Талдықорған: +7°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

КИЕЛІ ШАҢЫРАҚТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ

27.01.2020
ЖАНСАРАЙ
КИЕЛІ ШАҢЫРАҚТЫҢ АЛТЫН ҚАЗЫҒЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Кең сарайдай Мәдениет үйінде «Анаға тағзым» атты мағыналы кеш өтті. Төрде жүзінен мейірім шуағы ескен, ақ жаулығы өңін ашып, қазақ әйеліне тән жайдарылығымен жарасым тапқан келісті ана бейнесі көпшіліктің көзайымы болды. Жұрт назарына дүниеден өткен асыл жанның өмірінен дайындалған деректі фильм ұсынылды. Он бір бала тәрбиелеп, олардан отыздан астам немере, қырыққа жуық шөбере және шөпшек сүйген ана жайлы мазмұнды әңгіменің тиегі ағытылды. Байыпты, ақылды жанның парасатты келбеті мен қоғамға, ортасына нәр берген, әр берген көпшіл кейуананың қарапайым да қызығарлық болмысы әр қырынан танылды. Айналасына туыс-туғанын, ұл-қызын, немере-шөбересін жинап, аналық мейірімін төккен кездерінен сыр шерткен сәттеріне қаныға түстік. 

Өмірде ананың орны тым бөлек, бала үшін ыстық. Тіпті оның мейіріміндей мейірімді, жұдырықтай жүрегіндегі жылылық пен кеңдікті, тереңдікті ешнәрсемен теңестірмейтініміз ақиқат. Сонымбүбі ананың етегіне оралған немере, шөберелері осы рухани таза бұлақтағы мөлдірлікті күнде көрген екен. Содан сусындап, тәрбие деген бастаудан тәлім алыпты. Ақ жүзінен ұрпағына деген махаббаттың самалы ескен батыр ана өз бақытын қолымен қалаған.
Бақ пен құт – адамның ниетіне берілетін құндылық. Әлі де арамызда тағдырларын жақ-сылыққа жалғаған Домалақ ененің жолын қуған қазақ әйелдері баршылық. Сонымбүбі апамдай ел-жұртының ықыласына бөленген, алғысын алған жандардың қатары жетерлік. Осы орайда Төле би бабамыздың аталы сөзі еске түседі. «Қудың берекесінің басы таудай, арты қылдай. Момынның берекесінің басы тарыдай, арты таудай. Момын болайық, ағайын, ата-бабамызға момындық жарасқан» деген. Сол момындық батыр ананың бойынан орын тапқан екен. Барға тасымағанын, жоқ болса жасымағанын, момындығын, көпшілдігін, еңбекқорлығын ауылдастары жырдай қылып айтады әлі. 
Сонымбүбі Ғайнанова 1935 жылдың 25 сәуірінде Қырғыз Республикасы Кемін ауданы Кіші Кемін ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келіпті. Әкесі Құданалы мен анасы Күләйпа екеуі мал шаруашылығымен айналысқан, еңбекпен көркейген жандар. Отбасындағы бес балаға ұлағатты тәрбие берумен қатар өмірден өз орнын табуына да  көп күш салған олардың  ата-аналық борыштарына адал болғанын көреміз. Тұңғыш ұлы Жұмабек медициналық университетті үздік бітіріп, ұзақ жыл Ош қаласындағы орталық аурухананың бас дәрігері, «Ыстық ата» шипажайында бас дәрігер, кейін Жетіөгіз ауданындағы шипажайда бас дәрігер болып, халық денсаулығын сақтауға бар білімі мен қажыр-қайратын жұмсады. Ал Темірбек Ленинградтағы энергетика институтын бітіріп, Быстровка энергокомбинатында басшылық қызметінде жүріп, Чу, Ыстықкөл, Нарын облыстарын электрмен қамтамасыз етіп, еңбегінің жемісін көрген атпал азамат. Басқа да балалары өмірден өз орындарын тапқан. Кіші қыздары Қалыйбүбі (Сайра) ақындар мен батырлар елінде ғұмыр кешіп, ағайын-туған арасында үлкендігін білдірген ана. Апамыздан аумайтын Сайра Ұзынағашта балалары мен немерелерінің ортасында бақытты күндерін өткізуде. 
