Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Асыл туған тұйғыным

03.08.2025
ЖАНСАРАЙ
Асыл туған тұйғыным
WhatsAppTelegramFacebook

Халық қазынасынан ойып орын алар Қалқа әндері алыс-алыс ауылдарға тарап, ауыздан ауызға жетіп, тыңдаушының көңілін алтынмен зерлегендей әсер қалдыратыны бар. Олай дейтінім, сонау Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ортақкөл ауылында бар өмірін өткізген Иманбай атамның осы әнді сүйіп айтқаны. Ол кезде ауылда радио да, патефон да жоқ. Сонау теріскейдегі ауылға жеткен ән құдіреті емес пе?!

Жазушы әкем Зейнел-Ғаби, анам Кәмеш осы әнді сүйіп айтатын. Бұл әннің аты – «Қалқа».

Көңілді, шабытпен орындалар тілге жеңіл, айтуға ыңғайлы әнді тыңдағанда рухың асқақтап, өмірге деген құлшынысың артады. Әркімнің де сүйген адамы, алғашқы махаббаты болады. Небір қалқаны еске түсіріп, көңіл шаттанатын сәт – осы шақ болса керек.

Міне, маңыздылығын жоғалтпай әлі күнге шырқалып келе жатқан «Қалқа» – біздің рухани қазынамыздың құнды әні.

Михаил Клеофас Огинский бір ғана «Полонезімен» әлемге әйгілі болса, Қалқа Жапсарбаевтың бір ғана «Қалқасы» ғасыр қойнауына еніп отыр. Әлі де біз білмейтін жас ұрпақ шырқата салар ән екеніне күмәнім жоқ.

Екінші әні «Сарыжазық» деп аталады. Жетісу өңіріндегі өзі туған мекенді жыр жолдарына қосып, әуен іздеп тапқан Қалқаның бұл әні өз еліне деген сүйіспеншіліктен туса керек:

Сарыжазық, Алатаумен тұрсың шектес,
Сары түрмен малың егіз, жерің тектес.
Жанға жай, дертке шипа беретұғын,
Аңқыған қалампырдай иісің кетпес.
Қайырмасы:
Балдырғаның малға азық,
Сары қымызың жанға азық.
Шөбің дәрі, суың бал,
Жер жақсысы Сарыжазық.
Сарыжазық, жер жақсысы күрең белім,
Малға жай, жанға рахат самал желің.
Көксу мен Қараталға көмек берген,
Сылдырап сай-салаңнан аққан селің.

Қалқаның «Сарыжазық» әні жайлы менің ұстазым, Қазақстанның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков бізге дәріс беріп жүрген кезде: «Біз гастрольдік сапармен Талдықорған облысында жүргенде Қалқа Жапсарбаевқа жолықтық. Үйінен дәм таттық. Ол кезде бұл әннің жаңа шыққан кезі екен. Жігерсіз, сылбырлау айтатын ән екен. Қалқаның қартайып отырған кезі. Мен үйреніп алдым да келген соң өзімнің шеберлігімді қосып, жігерлене орындауға, ішкі сезімімді, елге-жерге деген махаббатымды қосып орындауға тырыстым. Осыдан кейін Біржан әндеріндей асқақ, шырқала салатын ғажап әнге айналды», – деп еді.

Әннің бағын ашатын әнші. Жақсы әншінің қолына түссе небір ән құлпырып, реңі кіріп, әсерлене түседі. Қалқаның «Сарыжазығын» тыңдап отырғанда Жетісудың ғажап табиғаты, самал желі, көкорай шалғын даласы, әсем таулары көз алдыңда көлбеңдеп, сары қымызының дәмі аузыңа келгендей болады. Міне, тамаша суреткердің қолынан шыққан сәтті ән тынысты кең ашып, шырқай салатын әсерлілігімен ерекше.

Әрине, біз білетін, білмейтін әндері сазгердің өзімен кеткені рас. Бір ән туғызған жүректен сан туынды төгілері сөзсіз. «Алтын шыққан жерді белден қаз» демей ме?!

