Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«Өлеңдері – жанымда, сөзі – жүрегімде»

Қазақ «Жақсының жары – елдің шамшырағы» деп бекер айтпаған. Бұл ұғым тек шаңырақтағы әйелдің орнын емес, тұтас халықтың жадындағы әйел бейнесін айшықтайды. Жақсы ерді қолдаған, оның мұрасын ұрпаққа аман жеткізген әйелдің еңбегі – елдің асыл қазынасы. Соның бір дәлелі – ақын Есенқұл Жақыпбектің жары Меңсұлу Нағашыбекова.

06.09.2025
ЖАНСАРАЙ
«Өлеңдері – жанымда, сөзі – жүрегімде»
WhatsAppTelegramFacebook
Ақын  өзі де жан жарына арнаған өлеңінде былай дейді:
Жан жарым, қабағымды күзеткенім,
Жағамды түтеленген түзет менің.
Көшімді түзегелі көп ішінен,
Көрмедім қабағымнан сыз өткенін…
Бұл жолдардан ақынның отбасына, жан жарына деген алғысы мен сүйіспеншілігі айқын аңғарылады.
Меңсұлу Сұлтанқызымен  жүздесу де осы ойды бекемдегендей. Ол – Есенқұлдай ақынның серігі ғана емес, оның рухани мұрасын аманаттап отырған асыл жар.
– Табиғатымнан сөзге жоқ адаммын. Оның үстіне    мектепті  орысша бітірдім. Бірақ, тағдыр жолы мені ақынмен табыстырды ғой,   – деп  жымия күлген жақсының жары өмір-жолынан  сыр шертті.
– Күздің жайма-шуақ күнінде  Ұзынағаш ауылында дүниеге келдім. Әкем – Сұлтан Нағашыбеков  Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері. Соғыстан кейін  Бәдер атты татар қызына үйленіп,  ауылына оралады.  1953 жылы  мен  дүниеге келдім,  екі жылдан соң  інім Жорахан туды.  Алайда  1957 жылы әкеміз  қайтыс болды. Шахтада еңбек еткенде  өкпесіне зақым келген сияқты. Бізді анамыз өзі өсіріп жеткізді. Әкемнің бейнесін тек анамның әңгімесінен білемін. Шешеміз өте пысық, еңбекқор жан еді. Бізді тарықтырмай  өсірді. Қорада мыңғырған мал  болмаса да   сиыры,  тауық, қаз-үйрегі  болды. Кейін зейнетке  шыққанда  97 сом алды. Ол кезде бұл өте  қомақты қаржы еді,  – деп өткенін еске алды.
1971 жылы мектепті тамамдаған Меңсұлу Сұлтанқызының  арманы – ағылшын тілі маманы болу еді. Бірақ оқуға түсе алмай  шұға комбинатына жұмысқа кіреді.   Бұл – негізінен әскери форма мен сырт киімдерге арналған қалың жүн мата өндіретін өндіріс орны болатын. Үш жылдай  еңбек етіп, кейін аудандық сотта хатшы болып қызмет атқарады. Тұрмысқа шыққанға дейін сонда жұмыс істеді.
– Есенқұлмен 1977 жылы   таныстық,  –  деп жалғады әңгімесін. –  Ағаларың жұмыс істейтін Ұзынағаштағы «Екпінді еңбек» газеті редакциясының ғимараты біз тұрған көшеде орналасқан еді.  Арасын 4-5 үй ғана бөліп  тұрды. Ал көшенің қарама-қарсы бетінде сыныптасым Сәуленің үйі болатын. Соның үйіне барып-келіп жүргенімде ол мені көреді екен. Менің бір жеңгем редакцияда жұмыс істейтін. Бірде Есенқұл сол жеңгемнен: «Осы көшеден бір қыз өтеді.Сол қызбен таныссам қалай болар екен? – деп сұрапты.  «Ол қызбен таныссаң  бағың  жанып, адам боласың» деп жеңгем  мені мақтапты.  Бір күні Есенқұл: «Қарындас, танысуға қалай қарайсыз?» деп тоқтатты. Сөйтіп, екеуміз танысып, дос болып араласып, үш айдай жүрдік. Сол жылдың 7 қарашасы  күні әдеттегідей достарымызбен  салтанатты жиынға бардық. Содан олар: «Бір досымыздың туған күні, соны құттықтап шығайық» деп Бірлік ауылына ертіп барды. Сөйтсем, мені алдаған екен, үйге кірген бойда басыма орамал салды. Алғашында  кетемін деп бүлік салғаныммен артынша көндім.Осылай екеуміз бірге 36 жыл ғұмыр кешіп, өмірге екі бала әкелдік, – деп ағынан жарылды кейіпкеріміз.
1977 жылы алғаш кездескенде Есенқұл: «Мен ол қызды көргенде-ақ сыңарым екенін сездім» деп айтыпты.  Сол сәттен бастап олардың тағдыры  бір арнаға тоғысты.
Ақын үшін өлең – өмір. Ондай  өлеңнің алғашқы тыңдарманы да, сыншысы да  жары еді.