Момақан тірліктің иегері болған Шаяхмет пен Сонымбүбі апа 1954 жылы отау құрған. Алғашқы жылдардан шаңырақтағы шуақты сәттерді толықтыра бастапты. Шаяхмет атаның Ұлы Отан соғысына қатысып, жаяу әскер қатарында болып, Ұлы Жеңісті жақындатуға қосқан үлесін де айтқан жөн. Жауынгер Еуропаның алты мемлекетін азат етудегі ұрыстарда екі рет басынан, бір рет белінен жарақат алған. Жеңістен кейін ветеринарлық техникумды бітіріп, өмірінің соңына дейін Саурық батыр ауылында мал шаруашылығының дамуына үлес қосты. Ауылдастары оның өзгенің ала жібін аттамайтын қарапайым, еңбекқор болғанын еске алады. «Жақсыдан жақсы туар» демекші, Шаяхмет Ғайнанұлының арғы тегі батыр, би болғандар. Содан кейін де шығар, атамыз тектіліктің үлгісін танытып, халықтың адамы ретінде алдына келгендерге көмек қолын созып, барын ортаға салған. Өмірден өткен соң зайыбы азаматының жақсы істерін жалғастыра білді.
Ия, осындай жандары ізгілікке толы Шаях-мет пен Сонымбүбінің қарпайым қасиеттерін оларды білетіндер ерекше сыйластықпен, қимастықпен ортаға салады. Қазақтың маңдайына біткен хас батыры Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова апамыздың да Сонымбүбі ана жайлы тебірене сөз қозғап, жас ұрпаққа үлгі болар өнегелі өмірін тағылымды әңгімесіне арқау еткені есімізде. 
Енді мемлекет және қоғам қайраткері Шәм-шә Беркімбаеваның айтқанына тоқталайық. 
«Әрине, ата-анасына деген мейірім мен үлкенге деген құрметті, ұлтының тағдырына деген жауапкершілікті бала кезінен бойына сіңіре білген әрі бүкіл өмірімен, игілікті іс-әрекетімен өз балаларына тағылымы мол тәрбие беріп, көпке үлгі бола жүрген азаматтар, шүкір, арамызда баршылық. Бұлар ұлттық құндылықтарымызды сақтауға, сол ұлттың сапалық құрамын жақсартуға үлес қосып жүргендер. Солардың бірі кезінде ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде болған генерал-лейтенант, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Шаяхметов. Текті әулеттің ұрпағы есімі елге белгілі Есқожа, Шуаш, Таңатар, Құдайберді, Медетбек сияқты батыр, би бабаларына ескерткіш орнатқан. Дүйім жұрттың басын қосып ас берді. Қазақ күресінен соғыс және еңбек ардагері марқұм әкесі Шаяхмет атындағы халық- аралық турнир өткізуді дәстүрлі жалғастырып жүр. Алматыдағы №2 мектеп-интернаттан қай қызметте жүрсе де қол үзген емес. Өзім өте сыйлайтын ұлағатты ұстаз, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», бірнеше кітаптың авторы Орынша апай Қарабалина-Қазыбаеваның бұл шәкірті әр жағдайда жанынан табылады», – деп ағынан жарылған еді ол. 
Қарапайым әке мен анадан тәрбие алған Әділ бауырымыз аяулы жандар жайлы әлі де тебіренеді. Анасының рухына бас иеді, құрметтеп, өмірден өткен күндерінде арнайы дастарқан жаяды. Рухына Құран бағыштайды. 
