Талдықорған: +3°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҰЛЫ ІСТЕ БАСТАЛҒАН ДОСТЫҚ

05.03.2020
ЖАНСАРАЙ
ҰЛЫ ІСТЕ БАСТАЛҒАН ДОСТЫҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Ілияс Жансүгіров атындағы педагогикалық институтта ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Жиында «Ілияс сатирик» деген баяндама жасадым. Секциялық отырысты сол кездегі қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі Күлтай Әбілқасымқызы жүргізді. Сөз сөйлеушілердің арасында Сәкеңнің баяндамасы ерекше ұнады. Жиын аяқтала сала қасына барып, таныстым. Орта бойлы ақсары жігіт сабырлы, салмақтылығымен жақсы көзқарас қалыптастырды. Менің Сайлау Қожағұлов досыммен таныстығым осылай ұлы істе басталды.

Сәкең әдебиетке жақын екен. Әсіресе, Абай шығармашылығымен жақсы таныс. Сөйтіп, жылжыған жылдармен бірге Сәкеңнің өмір жолы осы жоғары оқу орнымен біте қайнасты. Жан жары Гүлмира Қуантайқызы екеуі студент кезінде отау құрып, Құдайдың берген Меруерт, Назым, Ақбота, Айзере есімді қыздарын бағып-қағып, өсіріп, олардан дүниеге келген немерелерін сүйіп, берекелі, бақуатты өмір кешіп отыр. 
Әріптестігіміз достыққа, достығымыз ағайындыққа ұласты. Екінші қызымызға Гүлмира кіндік шеше болып, туысқан болып кеттік. Бүгінде сол бүлдіршін Назерке қызымыз бойжетіп, тұрмысқа шығып, отбасын құрып, балалы-шағалы болды, шүкір. Бар қуанышта, жетістікте біргеміз. Ол 2000 жылы Әсет Найманбаевтың ақындық мұрасы (поэтикасы, текстологиясы) тақырыбында ҚР ҰҒА  М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кандидаттық диссертация қорғағанда да бірге жүрдік. Қазақтың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Болатжан Абылқасымов сөзге шешен адам еді. Ағамыз шәкіртінің ғылыми жұмысты қорғауына бар күш-жігерін жұмсады. Әдебиет майталманы Тұрсынбек Кәкішевтің «мына жігіт, қорғатпай-ақ, дайын тұрған ғалым ғой» деп тамсанғаны абыройды асырды.
Қазір, Құдайға шүкір, Сәкең Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тәжірибелі маманы. Ғалым «Абайтану ілімі», «Мәтінтану (текстология) мәселелері», «Халық ақындары мұрасы», «Жетісу өңірінен шыққан ақын-жазушылар мұрасы» тақырыбын зерделеп келеді. Ол 2012 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жамбылтану және халық ақындары институтының ғылыми жобасына қатысып, жеңімпаз атанды. Сайлау Қажыбекұлы осы білім ордасымен байланыс аясында Әсет Найманбайұлының екі томдық, таңдамалы жинағын бастырып шығарды. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жоғары білімнен кейін білім беру және кадрларды қайта даярлау институтының тапсырысымен «Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері» (магистратураға арналған) оқу-әдістемелік құралын дайындап, жарыққа шығарды. Ол республикалық «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналының алқа мүшесі. Талдықорғандағы ономастика комиссиясының мүшесі. Ғалым «Антика әлемі: оның көне түркі әдебиетімен байланысы» атты ғылыми-зерттеу жобасына қатысып, жемісті еңбек етті. Нәтижесінде, көне түркі әдебиетінің Еуропа әдебиетімен байланысы мен үйлесімділік тұрғысындағы жаңа зерттеулері мен жаңашыл ой-пікірлерінің тиегі ағытылып, соны тұжырымдарға жол ашылды.
Сайлау Қожағұловтың әдебиеттану ғылымы үшін «Жұматай Жақыпбаев жырларының жасампаздығы» атты жұмысы «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» журналына, іргеміздегі Қытай жерінде «Жетісулық ақын-жыраулар дәстүрі» атты жұмысы «Іле педагогикалық университеттің ғылыми журналына (Jornal of Yili normal universiteti)», «М. Әуезов және Абай мұрасы», «Әуезов оқулары – 2014» Х Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда оқылса, «Абайтану пәнін жоғары оқу орнында жаңаша оқыту» республикалық ғылыми-практикалық конференциясында баяндалса, «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша орта мектептің 5-11-сыныптарына арнаулы курстардың бағдарламасы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынылып, жарыққа шыққандығы тек кафедра емес, университет үшін де үлкен олжа.
