Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

СҰПТАЙ СЫРЫ

10.12.2024
ЖАНСАРАЙ
СҰПТАЙ СЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жазиралы Жаркент өңіріндегі Сұптай – тау етегіндегі, аудан орталығынан қашық емес, десе де тура баратын жол болмағандықтан тұрғындары біраз елді мекенді айналып өтіп үйін табатын шағын ғана ауыл. 


Кеңес кезеңінде екі мәрте Еңбек Ері атанған Николай Головацкий басқарған «Қазанның 40 жылдығы» ұжымшарының егіншілікте елге есе бермеген өндірістік бригадаларының бірі болған Сұптайда еңбекқор ел тұрады. Бұрын қала іргесіндегі орталық ауылдық кеңесіне қарап, кейін Бірлік ауылдық округіне өткен, одан кейін Жаскент ауылдық округі құрылғанда қайтадан Головацкий ауылымен біріккен Сұптай тұрғындарының тартқан тауқыметі аз емес.

Мектебі тозып, балалары бұрынғы ұжымшар салып берген екі қабатты балабақша үйінде оқиды. Осыдан біраз жыл бұрын бұл ауыл болашағы жоқ елді мекендер қатарына қосылып, тұрғындарының бірқатары аудан орталығына, Нұркентке көшірілген. «Сабыр түбі сары алтын» демекші, сол көшке ілеспегендер нарық нақышымен қайта түлеп, ауылын сақтап қалды. 

Шағын елді мекен тұрғындарының бір-біріне деген ілтипаты, бірлік-берекесі ерекше. Сол ынтымақ нәтижесінде ауылдастарына азаматтар бірлесіп жаңа мешіт салып берді. Мешіт жанында жасалған қатымхана да бірлескен істің нәтижесі. Ауылдастардың тіршілігіне мойын бұрған билік те олардың тілегіне құрметпен қарап, биыл 51,4 миллион теңге бөліп, Надектен Сұптай ауылына дейінгі жолды жаңалап, асфальттады. Келер жылы жаңа мектеп, дәрігерлік амбулатория салынбақшы. «Ауылға табиғи газ құбыры тартылады» деген жақсы хабар сұптайлықтарды қуантуда. Ауызсу мәселесін шешу үшін жерасты суының көзін іздестіру шаралары жалғасуда.

Жақында осы шағын ауыл шаңырағында тағы бір қуанышты жай жүз берді. Ауылдың байырғы тұрғыны, көзі ашық, көкірегі саралы ақсақалы Тілебалды Шынтаев қария «Сырын ішіне бүккен – Сұптайым» атты ауылдастар тарихын түптеп жазған кітабын жарыққа шығарып, тұсаукесер рәсімін өткізді. Орта мектептің жиынжайында өткен бұл басқосуға ауыл тұрғындары, жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар түгел дерлік жиналып, осы ауылдан түлеп ұшқан азаматтар да ат басын бұрды. Жиын бастамасында Сұптай ауылы мен кітап авторы жайлы түсірілген бейнебаян көрсетілді.

Басқосуға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Қанат Досмайылов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Азат Жақыбай, ауыл азаматы, зейнеткер ұстаз Ғалымжан Рысбаев және осы ауылдың тумасы, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әнші Нұржан Жанпейісов сөз сөйлеп, ауыл тарихын қаузаған кітаптың мәні мен маңызы, құндылығы жайлы өз ойларын ортаға салды. Кітапты еліміздегі қоғамдық өзгерістермен байланыстыра отырып, тарихи оқиғаларды терең зерттеген, ұрпақтар сабақтастығын да қамтыған Тілебалды Атамқұлұлының еңбегін жоғары бағалап, ел-жұрт атынан алғыстарын білдірді.

 Жиын барысында авторға аудандық әкімдік тарапынан, ауылдастарынан сый-сияпаттар да жасалды. Ауылдастардың сұрауымен домбырасын қолға алған Нұржан Жанпейісов бірнеше ән орындап, көпшіліктің құлақ құрышын қандырды.

Кездесу барысында мектеп оқушылары мен ауыл азаматтары кітап авторына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жерлестері үшін игілікті іс тындырып, ауылының тарихы мен адамдарының қасиет-қадірін кітабының парақтарында таңбалаған қария әр сауалға тұшымды әңгімесімен жауап берді.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Аңыз адам ақиқаты

Аңыз адам ақиқаты

31.01.2026
Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.