Талдықорған: -1°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ІСІ АҢЫЗ, СӨЗІ АБЫЗ

09.10.2020
ЖАНСАРАЙ
ІСІ АҢЫЗ, СӨЗІ АБЫЗ
WhatsAppTelegramFacebook

Пайғамбардың кісілігі 

Екеуі егіс алқабын аралап жүріп, шөліркегесін сушылар қосына бұрылды. Сәске түс кезі. Күннің ыстығы да оттың жалынындай қыза бастаған. Қостағылар да түскі асқа енді ғана жайғасып, өзара әзіл-қалжың айтысып, алаңсыз отыр екен. «Орта толсын, жігіттер! Астарың дәмді болсын!» деп тілеген екеуіне «бейсауыт жүрген бұлар кімдер?» дегендей, аса мән беріп те қарамады.
– Жігіттер, сендер танымай қалдыңдар-ау, шамасы. Мен – Бижановпын. Мына кісі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағаларың, – деді Құсайын қасында тұрған ұзын бойлы, еңгезердей аққұбаша кісіні иегімен нұсқап.
Сол-ақ екен, дуылдасып отырған жігіттер, астынан су шыққандай, орындарынан атып-атып тұрды.
– Ойпыр-ай, Жиреншенің лашығындай қосымызға пайғамбардай адам да бас сұғады екен-ау, – деп күлімсіреді егделеу біреуі. Бригадир болса керек.
– Ақиқатына жүгінсек, Жиреншенің лашығына қараша да, хан да түскен, – деді Қонаев әнтек жымиып қойып. 
Оның жылы жымиысынан жүректері орнына түскендей, состиған қалпы тұрып қалған қостағылар қозғалақтап, қипақтап, жапа-тармағай қонақтарға төрден орын ұсынды.
– Димеке, мына жігіттер әлгіде әзілдегенсіп «пайғамбарлар» деп қалды ғой. Бір тәмсілдің ойға орала кеткені, – деп сөздің әлқиссасын бастап, аңтарылып қалған жігіттердің көңілін сабасына түсіріп, Құсайын әңгіменің ауанын әріден жалғастырды. 
– Мұхаммед пайғамбар бір күні жолдастарымен жол жүріп келе жатып, айдаладағы бәдәуидің үйіне түседі. Үй-іші ас ішіп отыр екен. Аяқастынан келіп қалған құтты қонағына үй иелері «тамақ алып отырыңыздар» десе де, «өзі азғантай ас жетпей қала ма?» деп ұялып, өздері дастарқаннан шеткерірек отырады. Оны байқаған пайғамбар дұға қылып отырып: «Ас иесімен дәмді болады, жақын отырыңыздар. Бәрімізге жетеді, қымсынбаңыздар», – дейді. Расында да, бір ғажабы, қанша жесе де, ортадағы табақ ортаймайды. Таң-тамаша болған бәдәуиге пайғамбар: «Алла ризығын әркімнің ниетіне қарай береді, ниетіңіз тарылмаса болғаны», – деген екен. Сол айтқандай, жігіттер, астарың бәрімізге жетеді, кәнеки, қымсынбай, алып отырыңдар. Біз аздап ауыз тиіп, шөлімізді бассақ болғаны.
– Иә, жігіттер, Құсекең расын айтады. Сендерді сынағалы келгеміз жоқ, «шөл басайық» деп бері бұрылған бетіміз. Түскі ас қой, бізге қарамай, қарпып-қарпып асап, жеп-ішіңдер. Өзі де соншалықты дәмді-ақ палау екен. Мына Ақдаланың ақ күрішінен дайындалған ғой, шамасы. Солай ма?, – деп Қонаев бригадирге қарады.
