Талдықорған: -2°C
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«ТАҢДАЙ САЛАТЫН САЛА ЕМЕС»: БАС РЕДАКТОР 40 ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

26.10.2019
ЖАНСАРАЙ
"ТАҢДАЙ САЛАТЫН САЛА ЕМЕС": БАС РЕДАКТОР 40 ЖЫЛДЫҚ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Шегара шебіне қара шаңырағының қазығын қаққан, айдынды Алакөл ауданының ата басылымы, сексен жылдық тарихын артқа тастап, тоқсанға қарай қадам басып келе жатқан «Алакөл» газетінің директор-бас редакторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Алакөл ауданының Құрметті азаматы Азат Жақыпбек – халықтың алғысына бөленген арда азаматтардың бірі. Қалың жұрттың сөзін қаламына мінгізген ағамыз бүгінде 60 жастың да арғымағын тізгіндеді.

Ұялы ауылында 1959 жылы дүние есігін ашқан Азат Мәкетайұлының болашаққа деген көзқарасы кең болды. Арман көкжиегіне қол созған жеткіншектің үмітін кішкентай ауыл бұғаттай алмағаны сөзсіз. Әкесінен дарыған өжеттігі мен туралығы, шыншылдығы мен ақиқатқұмарлығы бала Азаттың мектеп қабырғасындағы белсенділігіне де септігін тигізді.

Албырт та аяулы балалық шағында газеттерден ұшақ жасап, ұшырып ойнап, ішінде толып жатқан тылсым дүниелерде не жазылғанына қызығып, әріп танымаса да күбірлеп өз ойынан бір нәрсе құрап, оқып отыратынын анасы Жамиға апайдың аузынан еститінбіз. Ес жиып, есейе келе ақ парақ бетін шимақтап, шағын әңгіме, түрлі тақырыпта эсселер жаза бастайды. Алаңсыз аңғал күндерінде ұшаққа ұқсатып бүктеген беттерді алысқа лақтыру арманы болса, енді хат танығаннан бастап газеттерді құшағына жиып, кезек-кезегімен оқу басты мақсатына айналды. Сондағы әрбір мақаладан сәтті сөздер мен таңсық тіркестерді қойындәптеріне жазып алып жүретін. Жоғары сыныпқа көшкенінде журналист боламын деген шешімге келіп, осы сапарындағы алғашқы қадамы әдеби кітаптарды күн-түн ақтарумен басталды. Мектепті тамамдағаннан кейін арманындағы оқуына түсіп, 1976–1981 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде білімін жетілдірді. Оқыды, үйренді, ысылды, білді.

Университетті аяқтай сала, Алакөл аудандық газетінен жұмыс табыла кетіп, балалық шағындағы арманының баспалдағынан аттады. Сол уақыттарда бір мезетте тілші, жауапты хатшы мен аудармашының да қызметтерін қатар атқарған сәттері болды. Өз ісіне деген сүйіспеншілігі оны қандай сынақ болса да майыстыра алмады. Бар-жоғы екі жылда аудандық газет редакторының орынбасары лауазымына тағайындалды. Жаңа мансаптың тегершігін енді ғана айналдыра бастағанда Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Бір жарым жылын Ресей мемлекетінің Волгоградта әскери ұшақтарды сынайтын алаңда өткерді.

Елге орала сала араға жыл салмай аудандық партия комитетінің шешімімен газетті басқару ісі жүктеледі. Сөйтіп, 27 жастағы жігіт білдей бір мекеменің басшысы атанды. Содан бері өзінің біліктілігі, тиянақтылығы және жауапкершілігінің арқасында осы лауазымда еңбек етуде.

Өзінің журналистикадағы сапарында Алакөл ауданының Құрметті азаматы, Қазақ журналистикасының қайраткері атанып, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20, 25 жылдық мерейтойлық медальдарымен марапатталды. Көптеген Алғыс хат алды.

Мен өзім де осы Азат ағаның тәлімін көріп, тағылымын бойыма сіңірген шәкірттерінің бірімін. Оқуымды тамамдап, тағдырдың айдауымен Алакөл аудандық газетіне келіп, жұмысқа орналастым. Сол сәттен басшымыз білгенін үйретіп, түйгенін алдымызға қоя білді. Бұл – көшімізді сүйреп келе жатқан Азат Мәкетайұлының тәрбиесі.

Ағамыз тек қана басшы емес, сонымен қатар, бір отбасының тірегі, ардақты әке, адал жар. Өмір жолдары бір арнада тоғысқан Ұлбала апайымыз екеуі 30 жыл шаңырақтарын шайқалтпаған, үлгілі отбасының бірі. Екі ұл мен бір қыз өсіріп, халқының қамын ойлар азаматтар ретінде жеткізді.

Бір айта кетерлігі, өңірде әкелі-балалы ауданның «Құрметті азаматы» атағын алған әулеттер екеу ғана. Солардың бірі – Азат ағамыз бен әкесі Мәкетай ақсақал. Екеуі де елдің игілігі жолында бар ынта-ықыластарын сарп еткен жандар.

Бүгінде ұжымның ұйытқысы болып отырған Азат ағамыз бір сөзінде: «Бір айтарым, журналист болу – бұл көп мамандықтың ішінен таңдай салатын сала емес, бұған Құдай берген құдіретті қарым-қабілет, табиғи дарынмен ғана келесің. Себебі, «сыртын жып-жылтыр», «айналасын жұп-жұмыр» ғып жаза білу таңдауды емес талантты талап етеді. Халық қамы мен ел мүддесі үшін қаламыңды қисайтып, келісті сөзбен көркем мақала жазу оңай оспақ емес. Сан салалы дүниелерден бөлек, тұшымды, ауыз толтырып айтуға тұрарлық туындыларды да ақ қағазға түсіре білу қажет. Бұл сала – терең білім мен зор ізденісті, зерек зейін мен кең ауқымды көзқарасты талап етер ақыл-ой еңбегі. Өйткені, замана келбеті мен қоғам кейпін боямасыз, бүкпесіз баяндап, жұртшылыққа жеткізетін де журналистер. Жаңалық жаршысы болу барлығының пешенесіне жазылған бақыт емес. Сондықтан да мамандығыма деген махаббатым шексіз, шетсіз. Мен бір жерде 40 жылдай еңбек еткеніме өкінбеймін. Қайта, туған өлкемнің тыныс-тіршілігіне үн қосып, жүзеге асып жатқан жаңалықтарды жерлестеріме жария етіп отырғанымды мақтан тұтамын», – деген сөзінен-ақ өз саласына деген шексіз сүйіспеншілігін байқауға болады.

Танымал журналист Азат Мәкетайұлын 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Халық қамын қаламымен көтеріп жүрген азаматқа бақыттың ең тәттісін, қуаныштың ең ұзағын және шығармашылық шабыттың ең жүйрігін тілейміз.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ

Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

Жаңа Конституция: Президент референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

11.02.2026
Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.