Талдықорған: +6°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТА

15.12.2024
ЖАНСАРАЙ
ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫН НАСИХАТТА
WhatsAppTelegramFacebook

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас байлық, асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, батырлық, ерлік, тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал-мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді. 


Ұлт әдебиетімен сусындаған баланың тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, тіл байлығы мол болады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне қарай анықтап алу керек.

Қиял дүниесінен тараған ғажайып ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар, бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол.

Қазақ әдебиетімен таныстыру арнайы өтетін оқу-ісі қызметтері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білуіне ықпал етеді.

Халық ауыз әдебиетінің ең бір негізгі саласы – ертегі өте ерте заманда, тіпті, жазу-сызу болмаған кезде туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегінің алатын орны зор. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойған мақсат – ертегінің мазмұнын дұрыс түсіндіру, балалардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында оқушылар оқыған ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, мінезін беруге тырысады.

Ұлт әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ балалардың дүниетаным қабілетін дамыту, тақырыпқа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу-іс әрекетінде жиі қолданылады. Мысалы, балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы дамиды. Сондықтан бақылау кезеңінің нәтижелі өтуіне мән беремін. Қыс уақытында серуенге шығар кезде қардың суық болатынына, алақанға салып ұстасаң еритініне де көңіл бөлемін. «Қолға ұстасам қар ериді, себебі, қол жылы», – деп көрсетемін. Балалар бірнеше нәтижеден соң өздері қардың қасиеті жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға: «Қыста ғана болады, ұстасаң қол тоңады», – деген жұмбақты жасырып, өздеріне айтқызып, жауабын табуды жүктеймін. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып, мағынасын түсіне бастайды.

Қорыта айтқанда, балаларды рухани тұрғыда жаңғыртуда, тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем болуында халық ауыз әдебиетінің берері мол.

Мира Күдербаева, 
«Балбөбек» бөбекжай-
балабақшасының тәрбиешісі
Қарашоқы ауылы, 
Кербұлақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

Қазақстан – Мажарстан жолдастық кездесуіне қатысты ресми шешім қабылданды

24.03.2026
Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан елдердің қатарына енді

24.03.2026
Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Президент Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

24.03.2026
Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық блогер «Ильярчикке» мемлекетаралық іздеу жарияланды

24.03.2026
Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

Егіздер көбейді: елде демографиялық өсім қарқыны қалай?

24.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.