– Дұрыс айтасыз, аға, Ақдаланың ақ күрішінен. Палауды басқан мына жігіт, – деді ол қарсы отырған жігітті нұсқап.
– Айтсам, асылық болмасын, бір кезде аңызақ желі мен сусыған құмынан, айнала кезген аңынан басқа қызығы жоқ бұл даланың алтынға бергісіз ақ күрішті алқапқа айналарын кім ойлаған? – деді Қонаев сонау көгілдір көкжиекке дейін созылып жатқан жазықта жайқала өскен егістікке көз тастап. – Әрине, ол бірінші кезекте, мына сіздердей еңбеккерлердің қолынан келетін дүние! Шәмшінің әйгілі «Менің Қазақстаным» әнінде жырланатындай, «дән егіп терлеген қазағым мықты ғой», шіркін! 
Құсеке, білем, сен жаңағы тәлімі мол тәмсіліңді бекерден-бекер айтқан жоқсың. Жұртты айтқан сөзіңе ұйыта білетін, келелі іске ұйымдастыра алатын білікті басшы екеніңді көрсеттің. «Дегеніне жетпей қоймайтын, қолынан іс келетін жігіт, сөзі де, ісі де ірі», – деп Бәйкен Әшімұлының сені мақтайтындай жөні бар. Тектіден қалған тұяқсың ғой. Әкең Бижанды көзіммен көрмесем де, оның оқығанынан тоқығаны көп зерделі, арғы-бергі тарихтан хабардар шежірелі кісі болғанын пайымдаймын. 
– Димеке, сіз мені жұрт көзінше асыра мақтап жібердіңіз-ау. Мына жігіттер ішінен мырс-мырс күлер-ау, ә? – деп жымиды Құсайын. – Ашығын айтқанда, Ақдала алқабын игеруге тікелей ұйытқы болған өзіңіз емес пе?! Әйтпесе, әлі күнге дейін еттен басқа азық-түлік пен көкөністі Алматыдан тасып жүрер ме едік? Енді міне, Алматыны аңызақ Ақдаланың өзі-ақ қамтамасыз етуге жағдайы кеп қалды.
– Жақсы, Құсеке, бір-бірімізге көпшік қоя бермейік. Бөркімізді де аспанға ата бермей, орынды мақтанайық. Өзің айтқан тәмсілдегідей, мына біздерге, жалпы жұртқа пайғамбардың кісілігін, аңызға айналған Ақдаланың аппақ күрішіндей ақ ниетін, кең пейілін берсін.
Осы кезде қара жолдың шаңын бұрқыратып, құйғытып келіп, «ГАЗ-69» машинасы анадай жерге тоқтай қалды. Ақ шаңды бұлттың арасынан алдымен екі езуі екі жаққа кеткен шопырдың басы көрінді.
– Әй, Пермеш! Жау қуғандай соншама не көрінді?, – деп жорта қабағын түйіп, ұрысқансып, күле сұрады Бижанов.
– Өй, мен сіздерді жоғалтып алдым ба деп қорқып, – деді ол ыржалаң-ыржалаң етіп.
– Бәрекелді! Басшысын жоғалтып алудан қорықса, мұндай қосшыдан айналмайсың ба? – деп езу тартты Қонаев.
Айнала отырғандар да шопырдың алаңғасарлау мінезіне, тым оғаш боп көрінген тірлігіне күлісіп алды.

