Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӨМІРДІҢ, ШІРКІН, ТӘТТІСІ-АЙ

05.11.2021
ЖАНСАРАЙ
ӨМІРДІҢ, ШІРКІН, ТӘТТІСІ-АЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Жерге дүрс етіп құлағандағы дыбыстан оянып кеттім. Таң ағарып атыпты. Бөлме іші жарық. Артынша «бері келші» деген сабырлы дауысы естілді. Екі аттап жетсем, кіреберіс шағын дәліздің қабырғасына бүктісе сүйеніп отырып қалыпты. «Басың айналып кетті ме, не болды, кел, төсекке апарайын», – деп қолтығынан демеп, қолынан тартып тұрғызбақшы болдым, бірақ қанша ұмтылғанымен қозғала алмады.

«Кілемнің үстіне құлапсың, сынықтың беті аулақ, ауырсынып қалғансың ғой». Балам екі қолтығынан, мен екі аяғынан көтеріп төсекке жатқыздық. Беті-қолын жылы дымқыл сүлгімен сүртіп қойдым. Риза болған кейіппен қарап жатыр, ажарланып кеткен сияқты, бірақ көздерінде үрей бар.
Әкесінің төртінші ауруханаға жеткізілгенін балалар хабарлады. Түс ауа Қастектің өзі сөйлесті. «Менің жамбасым сыныпты, ота жасатсам бір аптада сауығып кетеді екем, мен келісіп отырмын, сен не айтасың», – деді. Дауысы тың кісінікі, жап-жақсы. «Жамбасы шынында да сынған ба?! Қыңқ еткен дыбысы шықпады-ау, Алла-ай!». Онда тәуекел, сәтін берсін. Дәрігерлер солай десе, бекер айтпас, қорықпа, деп өзімше дем бердім.
Ауруханаға түскендерден коронавирусқа сынама алып, бар-жоғы анықталғанша арнайы бөлімшеге жатқызады екен. Ертеңінде вирус бар боп шықты. Енді жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырды. Үйде бұл індеттің ешбір белгісі білінбеп еді, қалайша?! Бірге тұратын менің сынамам теріс болды. Бұл не, аң-таңбыз. Есімізден танғандай күйдеміз.
Оның еңсесі күрт түсті. Күні бойы шөлдеді ғой деп шай жіберсем ішпепті. Үйге кеткісі келіпті, жүрегі бір жамандықты сезді ме екен. Балаларды палатаның маңы түгіл үлкен аурухананың дәлізіне жолатпайды. Сөйтіп, жаным-ай, екі аурумен бетпе-бет келіп ауруханада, бізден жырақ, жалғыз өзі қалды.
Үшінші күні түнде Асқар (тегін білмеймін) деген дәрігерге мобильді телефонды өздігінен пайдалана алмайтынын айтып, жұбайыммен сөйлесіп алуыма көмектесуін өтіндім. Адам екен, келісті. Өзінің телефонын атаның құлағына ұстап, маған: «Ал сөйлесіңіз», – деді. «Қастек, айналайын жаным, берілме, аурумен күрес. Сен мықты болуға тиіссің. Бітпеген істерің бар ғой әлі, соны ойла. Бізді ішке кіргізбейді. Тамақ ішпей жатыр екенсің, ішпесең әлсіреп кетесің. Ата-әжең сияқты тоқсаннан асуың керек. Үйге аман-есен келші, жарай ма», – деп естіртіп айтып жатырмын. Бір уақытта қызы Музаның атын атағандай болды. Тамағы кеуіп қалған сияқты. Дәрігер су берді, бәрі естіліп тұр. Мен жаңағы сөзімді тағы да қайталай бердім. Біраздан соң «жарайды, жақсы» деген дауысы анық шықты. Дәрігер жігіт «ата жылап жатыр» деп ішімді алай-дүлей етіп еді, енді «сізді жақсы көрем» дегеннің ағылшыншасын атаның сөзі етіп айтып жұбатқандай болды.
Бұдан кейінгі күндері сөйлесуге шамасы келмеді, жүрек соғысы азайды, тыныс алуы қиындады. Алтыным-ай десеңші, ажалмен арпалысып кетті. Ақыры жеңілді. Қайран жарық дүниемен қоштасып кете барды. Өмірдің басы сайран, аяғы ойран дегенді ара-тұра айтып жүретін. Солай болды. 
