Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Өнердің өз перзенті

Жаратушының маңдайға мелдектей құйған талантының қою сиясына лайықты күйде шығармашылық жолда адам нанғысыз іске барған бірегейлер туралы ғажайып туындылар барынша жеткілікті бедер түзіпті. Бұл ғасырдың өзінде яки заманында Могиканның соңғы тұяғындай күн кешер жанды да ара-тұра ұшырастырған. Олар сайын жер саңлағындай өнерді өрге сүйреуге барын салды, ауыш адамдай күн кешті, кейбірі дертті болып өз талантының отына өртеніп кетті. Кейде бір шығармасының құны үшін ғасырға жетер күш-қуатын сарп еткен жандарды көзбен көріп не кітаптан оқыды. Бір ғана күншығыс елінің сайыпқыран жазушысы Акутагава Рюноскэнің «Тозақ азабы» әңгімесіндегі қылқалам шебері Есихидэнің өмірі де соған арқау. Бұл шығарманың желісі әлі де санасында сақталыпты. «Тозақ азабы» деген картина салып беруін тапсырған ұлы мәртебелінің дәргейіндегі Есихидэ алты ай бойы арпалысып жүріп лайықты сурет тудыра алмаушы еді ғой. Күші сарқылып, шығармашылық тоқырауға түскен суретші ақырында ұлы мәртебеліге келіп: «Маған бір күйме керек, күйменің ішінде ақсүйек қыз болуы шарт. Шашына дейін алаулап жанып, жаны шыңғырған сол сұлудың суретін саламын» дейтін еді...

19.07.2025
ЖАНСАРАЙ
Өнердің өз перзенті
WhatsAppTelegramFacebook

Иә, «Тозақ азабы» атты ұлы туындыны өрнектеу үшін қылқалам шебері осындай шарт қойды. Күллі сарай мен оның ішіндегі жан иесінің бәрі өз дәргейінде болған соң ұлы мәртебелісі бір сурет үшін сарай қызметшісінің қадірсіз өмірін құрбан еткен.

Күйме. Қыз. Қызыл жалын от. Шебердің ақ қағаз бетінде тынымсыз әлденені шиырлаған қаламсабы. Жанынан түңіліп, адам төзгісіз от ішінде тозақтың азабын сезінген көріністі көшіріп жатқан Есихидэ ақыры шалқымалы шабыт үстінде туындысын тамамдаған. Өмірге шедевр келген. Бірақ ұлы суретші туындысының соңғы нүктесін қояр сәтте «тозақ азабына» қапелімде өзі түсті; сарай қызметіндегі жалғыз қызы еді күйме ішінде жанып кеткен. Қасірет! Өнер үшін қасірет шекті. Бір туынды үшін тұтас құндылықты қиратты. Опынды. Ақыры Есихидэнің өзі де қызының артынан бұл фәниден ырықсыз аттанды.

Өнер, өз бойындағы таланты үшін қасірет шеккен қанша адам бар? Қанша тұлға маңдайын тасқа ұрды? Ойлап қараса, санамалап көрсе ұшығына жетпейді екен. Акутагава әңгімесі ақиқаттан алынған ба әлде жазушы қиялынан өрнектелген дүние ме, оны ажырата алмайды. Десе де Серік НҰРХАЛЫҚ деген атағы дардай актер, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрымен бірге 50 жылдық тарих түзген өзі де өмірде ең қиын кезеңді бастан өткеріпті. Жаны түңіліп, жүрегі тілініп тұрса да қиыншылығын сездірмей өнер үшін барын салыпты. Қан құсар қаралы күнде де адам алдындағы жауапкершілігінен қаша алмапты.

