Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Кәсіпкерлерді қолдау – даму кепілі

Облыс экономикасы, кәсіпкерлік саласы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Өнеркәсіп, кәсіпкерлік, инвестиция және туризм салаларында тұрақты өсім байқалады. Мемлекеттік бағдарламалар мен бизнеске жасалған қолайлы жағдайлар өңір экономикасының тұрақты дамуына жол ашты. Осы және басқа да маңызды мәселелер жөнінде біз облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Серік Сәбетайұлымен сұхбаттастық.

03.12.2025
ЖАНСАРАЙ
Кәсіпкерлерді қолдау – даму кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

– Бүгінде облыстағы кәсіпкерліктің ахуалы қай деңгейде?

– Қазіргі таңда облыста 62741 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 5293 заңды тұлға, 38801 жеке кәсіпкер және 18647 шаруа қожалығы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары көрсеткіш. Шағын және орта бизнес субъектілерінің республикадағы үлесі 2,9 пайызды құрайды. Жетісу облысы бұл көрсеткіш бойынша 14-орында. Жыл басынан бері облыс бюджетіне түскен салық көлемі 47,3 млрд. теңге болуы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім бар екенін көрсетеді. Қазірдің өзінде 107 мыңнан астам адам шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді.

– Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай нақты қолдау көрсетілуде?

– Биыл шағын және орта бизнесті дамытуға 5,9 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде 795,4 млн. теңге – жергілікті бюджеттен, ал 5,065 млрд. теңге – республикалық бюджеттен бөлінді. Бүгінгі таңда жалпы несие сомасы 8,2 млрд. теңгеге 111 жоба мақұлданды. Бұл жобалардың аясында жүздеген жаңа жұмыс орыны ашылады.

– Қолдау тетіктері қандай бағыттарды қамтиды?

– Біріншіден, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 5,6 млрд. теңге бөлініп отыр. Қазіргі кезде 5,8 млрд. теңге кредиттік сомаға 64 жоба мақұлданды. Кепілдендіру құралына 189,4 млн. теңге бөлініп, жалпы 2,4 млрд. теңге кредиттік сомаға 42 жоба мақұлданды. Сонымен қатар, 5 жобаға 5 млн. теңгеге дейінгі мемлекеттік грант берілді.

– Кәсіпкерлерге сервистік және консультациялық көмек көрсетіледі ме?

– Әрине, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан 31 млн. теңге көлемінде қолдау қарастырылған. Соны алу үшін биыл 861 кәсіпкерге тегін кеңес берілді. Бұл бизнесті бастау мен жүргізуге нақты көмек болды.

– Өңірдің өнеркәсіп әлеуеті қай деңгейде?

– Облыста 584 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 14-і ірі, 12-і орта, ал қалғаны шағын кәсіпорын. Өңдеу өнеркәсібінде 377 кәсіпорын бар. Биылғы 10 айдағы өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 283,1 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, 13 экспорттаушы кәсіпорын жұмыс істейді. Олар өндірген өнімін Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Түрікменстанға шығарады. Қаңтар-мамыр айларындағы экспорт көлемі 46,3 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл өңірдің өндірістік әлеуетінің өсіп келе жатқанын көрсетеді.

– Инвестиция құюда қандай нәтижелер бар?

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа 537,3 млрд. теңге инвестиция салынды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Инвестицияның басым бөлігін бюджеттен тыс қаражат құрайды. Өткен жылы инвестиция есебінен 49 жоба іске қосылып, 1231 жұмыс орны ашылды. Биыл негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 573 млрд. теңгеге жетеді деп жоспарлануда. Оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 430 млрд. теңге немесе жалпы соманың 75 пайызын құрайды.

– Алдағы жылдарға жоспарланған ірі жобалар бар ма?

– Иә, 2025-2034 жылдар аралығында жалпы құны 2,9 трлн. теңге болатын 110 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Соның есебімен 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Мәселен, «КСГК» ЖШС 1,3 трлн. теңгеге кен-байыту комбинатын салып, 2 230 адамды жұмыспен қамтиды. Құны 330 млрд. теңге «Қазақстан – Қытай халықаралық өндірістік қаласы» жобасында 2 мың жұмыс орны қарастырылған. Сондай-ақ, «SKYHANSA» компаниясы 250 млн. теңгеге халықаралық әуежай салып жатыр. Энергетика саласында «Envision KKS» жел-электр стансысын өндіретін зауыт құрылысы басталды.

– Туризм саласы туралы да айтып өтсеңіз.

– Жетісу – табиғаты мен тарихи мұралары бай, еліміздің ішкі туризміндегі жетекші өңірлердің бірі. Қазір облыста 400 туристік нысан жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. Алакөл курорттық аймағында туризм нысандарының саны 34-ке артты, қазір онда 269 орналастыру орны бар. Биыл туризм саласында 6 жоба мақұлданып, жаңа демалыс нысандарының құрылысы басталды. Бұл саланы қаржыландыру мен қолдау шарасы да нәтижелі атқарылуда.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Қажет ОМАРҚАН

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.