Қарапайым портрет

Бижановтың үстелінің үстінде оқшаулау тұратын қара телефон шыр ете қалды. Тікелей облыстан – Асанбай Асқаровтың өзі.
– Иә, Асеке?
– Құсеке, сүйінші! Дінмұхамед Ахметұлы политбюроға кандидат болып сайланды. Бүгін радиодан хабарлайды, дайын бол.
– Түсіндім, Асеке. Жақсы жаңалық екен! Дінмұхамед Ахметұлын Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа біздің ауданның атынан ұсынғанымыз қандай жақсы болған! Енді оның кеңшар халқымен кездесуін асыға күтеміз. 
– Өзімен ақылдасып көрейін, Құсеке.
Бижанов қара телефонның тұтқасын аялағандай ақырын ғана орнына қойып, қызыл телефонға қол созды: «Маған Әубәкіровті қосып берші?».
– Төлеген, дайындық қалай? Бүгін радиодан жаңалықтарды тыңда. Дінмұхамед Ахметұлының политбюроға кандидат болып сайланғанын хабарлайды. Әрине, кездесуге дайындала беріңдер. Өзім де көріп қайтамын ғой. Айтқандай, сендерде Димекеңнің суреті табыла ма? Өзің де білесің, политбюроға кандидаттың суреті барлық жерде ілініп тұруы тиіс. Іздеп көрші, сенің таппайтының жоқ қой. Табылса, екеуін алсын, бізде де жоқ. Түсіндің ғой, Төлеш?..
Бижанов кеңшардың Қонаевпен кездесуге дайындығын өз көзімен көріп қайтқасын, араға екі-үш күн салып, Төлеген хабарласты.
– Құсеке, табылды! Тіпті, қат дүние екен. Алматыдан да, еш жерден де табылмай, экспедиторымды тікелей Мәскеуге жіберіп, бірнеше данасын алдырттым. Бір данасын сізге жібердім. Портреттің бояуы әлі кеуіп те үлгермеген, – деді аузы-аузына жұқпай.
Бижанов балаша қуанып кетті. Телефон тұтқасын сүйіп алардай: «Өй, азамат! Саған алғысымды қалай жеткізсем екен?! Балаларыңның қызығын көр!», – деп көңілденіп, шын тілегін білдірді.
Портретті көргенде, әрі қуанды, әрі таңғалды. Пәлі, қарапайым ғана портрет. Бірақ, осы портретке бұның өзі үлкен үміт артып отырған жоқ па? «Адамның көңілі бір атым насыбайдан» демекші, Қонаевтың көңілін тауып жатса, оның аудан халқына қаншалықты мол шапағаты тиетінін жүрегі сезеді. Асқаровтың да разы болатынына сенімі кәміл. Асанбайға әзір ештеңе ашып айтпады. «Оған да тосынсый болсын», – деп іштей масаттанды.
Ал атқа қонатын кез келді. Алматыдан Бақанасқа қарай үш мәшине болып шықты. Алдағы «ЗИМ-ға» Қонаев, Асқаров, Ахметов, Қисановтармен бірге Бижанов та жайғасты. Арттағы машиналарға жоғары лауазымды генералдар мен үкімет адамдары отырды.
Діттеген жерге жеткесін Бижанов мәртебесі биік қонақтарды кеңшар директоры Төлеген мен оның қасындағылармен таныстырып, кеңсеге қарай алып жүрді. Кеңсе алды  ығы-жығы халық. 
Қонаев кеңсенің маңдай алдындағы портреттерге зер сала қарап, Асқаровқа бұрылды: 
– Асанбай Асқарұлы, мына портреттер әлі Алматының өзінде жоқ, сендер қайдан алдыңдар?
Асанбай не айтарын білмей қызарақтап, Бижановқа қарады. Ол сыр берместен:
– Димеке, жігіттер сіздің келетініңізді алдын ала естіп, ескерген ғой, – деді жайбарақат.
– Бәрекелді, Құсайын Бижанұлы, жігіттерің алғыр екен, – деп Қонаев басын изеп қойып, портреттерге қайта үңілді. Жоғары шенді-шекпенділер сырт көзге білдірмей, бір-біріне қарасты.
– Жақсы. Халық күтіп қалған шығар, тап осы жерде жиналысымызды бастай берейік, – деп Қонаев жиналған жұртқа бұрылып, сөзін бастап кетті.
Жиналыстан соң Бижанов мәртебелі қонақтарды ертіп, кеңшар директорының кабинетіне кіргізді. Қонаев тура төргі қабырғада өзінің жеке-дара ілулі тұрған портретін көріп, тағы да таң-тамаша болды. 
– Асанбай Асқарұлы, бұл кеңшардың жағдайы қалай, білдің бе? – деп сұрады. Үнінен әлдебір толқыныс сезілді.
Асанбай бұл жолы байыпты қалпынан айнымай:
– Дінмұхамед Ахметұлы, Бижановтың сізді нашар кеңшарға әкелмейтіні анық қой, – деді сенімді түрде.
– Дінмұхамед Ахметұлы, сізді депутаттыққа нашар кеңшардың атынан ұсынғанымыз ұят емес пе, тіпті? – деп күлді Бижанов.
– Жақсы. Олай болса, кеңшардың жағдайын директордың өз аузынан естиік, – деді Қонаев.
Осы кездесуден кейін Асқаров пен Бижанов екеуі оңаша отырғанда:
– Құсеке, жарайсың! Сенің дипломатиялық шеберлігіңнің арқасында Балқаш ауданына даңғыл жол ашылды деп санай бер, – деді Асанбай.
– Асеке, ел абыройы – ер абыройы емес пе? Мен Димекеңнің өз ата-бабасының өсіп-өнген жеріне, туған еліне септігі тиер-ау деп тырыстым, – деп риясыз күлді Құсайын. 
– Олай болса, Құсеке, осы ауданды көтергесін, сені кейін өзіңнің Шелегіңе жіберуді Димекеңнен сұрайтын боламын, уәдем – уәде, – деді Асанбай.