Сол жылы таң қылаң бере жылы төсегінен тұрып, жуынып, асықпай таңғы асын ішті. Әлі Жаңа жыл сайын болатын Президент шыршасына бірнеше сағат бар. 21 жылдан бері үздіксіз Аяз ата кейпіне еніп, балауса жастарды қуантып келе жатқан кино және театр актері әдеттегідей шаруасына ыждағаттылықпен дайындалып жүрген. Іргедегі бөлмеде жатқан анасының ақ дидарына ары-бері өткен сайын қарап қойып, Аяз атаның сөзін іштей қайталап, біраздан кейін өтер Президент шыршасына тастүйін әзірлік қамында. Кенет анасының сұрғылт тартқан жүзінен сезік алды да, медицина маманы болған зайыбын шақырды. Өмірдің ыстық-суығын қатар көріп келе жатқан жолдасы Ырысбүбі ардақты анасының дем арасында бақиға бет түзеп кеткенін қинала жеткізген. Өмір тоқтап қалғандай болған. Басы мең-зең күйге түскен Серік Нұрхалық мынау пәниде қорғансыз, ормансыз қалғандай жылады. Қатты қиналды.

11 құрсақ көтерген аяулы анасынан айырылу кімге оңай тисін?! Ет жүрегі пәре-пәре болса да Серік Нұрхалық тез ес жиюға тырысты. Қаланың екінші шетінде тұратын інісіне хабар беріп, «Үйіңді дайында, анамды сенің шаңырағыңнан аттандырамыз» деді. Әне-міне дегенше туғандары тегіс жиналған шаңыраққа анасының денесін жеткізді. Жанарынан жас тамып, жүрегі қанжылап тұрса да бөгелмей Президент шыршасын өткеруге кетті. Алдымен өңірдегі үздік оқитын әрі белсенді оқушылардың жаңажылдық шыршасында Аяз ата рөлін сомдады.

«Ал, балалар…», «Қане, қайсың… өнер көрсетесіңдер?», «Алыс-алыс жерлерден…» – бәрі де Аяз атаның жаттанды диалогы. Кәсіби актер болған соң ба, қасіретін сездірмей алғашқы Президент шыршасын өткеріп шықты. Араға қырық минут салып тағы бір мерекелік кеш тұр. Оған өңірдегі жетім, әлеуметтік әлжуаз топтағы балалар қатыспақ. Жанарында лықсыған қалың жасқа ырықсыз бөгесін қоя жүріп, жүрегіне жасырынған өксігін сездірмей оны да ойдағыдай аяқтаған Серік Нұрхалық үстіндегі қызыл шапан мен жапсырмалы сақалын жұлып алып тастады да, мейірбан Аяз ата кейпінен жетімдік яки қаралы адамның яки өзінің халіне енді. Ардақты анасын соңғы сапарға аттандыру үшін інісінің үйіне аттанды.

– Өнер жолы – ұлы даңғыл. Бұл сүрдекте қандай жан боласың, нені ойлайсың, нені сезінесің – өзіңе ғана аян. Сенің жан сырыңды өзіңнен артық ешбір пенде ұғына алмайды. Қасіретіңнің қалыңдығын, сағынышыңның салмағын ешбір пенде түсінбес. Ардақты анамнан қапыда айырылған күнгі Аяз ата рөлін қаншалықты мехнатпен алып шыққанымды кім сезіне алсын? Өнер мен өмірде қатар тартқан сол бір ауыр күнді әлі де ұмыта алмаймын, – дейді жасы 75-ке таяса да өзінің дәрменсіз халін, анаға деген ұлы сағынышын жанарына іркіген жасымен, иегі кемсеңдеп, көмейінен күңірене шыққан сөз ырғағымен ұғындырған Серік Сақбайұлы.

Өмір өнер адамы үшін сан сынақтан тұратыны анық. Алайда, Серік Нұрхалық ғазиз жаны ақтық сапарға аттанған күні ырықсыз Аяз ата кейпіне енді. «Әй, анам о дүниеге аттанып кетті. Менің орныма Аяз ата болып берші» деп айтатын ешбір сенімді адам, лайықты жан болмаған соң ғой бәрі де. Бірақ, жүрегін тілгілеген дүниеге тұз сепкендей бауырлары да: «Анаң өмірден өтіп жатса, мұның не? Өнер жолында есіңнен адаса бастағансың ба?» деп сөккен еді.