Жалған-ай, бір өзі бір үй толы кісі екен ғой. Қазір өз үйім өзімдікі емес, біреудікі сияқты. Жылуы жоқ. Өзі «балабөлме» деп атайтын ұядай кабинеті құлазып қалды. Үміті мен арманының бастауы болған жазу үстелі де иесін жоғалтып қаңырап тұр. Қамшының сабындай қысқалығы, көзді ашып-жұмғанша өтетіні, аз ғана күн қонақ болуға келетініміз аузымызда жүретін алдамшы өмір дегенің осы екен-ау. 
Алпыс жылдай отасқан, маңдайыма ащы күн тигізбей, ештеңеден таршылық көрсетпей келген аяулы азаматымнан осылайша бір аптаның ішінде көз жаздым. Өмірлік қосағым – сүйікті жарым енді жоқ. Алланың жазуы солай болған соң артында қалып, беймәлім күн кешіп ілбіп жүрмін, қайтейін, басқа амалым бар ма?! Бірге өткізген бүкіл өміріміз – жастық шағымыз, бақытты күндеріміз, сәбилі болған қуанышымыз, Қастегімнің нұрлы жүзі көз алдыма келіп, ойымды шарлап жүреді. 
Адамның жастық шағы қимас бір дәурен ғой. Кілең қызықтың, қуаныштың ішінде жүресің, болар-болмасқа күлесің. Жігіт қыз қылығын аңдиды, қыз да оған көз қиығын тастайды. Бірімен-бірі тілдесудің амалын іздеп, мойын бұрғызуды ойлап сыланып, жасанып жүреді. Сол бір еркетотай шақта тағдыр бізді Алакөл аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясында жолықтырды. Мекеме үлкен төрт бөлмеден тұрады, бір жақ қанатындағы түпкі кабинетте бөлім меңгерушілері, әдеби қызметкерлер, ауызғысында корректор, машинистка қыздар отырамыз. Дәліздің екінші жағында редактор, орынбасарлары жайғасқан. Қызықтың бәрі біз жақта. Күлкіден езуіміз жиылмайды. Бір күні қызметтесіміз, ақын Сәкен Иманасов бізге қарап: «Қыздар, жуырда осында жұмысқа бір сұлу жігіт келеді, қуырдақтың көкесі енді болады, бәрің оған ғашық боп қаласыңдар әлі», – деп әдетінше қарқылдап бір күліп алды. Жарайды, көрерміз деп біз де сықылықтадық. Айтқандай-ақ екі-үш күннен кейін үстінде қара пәлтесі бар, бұйра шашты, қалың қасты, қыр мұрынды, қарағаштай қатқан жігіт келіп кірді. Бәріміз қарап қалдық. 
Бір-бірімізге деген сүйіспеншілік сезімі екеумізге кейін келді. Мен Талдықорғандағы медучилищеге оқуға кеткем, ол редакцияда қалған. Студент болып оқып жүрдім. Аудан орталы-   ғы – Үшарал каласындағы тете әпкеммен хат жазысып тұрамыз. Редакцияда істейтін Қастек деген жігіттің менің мекенжайымды сұрап үйіне келгенін айтыпты. Сол 1962 жылы, Хрущевтің тұсында аудандық газеттер бірігіп, ауданаралық-аймақтық басылымдар болып кұрылып жатқан. «Енді редакция біраздан кейін Сарқанға көшеді, сол жаққа жұмысқа келмес пе екен, менен сәлем айтсаңыз», – депті. Өзі өңді бала екен деп қосып қойыпты әпкем. Несін жасырайын, өзімді тартпайтын осы оқуды тастауға сылтау таппай жүр едім, дереу әпкеме берген телефон нөмірін іздедім. Сөйтіп Сарқандағы редакцияға келіп кірдім. Редактормен келісіп маған корректорлық жұмыс дайындап қойыпты. Және де аударма газеттің орыс-қазағын менің қалыңдығым келе жатыр, деп құлағдар етіпті. «Мұнысы несі, сыртымнан тон пішкені қалай?» Өкпелейін десем, алдымда бұрынғы қабағы түсіңкі Қастек емес, кең маңдайы жарқыраған, ажары ашық, әдемі толысқан, көзі күлімдеген сыпайы жігіт отыр. Ештеңе демедім.
