Талдықорған: +5°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҮШ АРЫСҚА ӘН АРНАҒАН

18.03.2020
ЖАНСАРАЙ
ҮШ АРЫСҚА ӘН АРНАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

«Біз Жетісу өңіріндегі әйгілі дарындарымыз Ақын Сара, Ілияс Жансүгіров, Мұқан Төлебаевты еске алсақ, мен соларға  жалғап Мұратқан Егінбаевтың да есімін атар едім», – деген еді қоғам қайраткері Кәкімбек Салықов.  Мұратхан ағаның  шығарған әр әнінің өзі автордың көңіл-күйін, ішкі-сыртқы  толғаныстарын суреттейді.  Әр дәуірдің алға сүйреуші рухани күші болады. Өткен ғасырдағы әнші-композиторлар елдің жігерін жанып, халықты бақуатты  өмір сүруге бағыттады. Мұратхан Егінбаев ағамыз сол өнерпаздардың бел ортасында  ел-жұртына  жыр сыйлады.  

Алмас кездіктің қын түбінде  жатпайтыны белгілі.  Мұратхан аға 15 жасында  Мұқағали Мақатаевтың «Құмған алған суға барған» деп басталатын «Сағындым» деген өлеңіне ән жазды.  Әуез көпшіліктің көңілінен шықты. Әр қазақ әнді тербеле отырып шырқап, туған жерін есіне алды.  Өскен өлкеге  деген сүйіспеншілікті құдіретті сөз, әуезді әнмен жеткізді.  Өнердің қасиеті  жүрекке жол табуымен қастерлі.  Әншілердің де сұранысына ие болды.  «Сағындым»  әні Мұратхан есімді жас өнерпаздың  жолын ашты.     Композитордың шығармашылығы   шыңдала түсіп, соңынан  «Аңсағаным ауылым»,  «Туған елім, туған жерім»,   «Үш арыс» сияқты әндері танымалдыққа ие болды. Оны көпке белгілі әншілер орындап, жайнатып жіберді.  Халық аспаптар оркестрі мен хорға арналып жазылған алпысқа жуық әні үлкен сахналарда орындаушысы мен тыңдарманын жақындастырды.  Ағаның шығармалары өнерпаздар арасындағы  бәйгелерге түсіп, топ жара бастады.  Жүректен шыққан жыр – жүрекке жетті.   Ғасыр басында  «Жаңа ғасырға – жаңа ән!» республикалық байқауында ақын Темірхан Медетбековтің сөзіне жазылған «Абылай» атты әні «Елім, жерім, Қазақстаным, барлық баян – тарихым» номинациясы бойынша  Гран-приді қанжығалады. Жүлде шабытқа шабыт қосты.  Әндер бірінен кейін бірі жазыла берді.  Өткен жылы Мұратхан ағаның әндерінен «Сәйгүлік» атты республикалық байқау өткізілді. Оған  7 облыстан орындаушылар келіп, композитордың 60-тан аса әні орындалды. Концерт жоғары дәрежеде өтті. Жетісу өңірінің халық және халық  композиторлары әндерінің антологиясына өңір бойынша 11 өнерпаз қосылған еді, соның бірі біздің Мұратхан аға. Мақтануға әбден тұрарлық жағдай.  
Дарынды адамның барлық істе талапты болатыны өмірдің заңы. Жерлес ағамыздың келесі бір қыры – қаламгерлігі.  Ол екі томдық «Бабалар үні» атты музыкалық шығармалар жинағын басып, шығарды.  Кітап қазақ өнерінің  құнды мұрасы болып саналады. Оның ішіндегі әндер әр орындаушының талғамына, мақамына  арналып жазылды.  Кітапқа енген шығармалар оркестр және вокалда орындауға арналған.  Одан басқа «Әнім менің, Алашым», «Көңіл сезімдері», «Мөлдір махаббат», «Махаббат аралы» кітаптарының авторы.  Мұратхан ағаның домбыраға деген сүйіспеншілігі бала  кезден қалыптасты. Шығармашылық қасиет оған  нағашы атасы  Ахмадиден дарыды. Ол – ұста, зергер, шебер адам еді. Қолдан домбыра жасайтын. Аспаптың үнін естісе Мұратхан сол атасының қасына жүгіріп  барып, шанағын шерте бастайтын.  