Талдықорған: -2°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЛІМГЕР ЕДІ

25.11.2020
ЖАНСАРАЙ
ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘЛІМГЕР ЕДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Әр адамның қызметі мен абырой-беделі, тұлғалық келбеті елі мен жеріне сіңірген адал еңбегі мен атқарған іргелі ісіне, өшпес өнегесіне, көпке тигізген шарапатына, қайтарусыз қайырымына, ұрпаққа қалдырған қолтаңбасына қарай бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда әңгіме арқауына айналып отырған Алтынбай Бейсебековтің ізгі жолы, өнегелі ісі, ұлағатты сөзі ойға оралады.

Тағылымы мол тәлімгер-ұстаз халқына абыройы артқан замандастарының бірегейі деуге лайық азаматтығы асқақ жан еді. Саналы ғұмырының негізгі бөлігін ұстаздықпен өткерген Алтынбай Рәпікұлының тағылымды ғибраттарын айту, оны кейінгілергі үлгі ету – бүгінгі біздерге парыз.

Кеңес өкіметі билік құрған өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында 9-шы ауыл атанған аймақта қазіргі Жиделі елді мекені қоныс тепкен. Бұл ауылдан ауызбірлігі мықты, ұрпақтары қанаттарын кеңге жайып, шаңырақтарының береке-құтын еселендіре түсулерімен ерекшеленеді. Сондай аталардың бірі саналатын Көшек бабаның кіндік баласы Толыбай атадан Сәрсебек және Бейсебек атты екі ұл туады. Сәрсебек атадан тараған Шәйгөздің ұрпақтары байырғы құтты мекені Жиделі ауылының тұрақты тумалары.

Бейсебек ата мен Бибаш ананың шаңырағынан Рәпік, Рахымбай және Мүдуар есімді ұлдар өрбіп өседі. Отбасындағы ұлдың үлкені Рәпік бала күнінен еңбексүйгіш болып ержетеді. Туған жерінде ірге тепкен шаруашылықта бригадир, мұрап болып жұмыс істеген. Өзіне жүктелген міндетті тиянақты атқаратын ұқыптылығымен танылған.

Көпбалалы отбасындағы шиеттей бүлдіршіндердің естияры Рәпік атаның жалғыз ұлы Алтынбай әжесі Жарқынбаланың бауырында өсіп, есейеді. Мейірбанды әжесінің ертегілеріне құлақ түріп, ілтипатты тәрбиесін көріп, үлгі-өнегесін санасына сіңірген Алтынбай еркетотайлық пен бойкүйездікке бой алдырмай, қаршадайынан еңбекке үйірсектік танытып, шаруаға икемделіп, шамасы жеткенше үлкендерге қолғабыс беруге ұмтылады. Отын жарады, су тасиды. Қора-жайды тазалайды. Азын- -аулақ тұяқты өріске шығарады. Күнкөрістік нәпақа, ризығын маңдай терімен, табан ақысымен табуға жастайынан ыңғайланады.

Алтынбай ауылдағы орта мектепті бітірген соң еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, осы мамандықты жете меңгеріп, шәкірттерді тәрбиелеу кәсібіне бекінеді. Осы мақсатын жүзеге асыруға құлшына ұмтыла бастаған шақта соғыс басталып, ер-азаматтарды майданға аттандыру науқаны жаппай белең алады. Бейсебековтер әулетінен Рәпіктің өзі, екі бауыры Рахымбай мен Мүдуар және 16 жасар ұлы Алтынбай төртеуі бірдей соғысқа аттанады.

Араларындағы Алтынбай үш үйдің ортасындағы жалғыз ұл болатын. «Қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды» деп ата-бабамыз айтқан тәмсілді Кеңес үкіметі ескермей, 9-сыныпта оқып жүрген Алтынбай да 1942 жылғы 4 наурызда әскер қатарына шақырылып, Забайкалье әскери округіне жіберіледі. Осында алғашқы дайындық курстан өтеді. Соғыс техникасының тетіктерін тез меңгерген зейінді бозбала Алтынбай майдан шебінде байланысшы міндетін атқарады. Жаңбырша жауған оқ астында мойнына жүктелген міндетті мінсіз орындауға дағдыланады.

Қанды соғыс жеңіспен аяқталса да шығандағы Қиыр Шығыста шайқас жалғасып жатқандықтан майдангер Алтынбайды елге қайтармай, Жапониямен ұрысқа бару бұйырылады. «Жазған құлда шаршау жоқ» дегендей, қару-жарағын асынып, бұл ұрысқа да кете барады. Кесімді мерзімі біткен соң 1947 жылы әскер қатарынан босатылып, көп жылдар бойы сағындырған туған ауылы Жиделіге аман-есен оралады.

