Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

МАЙТАЛМАН МАТЕМАТИК

12.06.2020
ЖАНСАРАЙ
МАЙТАЛМАН МАТЕМАТИК
WhatsAppTelegramFacebook

«Жаныңда жүр жақсы адам» дегенді жиі естиміз. Қолынан келгенше адамға қайырымдылық жасап, көмектескісі келіп, өзіндік ерекше бір ынта-ықыласын білдіріп, жүрегі елжіреп, аңқылдап тұратын жанды көргенде:  «Е, ел құрметтейтін жақсы адамдар осындай болады екен-ау» деп тоқтам жасайтыныңыз хақ. Сондай жанның бірі –  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, ғылым кандидаты Жеңіс Омаров десек, артық айтқандық болмас. Ол қашан көрсең де  елгезектік танытып, барынша ақниеттілігін білдіріп, айтқан шаруаңды шешуге қол ұшын беруге даяр тұратындығымен беделін өсіріп, мәртебесін биіктетіп жүрген білікті маман-ұстаз деуге әбден лайықты жан.

Жеңіс Әбдіғапарұлы Жетісу өңірінің ең бір шұрайлы да құнарлы аймағында, Іле өзенінің батыс жағалауына таман орын тепкен елге аңыз болған Әнші құмның баурайындағы топырақта, былайша айтқанда, Кербұлақ ауданына қарасты  Басши ауылында қарапайым шаруа отбасында өмір есігін ашқан. Осы мекендегі орта мектепті бітірісімен Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде оқиды. Оқу орнын тамамдаған соң  Білім министрлігінің жолдамасымен Талдықорған педагогикалық институтында математика пәнінің оқытушысы болып жұмысқа орналасады. 1979–1983 жылдары аралығында осы институтта ассистент және оқытушы болып, білімгерлерге тиянақты білім беру ісіне өзіндік үлесін қосуда ізденімпаздықпен еңбек етеді. 1983–1985 жылдары Ресейдің Новосибирск мемлекеттік университетінде физика-математика ғылымдарының  докторы, профессор Виктор Александрович Горбуновтың  жетекшілігімен стажер-зерттеуші болып жұмыс істеп, білімін одан әрі жетілдіреді. Білімін тереңдетіп, дәріс беру тәжірибесін толықтыра түскен  Жеңіс Әбдіғапарұлы Талдықорған қаласына оралып, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің математика кафедрасында оқытушы және аға оқытушы қызметін атқарады. Ізденімпаз әрі еңбекқор білікті  маман 1988-1991 жылдар аралығында Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде математикалық логика, алгебра және сандар теориясы бойынша аспирантураға оқуға жіберіледі. Ғылыми жетекшісі Новосибирск мемлекеттік университетінен болғандықтан үш жылға осы жоғары оқу орнына барып оқып, математика мамандығының тылсым сырларына қанығып, білімін тереңдете түседі. 

Алпыстың асқарында

Алғыс айтам өсірген еліме мың,
Кілең жақсы, жайсаңдар төңірегім.
Мына жарық дүниеге есік ашып, 
Әнші құмның төрінде түлеп едім.

Шуақ шашып атты да күнім күліп,
Еңбек жолын байқарсың жырымды ұғып.
Батасын ап Басшидей ауылымның, 
Алматыға кетіп ем білім қуып.

Жол бермей күмәндер мен күдіктерге,
Білім алып шыға алдым  күліп төрге. 
Жылдар бойы жинаған білімдерім
Жетеледі, шығарды биіктерге. 

Сынақтардан сан өттім, тартынбадым,
Білгенімді үйретіп шәкіртке мың.
Еркелеткен елімнің арқасында,
Міне, бүгін  алпысты алқымдадым.

Тағдырдың ащы-тұщысын көріп қалдық,
Ұстаз ретінде біраз білім беріп алдық.
Өмір деген шыр айналған дүние ғой,
Алпысыңа біздер-дағы келіп қалдық!

