Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

МӘНДІ ӨМІР

26.02.2021
ЖАНСАРАЙ
МӘНДІ ӨМІР
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғамдық ортада көзге ілініп, қатардағы мектеп мұғалімінен аудандық партия комитетінің идеологиялық хатшысына дейін көтерілген, өмірде өз орнын табудағы талаптанып ізденуі, сеніп тапсырған қызметіне адалдығы, жауапкершілікті түсінуі, мемлекеттік қызмет пен отбасы жүктерін қатар алып жүре білуі, талаптану мен қажырлы  еңбектің арқасында адам басына бақтың қонатынына наурыздың 2-і күні 80 жасқа толатын Алмагүл Әбиірқызының өнегелі өмірі, ғибратты ғұмыры айғақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тұсында, халық басына түскен қиыншылық кезінде дүниеге келген Алмагүл Әбиірқызы орта мектепті үздік бітіріп, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетінде  жоғары білім алады. Жастайынан алға қойған мақсатына, аңсаған арманына осылайша қол созған ол «Тың және тыңайған жерлерді игеру» бағдарламасына сәйкес комсомолдық жолдамамен Көкшетау облысының Зеренді ауданына мұғалім болып орналасады.
Қабдеш Нұрышұлымен көңіл жарастырып, отбасын құрды, ұл мен қыз көріп, перзентті болды. Екі жылдан кейін туған жеріне оралып, Шелек өңіріндегі жұмысына ұқыпты, жауапкершілікті түсінетін мұғалім атанды. Арнайы кабинет жасақтап, сынып сағаттарында игілікті іс-шара өткізген кейіпкеріміз «Қазақстан» кеңшарында облыстық атқару комитеті төрағасы және аудан басшылары қатысқан үлкен жиналыста мектептің жағдайын ашық айтып, өзекті мәселені көтере білді. Өткірлігін, табандылығын, көпшілікпен жұмыс істей білетін қабілетін ашық көрсетуінің арқасында мерейтойлық медальдармен марапатталып, мектеп директорлығына ұсынылады. Осылайша білім саласында ұйымдастырушылық қабілеті шыңдалған Алмагүл Әбиірқызы 1973 жылы Шелек аудандық атқару комитетіне жауапты хатшы қызметіне шақырылады. Екі жылдан кейін білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелермен айналысатын атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылады. Бұл қызметте халықтың әл-ауқатын жақсарту арқылы ғана емес, адамдардың санасына кісілік, ізгілік рухын себу арқылы әсер етуге ұмтылған Алмагүл Әбиірқызы алға қойған мақсатына жетіп, биік белестен көрінді. Аудандық атқару комитетінде бірнеше жыл қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған Алмагүл Орынбетова Шелек аудандық партия комитетінің идеологияға жауапты хатшысы болып сайланды. Сол тұста Шелек өңірінде тарихи маңызды оқиға – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы форумы делегаттарының Қазақстан, Қаратұрық, Шелек ауруханалары жұмысымен танысып, оң баға беруі еді.
Қоғам орыс тіліне толық бейімделіп жатқанда, Шелекте жиын атаулы қазақша жүргізіле бастады. Үзбей ізденудің, мұқият ұйымдастырудың, уақытпен санаспай даярлық жұмыстарын жүргізудің арқасында аудандық көркемөнерпаздар ұжымы «Халық театры» атағын иеленді. «Жігер» ансамблі құрылып, «Жігіт сұлтаны», «Қыз сыны» байқаулары өткізіліп, ұлттық салт-дәстүр жаңғырды. Бүгінгі күні самарқау тартқан, бірақ маңызын жоймаған тәлімгерлікті дамыту, жасөспірімдермен жұмыс, ауылдық жерде тазалық, тәртіп секілді күнделікті тіршіліктегі мәселелерге қатысатын ақсақалдар, әйелдер кеңесі, көше комитеті жұмыстары жолға қойылған кез еді. Белгілі өнер қайраткерлері, ақын, жазушылармен кездесулер жиілеп, қазақ тілді мектеп пен сыныптар көбейді.
Адам баласы өмірде біліммен, өнермен ерекшеленеді, адамгершілігімен, еңбегімен бағаланады. 1981 жылы Шелек ауылында облыстық тарихи өлкетану музейінің ашылуына ықпал еткен Алмагүл Әбиірқызы аудандағы 17 кеңшардың, 52 мекеменің, елді мекендердің тарихын, жәдігерлерді, еңбек адамдары туралы мәліметтердің жиналуын ұйымдастырды. Себебі, ұлттық мәдениетімізді гүлдендіріп, қазақ тілінің бәсеңдеуіне жол бермей, ұлттық болмысты жоғалтпауға тырысу – нағыз ерлік еді.
1984 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін аудандық Тұтынушылар одағының кәсіподақ комитетін, Қаратұрық селолық тұтынушылар қоғамын басқарған Алмагүл Әбиірқызы сауда саласындағы кәсіподақ жұмысын жандандыруға, сатушылардың мүддесін қорғауға, жұмысшылардың алаңсыз еңбек етуіне жағдай жасауға баса көңіл бөлді. Үлгілі сатушылар мен балаларына туристік жолдама беріп, Мәскеу, Ленинград және Орта Азия елдеріне арнайы сапарға жіберіп отырған кәсіп- одақ басшысы азық-түлік дүкендерінде есепті тұрақты жүргізіп, Талдықорған өңіріндегі қант зауытынан, тігін фабрикасынан тікелей тауар алдырды. Ауыл тұрғындарына делдалсыз төмен бағамен тауар ұсынып, тиімді қарым-қатынас орнатқан кәсіподақ комитеті 1984 жылды 90 мың таза табыспен аяқтағанын көпшілік жақсы біледі. Соның арқасында облыстық тұтынушылар қоғамы екі рет Қызыл Туды жеңіп алып, Мәскеуде өткен орталық тұтынушылар қоғамының конференциясына қатысты.
Елге сіңірген еңбек елеусіз қалған жоқ. Мемлекеттік марапат – бірнеше медаль мен республикалық деңгейдегі ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталды. «Еңбек ардагері» медалі иегерінің ауданға сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы атанды.
Өмір дегенің ағып жатқан су екен, бәрі бір күнгідей болған жоқ. Шілденің сағымындай зу етіп өте шықты. Жолдасы о дүниелік болды. Ұл ұяға, қыз қияға қонып, бәрі ат жалын тартып мінген азамат  атанды. Оқыды, білім алды, ел тірлігіне араласып, адал еңбек иесіне айналды. Ананың аңсаған арманы, үкілеген үміті де сол еді. Өмір шуағын шашқан анаға бұдан асқан бақыт, бұдан асқан байлық бар ма?!
Бүгінде еңбек ардагері Алмагүл Әбиірқызы ауылдағы қоғамдық жұмыстардың ортасында жүретін белсенді апа ретінде адамдармен жұмыс істеуді біледі. Көпшіліктің қалауын таниды. Өз тәжірибесін бөлісуге әр кез даяр. Округтік әкімшілік те, ардагерлер, әйелдер кеңесі де ақыл-кеңесіне құлақ асады. Зейнетке шықтым деп қарап жатқан жоқ. Кәсіппен айналысып, 40 адамды жұмыспен қамтып отыр, өз тамырынан өрбіп, өскен немерелерінің аяулы әжесі атанып, ұрпақ қызығына бөленіп жүр.

Нұрлан Ердәулетұлы,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.