Кешкілікте мені күнде киноға шақырады, барамыз, қайтамыз, желігетіндей сөзі жоқ, тек қолымнан ұстайды. Ешбір сезімін білдірмеген соң мына кілең орыстар тұратын шағын қалада іші пысып, ежелгі танысы – менімен бірге жүр ғой деген ойға келдім. Екеуміз де пәтер жалдап тұрамыз. Күзге таман менің үй ием – орыс әйелі Ленинградта (сол кездегі аты) оқитын баласына барып қайтпақ болып жолға шықты. Кетерінде маған: «Байқа, мен келгенше күйеуге тиіп кетпе», – деді. Енді мен үнемі асханадан ішетін сүрбойдақ жігітті өзім әзірлеген тамаққа шақырып, үйге кіргізетін болдым. Әзілдесіп отырып қайтады, жағымсыз әрекет, «басқа» сөзден аулақ. Төңірегінде сұлу қыздар көп қой, өзі білсін деймін ішімнен. 
Махаббат оты бір тұтанса оны сөндіру қиын ғой. Мені сынақтан өткізіп жүрген екен, бір күні «мылқау» жігітіме тіл бітті. «Екеуміз бір-бірімізді көптен білеміз. Мен сені бұрыннан сүйем, бірақ сен оны байқамадың. Енді үйленетін уақытым келді, маған тұрмысқа шығасың ба? Егер келіссең, демалыс ауылға алып барамын. Шешеме келін түсіретінімді айтып, той қамына кірісем, – деп мәселені бүйірден бір-ақ қойды. Менің күтіп жүрген сөзім ғой, сөйтсе де тосын естіген соң не дерімді білмей қалдым. 
Біз тойға дайындалып жатырмыз. «Осындай тып-тыныш ауылда, бұрынғы редакторымыз Майнұр апай айтқандай, сендей жақсы қызды ойлап қана жату бір рахат екен. Сен менің періштемсің», – деп хат жазыпты. Қуанып тағы оқып, кеудеме бастым. Жан серігіне айналған адалдығын махаббатынан да танытты. Өзі жазғандай, он сегіздегі жігіттерше ғашық болды.
Ол кезде, дүркірете тойланатын қазан мерекесі күндерінде редактор Романчуктің машинасын алып, қасымызда орынбасары Әбу аға мен жеңгеміз Сәкен тәте, құрбы қызым Күләш бар, Қастектің туған ауылы Талдыбұлаққа жол тарттық. Түс ауа тау етегіндегі табиғаты тамылжыған шағын ауылдың шетіне келіп кірдік. Мына қызықты қараңыз, қолдарына бір-бір табақ көтерген әйелдер ақырын келе жатқан машинамен жарысқа түскендей, тез-тез басып ілесіп келеді. Көлігіміз үйдің алдына келіп тоқтады. Түсейік десек, құрт, кәмпит шашулар машина қорабына тарсылдап жауып кетті. Сәл бөгеліп қалдық. «Түссеңші, көзілдірігімді сындыратын болды ғой», – деді құрбым асықтырып. Күліп жатырмыз. Ие, тезірек түсуім керек. 
Арада екі жыл өткенде тұңғыш қызымыз дүниеге келді. Атын Шырын деп қойып, менімен бірге өбектеп жуындырысып, жаны қалмай қуанды. Сәбиіне арнап «Осы ғой маған тартқан тұнғыш адам» деп келетін өлеңін жазды. Бір жарым жылдан соң екінші қызымыз Муза туды. Менің музам болсын деген тілекпен осылай атады. Қыз балаларын ерекше жақсы көрді.
1966 жылы Алматыға көшіп келдік. Қыздарымыз ауылда әжесінің күтімінде қалды. Тастақта біреудің бір бөлмесін жалдадық. Екеуміз де облыстық «Жетісу» газетінің редакциясына басшылармен алдын ала келісім бойынша жұмысқа кірдік. Ол майталман журналист еді. Қолындағы бір жапырақ қағазға үш-төрт цифр, кейіпкерлерінің аты-жөнін жазып алып, газеттің бір беті толатын мақаланы машинисткаға «диктовкамен» айтып шығатын. Жазуға ерінгені. Әріптестері оның ойлау жүйесінің мықтылығына қайран қалып жүретін.
Қадыр Мырзалиевтің тіпті, сонау студент кезінде біздің аудандық газетте өлеңдері шығып тұрды, Қастекпен жақсы таныс екен. Үйіне қонаққа шақырып, емен-жарқын әңгімелесіп отырады. Алматыға келген қазақтың бәрі тұрағын Тастақтан бастайды. Біз де сөйткенбіз. Тастақ – қазақтын жері. Енді қалаға келдіңдер, тамақты шымшып қана ішесіңдер, деп күлдіріп те қойды. Осылайша қаладағы өміріміз басталды.