Музыкаға сүйіспеншілік баланың зердесін ерте  ашты. Болашақ композитор домбыраны бес жасында үйренді. Қасиетті аспапты жастығының астына жастанып жататын. Нағашы атасы  жиен немересінің бойына адалдық пен мейірімділікті сіңіріп,  елдің елдігі ағайынның мейірімділігімен берік екенін ескертуден жалықпайтын.   Атасы көпшіл, бауырмал,  жанашырлығымен ел-жұртқа сыйлы еді. Ұят пен арды негізгі орынға қоятын.  «Қызыл ет кетеді, қызыл бет қалады, қандай жағдай болса да  басқаның несібесіне ортақтаспа» деп отыратын. Әуелі әдеп, содан кейін барып білім іздеу керектігін құлаққа құятын.  Атасының қасында жүріп домбыра жасатушылардан  «Елім-ай» әнін үйренді.  Саусақтары пернені бағындырғаннан кейін халық әндері мен  күйлерін сылқылдата шертетін дәрежеге жетті. Ағаның өміріне көбінесе  ұлылар жайлы ізденіс әсер етіп, жолы  ашылады.  Бірде  Мұратхан Егінбаев  Ақсу ауданының  бас архитекторы қызметінде жүріп  Мәскеуге барады.  Мақсат – қазақтың көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіровтің  тас мүсінін қолаға айналдыру.  Мәскеуде Кеңес одағы Коммунистік партиясының орталық комитетінде нұсқаушы болып жұмыс істейтін Кәкімбек Салықов біраз жерлесін үйіне қонаққа шақырады. Сол үйде отырып Мұратхан аға Кәкімбекке: «Ілияс Жансүгіровтің 90 жылдық тойын жасамақшымыз. Сіз соған шақырыласыз.  Ілекеңе арнап өлең шығарсаңыз» деген тілек айтады. Осы  әңгіме бір тарихи әннің тұсауын кесетінін композитор сол сәтте сезбеген шығар. Екеуара әңгімеден кейін  көп ұзамай композиторға  Кәкімбек  Салықов хабарласып: 
– Сен кеткен соң өлең жолдары тіліме оралды. Айтайын: 
Қазақтың ірілері-ай,
Абайдың інілері-ай,
Сәкен, Ілияс, Бейімбет. Өлеңнің атын  «Үш арыс» деп қойдым. Елге қайтқаныңша осыған ән жазып кет, – деп өзі іле-шала домбырасын ала келіп, әннің жазылуына себеп болады.  Мұратхан аға әнді шығарған соң Кәкімбекке телефон соғып, саздың дүниеге келгенін айтады. Кәкімбек елден барғандарды қайта жинап, әннің тұсауын кеседі. «Үш арыстың» сөзі мен әні қабысып кетеді. Үйдегі тыңдаушылар әнді бірнеше қайтара айтқызады.  Тас мүсінді қолаға айналдыру үшін рұқсат қағаз керек екен. Ақсудан барған сәулетшінің өнері сол мәселенің де еш қолбайлаусыз шешілуіне негіз болады.  «Елде тағатсыздана күтіп отырған жұрт   мүсін және   «Үш арыспен» бірдей қауышып, олжалы оралғаныма қуанды.  Бәрекелді, ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ деген осы-ау деді үлкендер.  Тағатсыздана күткеннің бірі  Ілекеңнің ұлы Болат еді.  «Үш арысты» естігенде  жүзі шаттықтан бал-бұл жанды», –  дейді Мұратхан аға сонау жылдардағы ерлікке бергісіз естелікті сағына есіне алып. 
