Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«Жүзім неміс болғанымен жүрегім қазақ»

12.11.2024
ЖАНСАРАЙ
«Жүзім неміс болғанымен жүрегім қазақ»
WhatsAppTelegramFacebook

 «Бір шеті Алтай мен Атыраудың арасын жалғап, бір сілемі Алатау мен Арқаны тұтастыратын ұлан—ғайыр қазақ даласы қашан да киелі. Себебі, ұшса қыранның қанаты, шапса тұлпардың тұяғы талатын осынау өлке қаншалықты кең болса, жер иесі қазақтың пейілі де соншама дархан. Сондықтан да бүгінде мұнда 130—дан астам ұлт пен ұлыс ірге теуіп, алаңсыз ғұмыр кешуде», — дейді Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің офицері Михаил Рейдер.

Жас офицердің сөзінше, кезінде сан қилы тағдыр тәлкегіне ұшырап жер аударылып келген қаншама халық қазақ даласыннан пана тауып, жан жылуына бөленген. Қазір олар еліміздің әр аймағында береке-бірлікте ұрпақ өрбітіп, өз тірлігін дөңгелетіп келеді. Сондай әулеттің бірінен тарап, қазақ халқының аялы алақанында ер жеткендердің бірі оның өзі. Ол ұлты неміс болса да өзін қазақ санап, әрдайым «жүзім неміс болғанымен жүрегім қазақ» деген сөзді шынайы қөңілмен жеткізеді.

Бүгінде Жетісу облысының орталығындағы 18404 әскери бөлімінде лауазымды қызмет атқаратын майор шеніндегі Иван Рейдердің әріптестерінің айтуынша, ел халқына тыныш өмір мен бейбіт күндер сыйлауда әскери саладағы қызметкерлердің атқарып жатқан жұмыстары ұшан-теңіз. Аға ұрпақ пен жас буын өкілдерінің бірлікті бекемдеп, Отанды қорғау жолында қосып жатқан үлесі әрқашан мақтан тұтарлық. Армиямыздың айбынын асқақтататып жүрген сардарлар мен сарбаздарға қандай да бір құрмет көрсетсетілсе артық емес. Михаил Рейдер өз қызметіне қырандай қырағы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, өнерлі, ұлттар достығының нағыз ұйытқысы. Оның еліміздің өркендеуі жолында істеген істері ізгілікке толы.

Кейіпкеріміз Рейдер Иван 1988 жылы 14 қаңтарда Целиноград қаласында дүниеге келген. Тағдырдың жазуымен ата-анасынан ерте айрылған ол Астана қаласында балалар үйінде есейіп, орта мектепті бітіреді. Кейін Алатау баурайындағы әсем шаһар Алматыдағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери Институтының тәрбие құрылымдарының офицерлері мамандығы бойынша 4 жылдық оқуға түсіп үздік нәтижемен тәмамдаған. Ол алғашқы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің 18404 әскери бөлімі 1-ші десанттық-шабуылдаушы батальон командирінің Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары болып бастаған. 2014 жылы Михаил Талдықорғандағы 48386 әскери бөліміне ауыстырылып онда Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінің офицері психолог болып жұмыс жасайды. Аталған әскери бөлімде бес жылдай абыройлы еңбек еткен оны жоғарғы орын 2019 жылы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылындағы 29108 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімінің офицері психолог қызметіне ауыстырады. Мейлі қай аймақта жүрсе де елеулі еңбегімен елге танылған жалынды жас жігіт 2022 жылы өзі алғаш еңбек еткен Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімі Тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөліміне мемлекеттік-құқықтық дайындық жөніндегі аға офицері лауазымына тағайындалады. Мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, еркін жаза білетін Михаил әскери салада жауынгерлік дайындықтың қыр сырын жан-жақты меңгерген. Түрлі оқу-жаттығуларға қатысып өзіне мол тәжірибе қабылдаған офицер. Сондай шеберлігінің арқасында ол осыған дейін әуедегі ұшақтардан парашютпен 30-ға жуық түнгі және күндізгі секірістеруді сәтті орындаған. Әрі мінсіз қызметі үшін бірнеше мерекелік медальдармен марапатталған.

 Әскери бөлім басшыларының сөзінше, «Ер жігітке жеті өнер де аз» деген. Михаил Рейдер үрмелі музыкалық аспаптарды тамылжыта ойнаумен қатар спортта да белсенді. Бастысы қыста хоккей ойнап шаңғы тебуге әуес. Жұбайына сүйікті жар, балаларына қамқор әке. Бүгінде ол жары Анна Александр екеуі Евгения, Софья есімді екі қыз, Илья есімді бір ұл тәрбиелеуде. Халқымызда «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген аталы сөз бар. Аталған жарасымды жұптың үш баласы да ұдайы каратэ спортымен шұғылданып келеді. Жеткен жетістіктері де аз емес. Көптеген жарыстарға қатысып жүлдегер атанып медаль кубоктар еншілеген. Қазірге спорт шебері дәрежесіне сай үлкен қызы Евгения жасыл белбеу, кіші қызы Софья сары жапсырмамен көк белбеу, ал, спорттың осы түрімен шұғылдануды енді бастаған ұлы Илья қызғылт сары белбеу тағады.

 – «Отанға деген махаббат отбасынан қалыптасады. Мен ата-анам болмаса да қазақ деген халқынның қалтқысыз қамқорлығында есейіп ер жеттім. Батырларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен көздің қарашығындай қорғаған Ұлы даланың ауасын жұттып, суын іштім. Сондықтан да жүрегім әрдайым туып өскен елім, киелі жерім деп соғады. Қазір мен Отан деген ұлы шаңырақтың бір уығы болып шаншылып, қасиетті елім үшін еңбек етіп жүргеніме дән ризамын. Ұрпақтарымды да ел патриоты етіп тәрбиелеуге барымды арнаймын», – дейді майор Михаил.

Бізде берекені бекемдеп, бірліктің үлгісін көрсетіп жүрген асыл азаматтың отбасына амандық, қызметіне табыс, күндеріне көңілділік тілейміз!

                                                                    Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026
Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

Қазақстан халқы бір жылда 212 мыңнан аса адамға өсті

02.02.2026
Бір ойын – бір ғұмыр

Бір ойын – бір ғұмыр

02.02.2026
Жас сарбаздар ант берді

Жас сарбаздар ант берді

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.