Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

СЫРБАЗ МІНЕЗ САЙЛАУБЕК

03.02.2021
ЖАНСАРАЙ
СЫРБАЗ МІНЕЗ САЙЛАУБЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Өзі өмірден озса да асыл бейнесі көңіл түкпірінде мәңгілік мекендейтін жандар болады. Жетісу өлкесінің көзі қарақты жұртшылығына аты мәлім қаламдас ағамыз Сайлаубек Байдүйсенұлы осындай айтулы тұлғалардың бірі еді.

 Сайлаубек ағаның өзін көрмес бұрын жазған дүниелерімен жүздескенмін. Қай тақырыпты қозғаса да тереңінен қазатын, айтар ойын жеріне жеткізе айтып, мақсатына жетпей тынбайтын жұп-жұмыр, жып-жинақы мақалалары бізді сырттай жақындастыра түскен. Сондықтан Сайлаубек Байдүйсенұлы «Жетісу» газетіне қызметке келгенде ежелден таныс, сырлас адамдардай араласып кеттік. 
 Жалпы, өзге мамандықтар сияқты журналистиканың да жазылмаған заңдылықтары бар. Соның бірі – нағыз қаламы қарымды журналист болып шығу үшін еңбек жолыңды аудандық газеттен бастау керек дегенге саяды. Себебі, қазақ және орыс тілдерінде аптасына үш мәрте шығып тұратын газеттерді сапалы материалдармен қамтамасыз ету үшін шеберлікпен қатар жауапкершілік пен жинақылық, ұшқырлық пен ұйымшылдық та керек-ау. Сәкең осындай мектепте шыңдалған, Балқаш және Талғар аудандық газеттеріне жетекшілік жасаған майталман журналист еді. Сондықтан ол өзіне берілген тапсырмаларды созбалақтамай, тап-тұйнақтай етіп орындап тастайтын. Содан кейін өзіне жарасымды, ешкімнің көңіліне дақ түсірмейтін әдемі әзілдерімен айналасын шуаққа бөлеп жүруші еді.
 «Адамды шығармашылыққа бастайтын – тағдыр!» деген тәмсіл бар. Бұл өмірдің бұралаңы көп соқтықпалы-соқпақты жолдарынан өткен, жақсы мен жаманды өз басынан өткерген жандардың айналасында болып жатқан оқиғаларға сергек қарап, адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына терең бойлай алатындығынан туындаған тұжырым болса керек. Осы тұрғыдан келгенде Сайлаубек ағаны тағдыры талай сынға түсіргенін байқаймыз. Бір жасқа толмай жатып әкесі Байдүйсен қан майданға аттанып, анасы Сара екеуі жалғыз қалған күннен басталған сын-сынақтар қайсар баланың шыңдалып өсуіне сеп болған ба дейсің. Орта мектепті Бақанас ауылында әкесінің інісі Дүйсенбектің қолында тұрып бітірген ол еңбек жолын мәдениет бөлімінде моторист мамандығынан бастап, осы жерде киномеханик, автоклуб меңгерушісі қыз — меттерін абыроймен атқарады. Осы жерде өнерпаздар арасында жүріп домбырамен әуелете ән салуға машықтанып, жастықтың жалынымен өлең жазуды да қолға алған екен. Аудандық «Балқаш еңбеккері» газетіне мақалалары үзбей жарияланып тұрғаны да осы кез. Осы талпынысы Сәкеңді аудандық газеттің табалдырығынан аттауға итермелегені де даусыз. Мұнда да талапты жас әдеби қызметкерден бастап бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметіне дейін сатылап өседі. Қазақстанда журналист мамандарын даярлайтын жалғыз ғана жоғары оқу орны – ҚазМУ-ға оқуға түскенде Сайлаубек ысылған, төселген қаламгер болып үлгерген. 
