Талдықорған: -2°C
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Әлемді мейірім құтқарады

03.04.2024
ЖАНСАРАЙ
Әлемді мейірім құтқарады
WhatsAppTelegramFacebook

Достоевскийдің «Сұлулық әлемді құтқарады» деген сөзі бар. Бұл тәмсіл қате болуы да бек мүмкін. Өйтетұғын жөні бар. Сөзді адам айтады ғой. Қате болмасын, бірақ біз тараптан өзгертіп айтайықшы. «Мейірімділік әлемді құтқарады». Бұл рас енді. Николас Уинтон есімі таныс па? Танымасаңыз айтайық. Екінші дүниежүзілік соғыста Германияның еврейлерді қынадай қырғанын талай жұрт біледі. Фашистер бала-шағаны да аямаған. Осы уақытта ол Чехословакия аумағынан еврей балаларын астыртын Ұлыбританияға жөнелтіп отырыпты. Ерлігін соғыс бітсе де құпия ұстапты. Бақандай 49 жыл. 1988 жылы Уинтонның жары үй ішін жиыстыру барысында қойын дәптер табады. Сол жерден күйеуінің ерлігін анықтайды. Бақсақ, Николас Уинтон қанқұйлы фашистердің тырнағынан 669 баланы құтқарған. Міне, «Мейірімділік әлемді құтқарады» дегеніміздің дәйегі.


Құдайға шүкір, қазір заман бейбіт. Аспан ашық. Бірақ зұлматты жылдарда ерлік жасаған Николас Уинтонның қарекетін қазір де қайталап жүргендер бар арамызда. Айналаға мейірім төгіп жүргендерді көз көріп жүр.

Тәмсілді сөзді тәспірлеп болсақ, осынау ми қатпарында әлқиссалатқан ойдың мәйегіне оралайық. Біреу білер, біреу білмес, Текелі қаласы жайында сөз қозғалса «Делай добро, Текели» дегенді қала атауымен қосарлай түседі. Өйтетұғын өз жөні бар. Үш сөздің басын біріктірген де осы мейірімділік, жақсылық, ізгілік атаулы игі қасиеттерді бойына жинаған жалынды замандастардың топ атауы. Нақты айтқанда, қоғамдық бірлестік осылай аталады. «Делай добро, Текели». Қазақша тәржімаласақ «Текелі, жақсылық жаса!» деген ұран шыға келеді. Атауының өзі мейірімділікке үндеп тұрған қоғамдық бірлестік жайында Жетісу өңіріне сапарлап келгенде сол кездегі ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Қыдырәлі облыс хақында танымын Жерұйық сөзі мен «Делай добро, Текели» қоғамдық бірлестігімен ұштастыратынын жеткізген-ді. Мұны өңірдің абыз басылымы айшықтай жазған да еді.

Сонымен, сөз домбырасының қос құлағын нақышымызға үндестігін келтіріп алсақ, осы қоғамдық бірлестіктің өзгелерден не артықшылығы, не кемшілігі барлығын таразылайық. Өйткені өңірімізде, әрісі елімізде жүздеген, мыңдаған қоғамдық бірлестік бар. Олар да «Делай добро, Текели» сынды қоғам игілігіне жұмыс істеуде. Бірақ,  текелілік еріктілер істеген шаруасы мен қарекетін пұлдаған емес. Біз білетін талай қоғамдық бірлестік жергілікті билік тарапынан қаржылай қолдау көріп, нәтижесінде соған сай жұмыс атқарып жүр. Ал, «Делай добро, Текели» жақсылық пен мейірім шуағын тегін төгуде.