Майдангер Алтынбай бірден Іле өзенінің батыс қапталына қоныс тепкен ауылдағы Орақ-Балға жетіжылдық мектебіне мұғалім болып орналасады. Негізгі мамандығы мұғалімдік кәсіптің қырсырын тереңірек меңгеруді мұрат тұтқан Алтынбай Түргендегі педагогикалық училищеге түсіп, оны ойдағыдай бітіреді. Содан кейін жоғары білім алып, мамандығын одан әрі жетілдіру мақсатымен Абай атындағы Қазақ педагогикалық инстутына құжаттарын тапсырып, студенттер құрамына қабылданады. Осы жоғары оқу орнын 1967 жылы ойдағыдай бітіріп шығады.

Ұзақ жылдар бойы Жиделі орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып істеп, мол тәжірибе жинақтағандығын әрі ұйымдастыру қабілетінің ұтымдылығын ескерген білім саласының басшылары Алтынбай Рәпікұлын әуелде мектеп оқу ісінің меңгерушісі, кейін мектеп директоры етіп тағайындап, педагогикалық ұжымды басқару тізгінін ұстатады. Жауапкершілігі үлкен міндетті мінсіз атқарып, сенімнен шығуды мұрат тұтқан Алтынбай мектепте білім беру ісін жақсарту бағытында көптеген күрделі мәселерді шешуге белсене кіріседі. Жасөспірімдерге сапалы білім, саналы тәрбие берудің тиімді тәсілдерін іздестіріп, ұтымдыларын іске пайдалануға ұдайы назар аударады. Бұл бағытта мектепте бұрыннан істейтін байырғы ұстаздар Нілдібай Құтпанбетов, Нарманбет Несіпбаев, Әбіл Қоқтыбаев, Тұрғынбай Дүйсебаев, Жорабек Алпамышев, Оңқоныс Мажатаев тәрізді тәжірибелі ұстаздардың әдіс-тәсілдеріне, ата-аналармен тығыз байланыс жасауға ықыластана ден қойып, оларды өзіндік ізденістерімен, әдістемелік жаңалықтармен толықтырып, білімін жетілдіру дағдысын берік ұстанады.

Жақсылармен иықтасып жүруді ұнататын жаны жайсаң Алтынбай Бейсебековпен қашан, қай жерде дидарлассаң да жанары шоқтай жанып, аққұба жүзі күлімсіреп, жан-жағына мейір шуағын шашып тұратын. Қарапайымдығы басым, жүрегі жұмсақ, көңілі даладай кең азаматтың асылы еді. Заты атына сай алтындай жарқылдайтын жаны жомарт, пейілі дарқан Алтынбек кейінгі ұрпаққа қайсарлықтың, елжандылықтың, Отанға адал қызмет етудің, еңбексүйгіштіктің, жайсаңдық пен жомарттықтың өнегесіндей еді. Жалпы алғанда Алтынбай жақсы адамның ғұмыры жаспен емес, мағыналы ісімен өлшенетіндігін жеке басының үлгі-өнегесімен дәлелдеп, жалықпай атқарған табанды еңбегінің жемісін көріп, жұрттың сый-құрметіне бөлегені үшін ұстаздық мамандықты дұрыс таңдағандығына мақтанатын. Екінші жағынан, шәкірттерді тәрбиелеудің жауапкершілігі үлкен міндет екендігін жүрегімен сезінетін. Ізденісінің игілікті нәтижесіне қуанып та жүретін.

Адамгершілік қасиетті берік ұстанған Алтынбай Рәпікұлы Бейсебеков тіршілігінде ешкімнің ала жібін аттамай, жаны қалаған кәсібімен түбегейлі шұғылданып, түпкі мақсатынан ауытқымаған жан. Соның нәтижесінде тәлімгерлік тәжірибесі мол ұлағатты ұстаз атанды. Сабырлы мінезімен, салиқалы ұстамдылығымен, аңғарымды ақылдылығымен ерекшелене білді. Әріптестері әспеттеді. Өзі де баршаға мейірін төгіп, байсалды қалпы мен салтын бұзбады. Ұстаздық тізгінді мықты ұстады. Ақжарқын мінезімен халқының қалаулысына айналып, ұлағатты ұрпағының қошеметін талай мәрте көрді де. Халқының құрметіне бөленді. Ақсақалдардың ақ батасын алып жүрді. Тынымсыз еңбегі жоғары орындардың назарынан да тыс қалмады. Тиісті бағасын алды. Өңіріне жарқыратып медаль да тақты. Мадақтау қағаздары өз алдына бір төбе.

