Талдықорған: +1°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

04.12.2020
ЖАНСАРАЙ
ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
WhatsAppTelegramFacebook

ҚАРҚАРА – ҚЫЗ ЕСІМІ

Сонау шапқыншылық шақта Қарқара есімді қалмақ қызы тұтқынға түсіпті. Оның анасы қазақ екен. Қарқара қазақ биіне осыны білдіріп: «Егер маған тең болар жігіт болса еліңде, қылыш болсын белінде, сауыт болсын басында, шоқпар болсын қасында», – деп сондай азаматқа тиетінін айтады. Қыз сөзіне риза болған би:

– Белінде қылыш болсын дегенің – жауға шабар ер болсын, басында сауыт болсын дегенің – ақылдан асқан сауыт жоқ, ақылды болсын, қасында шоқпар болсын дегенің – білікті болсын дегенің шығар. Ал, жүрексіз болса қайтеміз? – дейді.

– Уа, биеке, жүрексіз ер жауға шаппас, – депті Қарқара. Ру, би, ақсақалдары қыздың ақындығы мен өжеттігіне, шешендігіне дән риза болып, қазақ батырының біріне үйлендіреді. Батыр кедей екен, би қызды шақырып алып:

– Қарағым, тақырға қар жаумайды, батырға мал тұрмайды. Бірақ күйеуің батыр, бірақ тақыр екен, мал-мүліктен қанша аламын десеңдер де рұқсат, – дейді. Сонда қыз: – Биеке, ол рас. Бірақ батыр жарлы болғанымен арлы болады. Ертең «Мен қатын алмаппын, мал алыппын, сонда кімнен кем болып жаралыппын?» десе не дейміз? Қалауымды берсеңіз, құрастырып аламыз өңгені біз, – депті.

– Қарағым-ау, ол қоныссыз ба еді? – деп сұрайды би. – Қоныстың қонысы бар. Мал бітпеген қоныс – дау мен ұрыс. Мал біткен қоныс – құт пен ырыс. – Оның дұрыс. Бірақ қазақ ерге қыз бергенімен жер бермеген ғой, – дейді би. – Жерсіз ер – ер болмайды, ерсіз ел – ел болмайды. Ер – елдің баласы, жер – ердің панасы. Ер елге ортақ болғанда, жер ерге ортақ емес пе?! – депті.

Қарқараның бұл сөзіне тоқтаған би: – Анадан ұл тумаса да ақылды қыз туған екен, ана жолын жоғалтпас із қуған екен. Қалаған жеріңді ал, той жасап, ту бие соямын, сол жерге сенің атыңды қоямын, – дейді. Қыз мұзарт таудан құлай, арындай аққан мол сулы өзеннің жағасын көрсетеді де: – Биеке, бұл жерге батырдың есімін қойсақ қайтеді?! – дейді күйеуінен қаймығып. Сонда батыр сөзге араласып: – Ердің аты екі қойылмайды. Бұл – сенің бәсірең. Сенің атың қойылсын. Елім де, жерім де, суым да, нуым да, тауым да, жарым да Қарқара болсын. Мен ер болсам соның ері, ердің ері, жердің ері болайын, – дейді ағынан ақтарылып. – Бәрекелді, – депті би, – күшіңе арың сай, өзіңе жарың сай, енді жерің де сай болды. Бердім бұл жерге «Қарқара» атауын! – деп ризашылық танытқан екен. 

ҚАБАНБАЙ МЕН САДЫ

Атақты Жетен батырдың үшінші атасы Сады батырлығымен қатар жауырыны жерге тимеген палуан болған адам екен. Ел арасында Сады туралы айтылатын аңыз да, әңгіме де көп. Солардың бірі Сады бабамыздың қазақ халқының тарихында елеулі орын алатын Қаракерей Қабанбай батырмен кездесуі жайлы сыр шертеді. Онда екеуінің де жастау, есімдері ел арасына кеңінен тарай қоймаған кездері болса керек. Екеуі көзге түртсе көргісіз қараңғы түнде қарсы кездесіп қалады. Бұған дейін бірін-бірі танымайтын олар «елмісің, жаумысың?» деген екі сөзден кейін-ақ жастықтың буымен ат үстінде жұлқысып қалған екен. Өз елдерінде палуандықтарымен аты шыға бастаған жігіттер ұзақ уақытқа дейін бірін-бірі ала алмайды. Астыларындағы аттарының белі қайысып, болдыруға айналады.

Ал екеуі бір-біріне сыр бермей, шаршағандықты намыс көріп алыса береді. Аттар шыдамаған аударыспаққа екеуі де шыдас беріп, ешқайсысының басымдылығы байқалмайды. Таң біліне болдырған аттарды қатар қойып, екеуі енді білек пен жүрек күштерін жерде сынасуға көшеді. Мұнда да бірін-бірі ала алмай әбден шаршап таң ата дем алуға отырған екен. Таң жарығымен қарсыласының жүзіне сәт сала қараған Қаракерей Қабанбай:

– Қалмақ па десем қазақ сияқтысың, жауым ба десем бауырым тәріздісің. Бұған дейін бір түн емес, бір сәт алыса аларлық адамды бұл өңірден кездестірмеген едім. Белдескеннің белін үздім, тірескеннің тізесін сындырдым. Ал сенен айламды асыра алмадым, күшімнің басымдығын көрсете алмадым. Сонда сен кімсің? Жынсың ба, әлде перісің бе? – деп Садының жүзіне барлай қараған екен.