Атаулы қоғамдық бірлестік жайында хабарлар 2018 жылдан тарала бастады. Себебі, сол кезден бұл ұйым қайырымдылық жасаумен шұғылданды. Негізін қалаушы – Халида Кусанова. Жалғызбасты ана жұмыс барысымен 2017 жылы Қарағанды қаласынан Текеліге қоныс аударып келеді. Сол уақта «Adventurе Life» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Александр Артющенкомен танысып, қоғамға, қоршаған ортаға жәрдемдесу жайында ойымен бөліседі. «Бір бастан екеу жақсы» деген, екеулеп жүріп «Делай добро Текели» бірлестігін құрады. Бірақ, алғашқы қадамын 2018 жылы жасағанымен құрылым 2022 жылы мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Бүгінде Халида Кусанова жанына өзі секілді айналаға мейіріммен қарайтындарды жиған. Ұзын-саны 100 ерікті. Әрқайсысы әр салада еңбек етуде. Мәселен, Александр Артющенко туризм саласында, Әлима Насырова сән салонында, Жандос Серіков Текелі қалалық Мәдениет үйінде, ерлі-зайыпты Светлана мен Дмитрий Зуевтер дін қызметкері. Бірақ, оларды бір мақсат, бір мүдде тоғыстырады. Олар – әлемге жақсылық шуағын, мейірімділік нұрын себуді көздейді.
– Мақсатымыз – адамдардың өмірін өзгерту. Бұл бағытқа итермелеген өмір қиындықтары десем, жаңылмаспын. Екі бала тәрбиелеген жалғызбасты ана үшін жарық әлем өз қиындықтарын даярлап қойған ғой. Соған қарамастан, өзгелердің жақсылықтың шұғыласына шомылуын қаладым. Көп жағдайда жұрт «өз басының мәселесін реттей алмай жүріп, бәзбіреудің мәселесін шешуге ұмтылғаны несі?!» деп сөгіп жатады. Шын мәнінде біз жұртқа, айналамызға жақсылық жасау арқылы ләззат, рахат алатын жандармыз, – дейді Халида Кусанова. 

Бірлестік жетекшісінің сөзінше, Текелі қаласында «Делай добро, Текели» whatsapp чаты бар. Мұнда 400 адам тіркелген. Бір қызығы, мұнда әкім де, қара да, басшы да, қосшы да, депутат та қосылған. Тау бөктеріндегі шаһардың ішінде оқыс жағдай тіркелсе осы чат арқылы жылдам хабар алуға болады. Бастысы, жағдайға сәйкес жылдам қарекет етуге де қолайлы. Айтпақшы, бірлестік мүшелері көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үнемі даяр. Мәселен, ресми мекемеден құжат ала алмай жүрген егде жастағы кісіден түрлі табиғат апатынан зардап шеккендерге дейін «Делай добро, Текели» бірлестігіне жүгінеді. Табиғат тосын мінез танытқанда тау бөктерін бес саусағындай білетін Александр Артющенко еріктілерге жетекшілік етеді. Мәселен, бірер жыл бұрын лай көшкіні болғанда да, биыл елді елең еткізген 14 жасар баланың жоғалуында да еріктілер қарап қалмай, көштің басында жүрді.

Жақсылықтың жаршысы, мейірімнің хабаршысы танылған «Делай добро, Текели» қоғамдық бірлестігі бірер жылдың көлемінде талай алғысқа кенелді. Халида Кусанова бірнеше орден-медальді кеудесінде жарқыратты. Бәрі қоғам үшін төккен тердің өтеуі. Бірақ, қоғамдық бірлестіктің де жергілікті билікке өтініші жоқ емес екен. Таулы жерде адам өмірін құтқаруда ұялы байланыстың нашарлығы көп кедергі. Осындайда радиостанция аса қажет. Сонымен қатар, еріктілер жол талғамайтын көлік, мейірім шуағын төгушілер бас қосатын ғимарат һәм қиын-қыстау кезде қажетті жабдық сақтайтын қойма болса деген тілегін де жеткізді.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

Алты елдің парапланшылары Жетісу көгінде самғады

05.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

05.02.2026
Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

Жаңа Конституция жобасы: Бас Прокуратура 18-бапты нақтылауды ұсынды

05.02.2026
Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

Айдарбек Қожаназаров жаңа Конституцияда ұлттық валюта теңгені бекітуді ұсынды

05.02.2026
Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

Жетісу облысында ауылдық жерде тағы бір медициналық нысан пайдалануға берілді

05.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.