Тағы бір қуанарлық жайт – Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдеп оқытатын орта мектеп-интернатта Әділ Шаяхметов атындағы алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылған. Абай баба айтқандай, «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» демекші, нар тұлғалы азаматтан шәкірттер үлгі алсын деген ниетпен мектеп ұжымы «Ұлы дала қыраны» атты кітап шығарған. Бұл да Шаяхмет пен Сонымбүбі ананың жылдар бойы төккен терінің, берген тәрбиесінің жемісі. 
Қай ана болса да баласын бауыр етіне теңейді. Асылдың сынығындай бала жанының бағбаны болған Сонымбүбі ана 11 баланы дүниеге әкеліп, ақ сүтін беріп аялаған. Әр балаға деген махаббатын жаулығының ұшына түйген. Алладан олардың амандығын тілеп, көз ілмей жалбарынған сәттерін кім есептепті. 
– Анашым! Асыл анам, есіл анам!
Елжіреп есіркеймін, есіме алам!
Мен үшін сен саулатқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам? – деп жырлаған ақиық ақын Мұқағалидың өлеңін тап қазір тұрақты оқырманы Әділ бауырымыз айтқандай болады.
Киелі шаңырақтың алтын қазығы болған Батыр ананың тағы бір ерекшелігі  – жұбайы Шаяхметтің алғашқы әйелі Зейнехан ананың артында қалған Бектұрсын мен Әділбекті бауырына басқаны. Өз балаларынан кем қылмай жақсы тәрбиелеп, жоғары білім беріп, қабырғаларын қатайтқаны. Отбасының тұңғышы Бектұрсынды ұзатып, қолынан жасауын өрнектеп тігіп, той жасап, көзіне жас алып тұрып: «Балам, барған жеріңнің бағын аш, сонда сен де бақытты боласың» деген ақ тілегін бүгінде апа, әже атанған Бектұрсын еш ұмытпайды. Осындай жақсылықты көріп, сезінген отбасындағы жиын-тойдың төрінде апамыз он бір баланың ақылшысы, үлкені ретінде отырады. Бұл – тал бесіктен басталған тәрбиенің жемісі. Үлкенді сыйлау тәрізді қазақи дәстүрдің қаймағы бұзылмаған шаңырақтағы игіліктерді Сонымбүбі апа ұл-қызына мұра етіп тапсырған. Бұдан артық байлық болмас. 
Саурық батыр ауылындағы үлкен-кіші Ба-тыр ананың асыл қасиеттерін айтқанда бірін-бірі толықтыратыны бар. Жамбыл аудандық білім бөлімінің басшысы, ананың жақсы келіндерінің бірі Ләйләш Бәкірова да енесін есіне жиі алады. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген сөз бар. Үлкен әулеттің босағасын аттағанда Батыр ана алғашқы ақылын айтқан еді. Босағасын аттаған шаңырақтың киелі екенін өткен тарихтан сыр шертіп жеткізгені әлі жадымда жаңғырады. Апаның пісірген тоқашы, асқан еті тіл үйіретін. Өзі үстіне қыл жуытпай, басына жібек орамалын келістіре салатын. Кейде біз басымызға орамал тұрмайды дейміз ғой, Сонымбүбі апа: «Қазақ әйеліне орамал жараспайды деген мүлде қате. Қарашы, орамал әйел көркі» дейтін. Марқұм анам Панар екеуі құдағи ретінде жақын сыйласты. Дастарқан басындағы әңгімелері үйлесіп, көпті көрген, көңілге түйгендері мол екенін дәлелдейтін. Олар бала тәрбиесі, өмір жайлы мазмұнды сөз қозғаушы еді-ау. Абзал жандар, ақылман аналар араға жыл салып бірінен кейін бірі өмірден озды. Бұл маған ауыр тиді. Апам балам Бауыржан мен келінім Алмагүлге ақ батасын берді. Олар бес бала өсіріп, өнегелі отбасы болды. Басқа балаларымның тойының төрінде отырды. Кенжеміз Жібекке де оң жол тілеген. Сол тілегі қабыл болып, қазір келін атанып, ұрпақ өсіріп отыр. Смет екеуміздің шаңырағымызда ұл ұяға, қыз қияға қанат қақты. Бұл апамның бізге берген ақ батасының жемісі деп ойлаймын. Әсіресе ауызбірлік, ынтымақ жайлы жиі айтатын. Мұның бәрі тағылым екен ғой».