Сәкең үшін 2015 аса жемісті жыл болды. Оның әдебиет саласы бойынша жазған бірқатар еңбегі шетелдік басылымдарда жарық көрді. Атап айтар болсақ, «Особенности текстов первого издания произведений Абая», «Мұхтар Әуезов – Абай мұрасының мирасқоры» деген мақалалары «Научные перспективы ХХІ века» жарияланымында Ресейдің Новосібір қаласында жарық көрсе, «Первое издание сочинении Абая» деген мақаласы Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің «Хабаршысында» жарияланса, «Евгений Онегин» романы халық ақындарының жырлауында», «Қазақ көсемсөзінің зерттелуі» деген мақалалары Украинаның «Переяслав-Хмельницький державний педагогічний университетінің «Збірник наукових праць» ғылыми журналында жарық көрді. Сол жылы «Әдебиет теориясы» пәні мен «Шешендік өнер» пәні бойынша дәрістер жинағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған еңбектері басылымда жарық көріп, еңбегі еленді. Алыс шетелдік Scopus journal деректер базасында «Мұхтар Мағауин новеллаларының поэтикасы» «Internotional Journal of Environmental and Science Education» журналында жарық көрсе, «Антика дәуірі әдебиетіндегі сабақтастық» «Journal of Language and Literatyre» журналдарында жарияланды. Бұл басылымдар тек автор ғана емес, қызмет істейтін жоғары оқу орнына да зор мәртебеге ие. 
«Алаш зиялыларына айтылған наз» мақаласы «Қазақ тарихы» журналында, «Халық ақындары жырлаған Евгений Онегиннің нұсқалары» Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің хабаршысында, «Нәзира дәстүріндегі қисса жанры» Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, шет-елдік журналдарда «Әсет ақын мұрасының зерттелуі» ҚХР ШУАР қоғамдық ғылымдар бірлестігі журналында жарық көрді. Сайлау ғалымның «Жаһандық ғылыми кеңістіктегі жастар миссиясы: келелі мәселелер мен мүмкіндіктер көкжиегі», «Қ. Мұхаметханов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері», «Жамбыл Жабаев – Ұлы Даланың алып жыршысы», «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағылым және тәуелсіздік мұраттары» атты еңбектері жарық көрсе, онлайн-конференцияда ғалымның «Жамбылдың ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері», «Қазіргі заман қаһарманы Герольд Бельгер», «Development oh The Eurasian Scientific and Humanitarian Space and Its Nodern Achievements» Eurasian National University» атты айтылған зерделі сөздері мен баяндамалары халықтың қошеметіне бөленуде. 
Қазақ жұрты жаратылысынан өткір әзіл, тапқыр сөзге бейім халық. Елді аузына қарата сөйлеп, шешілмей жатқан жанжалды екі-ақ ауыз сөзбен шешкен халқымыздың мұндай қасиеті әлі де болса жалғасын табуда. Абай мен Мұхтардай кемеңгерлерді дүниеге әкелген қасиетті топырақтан жаратылған Сәкең қиыннан қиыстырып, төтесінен төге сөйлейтін адам. Әзіл-оспаққа да жүйрік. Дос-жаран арасын күлкіге көміп жүретін қасиеті көпшілдігі мен ақкөңілділігін байқатады. 
Ұлыларды ұлықтау – ғалымның басты мақсаты. Сәкеңнің ізденіс жұмыстары болашақ ұрпақ іздеп жүріп, пайдаланар – қазына. Алаш ардақтыларының шығармаларын жинақтап, зерттеп-зерделеуі ел үшін сіңірген ұшан-теңіз еңбек, баға жетпес байлық. Ендеше, білім саласында көп жылдан бері бірге келе жатқан үзеңгілес досыма ғылым жолындағы еңбегің жемісті болсын деп тілек айтамын. 

Мұратбек ИМАНҒАЗИНОВ, 
филология ғылымдарының докторы,
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университетінің профессоры

Қатысты жаңалықтар

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

Жұлдыз Сүлейменова: Білім саласындағы реформаның өлшемі – ұстаздың абыройы мен құқықтық қорғалуы

11.02.2026
Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

11.02.2026
Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

Қысқы Олимпиада: Михаил Шайдоров үздік бестікке енді

11.02.2026
Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Сербия мен Қазақстан өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

11.02.2026
Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

Елена Рыбакина қай елде тұратынын айтты

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.