Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӨҢІР ТАРИХЫН ХАТҚА ТІЗГЕН

30.11.2020
ЖАНСАРАЙ
ӨҢІР ТАРИХЫН ХАТҚА ТІЗГЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Көктерек. Биыл бұл ауылдың тарихы туралы бір емес, екі бірдей кітап жарық көрді. Біріншісі – тарихшы ғалым Есенай Іңкәрбаев пен өлке танушы Жаңабай Әділбайұлының «Көк желекті Көктерегім» жинағы, екіншісі еңбек ардагері, қазыналы қариямыз Ташболат САБИТОВТЫҢ «Көктерегім – көктегенім» кітабы.

Алғашқы кітаптың таныстырылымы Талдықорған қаласында және Лепсі ауылында өтті. Кітаптың Лепсі ауылындағы тұсаукесеріне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, академик Берекет Кәрібаев, заң ғылымдарының докторы, профессор Серікқали Тыныбеков, профессор Талғат Мекебаев, осы оқу орнының доценті Жандос Құмғанбаев қатысып, кітаптың мән-мағынасын сарапқа салды да «Көк желекті Көктерегім» жинағы аудан кітапханаларына, музейлерге тарту етілді.

Біздің әңгімемізге арқау болып отырған Ташболат Сабитовтың «Көктерегім – көктегенім» кітабының тұсаукесері туған ауылында өтіп, белгілі қаламгерлер дария көңіл қариямыздың жасампаздық еңбегіне зор баға берді. Республикамыздың бүкіл елді мекендері секілді бұл ауыл да өтпелі, өлара тұстың бар ауыртпалығына арқасын тосып, қазіргі заманның тосын оқиғаларын бастан өткізді.

Ауыл табалдырығын жекешелендіру аттағалы қолда барға зар болған көпшілік түптің түбінде көштен озу, көштен қалу деген ұғымның адамның жеке басының ынта-ықыласына байланысты екенін түсінді. «Көктерегім – көктегенімнің» авторы Тәштай ағамыз шын мәнінде еңбегімен еңсесін түзегендер қатарында. Алдыартын қамтып ойлайтын, ақылға ден қойған қарияның қызығы да, қиындығы да мол өткен ғұмыры тұнып тұрған өнеге екен. Мұндай пікірге осы кітапты оқыған адам еріксіз ден қояды.

Халқының қасіретін білмеген халқының қасиетін білмейді. Ташболат Сабитов бізге осы тұрғыдан үлгі. Алдымен сөзді бабасы Ибадулладан бастайды. Жас кезінде Қазан қаласынан нәсіп іздеп, Лепсі уезін бағытқа алыпты. Жолай Семейде бір жыл аялдап ұсталық кәсіпті үйреніпті де бұрын-соңды Лепсіге қоныс аударған татар ұлысының керек адамына айналыпты. Жаңа қонысында ұсталық өнерінің арқасында күн көріпті. Пайғамбар жасына жетіп өмірден озған Ибадулладан қалған жалғыз тұяқ Кәрім – кітап авторының атасы. Бұл кісі де әкеден үйренген ұсталықпен елжұртына сыйлы болған көрінеді. Кәрім мен Ханыш Ғалымбекқызынан Садық пен Сәбит деген қос ұл, Ғайния, Файруза, Ғизатбану атты 3 қыз тарайды.

Кітапта Тәштай аға әкесінің ағасы Садық пен әкесі Сәбит жайында оқырманға қызықты мағлұматтарды ортаға салады. Айналасына ұсталықпен танылған Садық пен Сәбит Лепсі өзенінің төменгі жағынан көпір салуға тапсырыс алады. 1912 жылы басталған көпір құрылысы келер жылы аяқталып, жаңа қоныс Романовтар династиясының Ресейде патшалық құруының үш жүз жылдығы құрметіне Романовка деп аталады. Осылайша автор Романовка селосының, Көктерек ауылының тарихын ата-бабасының жүріп өткен жолымен байланыстыра отырып көпшілік көкейіне құяды. Әрине қазақтың басынан өткен қиын-қыстау кезең – үркіншілік, ашаршылық, Отан соғысының зардабы, соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтірудің қиындығы да назардан тыс қалмайды.

Автор жазбасының құндылығы – деректілігінде. Не жазса да, не айтса да ол болжамға жуымайды. Елдің – жердің тарихы көзі көргендердің әңгімесімен әрленіп, шынайылығымен қызықтырады. Әкесі Сәбиттің, анасы Мирбанудың айтқандары арқылы Ибадулла, Кәрім әулетінің өткеніне бойлаймыз, автордың өзі куә болған бертінгі жылдар өрнегі кинолентадай көз алдымыздан өтеді.

