Талдықорған: +4°C
$ 494.75
€ 586.77
₽ 6.38
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТІЛ ЖАНАШЫРЫ

13.05.2020
ЖАНСАРАЙ
ТІЛ ЖАНАШЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады емес пе?! Жеңістің 75 жылдығына орай жер-жерде ардагерлерге құрмет көрсетіліп жатыр. Оққа ұшқан қаруластарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың ерліктері мәңгі есте. Осы орайда Отан үшін от кешкен майдангер Ақсу ауданы Қапал ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагері Амантай Сұмағұлов атамыз жайлы аз-кем қалам тербегенді жөн көрдім. 

 

 Атамыз 1925 жылы Талдықорған облысы Қапал ауданы «Ленин» кеңшарында дүниеге келіпті. 1925 жылдан 1933 жылға дейін анасының қолында, 1933-1937 жылдар аралығында балалар үйінде тәрбиеленген екен. 1937-1943 жылдары Кеген ауданында жездесінің қолында оқыған. Сұрапыл соғыс жүріп жатқан уақытта өзі сұранып, әскери комиссариатқа барып жүріп майданға аттаныпты. Сол кезде Қиыр Шығыстағы Кеңес әскері қатарында Жапон империалистеріне қарсы ұрысқа қатысқан. 1948 жылдың ақпан айында туған жеріне аман-есен оралады.
1948-1949 жылдары Қапал аудандық партия комитетінің техникалық хатшысы болған. 1949-1951 жылдарда аудандық мәдени-ағарту бөлімінің нұсқаушысы, 1951-1952 жылдары аудандық жұмысшы депутаттары Кеңесі атқару комитетінің кадр бөлімінің меңгерушісі болды. 1952-1959 жылдары Қапал аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1959-1963 жылдар аралығында партия хатшысының көмекшісі, 1963-1964 жылдары Ақсу аудандық партия комитетінің ұйымдастыру-нұсқаушысы қызметін атқарған екен. Ал 1964-1968 жылға дейін Көшкентал ауылы Абай атындағы ұжымшардың партия ұйымының хатшысы болған. Осы Көшкентал ауылының көнекөз қарияларының айтуы бойынша, атамыз сол кездегі қиыншылықтармен күресе жүріп, елді ауызсумен қамтамасыз ету үшін су көздерін іздеп, су құбырын іске қосу жұмыстарын атқарған деседі. Ауылдағы мектеп салу жұмысына да көп еңбек сіңірген. Амантай Смағұловтың 1950-1960 жылдардағы ақын Сара апамыздың есімін ел есінде қалдыруға қосқан үлесін айтпай кетуге болмас. Тың игеру кезінде Мәскеуден іссапармен келген мүсінші Маргарита Ващенко Сара апамыздың өмірімен танысып, суретін салу үшін көнекөз қариялармен кездесуге кіріседі. Оған Амантай ағамыз жәрдемдеседі. Бұл жұмыс бірнеше жылға созылады. Амантай ағамыз табандылығының арқасында Сара апамыздың ескерткішін заңдастыруға қаражат қарастыру үшін Абай ұжымшарының еңбеккерлерін ұйымдастырады. Сол кездегі  еліміздің басшысы      Д. Қонаевқа өтініш жолдап, ақыры заңдастырады. 
Ардагер атамыз халқының тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін жетік білген. Ақын Сара апамыз бен Біржан салдың айтысқан орны Көшкентал ауылының жерінде болғанын нақтылап, болашақ ұрпаққа мәңгілік мұраға айналдыруға атсалысқан. Бүгінде Қапал ауылында тұратын ұлы Асхаттың айтуындағы мына қызыққа қараңыз. Амантай атамыз нағыз тіл жанашыры болған дейді. Қылышынан қан тамған Кеңес өкіметінің кезінде іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізеді екен. Бір күні аудандық партия комитеті Абай ұжымшарының іс қағаздарын қазақ тілінде қабылдамай қояды. Сол кездегі белді басылым «Қазақстан коммунисі» журналына бірден шағымданып, іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу құқығын қорғап қалады. Міне, мақтанышпен айтып, үлгі тұтуға тұрарлық үлкен еңбек. Болашақ ұрпақтың өткенге салауат айтып, ата-бабаларымызға деген құрметін арттыру мақсатында осындай кішкене ғана еңбегін насихаттау арқылы саналарына ой саларымыз анық.
Амантай Смағұлов Кеңес өкіметінің ІІ дәрежеделі Отан соғысы орденімен,  «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Айбынды еңбегі үшін» және «Тыңды игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталыпты. Зайыбы Нұржамиш Ақсейітовамен бес қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірген. Бүгінде тәрбиелі ұрпақтары еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп, өсіп өркендеуде. Бір кездері іргетасын атасы қалаған Көшкентал мектебінде немересі Жәмилә Асхатқызы ұстаздық етуде.
Егеменді еліміздің келешегіне Амантай Смағұлов атамыздың сіңірген еңбегі, міне, осындай. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес. Бүгінгі біздің ұрпақтың мақсаты – туған  елі үшін қандай да болсын қиындықты қасқайып тұрып қарсы алған, халқымыздың кешегі зиялы қауымына құрмет көрсету, ұлықтау, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысына қатысып, Ұлы Жеңісті жақындатқан есіл ерлердің қайсарлығына тағзым ету.
Адам ұрпағымен мың жасайды дегенді ескерсек, бабалардың ерлікке толы ғұмырын насихаттайтын ұлықты ұрпақтарымыз көп болсын.

Айгүл КӨКЕНОВА,
Қапал Мәдениет үйінің әдіскері
Ақсу ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

Қант бағасы қатаң бақылауға алынды

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Президент: Соңғы 30 жылда жеткен барлық жетістігіміздің бастауында Ата Заңымыз тұр

10.02.2026
Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

Мемлекет басқарудың жаңа моделі: Жаңа Конституцияда адам құқығы басты орынға шықты

10.02.2026
Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

Жаңа Конституция – жаңа дәуірдің бастауы: Мемлекет басшысы маңызды мәлімдеме жасады

10.02.2026
Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

Қазақстанның жаңа кезеңі: Үкімет экономика мен цифрландырудың жаңа бағыттарын айқындады

10.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.