«Жігітке жеті өнер де аз» дейді халық даналығы. Тағдыры Сәкеңе қаламгерлікті тарту етсе де оған іргелес қонған өнер ауылына да аз уақыт ат басын тіреген екен. Аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған жылдар осы сөзіміздің куәсі. Жай ғана жетекшілік жасап қоймай, өнерпаздармен бірге сахна шырайын келтіріп, Халық театры әртістерінің қатарында талай кейіпкерлерді сомдағаны жұрт жадында. Аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек еткен жылдар Сайлаубек ағаны кеңестік жүйенің қыр-сырына тереңірек үңілдіріп, мол тәжірибе жинауына әсер етпей қалған жоқ, әрине. 
Содан кейін газеттегі қызметіне қайтып оралып, Балқаш өңірінің ақпарат майданында алдыңғы саптан көріне білді. Қанына сіңген қайсарлығы мен әділдікке деген құштарлығы маңдайын талай тасқа ұрса да алған бетінен қайтып көрмепті. Газетте жарияланған өткір сындары үшін билік тарапынан қудалауға да ұшыраған кездері аз болмапты. Редакторлықтан бірде босатылып, енді бірде қайта шақырылуы осы сөзіміздің айғағы. Ол, әсіресе, Балқаш ауданынан жас қаламгерлердің шыңдалып шығуына үлкен үлес қосқан азамат ретінде аталады. Себебі, бүгіндері елге танымал қаламгерлер – Бейбіт Исабаев, Жанұзақ Керімбекұлы, Сағидолла Сиқымбаев, Зарыққан Есілбаев, Сиқымбектің Алтынбайы Сәкеңнің алдын көргенін, оның мектебінен өткенін мақтанышпен айтып жүр. Қоғамға, қауымға сіңген еңбегі еленіп, Сайлаубек Байдүйсенұлы бірнеше мәрте халық депутаттары аудандық кеңесінің депутаты, аудандық партия комитетінің, аудандық бюроның мүшесі болып сайланғанын білеміз. Бұл кез келген азаматтың ала беретін асуы емес, әрине.
Жалпы, журналистика мамандығы – ақындықпен, жазушылықпен қоңсы қонатын хас өнердің қатарынан. Сәкең өлең жазумен сонау жігіт шағынан әуестенді деп әлгінде айттық. Ақындыққа деген аңсарын өмір бойы әлдилеп өткен Сәкең алғашқы аптығы басылғаннан кейін қара сөзге ден қойғаны байқалады. Дүбірлетіп романдар жазып тастамаса да мағыналы да мәнді, тағылымы мол әңгімелерін жұртшылық жылы қабылдады. Оның қаламынан туған «Елімен есейген есімдер», «Тарланбоз», «Өнегелі өмір», «Өмірдің өзі бір майдан» деп аталатын тарихи-танымдық кітаптары кезінде жұртшылық бағасын алған туындылар.
 Бізді Сәкеңмен «Жетісу» газетінде бірге қызмет істеген жылдар ағайын етіп жіберген. Бір ананың баласындай жарастырып, жақындастырып тұратын аса бір жайлы қарым-қатынасы бар ұжымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету қалыптасқан жағдай. Тең-теңімен демей-ақ, барлығымыз да әзіліміз жарасып, айналамызды күлкіге көмілдіріп жүретінбіз. Ондайға Сайлаубек аға да шебер еді-ау. Сәкең мен газеттің бас редакторы Жақыпжан аға Нұрғожаевтың өңдері «торыдан» гөрі «қара сұрға» көбірек келеді-ау. Осыны меңзеген Жақаң Сәкеңді көрген кезде: 
– Әй, Сайлаубек, қап-қара болып жұмыста әлі жүрсің бе?  – дейтін әзілдеп. Ондайда Сәкең қарап қалсын ба?
– Ой, Жақа, саған қарағанда мен қылаңдаумын ғой, – деуші еді жөпелімде жауап тауып.
Сәкең тірлігінде біраз шыңдарды бағындырды. Алып емендей морт сынғанынша қолынан қаламы түскен жоқ. Айналасына шуағын шашып, қамқорлық көрсетуден жалыққан емес. Жетпіс бесінші қысы келгенде жүрегі соғуын тоқтатты. Артында жары Балғайша мен балалары, алқалаған жұрты, өзі тәрбиелеген шәкірттері қалды. Демек, Сайлаубек ағаның өмірі үзілген жоқ. Оның есімі жұртының жүрегінде мәңгі жасай береді!

Қ.ӘБІЛ
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.