Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТІРІ ЕКЕН, ӨЛМЕГЕН ЕКЕН: ТАЛҒАРДА ЖОЛАН ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

30.05.2021
ЖАНСАРАЙ
ТІРІ ЕКЕН, ӨЛМЕГЕН ЕКЕН: ТАЛҒАРДА ЖОЛАН ЖАЙЛЫ ЖАҢА КІТАП ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Күні кеше ғана ортамызда жайраңдап жүрген Жолан Омаровтай асыл азаматтың бұл фәниден өткеніне де жылға жуықтады. Қырықтың қырқасынан асқан шағында қатерлі індеттің қылышына іліккен арда азаматтың артында қалған халқы, туыс-туғандары мен жора-жолдастары, қызметтес аға-іні, бауыр-қарындастары осы күнге дейін Жолан Ыбырайақынұлының жақсылықтарын айтудан, насихаттаудан жалыққан емес. Бүгінгі «Жолан жұлдызы» кітабының жарық көруі де ел ықыласының ерекше көрінісі дер едім.

Бүкіл саналы ғұмырын елі мен жерінің гүлденуі жолында арнап, бар бақытын сол адал еңбегінен іздеген өнегелі өмір иесінің жүріп өткен жарқын жолын, атқарған игі істерін, адамгершілігі мен азаматтығын, бауырмашылдығы мен жомарттығын, әділдігі мен адалдығын, парасат-пайымы мен қайраткерлігін баяндайтын естелік кітапты құрас­тырып, артында өнегелі өшпес із қалдыруды оның рухының алдындағы азаматтық парызымыз бен міндетіміз деп санаған сыйлас ағалары Бақыт Жағыпарұлы мен Дүйсен Мүсірәліұлы осы кітапты жарыққа шығарды.

Өткен апта Талғар аудандық кітапханасында аталмыш құнды кітаптың тұсауы кесіліп, ел назарына ұсынылды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Ахмет Әшімахұн, айтыскер ақын, журналист Бақыт Жағыппарұлы, «Балдырған» журналының редакторы Дүйсен Мағұлымов, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Матан Бекбосынов, ақын Кәмнұр Тәлімұлы, қоғам белсендісі, зейнеткер Құндызай Хасанова, қоғамдық кеңес төрағасы Жұмахан Еңкебайұлы, ақын Бексұлтан Көлбаев, Мақсат Ережепов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева сынды сыйлас болған бірқатар аға-әпкелері, марқұмның әпкесі Ләззәт Омарова мен асыл жары Тоғжан Нұрболатқызы қатысып, Жолан марқұмның көпке өнегелі өмірінен сыр шертіп, еске алды.

Кітапта Жолан Омаровпен қызметтес болған сыйлас адамдары, қимас дос-жарандары, тіршілікте аға-іні болып араласқан бауырлары, аяулы ата-анасы мен туған-туыстары, асыл жары арда азаматтың жүріп өткен жолын кеудесіндегі өксігін басып, өкінішін жасырып шын көңілдерімен баяндайды.

Бақыт Жағыппарұлы кітаптың мазмұнымен таныстыра келе, Жолан марқұм қызмет етіп, еңбегі сіңген үш аудан, яғни Кеген, Райымбек, Талғар аудандарының кітапханаларына аталған кітаптарды табыстайтынын жеткізді. Ондағы мақсат — жазылған ғибратты әңгімелерді оқып өскен өскелең ұрпақ терең тәлім алар деген ой. Сондай-ақ ең бірінші салтанатты түрде тұсаукесер рәсімін марқұмның соңғы сәттерін өткізген өңірі Талғар топырағынан бастағандарын айтып өтті.

Тұсаукесерге жиналған көпшіліктің көкірегі әлі күнге дейін шер мен мұңға толып тұрса да, осы бір кітаптың жарық көргені жүздеріне нұр сыйлап, көңілдеріне шуақ шашты. Қоғам белсендісі Кұндызай Хасанова Жолан Омаровтай жаны жайсаң жомарт жанның атқарған жұмыстары мен парасаттылығын егіле еске алды. Ал, аяулы әпкесі Ләззат Омарова көптің ықылас-пейілдеріне сүйсіне қарап: «Бауырымның артында жақсылығын жарыса айтатын осыншама халқы тұрғанда, ол әлі де тірі екен, өлмеген екен», — деген жүрекжарды ықыласы мен алғысын білдірді.

Өз кезегінде сөз алған аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаева: «Жолан мемлекеттік тілдің мәртебесін өсірді, жиналыстар мен іс-қағаздардың барлығы ана тілімізде жүргізілуін талап етті, сонымен қатар ол мемлекеттік қызметкердің имиджін қалыптастырды. Алдағы уақытта аудан көлемінде мемлекеттік қызметкерлер күніне орай мемлекеттік қызметкерлердің имиджін арттыру мақсатында «Жолан» байқауын ұйымдастыру қажет», — деген ұсыныс білдірді.

Талғар аудандық әкімінің аппараты қонақ бола келген Жолан марқұмның әпкесі Ләззат Омарова мен жары Тоғжанға, сонымен қатар, кітаптың шығуына мұрындық болған кітап құрастырушылар Дүйсен Мүсірәліұлы мен Бақыт Жағыппарұлының иықтарына шапан жауып, ілтипаттарын көрсетті.

«Әннің жақсы болуы мәтінінен, елдің жақсы болуы әкімінен» демекші, адамның өмірі жасымен емес ісімен өлшенсе керек. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында жүз жасқа татитын іс атқарып, жасаған жақсылықтары ел аузында, қол ұшын созған көмегі жұрттың жүрегінде, жарқырап жүрген жайдарлы бейнесі ағайынның жадында мәңгі қалды.

Жолан Омаровты жоқтамаған жан болмаған шығар, сірә! Арыс­тай азаматтың ұлы мезгілсіз жеткен қазасы қалың елді қайғыртты. Жолан марқұмның азаматтығын білетін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тілеулес жандар жыр жазып, арнауларын арнап, әлі де сағына еске алысады.

Өмірінің соңына дейін «халқымның бағы өз бағым» деп өзінен халқын бірінші ойлайтын ғибратты ғұмыр иесі өмірден өтсе де, көңілден өшпейді.

Айнаш ӘЛДИБЕК,

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.