Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«КӨҢІЛ ЗАПЫРАНЫН ТАРҚАТАТЫН»: ӘУЛЕТТІҢ ДӘУЛЕТБЕГІ

31.07.2020
ЖАНСАРАЙ
"КӨҢІЛ ЗАПЫРАНЫН ТАРҚАТАТЫН": ӘУЛЕТТІҢ ДӘУЛЕТБЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қос ішектен төгілген күйдің адам жанын баурайтыны, сырлы саздың бойға шым-шымдап еніп, тұла бойды рахат бір сезімге бөлейтіні рас. Дәулетбек Әлібайұлы да бала кезінен ән-күйдің  сазды ырғағына тербеліп, күмбірлеген күй құдіретіне бөленіп  есейген азаматтардың бірі болатын. Бұл атақты Назарұлы Қожеке  күйлерінің бүкіл елге, одан басқа Қытайдағы қазақтардың арасына  кеңінен таралып кеткен шағы еді. 

Дәулетбектің әкесі Әлібай қолдан жонылған шағын домбырасын атқоржынынан тастамай жүретін. Той-думандарда, қонақта отырғанда күйшілік өнердің мерейін тасытып, шабыттана шертетін. 
Өз жеріндегі Суандармен қатар Іле өзенінің арғы  бетіндегі Албан мен жалпақ Жалайыр арасындағы елге күйшілік атымен танылған Әлібайдың ұлы Дәулетбек қабырғасы қатпай жатып, еңбекке ерте араласты. Өзі қалағандай білім алып шығуына сол кездегі аумалы-төкпелі оқиғалар мен тұрмыстың  тапшылығы мұрша бермеді. Бар-жоғы үш кластық білімімен еңбекке бел шеше кірісті. 
Халық басына қасірет әкелген Отан соғысы аяқталған соң отбасын құрып, зайыбы Бүбина екеуі сол кездері қазіргі Алмалы, Басқұншы ауылдарын біріктіріп отырған «Красный Восток» колхозының бір отар қойын бақты. 
Кішіпейіл де қонақжай Дәулетбек ағамыз науқан кездерінде жіберілген көмекшілеріне, сақпанға келген адамдарға аса жанашырлықпен қарайтын. 
Малшы қауымның қарлы-жаңбырлы, боранды-тұманды, ерін кеберсітер аптап ыстықты күндерді бастан өткеретіндігі көпке белгілі. Соның арасындағы жайма-шуақ шақтарда, қоңыр кештерде қаумалаған жандардың көңілін қалдырмай талантты күйшілер мен дәулескер домбырашылар жайлы небір қызықты әңгімелер шертетін. Кезінде Қытай шеріктерінен қорлық көріп ауыр жарақаттан қайтыс болған күйші Қожеке Назарұлының «Қарайт-Сарайт», «Өкініш», Тәттімбеттің «Көкейкесті», «Сарыжайлау» күйлерін, «Аққу», «Қос келіншек», «Қалмақ биі», «Тоғыз тарау» тәрізді халық күйлерін тартып беріп, жұрттың құлақ құрышын қандыратын. Қос пернеден күмбірлей шыққан қоңыр күйдің сарынына ұйып отырып, өзіне жарық дүние сыйлаған анасы Бижамал жайлы ойға шоматын.
Тым ерте қайтыс болған анасы туралы «Он саусағынан өнері тамған, ауыл үйді киіндіретіндей шебер жан еді» деп еске алатын көзкөргендердің сөзі ойына оралып, анасы туралы жақсы пікір естігенге іштей риза болып та жүретін. Анасы бала-шағаны асыраудың жайымен Қорғас өзенінен Қытай жеріне өтіп, апарған аздаған дүниесін тамаққа айырбастап, талқан, тары, бидай алып келіп жүретін. Осындай күннің бірінде Қорғастың суын кешіп өтіп бара жатқанда Қытайдың қарауыл шеріктері келіп қалып, олар кеткенше жағалаудағы тал тамырына жасырынып, кеңірдегінен келген суда біршама уақыт тұрып қалады. Сүйектен өтетін мұздай судан ауру тапқан анасы көп ұзамай көз жұмады. Осы оқиға есіне түскенде көз жасын төге отырып «Өкініш» күйін зарлата тартып, іштегі дертін, шерін шығарып, көңіл запыранын тарқататын.
