Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҰСТАЗ АТАНУ – АБЫРОЙ

06.09.2021
ЖАНСАРАЙ
ҰСТАЗ АТАНУ – АБЫРОЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Ағарту саласының өркендеуіне өнегелі өмірін, білім-білігін арнап, үлес  қосып келе жатқан ақсамайлы ұстаздардың әлі де бергенінен берері көп. Оған біз педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Айтжамал Әбдірешқызымен болған сыр-сұхбат барысында айқын көз жеткіздік. 

Білім саласында қырық жылдан астам қызмет еткен тәлімі мол ұстазды ұлт ұрпағының бүгіні мен келешегі толғантпай қоймайды. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдар ішінде Қазақстанның қалыптасуына сүбелі үлес қосқан қайраткер тұлғалардың еңбегі екшелген «100 қайраткер әйел» анықтамалық энциклопедиясына есімі енген Айтжамал Нұрбатырова бұл күнде құрметті еңбек демалысына шыққанымен білім саласынан қол үзген емес. Ұлағатты ұстаздың ұрпақ тәрбиесі туралы айтары да мол.

– Айтжамал Әбдірешқызы, мұғалім деген ұлы мамандыққа қалай келген едіңіз? Әңгімемізді өткен жылдарға сәл-пәл шегіністен бастасақ…
– Мұғалімдік мамандықты меңгеріп, еңбек еткеніме 41 жыл болыпты. Мектеп бітірген 1977 жылдан еңбекке араласып кеттім. Сөйте жүріп, сырттайғы бөлімде оқып, одан соң Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеу техникасы факультетіне оқуға түсіп, оны 1982 жылы тамамдадым.
Абай атындағы педагогикалық институттың математика факультетінде сырттай оқып, бітірдім. Екі институттан алған мамандықтарым бірін-бірі толықтырып, оқыту ісінде еселі еңбек етуіме айрықша пайдасы тиді. Ұстаздық еңбек жолымды өзімнің туып-өскен ауылымдағы Қапиза Әбдіғұлов атындағы мектеп-гимназиядан (ол кезде Қызылту-3 деп аталатын) бастадым. 2000 жылға дейін ЭЕМ мен математика пәндерінен сабақ бердім. Уақыт өтіп, тәжірибе толыса келе оқыту ісіндегі ұйымдастырушылық, басшылық қызметтерге араластым. 
– Сіз еңбек еткен жылдары оқыту ісінде жаңашылдыққа қандай қадамдар жасалынды?
– 90-жылдардың орта тұсында мектебіміздің 65 жылдығы аталып, сол тұста заманауи компьютерлер мен принтерлер біздің мектепке сыйға берілді. Топқа 13 компьютер қойылды. Бұл ауданға алғаш рет озық технологияның келуі болатын. Сол себепті, ерекше жаңалық болды. Оқушылардың білім алуға, жаңа нәрсені үйренуге деген ынтасы артты. Осы пәннен сабақ беретін болғандықтан шәкірттерім мені «эвм апай» дейтін. Одан бері мұндай заманауи технологияның қаншасы жаңарып келіп жатыр?! 
№34 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып төрт жыл қызмет еттім. Кейіннен 2007 жылдан бастап зейнет жасына дейін жаңа салынған №35 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқардым. Осы жылдары жаңа мектепте эксперименттік алаң ашып, білім мен ғылымды ұштастырып, мұғалім әлеуетін арттыруға айрықша басымдық берілді. Оған қоса көгалдандыру ісінде де жаңашылдыққа қадам жасап, мектеп айналасын жасыл желекке айналдыру үшін ерекше еңбек етіп, тер төктік.
– Үш ауысымды мектепте жұмыс істеп көрдіңіз бе?
– Қапиза Әбдіғұлов атындағы №34 орта мектепте бала саны өте көп болды. Негізі үш ауысыммен оқыту жүйесі сол жылдары ене бастады. Небәрі 260 орынды мектепте 1200 оқушы оқыды. Бір мектептің өзінде 46-47 сынып жиынтығы болды. Мектеп тар. Мұғалімнің жетіспеушілігі бар. Сондай аумалы-төкпелі уақытта бар қиындықты нағыз мұғалімдер мойнымен көтеріп, жауапкершілік жүгін арқалады. Бұл проблеманың түйінін тарқатуға қаншама күш салынып, жаңа мектептер бой көтеріп жатқанымен мегаполиске жақын аудандарда әлі де шешімін күткен мәселелер бар. Биыл Талғар қаласында салынып жатқан 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілсе нұр үстіне нұр болмақ. Соңғы бес жылда Жетісу өңірінде 75 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа беріліпті. 
– Осы орайда мектептегі бала тығыздығының толыққанды білім алуға әсері қандай? Білім саласының майталманы ретінде білім беруде қандай кешенді проблемалар бар деп ойлайсыз?
– Білім беру саласының басты проблемаларына үш ауысымды мектептер мен мерзімі жетіп құлауға шақ тұрған ескі мектептер жатады. Үш жыл Алматы облысы бойынша директорлар кеңесінің төрайымы болып, аудандарды аралап, семинар-кеңестер өткізіп жүрдім. Осы тұста байқағаным, Ескелді, Кербұлақ, Ұйғыр, Райымбек сынды қашық аудандардағы даңғарадай мектептерде бала жетіспеушілігі бар. Ал, керісінше, Талдықорған қаласы мен Алматыға жақын Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандарында мектепке бала сыймай жатады. Оған –  қала мен қала маңына қоныс аударуы мен демографиялық өсімнің артуы себеп. Соның бір дәлелі былтырғы оқу жылында облысымызда 50 мыңға жуық бала мектеп табалдырығын аттаған екен. Бұл – үлкен өсім. Бұған қуануымыз керек.
– Білім сапасын көтеру үшін не қажет?
– Оған, ең алдымен, бір немесе екі ауысымды мектеп қажет. Бала сыйымдылығы жоғары мектептерде білім берудің стандарттық жүйесі бұзылады. Баланың қосымша білім алуына, үйірмелерге қатысуына кедергі көп болады, тіптен қатыса да алмайды. Қазіргі пандемия жағдайында баяғыдай топтасуға тағы болмайды. Бұл да мектептің қажеттілігін күшейтуде. Екіншіден, өте білікті ұстаз қажет. Үшіншіден, сапалы оқулық керек.  
– Жаңа сөзіңізде қиындықты нағыз мұғалімдер мойнымен көтерді деп қалдыңыз. Сіздіңше, нағыз мұғалім деген кім? 
– Баланы шын ықыласпен жақсы көретін, оқытуға ыңғайы, пейілі бар, қандай қиындықта да ұстаздық қызметті басқаға айырбастамайтын, балаға жанын салып білім беретін адамды нағыз мұғалім деп айтар едім. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі ерекше. Талап пен талғам биігінен көрініп, шәкірттер жүрегіне жол таба білген жан ғана нағыз ұстаз атанады. Ол абырой мен беделге жету – үлкен бақыт!
– Әңгімеңізге рахмет!

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы  

 

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.