Оң жамбасына келгенде Қастектің ұтқыр сөзді тастап жіберетін тапқырлығы бар-тын. Газетте істеп жүрген кезінде айтқан «Жетісуда» бар екен он бір ақын, бірі жоқ «Жетісуды» оңдыратын» деген әзілі қалды. Кейін «Жалын» баспасында кәсіподақ ұйымының төрайымы болған Дәріжан есімді келіншекке «Дәріжан – айтқанының бәрі заң» деп әзіл тастапты. Ол сөзі де ұжымда қалып койыпты. Қазақ әдебиетіндегі санаулы әйел жазушылардың бірі Күлиман Жүнісова апай: «Күлшат, сен Қастектің сөзін жазып жүр» дейтін.
 «Қуанышым – сыртымда, қайғым болса – ішімде», – деп жазғаны бар. Кейде бүгінгі түйткілі көп тіршілігімізден безгендей боп, өткен өмірімізді көбірек еске алып отыратынбыз. Біреуге, не ағайын-туғанға ренжісе үнсіз қалып ойланып, соңынан бірер сөзбен түйіндеп қоятын және қайтып оралып сол жайтты қозғамайтын. Біреудің сыртынан жаман сөз айтпайтын. Даурықпай іштен тынатын, ашуын ақылға жеңдіре білетін ұстамды жан болды. Менің туысқандарым оны маңызды бала деуші еді.
Алматыда Арман, Айбат деген ұлдарымыз дүниеге келді. Қуанышымызда шек болмады. Бала ұстағаны қандай епті еді, көргендер сүйсінетін. Қыздарды сегіз-тоғыз жасқа, ұлдарды тіпті бозбала болғанға дейін өзі жуындырды, тырнақтарын алды.
Қаламгер үйіндегі отбасылық қуаныштың қайнар көзі әрі бағдары – көп ізденіп оқу, жазу үстелінің басында сарылып ойға шому, күнделікті күйбеңнен аулақтап оқшаулану сияқты қалыптасқан қағидамен жалғасып жатады. Кейде демалып отырғанда қасына барып құшақтасам, иығымнан бір сипап, жұмыс үстіндемін, бара ғой дегендей ишарат білдіреді. Мен өз шаруама кетем.
Өнер атаулының ішінде жазушылық деген бір бейнетті еңбек қой. Бұл сірә, табиғаттың өзі жаратқанда тіршілік иесінің қанына қосып коятын бір құдыреті шығар. Қиындығы көп, рахаты да бар, тас қып ұстап өзінен жібермейтін шіркіннің жеңімпаз күшіне қайран қаласың. Дене жасушасының қорек тілегіш қызметіне кім қарсы тұра алмақ. Жер жаратындай күшті дауысы болса әнші неге шырқамасын. Санасындағы сансыз ойларымен ұғынысқан сөз өрнектері ар жағынан тізбектеліп келіп жатса, жазушы қаламын қалай тастайды. Мұны айтқанда мен бір жаңалық ашып отырғам жоқ, тек әйтеуір, ойым онға бөліне береді.
Салыстырып көрейік, өнердің жеңілі болмайды ғой, әйтсе де әншінің құлақпен естілетін дауысы елге тез тарайды, көзбен көріп әрі естіп білетін сахна, кино актерінің, суретші, мүсінші, сәулетшінің шеберлігі бірден аңғарылады. Ал қаламгердің танымал болуына төте жол бар ма? Әрине, жоқ. Ақын-жазушы қаламының қарымын тану үшін тұрмысы алаңсыз, рухани дүниесі кемел қалың елі басылып отырып туындысын оқып, зерделеп, сөз етіп, бағасын беріп, бір-бірімен пікірлесіп, талқыға салып жатуы тиіс. Баспасөз үні жариялап, жарнамалап тұрса керек. Адами құндылықтар баршаның азығына айналуы шарт. Елінде мұндай ахуал болмаса жазушы сөзі тасада қалады, үні естілмейді, есімін халқы білмейді. Ендеше бойына тың күш, қаламына қуатты серпін берер атақ- абыройға да жете алмайды. Олар соған қарамастан, марапатқа мән берместен өнер жолын өмір бойына жалғастыра береді. Қаншама қажып шаршаса да, тіпті, денсаулығы сыр берсін мейлі, қолындағы қасиетті қаруына жармасып бағады. Зиялы жан бүкіл әлем, қоғам, күллі адамзат мүддесі бір өзіне қарап тұрғандай сезініп, сол үшін жол сілтеп, ой айтып, онысын ақ қағазға түсіре бемек. Жаны сірі жамандық атаулымен ол осылайша күреске шығады. Қаламгер несібесіне бұйырған дүниенің бір қызығы осы болса керек. 
