Талдықорған: -0°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«НҰРСҰЛТАН АТА БАТА БЕРДІ»: ҰМЫТЫЛМАС ТАМЫЗ АЙЫ

06.07.2020
ЖАНСАРАЙ
"НҰРСҰЛТАН АТА БАТА БЕРДІ": ҰМЫТЫЛМАС ТАМЫЗ АЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Ол күннің қуанышын отбасымызбен әрдайым жылы еске алып отырамыз. Әсіресе ата-анам. Балалық шағымның шуақты күндерінің бірі еді. 2007 жылдың жадыраған жаз мезгілі, тамылжыған тамыз айы болатын.

«Жамбыл ауданына Елбасы келеді екен» дегеннен бастап, жұрттың үлкені де, кішісі де абыр-сабырға түсті. Ол кезде оқушымын, ата-анаммен Ұзынағаш ауылында тұрамыз. Мемлекет басшысының алдында жастар атынан сөйлейтін оқушы керек болып, мені таңдапты. Аудан орталығындағы орта мектептің бірінде жоғары сыныпта үздік оқимын. Ұлт Көшбасшысы атанған адамның алдында сөйлеу бақыты маған бұйырғанын бір жағы мақтанышпен қабылдасам, екінші жағынан бойымды жүрексіну сезімі биледі. Жан-жағымнан ақыл-кеңес айтушылар көп. Елбасы алдында сөйлеуді біреу қорқынышты десе, бірі үлкен жауапкершілік деп ой салады. Дегенмен, өз ішкі сезіміме құлақ түріп, өз ойыммен санастым.
«Мен не деп айтамын? Жай ғана жаттап айтам ба, сасқалақтап-күмілжіп қалмаймын ба?», – деп қатты қобалжыдым. Өзіммен іштей тілдестім. Елбасы кім? Қандай адам? Елі үшін не істеді? Алдын ала дайындап алған үш парақ қағаздағы сөзді жай ғана жеткізгім келмеді. Ойландым, толғандым. Әрбір сөздің мағынасын терең сезінуге тырыстым. Ол кезде қолымда Елбасының суреті бейнеленген сары кішкентай күнтізбе бар еді. Соны қарсы алдымдағы айнаға іліп қойып, айтатын сөзімді соған қарап тұрып өзімше жаттықтым. Өзімді Елбасының алдында тұрмын деп санап, күніне бірнеше рет қайталаймын. Осылайша төрт күн ішінде кідірместен, мүдірместен айта алатындай деңгейге жеттім. Шіркін-ай, сондағы еш алаңсыз балалық шақтың кіршіксіз таза ниеті, таудай талпынысы адамды алға жетелейтін қуатты күш екен ғой. Сол күш менің де жігерімді жанып, кейін білім-ғылым жолында жетістікке жетуіме себепші болғаны сөзсіз. 
Тамыз айының алғашқы таңы да атты. Бұл – Елбасы келетін күн. Анамның шайын ішіп, әкемнің ақ батасын алдым да, үйден шықтым. Сағат 9-дың шамасы. Күн бұлтты болғанымен, арасынан әлсін-әлсін күннің нұры қылаң беріп қалады. Енді бірде аспандағы бұлт қоюланып, жаңбыр жауатындай болып көрінеді. Мәдениет үйінің алдында адам лық толы. Жиналғандар құрметті қонағын тағатсыздана күтіп тұр. Бір кезде Елбасының атын атап, келді деп хабарлап еді, өзара әңгімелесіп тұрғандар тым-тырыс бола қалды. Дәл сол сәтте көктегі бұлттың арасынан күннің нұры жарқ етіп шықты. Жанымыздағы Қарасай батыр бабамның еңселі ескерткішіне бір қарадым да, іштей қобалжуымды басқандай болдым.  Нұрсұлтан Назарбаев баппен басып алдымыздан өтіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жиналған топтың қасына жақындағанда халықтың ақжарқын қуанғаны есімде.
Аудан тұрғындары атынан ақсақал атамыз батасын беріп, ақ жаулықты әжеміз аналық тілегін айтып, маған да кезек жетті. «Елбасыға сөйлерде бетіне тура қарама, айтатын сөзіңді ұмытып қалуың мүмкін» деп ескерткен болатын. Нұрсұлтан атаның жанынан төмен қарап өтіп, басымды көпшілікке көтеріп, Елбасыға арнаған тілегімді жеткіздім. Керемет бір сезімде шабыттана, еркін  сөйледім. Сөйлеп тұрғанымда көпшіліктің арасынан әкем мен анамды көріп, шаттандым, бойыма мақтаныш сезімі қосылды. Сондағы Елбасыға балалық пәк ниетті, ақ жүректі тілегімді ақтарыла жеткізгенімді  басыма қонған бақ құсындай қабылдадым. Бәрі біткен соң жанымдағы үлкен кісілермен бірге мен де Елбасымен қол алыстым. Иә, мен – Елбасының батасын алған бақытты ұрпақпын. Нұрсұлтан ата сонда маған үлкен өмірге ақ жол тілеп, батасын берді. Неге екенін білмеймін, ол кісі кеткен соң бұдан кейін оны көрем бе деп көзіме жас келді.
Одан кейін алдында сөйлеу бақыты қайта бұйырмағанымен, ел үшін еткен еңбегіне көппен бірге куәмін. Мектепті Алтын белгіге бітіріп, мемлекеттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік жоғары оқу орындарының бірінде білім алдым. Қазір еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында тұрамын. Ғылым жолын таңдап, Еуразия Ұлттық Университетінде докторлық еңбекпен шұғылдану үстіндемін. Отбасылы болып, өмірге үш перзент әкелдім. Жолдасым жауапты қызмет істейді.
Бәрінен де сол күнді ата-анам жиі еске алады. Елінің бағына орай туған тұлғаның алдында сөйлегенімді әлі күнге дейін мақтанышпен айтып отырады. Кеше ғана болған оқиға сияқты әңгімелеуден жалықпайды. Сондай кездері маған: «Сені атаң ұмытқан жоқ» деп  сендіріп қояды. Ол кісінің жады мықты ғой, мүмкін ұмытпаған да шығар. Үлкен жүректі Елбасымыз жыр алыбы Жамбыл атасындай жүз жасасын деп тілеймін. Халқының бай-қуатты елге айналып, бұдан әрмен дамуына куәгер болатынына сенемін. 

Әлия ҚАРАҚОЖАЕВА
Нұр-Сұлтан қаласы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.