Даладағы концерт

«Атақты Нұрғиса Тілендиев өзі құрған «Отырар сазы» ансамблімен келеді екен» деген сыбыс ауданға тез-ақ тарап кетті. «Мінезі шатақтау кісі, көңіліне жақпаған басшыларды сынап-мінеп, масқарасын шығарып кетуден тайынбайтын көрінеді», – деген желсөз де ілесе жүрді. Шелек жұрты Нұрғисаның келуін шыдамсыздана күтті. Нені көбірек күткені белгісіз – атағын ба, шатағын ба?..
Нұрғиса арсалаңдап келіп, Бижановты жұрттың көзінше құшақтай алды.
– Асылым, ағам! Сізді көрсем, Құсайын аға Бижанов, кеудеме құйылар жаңа бір күй жанып, – деп жөпелдемеде ұйқастыра жөнелді.
Құсайын ағасы да қарап қалмады.
– Сіз үшін қуанамын кеудеңізге күй құйса, күйден жаралған, күннен нұр алған Нұрғиса, – деді еркелеткендей інісінің арқасынан қағып.
– Мұқағали ініміздің жанашыр, рухтас ағасы болғаныңызды білем, аға.
– Нұреке, сенің Мұқағали інімізбен бірге тығыз шығармашылық одақта болып, екеуіңнің бар болғаны отыз күн ішінде отыз ән шығарғандарыңды күллі жұрт біледі. Отыз жылға бергісіз отыз-ақ күн! Есесіне, ол әндерің мәңгілік ел есінде қалды. Бір «Саржайлаудың» өзі не тұрады?! Қазақтың, қазақылықтың гимні емес пе?!
Екеуінің де даусы дірілдей шыққан. Ұзақ жылдар бойы көріспей, бірін-бірі жаңа тапқан бауырларша елжірей қарасқан екеуінің бір сәт көңілі босап кеткенін, үлкен толқу үстінде екенін жұрт та түсінді.
Сол толқу концерттің өн бойында еш сейілмей, жаздың жылы самал желі ескендей сезіліп тұрды.
Оркестр «Махамбет» күйін ойнап тұрған. Дирижер жын қысқан бақсыдай жұлқынады. Бір қайырымдарында тыңдап отырған жұрт «Бандыны қуған Хамит» киносындағы музыканы жазбай таныды. Иә, соның өзі!
Кенет күй шорт үзілді. Нұрғиса жыны басылғандай, дирижерлік таяқшасын төмен түсіріп қойыпты. Оркестр қимылсыз.
Нұрғиса шалт бұрылып, залға қадала қарады да:
– Ағайын, біркісідей орындарыңыздан тұрып, сыртқа беттеңіздер! Көріп отырсыздар, халық залға сыймай жатыр. Концерт далада жалғасады, – деді қарлығыңқы даусымен.
Бір ғажабы, залдағылар композитордың өтінішіне түсіністікпен қарап, ың-жыңсыз сыртқа шықты. Концерт далада жалғасты. Ымырт түскен шақ. Бір уақытта жұрт тұрған орнында ән ырғағына қарай теңселе билей бастады. Енді біреулері өзіне таныс әуендерге ыңылдай қосылды. 
Кенеттен біреу:
– «Құстар қайтып барады» әнін сұраймыз! – деп айқай салды. Әр жерден оны қоштаған дауыстар естілді. 
Нұрғиса бәлсінген жоқ, сұрағанын берді. Арқаланып алған ол әнді жұртқа хормен айтқызды. Осы сәтте ол дәл қасында Құсайын ағасының да майда қоңыр даусымен хорға қосылып тұрғанын байқады. Шелек аспанында түннің бір уағына дейін әсем әндер әуелеп тұрып алды. 
Ертеңінде Құсайын Нұрғисаны кабинетінде қабылдап, қол астындағы қызметкерлерімен таныстырды. Нұрғиса түндегі өрекпіген көңілімен оларды қағытып, қалжыңдасып отырды. Әзіл-шыны аралас марапат сөздер жан жүректерінен шығып, екінші хатшы Әбіләкім Сайдуллаев оның қолына алтын жалатылған сағат тақты.
– «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» деп оң жамбасына ала салатын қалжыңқой қазағым-ай, – деп езу тартты Құсайын. Сосын Нұрғисаға қарап:
– Ал Нұреке, сый-сияпатты онсыз да жасаймыз ғой, басқа бұйымтайың болса айт, – деді.
– Өй, аға, маған халықтың құрметінен артық ештеңе керек емес. Мұқағали ініміз мен көрген құрмет-қошеметті көре алмай, шерменде боп кетті ғой. Әрине, оған халықтың сүйіспеншілігінен өзге ештеңенің қажеті де жоқ еді. 
– «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп хакім Абай айтқандай, Мұқағали халқымыздың сүйікті ұлдарының бірі еді, халық жүрегінде мәңгіге қалды. Аспанда жарқыраған жұлдыздардың орнын ешбір құдіреттің ауыстыра алмайтыны тәрізді Мұқағалидың да поэзия көгіндегі орнын ешкім тартып ала алмайды. Нұреке, мына сенің есімің де қазақ музыка тарихында алтын әріптермен әлдеқашан жазылып қойған. Егер аудан аралап, оркестрмен бірге гастрөліңді жалғастырғың келсе, біз бар көмекті аямаймыз. Өзің де көріп отырсың, Шелек халқы өнерге шын сусап отыр.
– Жарайды, Құсеке, асыл ағам, қайда асығам, ойланып көрейін. Шіркін-ай, барлық жерде басшылық тізгіні өзің сияқты ақынжанды адамдардың қолында болса ғой, «Айналайын, Шелегім! Келешегіңе сенемін» деп, жағамыз жайлауға жетіп, шырқап жүре беруші едік! 
– Қайтерсің, Нұреке, бес саусақ бірдей емес. «Бір биеден ала да туады, құла да туады» дегендей, басшылық үшін де адамдар түрліше жаралады екен ғой.