Кітаптың екінші бөлімі «Ел – жұрт, жер, су» деп аталады да осы тақырып аясында оқырмандар танымы тереңдеп, көңіл көкжиегі кеңейе түседі. 1956 жылы Шамалған құрылыс техникумын бітіріп, «Максим Горький» колхозының прорабы болып еңбек жолын бастаған Ташболат ағамыздың кеудесі – Көктерек ауылының тарихы. Ол мал қораларының, малшы үйлердің орнына қазық қағып жүріп-ақ жылқышы Жанболат Шаяхметов сынды шежіре қарттың әңгімесіне құлағы түрік жүреді. Соның нәтижесінде оқырман Сарымсақты – Суықтының бойынан Шұбартүбекке дейін қанат жайған Садыр руының Лепсі өзенінің бойына қоныстануы жайында, Тасболат батыр, Тәсібек болыс хақында, сай-сала, өзен-көл төңірегінде тың мәліметтерге кезігеді.

Аталмыш кітаптың «Өзге емес, өзім айтам өз жайымда», «Жоқты табу, барды ұқсату» тараулары автордың өсіп-өнуі, қалыптасуы, көзқарасы, қамқарекеті туралы толғауы тоқсан дүниеден сыр шертеді. Жиырма екі баспа табақ кітапты қолға алысымен аяқтауға тырыстым. Себебі белгілі – жастайымнан өзім естіп өскен, көрген, сан рет аралаған жер туралы, ыстық ықыласын сезінген ел жайлы, еңбегімен еңсе түзеген ерлер туралы кітап еріксіз жетелеп отырды. Шын мәнінде ата-бабасының аруағын әспеттеп, өткенін түгендеп, жеткенін ардақтаған туынды оқыған жанның рухын шыңдайды. Адам жанының ең негізгі байлығы – мейірім мен қайырым. Одан өткен байлық жоқ. Ол жоқ жерде тіпті ілім-біліміңіздің де құны көк тиын.

Кітап авторы Ташболат ағамыз осындай мейірім мен қайырымнан жаралған бай адам. Сондықтан жазғаны да мағыналы әрі мазмұнды. 1969 жылдан бастап Текелі ТЭЦ-інде экспедитор болып жұмыс істейтін сібірлік Пинаев Александрмен танысып, білісіп, достасып кеткені, келер жылы Сібірге, Мариинскіге сапар шеккені ұзақ бір хикаяның бастауы. Бұл ел-жер көрем деп саяхаттау емес, шаруашылық мүддесі үшін белді бекем буып көрмеген-білмеген өңірге жетелеген нартәуекел еді. Алғашқы сапарында бес вагон құрылыс ағаштарының Лепсіге қарай жол тартқаны тартымды баяндалса, келесі сапарларында Сібірге жұмысқа жерлестерін апарып, іскерлік байланысты нығайта түскені қызықтырады. «…Ағашсыз жұмысың жүрмейді. Салатын үйіңнің фундаменттен басқасы түгел ағаш, мал қораларының төбе жаппасы – ағаш. Облыстық ауылшаруашылық басқармасынан бөлінетін ағаш онша мәз емес», – деп автор Сібірге сапардың амалсыздан болған тәуекел екенін айғақтайды. Мұнымен қоса жолсапар шығынын былай қойғанда жол-жөнекей ұшырасатын қиындықтарды жеңіп барып еңсерілетін ұзақ сапардың нәтижесіне басшылар қуанғанымен де осыған қолыңның қалай жеткенін білгісі келіп бас қатырмайтыны да шындық. Мариинскіден басқа Хакасия, Умбелла поселкесіндегі орман өңдірістік комбинаты, Северобайкал әкімшілік ауданы, Магистральный қаласы, Лесосибирскіге жалғасқан сапарда Тәштай ағамыз Сібірді пойызбен де, машинамен де, басқа түскенде жаяу да шарлағанын біліп, көп мүддесіне келгенде қарақан бас қамын ұмытатын жанкештілігіне еріксіз ден қоясың.

«Осылайша 36 жыл бойы Көктерек ауылының бар құрылыс жұмыстарын алаңсыз, жалтаңсыз, бар адал ниетіммен жүргіздім. Үлкеннен де, кішіден де «сен жамансың» деген сөзді бірде-бір рет естіген жоқпын. Көктеректің бар құрылысын салудың маған бұйырғанына ризамын», – дейді кітап авторы. Сексеннің бесеуіне қадам басқан жасында ел мен жердің тарихын хатқа тізген зерделі де ақылман ағамызға біздің де ризашылығымыз шексіз. Елдің, жердің бағына аман болыңыз, Тәштай аға!

Жомарт ИГІМАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.