Сол  «Үш арыс» және «Жетісу мен Көкшедей» әні былтыр Ілияс Жансүгіровтің  125 жылдығында  «Құлагер» қойылымында  орындалды. Ілекең  туған топырақта сахналанған  көрініс   республиканың түкпір-түкпірінен жиналған қауымды сол заманға апарып, алып келді.  Қойылымға жиналған  көпшілік «Құлагер» құлағанда кеудеге тығылған өксікті көз жасына ұластырды.  Режиссердің дарыны көпті тәнті етті.  Актерлердің ойнауында гәп жоқ.  Далалық көрініске арналған  қойылымның басы  «Үш арыспен» басталды.  Ән тақырыпты ашты. Бір әттеген-айы  қойылым соңында  әртістер сахнаға шақырылып, құрмет көрсетілмеді. Шығармашылық адамы үшін  ең үлкен сый – көрерменнің ықыласы мен қол шапалағы. Әсіресе,  ән авторлары мен әртістерді бұқараға мақтап жеткізгісі келген журналистер қауымы соңғы әсерді таспаға түсіре алмады. Шығармашылық ұжымның аты-жөні аталып,  рахаттанып тыныстайтын сәті сценарийде ұмыт қалған.  Режиссер Сәулебек Асылхан, Ақан серінің рөлінде ойнаған  Бейбіт Қамыранов және басқа филормония әншілерінің қойылымды сомдау үшін қосқан рөлі зор еді. 
Мұратхан Егінбаев  200-ден аса әннің авторы. Композитордың әндері көбінесе адамға жігер беріп, елжандылыққа тәрбиелеп,  бойға ізгілік нұрын себетін әндер. Мысалы, «Серпін» атты күйі,  «Абайым»,  «Қаракерей Қабанбай», «Аңырақай»,  «Астана Ақ орда»,  «Отан-ана», «Асанқайғы», «Жәлменде би Пышаным» әндері  отан сүюге тәрбиелесе,  «Тырналарым келдің бе?», «Туған жерім, туған елім»,  «Аңсағаным ауылым»,  «Қарай берші наздана» лирикалық әндер қатарына жатады.  Облыста  Мұратхан Егінбаевтың өнерінен үлгі алу мәселесі тақырыптан түспеуі тиіс. Бұл орайда оқу орындарында біраз шаруа атқарылуда. Консерваторияның магистранты  Қанат Әмірханов дисертациялық жұмысын «Жетісу ән дәстүрі аясындағы композитор Мұратхан Егінбаевтің шығармашылығы» тақырыбында қорғамақшы. Сондай-ақ, Ілияс Жансүгіров  атындағы  Жетісу мемлекеттік  университетіне қарасты  «Музыкалық білім»  мамандығы кафедрасында  «Композитор  Мұратхан Егінбаев шығармаларын музыка сабағында қолдану» атты диплом жұмысы жыл сайын жазылады. Жоғары оқу орны  бұдан басқа да шаралар ұйымдастырып, композитордың білім-білігін жастар бойына сіңіру барысында  еңбектенуде. 
«Нағыз байлық – дүниенің ағыл-тегіл көптігі емес. Нағыз байлық – жан дүниенің байлығы», – дейді  Мұратхан аға өзінің рухани кеңдігін паш етіп. Жетісу өнерпаздарының көшін бастап келе жатқан Мұратхан аға  қазақтың бұрынғы өткен  халық әнші-композиторларының ізін жалғастырушы. Мұраны болашаққа табыстаушы. Композиторға қандай атақ берілсе де оңды. Ендеше, абыройыңыз артып, еңбегіңіз жана берсін дейміз сазгер ағаға.

Гүлжан ТҰРСЫН

 

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

Сыбайлас жемқорлық рейтингі: Қазақстан 96-орынға төмендеді

11.02.2026
Күзгі берекенің негізі – көктемгі дайындықта

Күзгі берекенің негізі – көктемгі дайындықта

11.02.2026
Пәтер алудың жаңа мүмкіндігі: Тұрғын үй жинақ жүйесінде қандай өзгеріс бар?

Пәтер алудың жаңа мүмкіндігі: Тұрғын үй жинақ жүйесінде қандай өзгеріс бар?

11.02.2026
Биыл Жетісу өңірінде үш экопарк құрылады

Биыл Жетісу өңірінде үш экопарк құрылады

11.02.2026
Жетісу облысында апатты көпірлердің мәселесі шешілуде

Жетісу облысында апатты көпірлердің мәселесі шешілуде

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.