– Жын да, пері де емеспін. Қысық көз ата жауың қалмақ та емеспін. Қазақта сенен басқа қайратты ұл туған жоқ деп кім айтты? Алты күн айқасқа сен шыдасаң, мен намыс бермеспін. Албаннан шыққан Садымын, халқымның мен де бағымын, – деп қарсы жүргенде Қабанбай да орнынан тұрып:

– Мен Қаракерейден шыққан Қабанбаймын, халқымның қамы үшін алаңдаймын, жауымды жарып өтер қабандаймын, – деп төс түйістіріп, құшақ айқастыра табысқан екен. Жүректері де, білектері де бір-біріне сай қазақтың қаһарман ұлдары сол жолы бір-бірімен дос болуға серттесіп, әңгіме үстінде келіншектерінің аяқтарының ауырлығы да айтылып, бірі ұл, бірі қыз туса құда болуға, екеуі де ұл болса, балаларды достастыруға сөз байласады.

Елге келгеннен кейін екі айдан соң Садының келіншегі ұл туады. Досынан сүйінші сұратып, Қаракерей еліне хабар жіберсе, онда да ақ түйенің қарыны жарылып, Қабанбайдың келіншегі шекесі торсықтай ұл туған екен. Алдымен шекісіп, бір түнгі арпалыстан кейін бекіскен айнымас достар уәде бойынша жас нәрестелерін бесікте достастырып Қаракерей Қабанбай ұлының атын Сады деп қойып, Сады өз ұлын Қабанбай атапты. Қазір де Қаракерей ішінде кіші Сады атаның ұрпақтары бар деседі. Ал Албанның арасында кіші Қабанбайдың ұрпақтары өсіп, ержетіп отыр. Айт ішінде Сады, Садыдан Қабанбай, Қабанбайдан Бұқабай (шын аты Тұрысбек), Бұқабайдан туған жеті ұлдың бірі атақты Жетен батыр. «Жетісудың Жетені» атанған даңқты бабамыздың шыққан тегі, арғы аталары туралы аңыз-әңгімелер осылайша сыр шертеді.

АЙТПАЙДЫҢ ӘЛЕГІ

Қалжың десе қағынып кететін Айтбай деген жездеміздің өзінің есіміне байланысты талай мәрте таяқ жегені бар. Бұл жолы соның біреуін ғана айтайын. Айтекең ол кезде дүркіреп тұрған аудандық партия комитетінің күркіреп тұрған үлкен бір бөлімін басқарады. Қысқасы, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Бір күні аудандық газет редакциясында ертеңгілік жоспарлау сағаты жүріп жатқан болатын. Кенет телефон бебеу қаға жөнелді. Редакторымыз Әлнұр Мейірбеков тұтқаны қолына алып: «Кім бұл?» – деді сырбаз дауыспен. Сөйтті де: «Е, бопты, сіз айтпасаңыз біз тыңдамаймыз», – деп телефонның құлағын орнына қоя салады. Қоңырау тағы да бебеу қақты. Сөйтсе телефон шалып тұрған аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі Айтбай Шындалиев екен.

Ол өктем дауыспен: «Әлеке!» – демей ме? Әлекең танып тұрып әдейі: «Бұл кім?» – дейді сызылып. Сонда аңқау Шындалиев: «Менмін, Айтбаймын», – дейді нығырлап. Әлекең болса: – «Енді қайтейін, айтпасаң мен тыңдамаймын»,– деп қайта-қайта телефонның құлағын орнына қоя салады екен. Аудандық партия комитеті мен редакцияның арасы жап-жақын жер. Арада 10-15 минут өтпей-ақ аңқылдақ Айтбай жездеміз ентігіп кіріп келе жатыр. – Осы мен бейбақтың аттан көрген азабым-ай! Айтпаймын деп не жыным бар еді?.. Аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі Шындалиевпін десем өстіп табаным тозбас еді, – деп сылқ-сылқ күледі. – Е, бәсе, айтпаймын дегенше бір жөніңе келсеңші, – деп миығынан күледі Әлекең.

Алтай БАЙБОСЫНОВ
Текес ауылы, Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

Ақмола облысында зейнеткер алаяқтарға 10 миллион теңге аударып жіберген

09.02.2026
«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

«Алаяқтардың 80 пайызы намазхандар»: Балғынбек Имашев Ринат Зайыттың сөзін құптады

09.02.2026
Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл

09.02.2026
“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

“Рыбакинаның жеңісін тойлап, уақыттары болмаған шығар” – Француз комментаторы Қазақстанның Олимпиададағы формасын сынға алды

09.02.2026
Қар тазалау қарқынды жүргізілуде

Қазақстанның бірнеше өңірінде республикалық жолдар жабылды

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.