Колхоз даласында қайыспас қара нардай еңбек етіп, көзге түсіп, елдің де, басшылардың да алғысын арқалады. 
Соғыстың алдында ғана бір колхозға біріккен шаруа- шылық «Красный Восток» деп аталған болатын. Алмалы ауылындағы тұрғындар мал шаруашылығымен қоса 40 гектар жерге егілген алма бағын күтіп-баптайтын. Сол жылдардағы ауылдың оңтүстігіндегі алма бағында апорттың елімізге әйгілі керемет түрлері өсірілетін. Үлкендігі шарадай, дәмі тіл үйіретін сол алмаларды колхоз еңбеккерлері күзге қарай жинап, тазалап, арнайы станокпен турап, кептіріп, қақ дайындап, еліміздің түкпір-түкпіріне, әскер құрамаларына жіберіп жататын. 
1960-шы жылдары Дәулетбек Әлібайұлының өзіне міндеттелген шаруаны адал да тыңғылықты, жауапкершілікпен атқаратынын білетін колхоз басқармасы оны Алмалы ауылындағы №2-ші бригада жүгерішілері звеносының жетекшілігіне бекітті. Дөңгене алқабынан қарамағына 60 гектардай жер бөліп берді. 
«Тәрбиенің ең жақсы құралы – іс» деп бекер айтылмаған. Дәулетбек Әлібайұлы айналасындағы  адамдарға  қалай  еңбек  ету  керектігін үйреткен кісінің бірі. Өзінің жауапкершілігіне берілген жүгері алқабынан жоспардан тыс өнім өндіріп, мол табысқа ие болғаны үшін 1970 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен,  1971 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1973 жылы «Социалистік жарыс- тың жеңімпазы» төсбелгісімен, 1975 жылы Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің (ВДНХ) қола медалімен марапатталды. 
Тумысынан тектілігін сақтаған асыл азамат осыншама сый-сияпатқа ие болып жатса да  асып-тастым демеді. Ауыл мектебінде еден жуушы болып істейтін зайы- бы Бүбина көңілі ояу, көңіл көкжиегі кең жан болатын. Өнердің қанмен берілетіндігін, әкеден балаға, атадан немереге жалғасатынын білетін олар үлкен ұлдары Дәуренбектің Құрманғазы атындағы консерваторияға түсуін қалады. 
«Кей шақтарда Бүбина жеңгеміз жұбайы Дәулетбектің өнерге деген құштарлығы жайында тамсана айтып отыратын», – дейді замандастары. Жасырақ кездерінде, жайлауда мал бағып жүрген күндердің бірінде «Алмалы  ауылына Рахия Қойшыбаеваның концерті келіпті» дегенді естіп, малды ерте жарықта қоралай салып, шапқылап ауылға түсіп кетіпті. Таулы  жердің  ауа райы  құбылып  тұрады  емес пе, әп-сәтте бұлт үйіріліп, найзағай ойнап, аспан астаң-кестең болып, сатырлай жауған  жаңбырдың соңы нөсерге ұласып  кеткен. Алай-түлей басылып, түн ауған шақта ер-тоқымымен аты келеді. Өзі таңға жуық жаңбыр өтіп, сүме-сүмесі шыққан күйінде жаяу-жалпы болса да көңілді оралады. Айтуынша, найзағай шатыр ете түскенде астындағы аты жалт  беріп, өзі  аунап түсіпті  де  аты  қашып  кетіпті.«Ән мен күйге ынтызарлық Дәулетбек ағаңды қайда апармады?» деп Бүбина тәтеміз күліп отырады екен. Домбыра ойнап күй тартуды Әлібай атасынан үйренген Өмірзақ бауыры екеуі жұмыстан кейін қолы бос кездерінде түпкі бөлмелердің біріне кіріп алып, кезекпе-кезек күй шертісетін. 
