Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Өмірлері өнеге еді

07.08.2025
ЖАНСАРАЙ
Өмірлері өнеге еді
WhatsAppTelegramFacebook

Текті жұрттың «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, ұрпақтары жайқалған құрақ» деген тамаша сөзі бар. Ата-анамыз өмірден өтсе де қалдырған өнегелі ісін жалғастыру әр перзенттің парызы. Өткенді еске алу – естіліктің белгісі. Осыған орай асқар тау әкем Бимақым Алмұхамбетұлы мен анам Айша Дүкенбайқызы және Құдай қосқан қосағым Раушанның ата-анасы Сыдықбай Нүсіпұлы мен Жұмағыз Тұрысбекқызы жайлы шағын естелік жазуды жөн көрдім. Жұлдыздардың алыстаған сайын жарқырай түсетіні секілді, асыл жандардың өр тұлғасы мен өнегеге толы өмірі жылжыған жылдармен бірге биіктей берді.

Әркімге әке ұғымы теңізден терең. Менің де әкем шыңына көз жетпейтін биік тау іспеттес. Кеудесі қазына, сөзі кілт, еңбекқор, жібектей жұмсақ мейірімді, әр сөзін салмақтап сөйлейтін әкешім Бимақым Алмұхамбетұлы 1905 жылдың наурыз айында қазіргі Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің Мақпал тауының етегінде қыстауда дүниеге келген. Әкемнің атасы Қоңырбай ауқатты кісі болған. Ол өзінің туған-туыстарымен бір ауыл болып, жазда Аралтөбе тауларында, қыста Мақпалдың етегіндегі қыстауда қоныстаныпты.

Ата-анам аумалы-төкпелі қиын заманда өмір сүрді. Олар 1916-жылғы ұлт-азаттық көтерілістің салқынын да, елді қынадай қырған ашаршылықты да, оқыған-тоқыған, көш бастаған азаматтарымызды «Халық жауы» деп жала жапқан қаралы жылдарды да, «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен неміс басқыншыларына қарсы тұрған Екінші дүниежүзілік соғысты да бастан кешірген. Қазан төңкерісі басталғанда әкеміз небары 16 жаста болыпты. Коммунистер елдің малы, дүние-мүлкін жаппай тәркілей бастағанда Алмұхамбет атамыз туған-туыстарына жиған-терген малын бөліп беріп, аман алып қалыпты. Атасы мен асқар тауының өмір жолын үлгі еткен менің әкем де ағайын, бауырға қамқор болды. Ауыл жұртшылығы оның еңбекқорлығы мен табандылығына таңғалушы еді. Еңбекпен шыңдалған адамның өмірі әрқашан мағыналы екені хақ. Сондықтан өскелең ұрпаққа да осыны үлгі қылып айтқым келеді.

Әкеміз еңбек адамы болды. 1921-32 жылдары Быжы ауылында тұрып, Түрксіб теміржолында жұмыс істеді. 1932 жылы Ақжар ауылында жаңадан құрылған «Көксай» ұжымшарына қызметке тұрып, інісі Имақым екеуі арнайы курс оқып, трактор және комбайн айдайды. 1932-37 жылдары «Көксай» ұжымшарында тракторшы бола жүріп, төгілген ащы тер мен өнімді жұмыстың арқасында сан мәрте марапат төрінен көрінді. 1937-39 жылдары еңбек армиясына шақырылып, Каспий теңізінде балықшы болып жұмыс істейді. 1939-54 жылдар аралығында ұжымшарда тракторшы, одан Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ауылда МТС-та 16 жыл трактор-комбайн бригадасын басқарады. Адал, нәтижелі жұмыстың арқасында орден-медальдармен марапатталады. 1965 жылы зейнетке шығып, еңбегі еленіп, бейнетінің зейнетін көрді.

Ана дейтін жалғыз-ақ сөздің астарында ғаламат бір сүйіспеншілік, балаға деген махаббат, ұлы сезім жатыр. Менің анам Айша Дүкенбайқызы 1920 жылы Кәлпе ауылында дүниеге келген. Қиыншылық кезең, тар заманда өмірге келген анам кішкентай кезінен еңбектің ащы дәмін татып өсті. Әсіресе ашаршылық жылдары қиындықты көп көріпті. Ол небары 13 жасында анасы Рафина, інісі Нұртай үшеуі Аралтөбе ауылында тұратын әкесінің бауыры Қалдыбай ағасын іздеп, жаяу жолға шығады. Үшеуі адасып Басши ауылына өтіп кетіп, анам інісін көтеріп, анасын жетелеп тау асып, Терісаққан ауылынан бірақ шығады. Ақыры ауылда нан пісіретін зауыттың меңгерушісі болып қызмет істейтін ағасын табады. Анам сол жерге жұмысқа орналасып, еңбек жолын бастайды. Тағдыр салған қиындыққа қарамай, еңбекке деген құлшынысының арқасында анам үлкен өмірге белсене араласты. Ұжымшар мен кеңшарда еселі еңбек етіп, қарапайым жұмысшы, сауыншы болып қызмет істеді.