Бірде Мәдениет министрлігі Алматыда айтыс болады деп Жетісудың әншілері мен ақындарын алдырады. Үш күнге созылған айтысқа Т. Исабеков, С. Ибрайымов, Е. Наймантаев қатысады. Айтыс шымылдығын Қалқа Жапсарбаев ашады. Сол айтысты қызықтап отырған Мұхтар Әуезов сахнаға шығып, Қалқа ақынды құшақтап: «Қайран шымырым! Асыл туған тұйғыным! Қартайып, қайратың кетіп тұрғанда осындайсың. Сенің қайта тууың қиын-ау…», – деп баурына тартып, иығына шапан жапқан екен.

«Қалқа Жапсарбаев кім? Жерлестері не деп жазыпты?» деп интернет ақтарғанмен тұшымды ештеңе таба алмағаным рас. Тек қысқаша мағлұмат қана бар. Онда туған жерінің өзі екі түрлі жазылған. Енді Қазақстан Жазушылар одағы анықтамалығына сүйеніп қысқаша мағлұмат берейін.

Қалқа Жапсарбаев 1886 жылы Талдықорған облысы, Киров ауданы, Карл Маркс атындағы колхозда туған. Қосшылар одағында, аудандық ұжымшар, кеңшар театрында, мәдени-үгіт бригадаларында жұмыс істеді (1938-1945 ж.ж.), «Қалқаның әні», «Қалқаның желдірмесі», «Жайқоңыр» әндерін шығарды. Ертеректе Әжек, Құрама, Омарбек, Қайрақбай тәрізді ақындармен айтысқан.

Ұлы Отан соғысының тұсы және одан кейінгі жылдарда Кенен, Үмбет-әлі, Қуат, Есдәулет, Иманжан секілді замандастарымен өнер жарыстырды. Өлең, жырларымен қатар «Орақ батыр», «Дана қыз», «Қарлығаш пен Дәуіт», «Тұрлымбет туралы аңыз», «Партизан Шәймерден», «Мұсабек Сеңгірбаев» дастандары бар.

Мұқырыдағы Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (сол кездегі) Сәуле Бейсенованың естелігінде: «Жыр алыбы Жамбыл бастаған халық ақындарының көшіне көз жібергенде солардың бел ортасында көзге түсетін ақын – Қалқа Жапсарбаев. Қалқа – көпқырлы ақын. Оны халқына алғаш танытқан айтыстары болды. Айтыс ақынға болашақта абырой әперетін, бағы мен бақытын көтеретін өнер деп ұққан Қалқа атамыз әр айтысқа жауапты қарап, халық көңіліндегі сөзді айта білуге тырысқан. Оған ақынның ертеректегі Нұрбала, Құрама, Кенен, Үмбетәлі, Иманжан, Қуаттармен айтыстары дәлел.

Қалқа кейінірек «Қамбар батыр», «Қыз Жібек» жырларын халыққа ұсынып, жыршы атана жүріп, ертегі-аңыздарды өзі де дастанға айналдыруға ден қойған. Қалқаның ақындығына сазгерлігі үндескен және әншілігін елге қатар танытқан өлеңі – «Қалқа» және «Қалқаның жайқоңыры».
Қалқа: «Мені іздесе жас ұрпақ, жырларымнан табады,
Іле менен Ақсудың суларынан табады,
Қарт Жоңғардың мүлгіген нуларынан табады», – деп сыр шертеді. Мұнысы – ақиқат, шындық.

Ақын дүниеге келген Мұқыры ауылында ақын есімімен аталатын мектеп бар. Ауылда ақынға арналып ескерткіш орнатылған. Аудан орталығында Мәдениет үйі халық ақыны Қ. Жапсарбаев атымен аталады, ақын атында көше бар», – делінген. Сонымен қатар, сол мектептің оқушылары Қалқа аталарының жырларын жатқа айтады екен.

Осы мағлұматтарға қарағанда Жетісудың ақиық ақыны, дастаншы, халық композиторы Қалқа Жапсарбаев жайлы әлі де зерттеу жұмыстары қолға алынбаған тәрізді. Қазіргі заманда бар жақсыны интернетке салып қойса, оқырман қызығып оқыған болар еді.

Алтын Иманбаева,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.