Талдықорған: +1°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«КӨК+ИЕ НЕМЕСЕ КӨКЕ»: НАҒЫЗДАРДЫҢ НАҒЫЗЫНА БҰЙЫРАТЫН АТАУ

08.03.2020
ЖАНСАРАЙ
"КӨК+ИЕ НЕМЕСЕ КӨКЕ": НАҒЫЗДАРДЫҢ НАҒЫЗЫНА БҰЙЫРАТЫН АТАУ
WhatsAppTelegramFacebook

Көке, келген жасыңыз құтты болсын… Осыдан бес күн бұрын туған күніңізбен құттықтаймын деп дәл осылай сөз бастап алдым да ойға қалдым: қиқар ақын атанған Әбікен Сарыбаевтың қайсар қызын неге апа, әпке, тәте деп атамадық екен?! «Көке» деп көбіне қазақ ең үлкен ағасын, әкесінің бауырларын айтады. Әйел затын «көкелеу» сирек те болса ұшырасып тұрады. Өте мағыналы, нағыздарға ғана бұйыратын атау ғой.

Содан барып тұтас өмірді електен өткіздім, сіз – нағыздардың (адам, жанашыр, мейірбан) нағызы екенсіз! Содан болар, жарық дүниеге келіп, тіліміз шыққаннан кейін үлкендерден үлгі алып сізді «көке» деппіз.

Бағзы түркіден келе жатқан қасиетті сөз ғой. Көк+Ие! Әуелі Алла, одан кейін өзің демей ме қазекем. «Көке» соны бір-ақ сөзбен береді. «Көке» сөзінің шығуындағы түбір «көк» екеніне шүбә жоқ. Ықылым заманда Көкбөріні төтем еткен Көк түрік Алтайдан ұрандап шығып мемлекет құрғанда Көктен тілеу тілеген, Көкке зарын айтып, мұңын шаққан.

Көке – көк иесінің назарына ілінген, Жаратушының ықыласына бөленген шапағаты мол адам. Мысырда аққұл болып жүрген Бейбарыстың көкейінен осы сөздің кетпеуі бала кезінде бойына дарыған шуақтың өмірлік қуат беруінде болса керек-ті. Содан барып тұтас Ислам әлемінің тірегі болды, себебі, көкенің тағы бір мағынасы – сүйеуші, қолдаушы, тірек.

Қазақтың әрбір сөзі – сезім-балдай,
Тыпыршытып, тұрмайды төзімді алмай.

Үзіліс ұзақ ұстап, гүр-сілкінді:

– «Көке» деген, інім-ай, сөзің қандай! «Көке» Р. Отарбаев рухына. (Мыңжан Байжанин).

Төрт жыл бұрын әдебиет туралы өзгешелеу ой айтқаны үшін ру-тайпалық бақастыққа, табаға ұшырап, кітабы өртелген Рахымжан Отарбаевтай алыпты осылай сүйіндірген сөз еді. Қазір Рахаң жоқ, кітап өртегіш, табалағыштар жайлы налалы сөз айтқанын естімедім. Оларды өзі де, қоғам да ұмытқандай. Кешірді ғой. Көке бола білген адам сондай кешірімшіл келеді.

Өмір осы: аяз қыспақ, қар көмбек,
Сәулесімен жерді сүйіп Күн келмек.
Бір қарасаң – бетін қара бұлт жауып,
Жайнап, ойнап тұрған көгің түнермек.
(Мағжан).

«Аяз қысып», «қар көмгенде» сәулесімен сүйген Күн! Аузымызға Алла салыпты, ана мен әке келместің кемесіне мінгенде мына жалғанда Жаратушыдан кейінгі арқасүйеріміз сіз болдыңыз, көгімізді түнертпей, пендәуи тірлікті тәрк етіп, өмірдің бар қызығын іні-қарындастың жолына құрбан еттіңіз. Өзге үшін азап пен қияметтің соқпағын таңдап, жас ғұмырын жолына төсеген жанды ерте заманда әулие дер еді.

Мамандық адамның пешенесіне жазылады дегені рас екен, сіз – ұстазсыз. Отыз үш жылда тәрбиелеген шәкірттеріңіздің әлі күнге «Апайым қалай?» – деп анталап тұратыны соның дәлелі. Мектеп пен үй арасында тырбанып жүріп бәрімізді жеткіздіңіз! Медет беруші тек Көкте екенін санамызға мықтап сіңірдіңіз.

Қазір зеңгір аспанға көз тастай тәубе етуші аз. Жоқшылықты сездірмей, өзгеге жәутеңдетпей өсіргеніңіздің жемісі болар, бізде ондай жоқ. Өзгенің алдында еңсеміз кете бастаса әкеден қалған «Ала жіпті аттама!» – деген сөзді жиі қайталайтын сіздің сұсты бейнеңіз көз алдымызға тұра қалады, селк ете түсеміз.

Есіктің алды ала жіп,
Қарайды қасқыр қадалып.
Ала жіп егер аттаса, ар-ұятын тастаса,
Қасқырлық кетер жоғалып… 
(Е. Жақыпбек).

Көкке ұлыған көкбөрінің ала жіптен аттамайтыны рас. Не құдірет екенін кім білсін, аңшылар ала жіптен аран құрып, соған қуып әкеліп атады. Даланы жаңғырта мылтық гүрсілдеп, оқ зулап жатса да әлгі керілген  ала арқаннан қарғып өтіп кетпейді, Көкке берген сертінен таймаған күйі жазуға көнеді.

Сіздің артқан сеніміңізге селкеу түсірмеу  үшін мына азуы жалаңдаған ит-дүниенің талауына түсуге әзірміз. Тек Көк тарту еткен көкеміз ренжімесе болғаны. Ренжітсек көксоққан атанамыз. Көк иесі сізге мейірлі, шуақты болып, ғұмырлы етсін! Сізге дарыған жылудан бізге де бұйырды, көке, енді ұрпағымызға төгіп келесіз! Аман болыңыз!

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

Мектеп директорына қатаң сөгіс берілді: Рәміздерді жою кезінде қандай қате кетті?

10.02.2026
Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

10.02.2026
Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Ұлыбритания атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

10.02.2026
Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

Жаңа Конституцияға өту кезеңі: Рәсімдер мен мерзімдер қалай нақтыланбақ?

10.02.2026
Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

Бала құқығы басты назарда: Баспанадан сот шешімінсіз шығаруға тыйым салынбақ

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.