Иә, солай сөгуге де, ұрысып жөнге салғандай қатты-қатты айтуға да жөндері, жосық-жосындары келіп тұр. Десе де өнер үшін талай қиыншылық та көрген, саналы ғұмырында ерлігі мен өрлігі басым істерге де барған кейіпкеріміздің шын мәнінде дегдарлығын жоғалтпаған жан екенін көбі біле бермесе керек-ті.

Еңселі, сымбаты мен кескін-келбеті келісті Серік Сақбайұлы расында өнердің өзі үшін туа қалған жан. Ол бала жасынан театр өнеріне іңкәрлік танытып, бойындағы талантын құштарлық сезімі арқылы үдете білген. Сонау 1951 жылдың ақ бұрқасын түтеген аязды шағында Ақсу ауданына қарасты №45 разъезде шыр етіп өмірге келген ол 14-15 жасынан бүгінгі күнге дейін бекзат өнерге деген алапат сезіміне қылау түсірмей келе жатыр.

– Негізінен бабаларымыздың құтты қоныс, құсни мекені – Көлтабан екен. Әкеміз қиын кезеңде ағасымен бірге теміржол бойын сағалайды. 14 жасында Сақбай әкем бауырымен бірге шойынжол қызметіне сұранады. Өйтіп-бүйтіп жүріп еңбек етеді. Ағасы ауыр жұмыстан сырқат тауып, ақыры қыршын кетеді. Әкеміз арасында оқу оқып жүріп зейнетке дейінгі бейнетті ғұмырында сатылап өседі. Осылайша біз 45-ші разъезде өмірге келдік, алғашқы 3 сыныпты осында бітірдік. Сегізжылдықты Талдықорған қаласындағы №1 қазақ-мектеп интернатынан тамамдадық, – дейді балалық шағын толғаған Серік Нұрхалық.

Жоғары сыныпты Алматы қаласындағы №12 орта мектеп жанындағы пансион интернатта жалғастырған ол сол кездің өзінде театр өнеріне ғашық болып үлгереді. 9-сынып оқып жүріп ұйымдасқан түрде құрбы-құрдастарымен жұп жазбай Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының қойылымдарын тамашалайтын. Ең алғашқы жанар суарғандары – Әуезовтың әйгілі «Қаракөз» қойылымынан кейін байыз тауып отыра алмайтын дертке душар болыпты. Міне, сол махаббат, сол дерт оны өнер атты ұлы жолға өзі-ақ жетелеп алып келген-ді.

1972 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының студиясын бітіргеннен кейін-ақ Серік Нұрхалық театрда еңбек етті. Өнер жолына ойысты. Еңбек жолын Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрынан бастады. Аттай 3 жыл осы театр сахнасында оннан аса рөл сомдады. Айталық, Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарымында» Илья, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік – Кебегінде» Есен, Сәкен Жүнісовтың «Жаралы гүлдерінде» («Тырау-тырау тырналар» деп те аталады) Балташ, Қалихан Бекхожинның «Ұлан Асуында» Бөгенбай, Мұстай Кәрімовтың «Ай тұтылған түнінде» Жалшұғыл секілді рөлдерді жас талаппен, еңбекқорлықпен ерекше сомдап шықты.

С. Сейфуллин атындағы драма театрында 3 жыл қызмет істеп, біраз толысқан, актер ретінде ысылған Серік Нұрхалық сол кездері жаңадан ашылып жатқан Талдықорған театрына ауысуға талап қылады. Осылайша 1975 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Мәдениет министрлігінің жолдамасымен жаңа театрды қалаушылардың бірі болып қызметке орналасады. Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молдабеков, Асанәлі Әшімов, Сабира Майқанова, Бикен Римова, Хадиша Бөкеева сынды ғажайып тұлғалардан театрдың қыр-сырына қаныққан ол төселген актер, қабілет-қарымын ұштай білген маман ретінде туған жеріндегі шымылдық түрген театрға қызметке алынды.

