іргелі өзге де шәрілерде белді-белді мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарып келеді. Жақыбаевтар отбасы Қазақ Елі Тәуелсіздігінің баянды болуына «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректерімен» сүбелі үлестерін қосып жүрген Отанымыз көлеміндегі қадау-қадау әулеттердің қатарында саналады. Өмірдің мәні, бақыт дегеніміз осы енді түйсінген жанға!
«Асыл адам айнымас» демеуші ме еді дана халқымыз, сексен бесті тізгіндеп, тоқсанның төріне бет алған Әдепхан ағамыздың осы сергек те қайраткер қалпында бойдағы ұлық ұлағатымен киелі Жаркенттің шырайын асыра, көкжиегін кеңейте береріне, ортамызды телегей толтыра түсеріне бек сенімдіміз!

«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дейтін ділмар елдің даналығында ғажайып мәтел бар. Осынау ойды сабақтай отырып сөз салмақтасақ, Әдепхан ағамыздың үлкен атасы Салпық «саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл қараған» заманда сөз ұстап, билік айтқан биі болған. Сол ділмарлықтың даңғылында сөз киесін ардақтап өткен Жақыбай атасы да би атанған. Ал әкесі Төреханның өзі кешегі ғасырда елді айтқанына жүгіндіріп, жұртын берекелі іске жұмылдыра білген көреген адам, өнерімен баршаны тамсандырған сал-сері болған екен. Өнердің алтын арқауы үзілмей жалғасып келе жатқан текті әулеттен Әдепхан аға да қолына қалам ұстап тумасқа шарасы жоқ еді. Өйткені өнер қонған отбасында ұлттық уызға қанып, ділмарлар даналығымен рухани шөл қандырып өсті. 

Шыны керек, Жақыбай әулеті – өнер қонған берекелі, үлкен шаңырақ. Әдепхан ағамыздың Базархан сияқты бауырлары да ақын, сазгер жандар. Кітаптары оқырманының олжасына айналған бұл қаламгерлердің қазақ руханиятына қосқан үлесі қомақты деп ойлаймын.

Рас-ау, ел аузында күні бүгінге дейін айтылып жүрген Үмбетей, Шегірек, Қошқар, Қазақ арық, Салпық атты бес тоған болған. Бұл осы тоғандардың аталған рулы елдердің күнкөріс кәсібіндегі орны ерекше болғандығының айқын дәлелі. Осы тоған аты берілген Салпық би Әдепхан ағамыздың үлкен атасы. Тегінен тектілік үзілмеген Әдепхан ағамыз өлеңді мектеп қабырғасында жүргенде жаза бастаса да өмірлік ұстанымы ретінде физика-математиканы таңдаған екен. Аталған пәндерден сабақ беріп, сан шәкіртіне білім мен тәлімді қатар сіңірді. Ұстаз есебінде саналы ғұмырын алтын ұя мектептегі ұлағатты қызметке арнады. Сөйте жүріп қолынан қаламын тастамай толымды еңбектер, жыр кітаптарын жазды.
«Жарты ғасыр, елу жыл көктем енді,
Жиырмамен жиырма екі көктегелі.
Қос шынардың қауызы бүршік атып,
Гүл жазира өмірге беттегелі.

Жарты ғасыр, елу жыл қыс өткелі,
Махаббатты қастерлеп, күзеткелі.
Жарты ғасыр күн сүйіп маңдайымнан,
Жарты ғасыр көшімді түзеткелі»
, – деп Алтын тойында жыр түлеткен Әдепхан ағаның асыл жары Рысжан жеңгеміздің қолынан сан мәрте дәм татып едік. Береке мен бірлігі жарасып, қашанда көлде жүзген аққудай жарасымды ғұмыр кешкен, ақын адамын қадірлеп өткен Рысжан тәте де өнегелі, көреген кісі еді. Жүзіне жылылық ұялап, әр сөзін салмақтап жылы лепес білдіретін аяулы жаннан айырылып қалдық, амал не?!

Рас, Әдепхан ағамыз зайыбы ұлағатты ұстаз Рысжан тәте екеуі он бала тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбере сүйді. Абзал жеңгеміз мәңгілік сапарға аттанса да артында ұрпағына ұлағат айтып отырған ақын ағамыз ғасыр ғұмырды еншілегей. Ұзақ жылғы еңбегі еленіп «ҚР Білім беру ісінің үздігі», ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталып, «Панфилов ауданының Құрметті азаматы», «Алматы облысынын Құрметті азаматы» атанды. Осындай ардақты ағамызға жазылған бұрынырақтағы бір сөзімде: «Әдепхан Төреханұлы – ұлы тұлғалардың үнін осы заманға сай жалғастыра білген, ақындық пен азаттықты қатар алып жүрген абыройлы азамат. Оның туған жерге, елге, ана тілімізге деген ерекше құрметі, этнография саласында жазған қадау-қадау еңбектері төл әдебиетімізге қосылған асыл қазыналар. Қарымды қаламгердің әлі де еліміздің әдебиеті мен руханиятының өркендеуіне зор үлес қосатыны шындық», – деп толғанған екенмін. Сеңгірлі сексеннің бесеуіне берекелі ғұмырмен жеткен ардақты жанға айтылған сол көңілдің керім лепесі, тебіреністен туған термелі сөзіміз өзгерген жоқ. Енді Жамбыл ақындай ғасыр жасты еңсерсін деп тілейміз. 

Ермек КЕЛЕМСЕЙІТ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.