Келінінің әр сөзінен енесін еске алғандағы ерекше ықылас-пейілін ұққандай болдым. 
Батыр ана сөзге шешен еді. Тыңдаған жұрт әр сөзінен ғибрат алғандай болатын. Әділ ініміз әрдайым ата-баба аруағына Құран оқытып, ағайынның басын қосуды ұмытпайды. Дастарқан басында апамыз құдағиларымен, абысын-ажындарымен жарасып отыратын. Сөз кезегі келгенде: «Айналайын дарқан пейілді, ақкөңіл қазағымнан. Даласындай дарқан, не деген ақылды халық! Ата-баба қалдырған өсиет сөзді тыңдасаң өмірде қиындық көрмейсің. Жасымнан соны жадымда ұстадым. Қырғыздың қызы, қазақтың келіні деген атқа дақ түсірмеуге тырыстым. Оған өздерің баға берерсіңдер. Ағайын-туыс, ауылдастардың арасындағы күнделікті қарым-қатынастағы жақсылыққа жақсылықпен жауап беруге тырыстым, кейбір кемшін тұстарына түсіністікпен қарадым. Ұл-қыздың бетімізге жел болып тимеуі үшін от басы, ошақ қасында ата-аналық мейірімді, адалдықты, кісілікті үлгі етуге тырыстық. Шү-кір, балалардың өн-бойынан осы ізгілікті сезіп келемін» – дейтін еді.
Анаға деген махаббат қашанда көл-көсір. Әсіресе ақын қауымы жырына арқау етеді. Әр өлеңде ана бейнесі тағы бір жақсы қырынан, соны шумақтармен өрілетіні бар. Бақыттың кілтін уысында ұстаған, соңына ізгілікті із қалдырған Сонымбүбі Ғайнанова жайлы белгілі ақын Серік Қалиев те жыр нөсерін төгіпті. 
Қабағыңнан шуақ шашқан таң күлді,
Болғаннан соң тегің асыл жан нұрлы.
Қырғыз қызы келін болып қазаққа
Бір әулеттің шамшырағын жандырды.
Сыйлы болған туысқа да, жатқа да,
Жаны жұмсақ, ұқсаған ақ мақтаға.
Ұлағатты ұрпақ санын өсіріп
Мойынына Алтын алқа тақты ана.
Ана жүрек – мейірімнің бұлағы,
Табанында екі дүние жұмағы.
Дұға оқып тілеріміз Алладан 
Анамыздың жаннат болсын тұрағы, – деп түйген екен.
Әрине, маңайына аналық, даналықпен нұр-шуақ төккен, ұл-қызын мәуелі бақтай гүлдендіргені өзгелерге өнеге. Бүгінде ұрпағы қара ормандай өсіп, әке мен ана рухын асқақтатып келеді. Ақкөкірек ананың үлгісін үкілегендер әрдайым «Анамыздай ақылшы болсақ» деп халқымыздың салт-дәстүрін, үлкен мен кішіге, туыс-туғанға деген ерекше мейірімін ұлықтауда. Бұл дүниемен өлшенбейтін құндылық екені даусыз. Халқымыздың асылы – адами құндылықтарды асқақтататын аналар аман болсын. Сонымбүбі ананың пейіште нұры шалқысын.

Күмісжан БАЙЖАН, 
Алматы облысының, Талдықорған қаласының,
Жамбыл ауданының
Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

11.02.2026
Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

11.02.2026
Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.