Қайталанбайтын құбылыс

«Бижанов шақырып жатыр» дегесін кабинетіне жүрексіне басып кірдім. Басымда «не бүлдіріп қойдым?» деген бір ғана ой көзсіз көбелек сияқты шыр айнала берді. Аққұба жүзінен ешбір қатаңдық байқалмағасын, жүрегім орнына түскендей болды. Сөйтсе-дағы, алдында жатқан газет нөмірінен көз алмай отырғанына қарағанда, бір ши бар сияқты. 
– Ә, редактор інім, келдің бе? Төр-лет, – деп жөткірініп қойып, қарсы алдындағы орынды иегімен нұсқады. Отырдым.
– Осы сенің аудандық газетке редактор боп келгеніңе бір айдан асты, ә? 
– Бір жарым ай болды, аға.
– Қызық. Таңғалып отырғаным – баяғы сол газет, «Еңбек туы». Бірақ, елеулі өзгерістер бар. Соның сыры неде?
– Аға, оның бәрі газеттің әрленуіне байланысты, – деп өтірік айтуды білмейтін басым ағымнан жарылдым.
– Е-е, дұрыс. Мазмұны сол да, сыртқы түрі өзгеріске ұшыраған екен ғой. Олай болса, енді мазмұнын да барынша тереңдете түс. Бұдан былай сен біздің мәжілістерден қалмай, бәріне қатысып отыр. Рұқсат. Орын алған кемшіліктер үшін жан адамды аямастан сын садағына ал. Ешкімнің де бет-жүзіне қарама. Жорналшы тілімен айтқанда, газеттегі ең өткір жанрды «фельетон» дейсіңдер ғой, соны көбейткін. Міне, осы айтылғанның астарына үңіліп, мұның бәрін партиялық тапсырма деп ұқ, жарай ма?
– Жарайды, аға, келістік.
Былай шыға терең бір демалдым. Бекер-ақ қорқыппын. 
Бижановтың айтқанының бәрін ой таразысына салып көрсем, нағыз тағайындалуым енді ғана болыпты. «Сынақтан өттім» деген сөз. Биліктің бір тізгінін қолыма ұстатып отырғанын да ұғындым. Бижановтың қаншалықты білікті басшы екенін енді ғана түйсінгендеймін.
Бір жыл өте шықты. Тұтас бір дәуірге бергісіз бір жыл. Құсайын ағаның ұлағатты сөзін, терең ойын теретіндей заман емес-ті. Оның қазақтың ғасыр құбылыстарын өзінше дастан қып айтып отырар абыздық қасиеті көл-көсір еді. Күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде кетіп, хатқа түсіре алмағаныма, сырсандығы ашылмай қалғанына әлі өкінемін. 
Ұзақ жылғы журналистік қызметімде талай басшыны көріп едім. Бірақ, Құсайын Бижановтай сегіз қырлы, бір сырлы жанды көрмедім. Мен үшін ол айрықша бір құбылыс боп қалды. Асылы, ондай басшы болу үшін оның тағдырын айна-қатесіз бастан кешу керек шығар. Ол мүмкін емес қой. Демек, Құсайын Бижанов – қайталанбайтын құбылыс.        
