Талдықорған: +1°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН

04.10.2024
ЖАНСАРАЙ
ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ДӘРІПТЕГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Домбыра – ұлтымыздың басты музыкалық аспабы, сан ғасырлық тарихы мен сырлы шежіресін бойына жинаған киелі жәдігер. Онымен тартылатын күй асыл мұралардың бірі болса, ән айту өнерінде ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміздің бейнесі бейнеленген. Ұлы өнеріміз ұмыт қалмасын деп, ұлттық қазынамызды болашақ ұрпаққа дәріптеп, жанашыры болып жүргендер жетерлік. Сондай жанның бірі – Үштөбе қаласындағы балалар шығармашылығы орталығы домбыра пәнінің ұстазы Жанар ТҰТҚАБЕКОВА.


Қасиетті домбыраны қолына алып, сан ғасырдан жеткен қоңыр сазды бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіруге аянбай еңбек етіп жүрген ұстаз Шымкент облысы, Ордабасы ауданы, Бөген ауылында туған. Бала күнінен қазақтың қасиетті домбырасын жанына серік еткен жан ауылдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті тамамдап, 1990 жылы Қанабек Байсейітов атындағы музыкалық училищеде білім алады. Кейін 2012 жылы І. Жансүгіров атындағы университетіне оқуға түсіп, «Музыка және ән» мамандығын тамамдайды. Еңбек жолын 1994 жылы Қаратал ауданындағы балалар шығармашылық орталығынан бастайды. Содан бері балаларға ұлттық аспапта ойнауды үйретіп, аталмыш мектепте табан аудармай жұмыс істеп келеді.

– Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуы тиіс. Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап қазақтың ұлттық аспаптарында ойнауды үйрету, дәстүрлі әнші болуға тәрбиелеу. Сол үшін де ауданымызда қандай шара болмасын ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән айтуды қолға алып отырмыз, – дейді кейіпкеріміз.

Өнерлі жанның өрісі кең. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтап жүрген ұстаздың шәкірттері бүгінде халықаралық, республикалық додаларда топ жарып жүр. Атап айтсақ,2021 жылы республикалық «Жас Дарын – 2021» атты балалар байқауында «Аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша Ердос Сергазинов бас жүлдегер атанды.  2020 жыл II Халықаралық «Ұлы дала рухы» байқауында «Балдәурен» домбырашылар ансамблі жеңістің желкенін көтерді.2021 жылы домбыра сыныбының оқушысы Даниал Ашимжан республикалық «Дарынды Дарабоз» атты балалар байқауында «Аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады. 2023 жыл республикалық «Дала сазы» байқауында Ершат Байқаданұлы 1-орынды иеленді. Биыл «Гүлнар фест» халықаралық байқауында МейіржанСапарғали, Нұрсұлтан Уәлихан бас жүлдені еншіледі.

Білікті маманның еселі еңбегі ескеріліп, 2023 жылы «Дарынды Дарабоз» байқауында «Үздік ұстаз» төсбелгісін, 2021 және 2024жылдары республикалық «Жас Дарын» орталығы берген«Педагогика саласының үздік қызметкері» төсбелгісін тақты.

Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Олай болсашәкірттерін домбыра үйірмесінде ғажап өнерге баулып, шығармашылық ізденістің үстінде жүрген ұстаз балалардың домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыруда.

Дәстүрлі ән десе ішкен асын жерге қоятын отбасының ұл-қыздарына дейін өнерлі. Қай аспапты берсең де еркін ойнайды. Отағасы Жұмағазы Тұтқабеков аталмыш шығармашылық орталықтың директоры,үлкен ұлы Жандос Сергазинов Жылыбұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің директоры. Кіші ұлы Ердос Сергазинов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті. Қазақ өнерін жоғары бағалайтын, бабаларымыздан қалған жырды жаңғыртатын осындай жандар көбейе берсін демекпіз.

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.