Мыңдаған шәкірттері Алтынбай ағайларын ұмытпай, ардақтап еске алып отыратын дәстүр берік қалыптасқан. Олардың талайы ауылдан бастап аудан, облыс, тіпті республикалық дәрежедегі лауазымды қызметтерді абыройлы атқарып жүр. Араларында мемлекет пен қоғам қайраткерлері де бар. Білім ұясынан қанаттанған шәкірттерінің қатарында жемісті еңбектерімен, жаңашылдық ізденістерімен кеңінен танылып, дарынды тұлғалар атанған ғылым докторлары мен кандидаттары ондап саналады. Жиделі топырағында туып-өскен, осы мектептен кәмелеттік аттестат алған сонау кездегі шәкірттері Қасен Қожағанов – медицина ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Шалтай Смағұлұлы да Мемлекеттік сыйлықтың иегері, математика ғылымының докторы, Шыныбай Байысбеков – академик, ғылым докторы, Алтынбек Тұрысұлы Мәңкібаев – ветеринария саласының профессоры, Тұрсынғали Сағатбекұлы Омаров – химия ғылымдарының докторы, сондай-ақ, әр саланың ғылым кандидаттары Сейіткер Медеубаев, Сабыр Жарқынбав, Әлима Сқағиқызы, Жетпісбай Егінбаев, Жетпісбес Ахметов, Сайын Бөртебаев және басқалары ауылдың талантты жастары болатын. Бүгінде мектеп шәкірттерінің осындай дарынды ағаларының жолын қуып, білім нәрімен терең сусындауға ықыластана ден қойғандығын көргенде санаңды қуаныш кернейді. Марқайып та қаласың. Жақсыны көріп, жаның жадырап жүргенге не жетсін!

Алтынбай Рәпікұлы өмірінің соңғы күніне дейін ұстаздық етуден жалықпады. Шаршадым деп шағым да айтпады. Тынымсыз еңбек етіп, өзінің туған елі мен өскен ортасына қолынан келгенінше пайдам тисе екен деген арман-мұратына ұмтылудан танбаған аяулы жан-тын. Алтынбай аяулы жары Сағадат Еңсебайқызы екеуі өмір айдынында қос аққудай жұп жазбаған жылдарында ұрпақ өсіріп, оларды саналылыққа тәрбиеледі. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай әрқайсысының өмірден өз орындарын табуына толық қамқорлық жасап, жағдай туғызған еңбектерін балалары да адал ақтап келеді деуге толық негіз бар. Өнегелі отбасынан қанаттанған ұлдарының үлкені Әскербек халық шаруашылығы институтын, кішісі Мұратбек ауылшаруашылық институтын бітірген. Екеуі де әкелері сияқты биязы мінезді, еңбексүйгіштіктерімен өнегеліліктің үлгісін көрсете білетіндіктеріне барша жұрт ризалық білдірісіп жатады. Оның басты себебі – әкелері Алтынбай жаққан шырақты өшірмей, бұрынғысынша маздатып жағып, өсіп-өнген ұрпақтары бас қосып тұратын құтты да берекелі шаңыраққа айналдырып отыр. «Өнеге – отбасынан» дегендей, әке көргендері кісілік келбеттерінен, шеше тәрбиесін қанына сіңіргендіктері инабаттылықтың адами қасиеттерін берік ұстанғандықтарынан байқалады.

Қара шаңырақ иесі атанған ұлдардың кішісі Мұратбек адал еңбегімен әке дәулетін қорландырып, бақуатын кемелдендіріп, жомарттығымен әулет атын шығарып отыр. Тәкаппарлыққа бармай, шаңырақ туын жоғары ұстайды. Ағайын-туыстарын былай қойғанда бөгде адамдардың да ризашылықтарын естігенде көңіл де марқая түседі. «Атадан ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деген осы болар. Алтынбайдың кіндігінен өрбіген ұрпақтар қазіргі кезде шаруашылықтың әр саласында өздеріне жүктелген міндеттерін абыройлы атқарып жүр. Бәрі де өмірден өз орындарын тапқан, қоғамның белсенді мүшелері. Бейсебек ата әулетінің жас өркендері, жаңа толқын жігіттері Азамат, Еркебұлан, Алмас, Темірлан, Серікқали, Алпамыс, Алдияр да тәуелсіз елімізге қызмет етіп, өркендетуге белсене ұмтылуда. Олардың да келешекте лайықты ел азаматтары болатындықтары жүрекке қуаныш ұялатады.

Әли ЫСҚАБАЙ,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
Алматы облысының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

«Алматы – Өскемен» тасжолында полиция 12 адамды құтқарды

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Бақыт Нұрмұханов: ҚР жаңа Конституциясындағы құқықтық нормалардың мазмұны барынша қолжетімді әрі түсінікті болады

09.02.2026
Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Индира Әубәкірова: жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді

09.02.2026
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту туралы ұсыныс қолдау тапты – Бақыт Нұрмұханов

Жаңа Конституция жобасында адам мен азаматтық құқықтың ара-жігін ажырату ұсынылды

09.02.2026
Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

Президент Sunwah Group корпорациясының төрағасымен кездесті

09.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.