Менің жұбайым сол күрескер қаламгерлердің бірі еді. Шығармашылық жолын ересектер үшін жазатын лирик ақын болып бастады. Бірнеше сыршыл өлең жинақтары қалың оқырман мен әдеби қауымның назарын өзіне аудартып, ой-пікірлер айтқызды. Мұқаметжан Қаратаев, Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Жайсаңбек Молдағалиев, Сәкен Иманасов, Рафаэль Ниязбеков, Сұлтан Қалиев, Қаржаубай Омаров, Жанат Елшібек және басқа көптеген сыншы, ақын, жазушылардың пікірімен айтқанда, Қастек Баянбай шығармаларын ой тереңдігі, ұлттық бояу қанықтығы, аз сөзділігі, бөтен сөз кірмейтін жұмырлығы, шебер ұйқастары, сан алуан жанры, нанымды шешімі, анық және дәл айту қалыбы ерекшелендіріп тұратынын жалпақ жұрты білді.
Сырты тәкаппар көрінгенімен ішкі жан дүниесі нәзік, сезімтал жан болатын. Өзі әлі үйленбеген, сәбилі болмаған жігіт жас бала көрсе, бір тіл қатпай қасынан өте алмайды. Кішкентай саусақтарынан ұстап, аты-жөнін сұрап, мейірленіп әңгімеге тартады. Сондағы түрін көрсеңіз, өңінен күн шуағы төгіліп тұрғандай бір бейне еді. Асқан балажан адам болды. Бәлки, үлкендерге арнаған ойлы өлеңдерінен қол үзбесе де бала әлеміне біржола еніп кетуі сол періштелерді қатты жақсы көру қасиетінен шығар.
Сөйтіп қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қастек Баянбай балаларға арнап жыр жазатын үлкен ақын болды. Өзі айтқандай, балалық шағы басты тақырыбына айналып, жасы ұлғайған сайын сол бір қимас дәуренге жақындады. Жазу үстінде сол бір жалаңаяқ қара баланың кейпіне кіріп, сол бала болып ойланды. Баланың өз қиялын, өз ойын өз аузымен сөйлеттіріп, баланың өзі ғана жасай алатын іс-әрекеттермен суреттеді. Автор жарты ғасырлық шығармашылық ғұмырында оқырманына отызға жуық жыр кітабын, үш томдық таңдамалы шығармасын ұсынды.
Ақынның әдебиетте жазбай танитын өзіндік қолтаңбасы қалды. Өнерсүйер қауым қаламгердің өлең, ертегі, аңыз, дастан, жұмбақ, жаңылтпаштарымен жақсы таныс деген ойдамын. Көптеген еңбектері бастауыш сынып оқулықтарына енді. Өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, әзірбайжан, түрікмен, эстон, латыш, литван, қырғыз, молдован тілдеріне тәржімаланды. 
«Тәтті сабақ» жинағына Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Орыс тілінде Мәскеудегі «Детская литература» баспасынан шыққан «Богатыри под дождем», «Зайчик в очках», «Юрта» жинақтары елімізден тыс жерлерге тарады. «Орыс поэзиясының антологиясын» аударуға үлес қосты, орыс және басқа елдердің классик ақындарының өлең-ертегілерін қазақша оқытты.
«Жалын» баспасында ұзақ жыл қызмет істей жүріп «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериясымен көп томдықтар шығаруға тікелей басшылық етті. Өкінішке қарай, нарық қыспағына байланысты жасақталған жиырма бес томдық серияның жолы үзіліп қалды. Осы салада сезілетіндей сілкініс жасау үшін сіңірген еңбегі ұшан-теңіз болды және өзінің айрықша өлеңдерімен қазақ балалар әдебиетіндегі поэзияны жаңа сатыға көтерді дей аламын. Соңынан ерген, жүрегі бала деп соққан ізбасарлары көбейді.
Ол өзінің табиғи қалпымен өмір сүрді. Мен осындай іс атқардым деп мақтанбады, атақ-даңқ қумады. Шығармашылығына барынша адал болды. Қара қылды қақ жарғандай әділ сөзін айта білді. Қиын сәттерде өзінің аспай-саспайтын маңғаз, тау қозғалса қозғалмайтын сабырлы қалпын сақтап қалды.