– Уақыт жонынан су төгілмес жорға мен жалын желге таратқан жүйріктің шабысынан да жылдам жөңкитін көрінеді. Сонау жалындаған 21 жасымда еңбек жолын бастап, 3 жылдан кейін бүгінгі жарты ғасырлық тойға жеткен Бикен Римова атындағы драма театрға орналастым. Содан бері де 50 жыл өтті. Осынау уақыт ішінде сан рөлді сомдап, талай қиыншылықты, қуанышты сәттерді бастан кештік. Мандымаған жалақы, ауыр тұрмыс дегенге мойымай, тозуға айналған Талдықорғанды тастамай күн кештік. Осылайша мехнатты жолдан кейін шарапатты кезеңге құлаш ұрдық, – дейді көп сөйлемейтін, барды бар деп қана айтуға дағдыланған кейіпкеріміз.

Шындығында көркем сөйлейтін, десе де алдындағы сан сауал қойып отырған журналистке өз қалауындағыны ғана айтатын Серік Нұрхалықтың мінезі ерекше әсер етті. Король Лир, Білге қаған секілді тарихтың тарау-тарау жолында бағы бес елі хан, бек пен қағандардың рөлін көп сомдағаннан ба, кейіпкеріміз де патшаларға тән кесек пікір, кесімді сөзге жаны құмар екен. Тек ағылып айтқан, көзіне жас алып сыр ашқан естелігі – жоғарыдағы анасының қазасы мен сол күнгі Президент шыршасына амалсыз барғандағысы ғана еді.

Хош, бір адамның ғұмырына жетерлік 50 жылдық театр тарихында жарты ғасырдан астам уақыт актерлік терді мейлінше шүмектете төккен Серік Сақбайұлы шынымен де айбарлы тұлғалардың рөлін көбірек сомдаған екен. Мәселен, Тәкен Әліпбайдың «Қанды ғасырында» Білге қаған, Камал Абдрахмановтың «Мұнар да мұнар, мұнар күнінде» Исатай батыр, У. Шекспирдің «Ақсақалында» Король Лир, «Зұлымдық пен махаббатында» Президент, ақиық ақын Мұғақали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбегінде» Әлмерек бидің образын асқан талантымен айрықша сомдай білді.

Жалпы, театр сахнасында 53 жылдан бері үздіксіз ізденіп, әрбір образын дегдарлықпен мейлінше терең сомдайтын Серік Сақбайұлы бүгінге дейін 100-ден астам рөлде ойнады. Оның бәрінде көрермен мен театр сыншыларының оң ықыласына кенелді. Актерлік шеберлігімен елін сүйсінтті. Бұл тұрғыдан келгенде Би апа театрындағы әрбір актер жайлы толымды мақала жазып жүрген Б. Римова атындағы драма театрының музей меңгерушісі Зәмзәгүл Әмірғалиева «Серіктің өнер сапары» атты мақалада: «Серік Нұрхалықтың актерлік шеберлігіндегі тағы бір қыры – жаратылыс болмысының еуропалық образдарға сұранып тұратындығында. Ол орыс, неміс бейнесіндегі образдарды шынайы сомдап қана қоймай, олардың тілінде сөйлеуі оның ірі дарын иесі екенін айшықтай түседі. Мысалы, Александр Фадеевтің «Жас гвардия» қойылымында актердің гитлерлік Брюкнер жендетінің зұлымдық, қатыгездік, қаныпезерлік психологиясын ашуда, неміс тілін меңгеруде көп ізденгені білінеді. Антон Павлович Чеховтың «Ваня ағай» қойылымы жаңалыққа ұмтылған интеллигенция өміріне арналған. Солардың жиынтық бейнесі Астровтың образы арқылы беріледі. Ол өл қызметін сүйетін, науқасқа қызмет көрсетуге әрдайым әзір тұратын жан. Сонымен бірге қоғамдық құрылыс, заман жайлы өзіндік пікірі бар. Адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы жайлы ерінбей әңгімелейтін адам. Серік Нұрхалық сахналаған Астров салмақты, салауатты, пікірін ашық айтатын, кемшілікті бетке басатын тұлға болып шыққан. Бұл бейне Серіктің өнердегі тың бастамасы», – деп толғанады. Ерекше ықыласпен баға береді. Шындығында, кейіпкеріміз өзіне берілген рөлді ерекше сомдап қана қоймай немісті немісше, орысты орысша сөйлете білетін қабілетке ие талант тақсыры.

