Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ШАҢЫРАҚ ШЫРАЙЫ

26.04.2021
ЖАНСАРАЙ
ШАҢЫРАҚ ШЫРАЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жақсы әйел – қашанда өз ерінің ар-намысы, отбасының ұйытқысы, ұрпақ жалғастырушысы. Отағасының сенімді серігі, шаңырағының берекесі болып отырған сондай ізгі жанның бірі – Сандуғаш МУСИНА.

Сандуғаш Мусина 1961 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Арқат ауылында дүниеге келіп, Арқат орта мектебін бітірген. Семей техникумына «тауар ісін жүргізуші» мамандығы бойынша оқуға түседі. Оқуын аяқтаған соң дүкендерде өз мамандығымен қызмет атқарған. Одан бөлек, бірнеше мекемеде есепші де болған. Достары арқылы болашақ жолдасымен танысып, шаңырақ көтереді. Сонау Абай жерінен Жаркент өңіріне үлкен әулетке келін болып түседі. Семейден тағамы да, сөйлеу диалектісі де, кейбір салты да өзгешелеу болған Жаркентте алғашында біраз қиналған көрінеді.

– Әкем мен анам қарапайым шаруа кісілері болған. Жолдасым екеуміз бір-бірімізді ұнатып, отау құрдық. Ата-енем өте жақсы кісілер. Менің жолдасым анасымен алғаш таныстырғанда ол кісіні өзіме жақын қабылдадым. Әулетке алғаш келін болып түскенде енем мені бауырына басып, білмейтін салт-дәстүрді, та- ғамдарды қалай дайындау, үлкен кісілерді қалай сыйлап-құрметтеу, қалай қонақ күту керектігін үйретті. Менің жұбайым үйде ұлдың үлкені. Одан кейін де балалар, абысындарым бар. Мен өзімді бақытты санаймын, – дейді Сандуғаш Демеуқызы. Ол енесінен самаурынға шай қайнатудан бастап, таба нан пісіріп, тағамның түр-түрін үйренгенін айтады.

Отағасы жұмыс бабымен басқа аймаққа ауысуына байланысты Кербұлақ, Алакөл, Ескелді, Көксу аудандарына қоныс аударған. Десе де, қай жерде болмасын өзінің қарапайымдылығының арқасында дос-жаран, құрбы-құрдас тауып отырған. Үй шаруасынан бөлек, кәсіпкерлікте де өзін сынап көрген кейіпкеріміз:

– Балаларым өскен соң кәсіппен айналысуды ұйғардым. Әрине, басында қалай болады, неден бастаймын деген сұрақтар туындады. Жаркент базарында жерге тауарымды жайып қойып, сатқан кездерім де болды. Жұбайым мені қолдап, шаруама барынша көмектесті. Бастаған ісім алға басып, ілгерілей бастаған соң шағын дүкен, шаштараз аштым, – дейді.

Иә, қай істі болмасын иіріп әкететін Сандуғаш Демеуқызы бүгінде – көпбалалы кәсіпкер. Жаркент өңірінде үлкен сауда орталығының иесі 15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қай істі болмасын қолына алып, аяқсыз қалдырмайтын ол қиындықтарға мойымай, үнемі жадырап тұрады. Айналасына мейірімін төгіп, шуағын шашып жүреді. Бәлкім, содан да болар, үйінен еш уақытта қонағы арылмаған.

Даналығымен де ерек жан бақытты отбасы болудың сырымен де бөлісті. Оның айтуынша, бақытты отбасы деген – отбасында ауызбіршіліктің болуы. Бір шаңырақтың астына біріккен адамдардың арасында сөз де, ой-пікір де бір болуы тиіс. Ал бірлік қай кезде болады дегенімізде:

– Ол адам бір-бірін сыйлаған, бағалаған, сүйген, түсінген кезде болады. Үлкенді кіші, кішіні үлкен сыйлау керек. «Кішіге құрмет, үлкенге ізет» дейді емес пе қазақ нақылы?! Осындай қарым-қатынас сақталған отбасында адамдар бір-біріне емес, сол шаңыраққа қарасады. Сол шаңырақты бақытты, керегені кең, босағаны берік етемін деген бір мақсаты болады. Ерлі-зайыптының мінезі, қызметтері әртүрлі болғанымен олардың отбасына қатысты мақсаты бір болуы тиіс. Осы шаңырақты шайқалтпай, тек өзін ғана емес, отбасын ойлауы керек. Отбасы қанша адамнан құралса да бір-бірін сыйлап, өз өмірін бір-бірімен берік байланыстыруы керек, мінекей, осындай әулетті бақытты отбасы деуге болады, – деген жауап естідік.

Сайып келгенде, бұл отбасында ата-ананың өз рөлі бар. Берекелі үйде бірлік пен тірлікті, тәрбие мен тағылымды ұйыстырған ортақ ұстаным бар. Әр мереке сайын бәрі бас қосып, мәре-сәре болып жатады. Ұлы Бағлан жақсы істерге бастамашы бүкіл туған-туысты табиғат аясында, мейрамханада бір дастарқан басына жинағанды ұнатады. Бәлкім, бұл қасиеті анасынан дарыған болар. Өйткені, Сандуғаш Демеуқызы да ұйымдастырушылық қабілетінен бөлек белсенділігімен ерек. Қай қырынан алсаң да өзін сынап көрген. Ансамбльде би билеп, ән айтып, домбыра тартқан. Тіпті, немерелеріне дейін әжесінің домбыра тартқанын сұрайтын көрінеді.

Оның әр сөзінен еріне деген құрметті байқауға болады. «Ер-азаматымның жақсы қасиеті – ол шаңырағының нағыз иесі. Нағыз ер-азамат ретінде отбасының бүкіл түздегі жұмысын өз мойнына алған. Оның қолынан келмейтін нәрсесі жоқ. Ол үй де сала алады, көлікті де жинай алады. Көлік жүргізіп келе жатып, ақауын бірден айта алады. Балаларының барлығын көлік тізгіндеуге бейімдеп, бәріне тең қарап, бірдей жақсы көріп, олардың тәрбиесіне қатты көңіл бөлді. Көп ер-азамат баланың тәрбиесімен анасы айналысу керек деп ойлайды. Қайрат болса, қай қызметте жүрмесін, уақыт тауып, балаларының, ал қазіргі кезде немерелерінің тәрбиесіне назар аударады», – дейді үйдегі асыл жары.

Ол – салауатты өмір салтының насихаттаушысы. Волейбол, баскетбол ойнаған. Әлі күнге дейін ертеңгісін серуендеу, жүгіру сынды дағдысы бар. Соңғы уақытта скандинав жүрісін өмір салтына қосып үлгерді.

Қорлан, Бағлан, Құралай, Аруна, Меруерт есімді ұл-қыздарын тәрбиелеп, өсірді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ол 12 немеренің сүйікті әжесі. Олар әр аймақта тұрса да әркез әжесіне асығып тұрады. Біз әңгімеге арқау еткен берекелі шаңырақтың ұйытқысы Сандуғаштай кейіпкеріміз биыл мерейлі 60 жасқа толуда. Мерейтой иесіне өмірде асқақ абырой тілейміз.

Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.