Колхоздың кәсіподақ комитеті ауыл еңбеккерлерін мәдени шараларға тартып, өнерпаздардың басын қосып концерт ұйымдастырып, жұмыстан шаршаған ел-жұрттың демалысын біршама қызықты өткізетін. Мұндай кездері Нұрахмет Омаров, Әділшайық Байменов, Мәмен Исмаилов, Сайдахымет Ниязбаев, Тәлен Смағұлов, Бегай Құткелдиев, Тұрсын Қосбармақов,  Тілеужан Есебаев , Әлімақын Наймантаев тәрізді құрдастары бас қосып,  демалыстары керемет өнер сайысына ұласатын. 
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» дегендей, аталарынан үзілмей келе жатқан күйшілік өнер тектен текке жалғасып, немере, шөберелеріне де берілген екен. Дәулетбек ағаның балалары  Дәуренбек пен Нұртәліп, Нұрдәулеттер де музыка мамандары, бірі консерватория бітірсе, енді бірі жоғары оқу орнының музыка факультеттерін тамамдаған. Қазіргі күні Елтінді батыр атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарып отырған ұлы Нұрсағат Дәулетбекұлы күйшілік, әншілігімен қатар көптеген әндердің авторы. Қызы Алтынай 1985 жылы Талдықорған қаласында студенттер арасында өткен домбырашылардың облыстық конкурсында жеңімпаз атанып, рес- публикалық конкурстан да жүлделі орын иеленіп, лауреат атанып қайтты. Бұл күндері Текелі қаласындағы музыка мектебінде талантты шәкірттер тәрбиелеп жүр. Кенже ұлы Тұрсынғали, қыз- дары Баян мен Ақылай да басқа салада еңбек ете жүріп әнші, күйшіліктерімен танылған.
«Ат тұяғын тай басар» демекші, Әлібай аталары кезінде жете алмаған биікті шөберелері Ерғали Тұрсынғалиұлы мен Дәулет Нұрсағатұлы бағындыруда. «Аталарың атақты күйші болған» деген сөзді ертеден естіп өскен ұрпақтары домбыраны ес білгеннен қолдарына алды. 
Ерғали Тұрсынғалиұлы оқушы кезінде елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Домбыра күмбірі – халқымыздың бірлігі» рес- публикалық ұлттық жобасына қатысты. Сол кезден бастап аты ауызға ілініп, түрлі байқауларда жеңімпаз атанды. Соның ішінде Нұрғиса Тілендиевтің 85 жылдығына орай Алматы қаласында өткен «Атадан мұра» күйшілер байқауының лауреаты атанды. Халықаралаық «Ақ көгершін» конкурсының жеңімпазы болды. Күйшілігін әлі де ұштай түсуде.
Кіші шөбересі Дәулет Нұрсағатұлы мектеп қабырғасында өз ынтасымен домбыра үйреніп, Жаркент қаласында өткен республикалық «Дала сазы» байқауында жеңімпаз атанды. Жас маман бүгінде музыкалық сауаты бар мамандардың өзін таңғалдырып жүр. 
Қай ауылға барсаң да өзін қазақ рухтымын дейтін жандардың үйінің төрінде қазақтың қара домбырасы ілулі тұрады. Қонақтардың арасында Дәулетбек Әлібайұлындай бір өнерпаз болса сәлден соң жаныңды әсем сазбен әлдилеп күмбір күй де шертіледі. Егер әр ауылда осындай бір өнер қонған әулет болса, қазақтың әншілік, күйшілік дәстүрі ешқашан жоғалмасы хақ. Ал Алмалы ауылында осы өнерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келе жатқан алтын жіптің арқауын ұстап отырған Әлібай күйшінің әулеті.

М. Солтанаев,
«Жаркент айнасы» газетінің 
бас редакторы, 
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.