Құсайын ағаның көп қырын таныдым. Табиғатынан жаны жайсаң, жайдары кісі екен. Ішкі жан дүниесінің соншалықты нәзіктігін де сезіндім. «Нағыз ақынжанды адам екен ғой өзі» деп іштей ой түйген едім. Сол сезімім алдамапты. Кейін оның өзіндік өрнектері бар, өресі биік жыр шумақтарымен танысқанда, ақындығының ешкімнен кем еместігіне көзім жетті.
Бижанов – сонау сұрапыл соғыс жылдарында қолына қару алып, жаумен шайқасқан батыр тұлғалы басшы. Баяғының би-шешендеріндей тілге жүйрік. Сөзі сүйекті, ойы мәйекті. Көненің көзіндей ақылман, абыз ба дерсің. Адам психологиясына жетік. Қарамағындағы азаматтармен аса сыпайы сөйлесу әдеті ұзақ жылғы ұстаздық етуден қалған болар. Дипломатиялық шеберлігі туралы да ұзағынан әңгіме өрбіте беруге болады. Әлбетте, Құсекеңнің өмір жолы кімге де болса үлгі-өнеге екенін айтып дәлелдеудің қажеті шамалы.
Бижановтың астықсыз Балқашты ақ күрішті ауданға айналдыруы ел аузында аңыз боп тарап кетті. Бүгінгі таңда Қонаев атындағы Үлкен Алматы арнасының құрылысы жүріп жатқан кезде оның ел арасында «Бижановтың ырысты арнасы» деп аталып жүретінін жұрт әлі ұмыта қойған жоқ. 
 Құсайын ағаның қамқор тәлімінің арқасында Бақыт, Марат, Өмірзақ, Алтынбек, Еркін, Құдайберген, Ибрагим, Серік, Елеусіз, Тұрсын, Амангелді, Оразбай сынды кілең сайдың тасындай іріктелген атпал азаматтар Шелек ауданының еңбек қазанында қайнап, одан әрі әрқайсысы шартарапқа шуағын шашып, тәлімгерлерінің тартқан желісіндей білікті жетекшілікке жол тартып кете барды. Мен өзіммен бірге үзеңгілес болған дос-жарандарымды ғана айтып отырмын. Ал, Құсайын ағаның тәрбиесін алған азаматтар Қазақстанның түкпір-түкпірінде абыройлы еңбек етуде. 
Амал не, Құсекең бұл күнде арамызда жоқ. Тірі болса, тұп-тура жүзге келер еді. Десек те, істеген істері аңыз, айтқан сөздері абыз Құсайын Бижановты артында өшпестей із қалдырғандардың бірі де бірегейі дер едім. Егер біз «Тұран тұлғалары» атты энциклопедия құрастырар болсақ, оның ішінде Дінмұхамед Қонаев, Асанбай Асқаров сияқты біртуар алыптардың қатарында Құсайын Бижановтың есімі де алтын әріптермен жазылары хақ.

Жақыпжан НҰРҒОЖАЕВ, 
журналист-жазушы

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

Қазақстан мен Қырғызстан су қоймалары бойынша 3 жылдық жоспарға қол қойды

09.02.2026
«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.