Талдықорған: -0°C
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

МАҚТАННЫҢ ЖӘНЕ БІР МӘНІСІ

07.09.2024
ЖАНСАРАЙ
МАҚТАННЫҢ ЖӘНЕ БІР МӘНІСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Пенденің жүрегіндегі ізгі иман, ең терең махаббаттың көрінісі – Алла Тағаланың құдіретіне айтылған мадақ. «Бисмилла» деп бастадыңыз – мадақ, «аллаһуакбар» деп бет сипадыңыз – мадақ. Бірақ, Аллаға мақтан мен мадақ қажет емес. Мақтау-мадақ – сіз бен бізге қажет. Демек, мақтау, мадақ, жалпы мақтан – Жаратушы мен адамның арасындағы бір қашықтық. «Қолымнан келмес жоқ» деп асқақтап, өз көңілін өзі көтеретін пенде бейшара бәрібір құдай бола алмайды. Мақтан күйлеу, мақтан тілеу – адамның жетілмеген құлқының көрінісі. Адам өзінің «бос» жерін – өзіне деген сенімінің олқысын, өзінде жоқ құдіреттің орнын мақтанмен толтырады. Біздің мақтанға тоймайтынымыз сондықтан.

Мақтан – өзін толық сезінбектік, жетілгендік иллюзиясы. Ал толыққан, жетіккен жаратылыста мақтанға орын жоқ. Бірақ, барлық мағынасында толыққан, жетіккен адам деген не? Ештеңе де емес. Ондай адам жаратылыста жоқ. Бар болса, ол – не құдай, не өлген адам.   В. Соловьев көне діни кітаптан бір әңгімені келтіреді. Әйгілі тақуаға жас монах іздеп келіп, бұл дүниедегі жетілудің жолын сұрайды.

– Бүгін түнде, – дейді шал, –  бейіт басына бар да, өлгендерді таң атқанша мақта. Сосын маған келіп, олардың не дегенін айтарсың.
Жігіт келесі күні:
– Айтқаныңызды түгел орындадым. Түні бойы өлгендерді мақтадым. Әулиесіңдер бәрің дедім, құдайдың сүйген құлысыңдар дедім, даналықтың бұлағы, жердің құты, ғаламның шамшырағы – сендерсіңдер дедім. Қасиетті кітаптардан оқыған, білген бар жақсылықты соларға таңдым, – дейді.
– Хош… Сонымен олар саған ризашылығын не деп білдірді?
– Қайдағы ризашылық? Дым да деген жоқ, үнсіз қала берді…
– Бұлары қызық екен, – дейді шал. – Енді сен былай істе, балам. Осы түні барған жеріңе тағы бар да,  өлгендерді таң атқанша боқта, шамаң келгенінше, тілің жеткенінше сыбап сал. Көрейін сонда қалай үнсіз қалғандарын!
– Масқарасын шығардым бәрінің, – дейді жігіт келесі күні шалға қайтып келіп. – Дінсізсіңдер бәрің дедім. Қарғылы төбетсіңдер, сайтанның ыдысысыңдар дедім. Бауырын өлтірген Қабыл, құдайын сатқан Иудасыңдар дедім. Адам баласы білетін барша жаманшылықты солардың басына үйіп-төктім…
– Иә, не болды сонымен? Олардың қаһарынан қайтіп құтылдың?
– Қайдағы қаһар? Тырс етіп үн қатпады, шіркіндер. Тіпті, моланың үстіне жата қалып тың тыңдадым… Міз бақпайды!..
– Көрдің бе? – депті шал. – Сен бұл дүниеде жетілгендіктің шыңына дәл сол өліктердей мақтау мен боқтауға міз бақпайтын болғанда ғана жетесің!..
Бұл дүниеде мақтау-даттауға міз бақпай шыдар кім бар? Өлгенде ғана жетер кемелдікке кім құштар? Әрине, ешкім. Жаңағы әңгіменің ғибраты да сонда. Бірақ, білген адамға, мақтанның басы – алданыш, соңы – мұң. Өзің туралы естіген ешбір мақтауға лайық емес екеніңді білу – бір қайғы. Әрі сол мақтаған деңгейге ешқашан жетпесіңді түсіну – және азап. Соның бәрін біліп тұрып, мақтанбай, мақтау сағынбай бәрібір жүре алмайтыныңды ойласаң – қапашылықтың бәрі бір сенің басыңда. Жетілместің түпсіз мұңы, толыспастың таусылмас тілегі бұл мақтан!.. Біздің мақтауға тоймайтынымыз сондықтан…

Тұрсынжан ШАПАЙ
«Анық Абай» кітабынан

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Премьер-министр Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысын өткізді

03.02.2026
Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

Судың «қара нарығын» жою: Министрлік пен Бас прокуратура бірлескен жоспар әзірледі

03.02.2026
АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

АҚШ-та екі Қазақстан азаматы аса ірі алаяқтықпен айыпталып жатыр

03.02.2026
ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы жобасының негізгі тұжырымдары талқыланды

03.02.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?

03.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.