Өнер үшін жаралған біздің кейіпкер, яки ғұмырбаяндық-хамсасын толғап отырған Серік Сақбайұлы Би апа театрын құрушылардың бірі. Қасиетті қара шаңырақтың бір уығына айналған ол өз кезегінде М. Әуезовтің «Еңлік-Кебегінде» Абыз, «Абайында» Долгов, «Түнгі сарынында» Казанцев, «Хан Кенесінде» генерал Горчаков, Сәкен Жүнісовтың «Өліарасында» Дзержинский, Тәңірберген Қалилахановтың «Алтын есігінде» Төле би, І. Жансүгіровтың «Исатай-Махамбетінде» Баймағамбет бейнесін жасағанда әр образдың өзіне тән ой тізбегін сахналық әрекет үстінде айрықша аша білді. Қазақ сахнасында Қ. Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығындағы» Николай Добродеевичті орысша, А. Фадеевтің «Жас гвардиясындағы» басқыншы немісті немісше сөйлетті.

– Кейде жалған ұран тастағандай ақиқатты айғайлап айта беруге келмейді. Қоғам мен адам арасындағы, замана мен құбылмалы сәттердегі көріністерді ашып айтқаннан театрдағы өзің режиссерлік еткен қойылым арқылы айшықтап көрсете білсең жеткілікті деп санаймын. Театр – қоғам айнасы. Ондағы әрбір қойылымның көрерменге айтары, жол нұсқары бар. Соны қырағылықпен көріп, интеллекті биігінде аңғару қажет. Режиссер ретінде сахналаған әрбір қойылымымда мен осыған назар аударатынмын, – дейді таңға құлаш ұрған Серік Нұрхалық.

Шындығында әр кейіпкерді өз тілінде сөйлетіп, образдарды ерекше сомдап қана қоймай, Серік Сақбайұлы Би апа театрында өткерген 50 жылының 7 жылын көркемдік жетекші ретінде түгескен. Сол жылдары театр сахнасында тың туындылар қойды. Сахналаған кейбір қойылымы еларалық байқауларда топ жарып, арнайы аталымдар бойынша марапатқа ие болды. Өзі де актер ретінде дүбірлі додаларда аталымдар бойынша лауреат атанып, жекелей марапаттарды еншіледі. Бұл ғана емес, қуыршақ театрында да өнер көрсетті.

Иә, біз тебірене толғанып отырған кейіпкеріміз актерлік, режиссерлік өмірінде талай белесті бағындырды. «Құрмет» орденін еншіледі. «Ерен еңбегі үшін» медалін өңіріне тағынды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері деген атағы сан жылғы маңдай тердің өтеуі десе де болады. Талдықорған қаласы мен Алматы облысының Құрметті азаматы деген атаққа ие болды. Жетісу халқының махаббатына шомды. Өзі іргетасын қаласқан Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрымен бірге еншісі бөлінбес 50 жылды өткерді. Аяулы жары Ырысбүбі екеуі Төлеген, Құралай есімді ұл-қыз тәрбиелеп, олардан немере көріп отыр. Ендеше, осынау сахна саңлағына ғасыр ғұмыр тілеудің де бұл сәтте орайы келгендей. 100 жасқа дейін ел сахнасында өнер көрсету маңдайына жазылғай. 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.