1939 жылы әкеміз Бибақымға тұрмысқа шыққан аяулы анам күміс алқа иегері. Асқар тау, ақылшы, қамқор ата-анамыз нағыз еңбек адамы болды. Таң алагеуімнен тұрып, қас қарайғанға дейін қара жұмыс істесе де бәрімізді бақты. Бізді ата-анамыз қара еңбектің күшімен жетілдіріп, қатарымыздан кем қылмай өсірді.

Әттең, өлшеулі ғұмырда ардақты әкеміз 1989 жылы, шексіз мейірім иесі, аяулы анамыз Айша Дүкенбайқызы 1987 жылы 67 жасында өмірден өтті. Тағдырдың бұл да бір сынағы шығар. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген халық даналығына сүйенсек, артында қалған перзенттері ата-ана абыройына шық жуытпай, олардың елге еткен қызметін әрі қарай жалғастырып келеді.

Құдай қосқан жарым Раушанның әкесі, атам Сыдықбай Нүсіпұлы 1890 жылы Бақанас ауылында дүниеге келген. Қоғалы ауылында мектеп табалдырығын аттап, білім алады. Жастайынан еңбек даласында шыңдалған ол буыны бекіп, бұғанасы қатпай жатып еңбек армиясына шақыртылып, Күзбас деген ауылда жұмыс істейді. Еңбек армиясында жүріп, еңбегімен көзге түскен жан орден-медальдармен марапатталады. Соғыс басталған жылдары атам денсаулығына байланысты броньмен ауылда қалып, ұжымшарда қызмет атқарады.

Анамыз Жұмақыз Тұрысбекқызы 1915 жылы сәуір айының 16 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әкесі ауқатты, арабша білімі бар ауыл молдасы болыпты. Қазан төңкерісі басталғанда әкесінің дүние-мүлкі тәркіленіп, өзін саяси қылмыскерлерге қосып, итжеккенге айдайды. Әкенің бар ойы қызының болашағы еді. Бір күзетшімен сөйлесіп, қызы Жұмақызды Сарыөзек стансысына қалдырып, нағашыларына аманаттап тастап кетеді. Содан бері әкесінен ешқандай хабар келмепті.

Жебір ой жігерін жаншып, тұйық тұман тыныс тарылтса да анамыз өмірден күдер үзбейді. Жұмысқа ерте араласып, жол құрылысы саласында бел жазбай еңбек етеді. Алтынемел, Арқарлы, Қапалға жол салу құрылысына қатысып, бірнеше медальмен марапатталады. Кейін ұжымшарға келіп, МТС-та тракторшы болады. Соғыс жылдары анамыз ер-азаматтардың орнына қара жұмыс істейді. Кейіннен майдан даласындағы азаматтардың орнын толтыру үшін Бесжылдық ауылында «Кировец» тракторын жүргізеді. Ерен еңбегінің арқасында «Еңбек ардагері» атанады. Жан-жарым ата-анасын жиі еске алып, жылы естеліктерін айтып отырады.

– Жасымнан әке ақылын, жырын тыңдап, анамның еңбекқорлығын көріп өстім. Әкем Д. Қонаев, Н. Жұмартов аталармен бірге оқыған. Өмірінің соңына дейін сыйласып, жақын араласты. Мен бала күнімде талма ауруымен ауырыппын. Сонда әкем Қонаев атамызға өтініш айтып, дәрігерлерге қаратып, құлантаза айықтырды. Әкем отбасының тірегі, жанашыры, туған-туыс, елге де сыйлы азамат болды. Ал анам бала кезінен трактор тізгіндеп өсіпті. Техниканы жетік меңгерген анам ауылда да еңбегімен сыйлы болды. Әкем мен анам Борантай екеумізді бар мейірімін, махаббатын төгіп, ешкімнен кем қылмай өсірді. Мені ханшадай ұстап, еркелетіп өсірді. Атамның мені таңертең еркелетіп оятатынын ойласам көзіме еріксіз жас келеді, – дейді жан-жарым ата-анасын сағына еске алғанда.

Ғибратты ғұмыр кешіп, туған жеріне адал қызмет еткен жандар қашан да құрметке лайық. «Іздеушісі бардың ізі бар» деген. Біз қашан да ата-анамызды жиі еске алып, арнайы Құран бағыштап, дұға жасап тұрамыз. Бұлай істеу – біздің перзенттік борышымыз.

Саймасай АЛМҰХАМБЕТОВ,
Кербұлақ ауданының
Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.