–  Есенқұлға тұрмысқа шыққанда оның ақын екенін білмедім. Оны журналист деп ойладым. Шабыты ұстаса түн бе, таң ба, қарамай  атып тұрып, бөлмесіне кетіп қалатын. Алғашында қызық болатын, кейін үйрендім ғой. Жазуын жазып болған соң сағат таңғы 2-3 немесе 5-6 болса да: «Меңсұлу, тұршы, екеуміз шай ішейікші» деп мені оятатын. Содан  жазғанын  шай үстінде маған оқып беретін. Кейде көзіме қарап тұрып: «Мендегі бар тәтті ой – сенің табалдырығыңнан басталады, мендегі бар асыл сөз – сенің жүрегіңнен тарайды» дейтін. Бұл сөздерді ол тек ақындық шабытпен емес, шын жүрегімен айтатын-ды… Екеуміз әңгімелесіп отырып  шай ішетін, пікір таластыратын кезеңдер тамаша  еді ғой,  шіркін! Оның өлеңдерін машинкаға басып жүріп  қазақ тілін меңгердім. Қазір сол күндерді сағынамын,  – деген апайдың  жанары жасқа тұнды.
– Енемнің   ұлты украин  екенін білмедім. Өте тамаша, мінезі  жайдары адам болды. Есенқұл  9 баланың екіншісі. Біз  ата-анасының үйіне  әр жұма  жұмыстан кейін  барамыз, демалыста қайтамыз. Келін болып енемнен мына нәрсені үйрендім деп айта алмаймын. Ол кісі де  ене болып «мынаны істемедің» деп  ауыз ашқан емес. Әйтеуір екі күндікте  келіндік міндетімді барынша атқаруға тырысатынмын. Атам  тракторшы еді. 57 жасында қайтыс болды. Енем 2012 жылы өмірден өтті.
Өз анам туралы айтсам, Бәдер Файзрахманқызы. Әкесі,нағашы атам  Қазан қаласындағы мешітте молда болыпты. Сондықтан да болар, анамыз өле-өлгенше  Алланы аузынан тастамай өтті. Әкемнің туыстары шешемді өте жақсы көріп, сыйлайтын. Бізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай адал еңбегімен асырап, жеткізген аяулы анашым  63 жасында өмірден озды, – деген   Меңсұлу Сұлтанқызы   әңгіме ауанын  ағамен өткізген отбасылық өмірге  бұрды.
– Есенқұл  ұрсу дегенді білмеуші еді, мінезі өте жайлы болды.  Жымиып, күліп қана отыратын. Тапқанының бәрін маған әкеліп береді, өзгелер секілді оның есебін де сұраған емес. Дүкенге барса қалдық ақшасын алмай ұмытып кететіні де бар еді. Балаларға да өте жайлы болды. Ешқашан дауыс көтеріп ұрысқан емес, бәрін ақылмен түсіндіріп айтатын. Немерелеріне  де жақсы ата болды. Баламен бала болатын. Үйдің қасындағы алаңда немерелері мен көрші балаларды жинап алып, оларды командаға бөліп футбол ойнайтын. Бос уақытында балық аулағанды жақсы көретін.
Есенқұл  көпшіл болды.  Достары да көп еді, үйге қонақ келсе балаша қуанатын. Өзінде жоқ болса да өзгеге көмектескіш еді ғой,  – деп тебіренді Меңсұлу апай.
Жайлап алып жаны жылы
пеш түбін, 
Шүңкілдесіп отырамыз кешқұрым. 
Демеу болар ағайын көп десек те,
Сенен басқа жоқ екен-ау ешкімім,  – деген ақынның елге танымал «Әйеліммен әңгіме» атты өлеңі отбасынан шыққан шындық пен әзілдің тоғысындай.
– Жұмыстан еңбекақымызды айлап ала алмаған жылдары  базарға шықтым. Кіші қайным  жер алып,  бидай екті. Содан   қытайдан диірмен  алып,   ұн шығарды. Оны мен базарға шығып саттым.  Әр қаптан  тиетіні 50 теңге. Қолға тиген ақшаға нан мен сүтімді,қантымды алып үйге баратынмын.  Дегенмен, Есенқұл ешқашан торыққан емес. Үйге келіп пеш жағып: «Әйелім келгенде үй жылып тұрсын» деп отыратын.
Атам марқұм: «Есенқұлға  тиіспеңдер, еш нәрсеге жұмсамаңдар, еш нәрсе істетпеңдер, ол – өнер адамы» дейтін.
Содан болса керек, ол отын жара алмайтын, қолына балта да ұстай алмайтын. Оған қарағанда бұл жұмыстардың бәрін мен жақсы істедім. Үй шаруасына мүлдем жоқ еді. Оның бар білетіні оқу мен жазу ғана болды. Есенқұлдың арқасында қазір  мен де  елге танымал болып жүрмін ғой, – деген кейіпкеріміз  Ұзынағашта жаңа мектепке Есенқұл Жақыпбектің атын беру жоспарланғанын, бюстінің де дайын тұрғанын айтты. Бірақ мораторийге байланысты жұмыс тоқтап қалған. «Ақынға көше аты берілсе елдің еңбегін бағалағаны болар еді», – дейді ол.
Ақынның өміріндегі соңғы сөзі де жарына арналыпты.
– «Бәйбіше, әңгімені ертең шай ішіп отырып айтамыз» деді де сол түні ұйықтап кетті… Бірақ оянбады. Содан бастап менің өмірім екіге бөлінді: Есенқұл бар кез және Есенқұлсыз уақыт. Бірақ жалғыз қалған жоқпын. Өйткені оның өлеңдері – менің жанымда, сөзі – жүрегімде, – деп түйді сөзін  жақсының жары.
 
Сарби ӘЙТЕНОВА

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.