Жеңіс Омаров

Білімге деген құштарлықпен тынымсыз ізденіс үстінде жүретін ұстаз Омбы мемлекеттік университетінде «О характеризуемости некоторых классов решеток» тақырыбы бойынша 1993 жылы кандидаттық диссертация корғап, сол жылы Мәскеуден физика-математика ғылымдарының ұйғарымымен ғылым кандидаты дәрежесі беріледі. Білімін жаңа талаптар тұрғысынан жетілдіріп, ізденіспен ынталана еңбек еткен ұстаз  доцент атағын  иеленеді. Жас маман 1992–1997  жылдары Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті  жоғары математика кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалады.  Басшылық қызметін абыройлы атқарған Жеңіс Әбдіғапарұлының әріптестері арасындағы беделі биіктеп, мәртебесі өсе түседі. Жоғары оқу орнының басшылығының ұйғарымымен білімгерлердің жаңа легін қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы  міндетін атқару жүктеледі. Бұдан кейін, яғни, 2003–2005 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер міндетін  атқарады. Осы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті физика-математика факультетінің математика және математиканы оқыту әдімтемесі  кафедрасында доцент қызметін тұрақты атқарып келеді. 
Математика және информатика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жеңіс Әбдіғапарұлы Омаровтың ізгілікті ізденісінің нәтижесінде елуге жуық ғылыми еңбегі жарық көрген. Оның үшеуі  оқу құралы  ретінде пайдаланылады. 
Университет пен  факультет  тарапынан міндеттелінетін қоғамдық жұмыстың  ешқайсысынан қашқақтамай, керісінше белсене қатысуды парыз санап  жүретіндігімен де педагогикалық ұжым арасындағы  беделі  де жоғары.
Доцент Жеңіс Омаров қала және облыс мектептерімен тығыз байланыс жасап, талантымен, дарындылығымен ерекшеленген жасөспірімдердің  математика саласы байынша пәндік  білімін тереңдетіп үйретіп-түсіндірумен ұдайы шұғылданады. Хакім Абайша айтқанда, «ұстаздық еткен  жалықпас, үйретуден балаға»  деуге лайықтының  нақ өзі.  «Баламды жоғары оқу орнына түсуге даярлауға көмектесіңізші» деп өтініп келетіндер де көптеп саналады. Осындай тілектерді құп көрген Жеңіс Әбдіғапарұлының ғылыми жетекшілігімен төрт оқушы ғылыми жобалар бойынша халықаралық жарыстардың, ал 10-нан астам оқушы ел көлеміндегі жарыстардың жеңімпазы атанып, өздерінің жүрек қалауымен таңдаған жоғары оқу орындарына емтихан сынақтарын тапсырған кезде еш кедергісіз оқуға түсіп кеткенін  ата-аналарының мақтанышпен айтқанын талай мәрте естігеніміз бар. Сонымен бірге  Түркістан қаласында өткен Қазақстан жоғары педагогикалық оқу орындарының республикалық математика олимпиадасында Жеңістің тәрбиелеген шәкірті Кәмила Көкенованың  үшінші орын  жүлдегері атануы да осы сөзіміздің дәлелі. Сондай-ақ, Қызылорда  мен Павлодар қалаларында өткен Қазақстан жоғары педагогикалық оқу орындарының республикалық математика олимпиадаларында Жеңіс Омаров жетекшілік еткен білімқұмар шәкірттерінің бірінші және командалық үшінші орындардың жеңімпазы атанғанын да мақтанышпен атап өтуге болады. Жеңіс Әбдіғапарұлы ғылыми жетекшілік еткен университеттің бірнеше студенті республикалық дәрежедегі байқауларда  жүлделі орындарды иеленді. 
Білікті  маман,  ізденімпаз ұстаз Жеңіс Әбдіғапарұлының жоғары оқу орындарында шәкірттерді оқытып, тәлімді тәрбие берудегі көп жылғы жемісті еңбегі тиісті орындар тарапынан лайықты бағасын да алып келеді. Атап айтқанда,  ол  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Алматы облыстық мәслихаты мен облыс әкімінің Құрмет  грамоталарымен, сондай-ақ, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің 45 жылдық мерейтойына орай Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісімен марапатталған.
Отбасында Бауыржан есімді ұл мен Айжандай ару қыз тәрбиелеп, екеуінің де жоғары кәсіби білім алуына толық жағдай жасады. Бүгінгі таңда отбасын құрып, шаңырақ көтерген ұлы мен қызынан  бес немере мен жиен құшып-сүйіп, мерейленіп отырған бақытты әке әрі ата. 
Жеңіс Әбдіғапарұлы  60 жасқа келгеніне орай  жыр шумақтарын қағазға түсірген екен. Оны да оқырманға ұсынуды жөн көрдік. 

Әли Әпекұлы,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған жоба

Оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған жоба

10.02.2026
Әкімшілік кедергілер қаралды

Әкімшілік кедергілер қаралды

10.02.2026
Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.