Біздің сүйіспеншіліктен басталып, ұзақ жыл бірге өткізген ғұмырымыз түсіністік, сыйластық, қимастық, жанашырлық сезімдерге, армандастық қиялдарға толы болды. Өлеңдерін әрдайым оқып сүйсіндім. Ер адамға тән байсалды мінез-құлқы, кісілігі, отбасына қамқорлығы, бекзаттығы үшін және маған салса айтар едім, жауһар жырлары үшін барынша қадір тұттым. Ақынды құрметтеу мәртебесіне жеттім. Ендігі хал-жайым белгілі, рухына бас иемін, Құран оқып дұға етем, тілек тілеймін. Асылым, ардағым-ай, айырылып қалғаным-ай, өмірдің шіркін тәттісі-ай, аурудың келді-ау қаттысы-ай деп ыңылдаймын. Осы ауыр қайғының қайырын бер деп Жаратушыға жалбарынамын. Қайыры – қазақ баласының амандығы ғой. Оқырманы аман-сау болса, Қастегім де мәңгі тірі боп қаларына сенемін. 

Күлшат Баянбаева,
облыстық «Jetіsý» газетінің ардагері, 
дербес зейнеткер

Қатысты жаңалықтар

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026
Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

Ғылым, инновация және мәдениет: Айгүл Сәдуақасова неге бұл құндылықтар Конституцияның негізін құрайтынын айтты

07.02.2026
Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

Жетісуда жылдық жоспар бекітілді

07.02.2026
Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

Жаңа Конституция биліктің тұрақты және түсінікті моделін орнатады – Ольга Перепечина

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.